« » 20 ж
Кафедра меңгерушісі: Надиров Қ.С.
(аты-жөні) (қолы)
Бекітілді:
Колледж әдіскері : Айдарханова Н.Е
(аты-жөні) (қолы)
Ф-ПК-03/2.2
Түсіндірме жазба
«Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің осы оқу жұмысының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына (ҚР МЖМБС 2016ж 22 қаңтарындағы №72 бұйрығының 343,344-қосымшаларына) сәйкес 0105000 –« Бастауыш білім беру» мамандығының 0105013 - «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Осы оқу жұмысының бағдарламасы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды. 31.03.2017 жылғы №1 хаттамасы.
Пәннің мақсат-міндеттері: математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер, әрекет тәсілдері, логикалық амалдар мен ақыл-ой операцияларын қарастыра отырып, педагогика, психология пәндерінен алған білім, білік және дағдыларының деңгейіне сүйене отырып оқыту, құзыретті маман даярлау.
«Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжірибелік сабақтар және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқа оқыту әдістері ұсынылған.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, дидиктикаклық бірліктерді ірілендіру, модульдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп - саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: математика; педагогика; математикалық талдау негіздері; математика тарихы.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика; психология; математика; ықтималдықтар теориясы; математикалық логика; педагогикалық зерттеу әдістері; жаңа педагогикалық технологиялар.
Осы үлгілік оқу бағдарлама «Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
-кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;
-бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
-бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
-жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға құқылы.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Негізгі орта білім базасында
ІІ курс -37 сағат, теориялық-24 сағат, машықтық-13 сағат
ІІІ курс-80 сағат, теориялық-60 сағат, машықтық-20 сағат
IV курс-60 сағат, теориялық-22 сағат, машықтық-38 сағат
VІІІ семестр-емтихан
Жалпы – 177 сағат, теориялық - 106 сағат, машықтық – 71 сағат
Жалпы орта білім базасында
ІІ курс -24 сағат, теориялық-20 сағат, машықтық-4 сағат
ІІІ курс-83 сағат, теориялық-57 сағат, машықтық-26 сағат
IV курс-57 сағат, теориялық-21 сағат, машықтық-36 сағат
VІ семестр-емтихан
Жалпы – 164 сағат, теориялық - 98 сағат, машықтық – 66 сағат
Ф-ПК-03/2.3
Достарыңызбен бөлісу: |