Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


Парыз. Ел алдындағы парыз – ерді жатқызбайды



бет14/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Парыз. Ел алдындағы парыз – ерді жатқызбайды.

Парыз дегеніміз өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары интеллектуалды ұғым. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды, оның мәртебесін көтере түседі, жаман ниетті қылықтардан – қорқақтық пен опасыздықтан сақтандырады.

Парызды саналы түрде түсіну ғана жауынгердің қажыр-қайратын, моральдық күші мен қабілетін екі тіпті үш есеге дейін арттырып, шабыттандыра әрі жігерлендіре түседі.

Парызды саналы түрде түсіну ғана жеңістерге серпін береді, ерлік адам бойындағы қуатты тасқындатып, творчетволық күш қайнарын ашады.

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты адам неге қабілетті болса соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

Парыздан мықты күш жоқ,

Парыздан берік сауыт жоқ.

Парыздан нәзік сезім жоқ

Парыздан қатал қазы жоқ...

Парыз – қанатсызға қанат бітіреді.

Парыз – қатігезге де шабыт береді

Парыз – өлілерге жаңа өмір сыйлайды.

Парыз – өмірді ғана мойындайды.

Парызға өлім жат.

Әлемде парыздан артық қуатты күш жоқ, әрі болмайды да. Солдат парыз сезімін дәл осылай ұғынып, түсінеді. Парыз сезімін, советтік патриотизм сезімін терең ұғынбайынша совет офицері мен солдатының бейненсін түсіне алмайсың, өйткені парыз сезімі қиындықтан қайтпай, дұшпанының алдында тайсалмай шайқасып Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады.

«Парыз» тақырыбына шығарма жаздыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет