Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысының білім басқармасы



бет31/31
Дата06.01.2022
өлшемі413 Kb.
#15920
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МОМ бағдарлама бастауыш

4.5 Тест тапсырмалары

1. Математиканы оқыту әдістемесі деп –

A) Есептерді шешудің әдістерін үйрететін пән.

B) Педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау.

C) Қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогиканың бір саласы.

D) Математикалық білім беретін, қоғаммен айналысатын педагогиканың бір саласы.

E) Математиканы не үшін оқытамыз деген сұраққа жауап береді.

2. Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:

A) дидактикалық әдістеме.проблемалық әдіс, бағдарламалық әдіс.

B) тарихи – әдістеме, салыстырмалы – әдістеме, дидактикалық әдістеме.

C) эвристикалық әдіс, проблемалық әдіс, бағдарламалық әдіс.

D) жалпы әдістеме, арнайы әдістеме, нақты әдістеме.

E) жалпы әдістеме, нақты әдістеме, тарихи – әдістеме,

3. Орта мектептерде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы:

A) тәрбиелік жұмыстар.

B) сабақ.

C) эксперимент.

D) психологиялық жұмыстар.

E) педагогикалық жұмыстар.

4. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары:

A) білім беру, тәрбиелеу, түсіндіру.

B) жалпы білім беру, тәрбиелеу.

C) түсіндіру, салыстыру, дамыту.

D) білім беру, тәрбиелеу, қорытындылау.

E) жалпы білім беру, тәрбиелік, тәжірибелік.

5. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері:

A)бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция мен дедукция.т.б

B) ғылымилық, білімнің берік болуы, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік пен реттілік, т.б.

C) жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс

D) педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, үлгерім тесті, анкеталау.

E) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, проблемалық, эвристикалық әдістер.

6. Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары:

A)бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция, дедукция,т.б.

B) ғылымилық, білімнің берік болуы, саналылық пен белсенділік,көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, т.б.

C) жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

D) педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, үлгерім тесті, анкеталау.

E) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, проблемалық, эвристикалық әдістер.

7. Әдістемелік зерттеулерде қолданылатын әдістер

A) бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.

B) ғылымилық, оқу мен тәрбиенің бірлігі, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен реттілік, т.б.

C) жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

D) педагогикалық әдіс, аксиоматикалық әдіс, танымдық әдіс, т.б.

E) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, математикалық индукция әдісі, т.б.

8. Теоремаларды дәлелдеу әдістері:

A) бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.

B) ғылымилық, оқу мен тәрбиенің бірлігі, саналылық , белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, т.б.

C) жүйе-құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, тарихи әдіс, салыстыру әдісі, эмпириялық әдіс, т.б.

D) педагогикалық әдіс, аксиоматикалық әдіс, танымдық әдіс, т.б.

E) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, математикалық индукция әдісі, т.б.

9. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының кезеңдері:

А) сабақ жоспарын дайындау, оқу – тәрбие жұмыстарын дайындау, сыныптан тыс жұмыс жоспарын дайындау.

В) жаңа оқу жылына дайындық, кезекті сабаққа дайындық.

С) жаңа оқу жылына дайындық, тақырыптық дайындығы, күнделікті сабаққа дайындығы.

D) сабақ жоспарын дайындау, оқу – тәрбие жұмыстарын дайындау.

E) жаңа оқу жылына дайындық, сабақ жоспарын құру, қорытынды жұмыстар жоспарын дайындау.

10. Белгісізден белгіліге қарай көше отырып пайымдау жолы қандай ғылыми оқыту әдісіне жатады?

A) Аналогия

B) Индукция

C) Анализ

D) Бақылау

E) Байқау

11. Ұқсастықты қолданып оқытатын ғылыми оқыту әдісі:

A) Жалпылау

B) Байқау

C) Синтез

D) Аналогия

E) Дедукция

12.Дербес пікірлерден жалпы пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?

A) Индукция

B) Дедукция

C) Жалпылау

D) Анализ

E) Байқау

13.Жалпы пікірден дербес пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?

A) Анализ

B) Байқау

C) Бақылау

D) Аналогия

E) Дедукция

14. Келесі сабаққа әзірлену нелерден тұрады?

A) Мақсаты, мазмұны, құрылымы, т.б.;

B) Тақырып мазмұны, мазмұнды бөлу, өз бетіндік;

C) Тақырыбы, мақсаты, түрі, барысы, т.б.;

D) Кезектегі мәселені талқылау, сабақ жоспары, мақсаты, т.б.;

E) Сабақтың мазмұны, орналасу, көрнекілік, т.б.;

15. Сабақ қандай бөліктерден тұрады?

A) Көрнекілік көрсету, материалды қайталау және т.б.;

B) Жаңа материалмен танысу, өткенді қайталау, кітаппен жұмыс, т.б.;

C) Жүйелеу, көрнекілік көрсету, талдау, т.б.;

D) Көрнекілік көрсету, қайталау, т.б.;

E) Жаңа материалды түсіндіру, бекіту, білім- білік- дағдыны тексеру, үйренгенді жүйелеу- жалпылау, т.б.

16. Оқушының есепті шығару кезіндегі мұғалімнің жалпы ұсыныстары қандай?

A) Есеп мазмұнын тұжырымдау, басқа есептермен ұқсастығын көрсету, т.б.;

B) Есептің түрін анықтау, қажетті формулаға қою, т.б.:

C) Есеп мазмұнын меңгеру, есеп шешу жоспарын құру және іске асыру, есептің шешімін талдау, дұрыстығын тексеру, т.б.;

D) Есеп мазмұнын талдау, қажетті формуланы іздеу, жауабын орнына қою, т.б.;

E) Есеп шартын қайта тұжырымдау, көрнекілік жасау, жоспар құру.

17. Толымсыз индукция деген не?

A) Қарастыратын фактілері өте көп емес, солардың кейбіреуінен шығатын қорытынды.

B) Қарастыратын фактілері тым көп , солардың кейбіреуін тексеруден шығатын қорытынды.

C) Қарастыратын фактілері аз, бәрін тексеруден шығатын қорытынды.

D) Тек дұрыс пікірлерден шығатын қорытынды.

E) Тек теріс пікірлерден шығатын қорытынды.

18. Толық индукция деген не?

A) Қарастыратын фактілері санаулы, оның барлығын зерттегеннен соң қорытынды жасау.

B) Қарастыратын фактілері тым көп, соның бәрін зерттеп қорытынды жасау

C) Қарастыратын фактілері жеткілікті, соның кейбіреуін зерттеп қорытынды жасау.

D) Барлық фактілері ақиқат деп қорытынды жасау.

E) Барлық фактілері жалған деп қорытынды жасау.

19. Математикалық индукция деген не?

A) Жалпы жағдайлардан дербес жағдайларға көшу.

B) Барлық жағдайларды қарастыру.

C) Дербес жағдайдан жалпы жағдайға көшу жолы.

D) Пікір кез келген дербес жағдайда дұрыс деп ұйғарып, содан жалпы қорытынды жасау.

E) n=k болғанда пікір дұрыс деп ұйғарып, пікірдің n=k+1 үшін дұрыстығын көрсету.

20. Математикалық ұғым деген не?

A) Заттар мен нақты құбылыстардың өзара қатынасының процесінің ойша бейнеленуі

B) Сезімдік таным ұғымы деп аталады

C) Логикалық ойлау ұғым деп аталады

D) Заттарды, формулаларды қабылдау ұғымы деп аталады

E) Заттар мен құбылыстарды еске түсіру ұғымы деп аталады

21. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

A) Үйірме, викториналар, жарыстар мен олимпиадалар, кештер, апталық, т.б.

B) Конференциялар, мұғалімнің қиын есептер шешіп көрсетуі, қиын балалармен жұмыс, т.б.

C) Қолдан көрнекіліктер жасау, газеттер шығару, т.б.

D) Сабақтан тыс оқу, т.б.

E) Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуі.

22. Математика оқулығымен жұмыс істеудің қандай әдістері бар?

A) Мұғалімнің көмегімен теоремалар мен ережелерді оқу, анықтамаларды талдау, т.б.

B) Мұғалім түсіндіргеннен кейін оқу, мысалдар мен басқа да текстерді оқу, жауап іздеу арқылы оқу, өзбетінше жоспар құрып оқу.

C) Өзбетінше оқу, тапсырмаларды орындау, т.б.

D) Теоремаларды дәлелдеу үшін оқулықпен жұмыс істеу, т.б.

E) Анықтамалар мен теоремаларды, салдарларды қайталау үшін оқу.

23. Аксиома деген не?

A) Дәлелденілетін анықтама.

B) Анықтама ретінде алынатын сөйлем.

C) Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем.

D) Жай сөйлем.

E) Есептерге қолданылатын сөйлем.

24. Теорема деген не?

A) Анықтама ретінде алынатын сөйлем.

B) Ұғымды анықтайтын сөйлем.

C) Дәлелдеуі ақиқат сөйлем.

D) Дәлелденілетін математикалық сөйлем.

E) Дәлелденбейтін математикалық сөйлем.

25. Сан тізбегі деген не?

A) Кему ретімен орналасатын сандар тобын сан тізбегі деп атайды.

B) Белгілі сандар тобын тізбек деп атайды.

C) Бірден бастап өсу ретімен орналасатын сандар.

D) Өсу, кему ретімен орналасқан сандар.

E) Өзінің нөміріне тәуелді сандар.

26.Арифметикалық прогрессия деген не?

A) Белгілі бір тұрақты қайталанатын сан тізбегі.

B) 5;5;5;... сияқты сан тізбегі.

C) Екінші мүшесінен бастап алдыңғы мүшесіне тұрақты санды қосудан шығатын сан тізбегі.

D) Екінші мүшесінен бастап алдыңғы мүшесіне тұрақты санды қосудан не азайтудан шығатын сан тізбегі.

E) Екінші мүшесінен бастап алдыңғы мүшесіне тұрақты санды азайтудан шығатын сан тізбегі.

27. Геометриялық прогрессия деген не?

A) Екінші мүшесінен бастап, бір тұрақты санға үнемі кемитін сан тізбегі.

B) Екінші мүшесінен бастап, бір тұрақты санға үнемі артатын сан тізбегі.

C) Екінші мүшесінен бастап, алдынғы мүшесіне бір тұрақты санды азайтудан шығатын сан тізбегі.

D) Екінші мүшесінен бастап, алдынғы мүшесіне бір тұрақты санды қосудан шығатын сан тізбегі.

E) Екінші мүшесінен бастап, алдынғы мүшесіне бір тұрақты санды көбейтуден шығатын сан тізбегі.

28. Сызықтық функция деген не?

A) y=ax3+b түріндегі функция

B) y=ax+b түріндегі функция

C) y=ax2-1 түріндегі функция

D) y=ax2+1 түріндегі функция

E) y=ax2+b түріндегі функция

29. Квадраттық функция деген не?

A) y=1/x түріндегі функция.

B) y=1-ax+c түріндегі функция.

C) y=ax2+bx+c түріндегі функция.

D) y=x3-ax-c түріндегі функция.

E) y=x түріндегі функция.

30. Санның квадрат түбірі деген не?

A) Квадраты а-ға тең санды а санының квадрат түбірі деп атайды

B) Үш дәрежесі а-ға тең а санының квадрат түбірі деп атайды

C) Төрт дәрежесі а-ға тең санды а-ның квадрат түбірі деп атайды

D) -³√а санды а санының квадрат түбірі деп атайды

E) 4√а санын а санының квадрат түбірі деп атайды

31. Бірмүше деген не?

A) Тек қосу амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

B) Қосу, азайту амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

C) Көбейту, азайту амалынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

D) Көбейту, қосу амалдарынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

E) Көбейту, дәрежелеу амалдарынан тұратын өрнекті бірмүше деп атайды.

32. Көпмүше деген не?

A) ax2*bx5 түріндегі өрнекті көпмүше деп атайды.

B) Бірмүшелердің натурал дәрежесін көпмүше деп атайды.

C) Бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атайды.

D) Қосу амалынан тұратын бірмүше көпмүше деп атайды.

E) ax2:bx3 түріндегі өрнекті көпмүше деп атайды.

33. Виет теоремасын тұжырымдаңыз.

A) x1+x2=p, x1*x2=-q түріндегі өрнекті Виет теоремасы деп атайды.

B) Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең болады.

C) Түбірлерінің айырмасы екінші коэффициентке, түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең.

D) Түбірлерінің қосындысы екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі қарама- қарсы таңбамен алынған мүшеге тең.

E) x1-x2=-p, x1*x2=q түріндегі өрнектерді Виет теоремасы деп атайды.

34. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

A) Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-4).

B) Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-1).

C) Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-2).

D) Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-3).

E) Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800(n-5).

35. Математиканы оқытудағы эвристикалық әдісі дегеніміз не?

A) Оқу танымдық іс-әрекетті дұрыс жоспарлау.

B) Сұрақ-жауап түріндегі оқушылардың ізденімпаздығын, өз бетінше ойлау қабілетін арттыру.

C) Оқушылардың математикалық ойлауын жандандыру мен белсенділігін арттыру.

D) Математикалық әдебиетпен жұмыс істеу.

E) Оқу қызметін сатылап бақылау әдісімен басқару және кері байланысты жүзеге асыру.

36. Турист 160 км-дің 5/8 бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті.Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин. артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай?

А) (40; 60), (80; 60)

В) (50; 90), (80; 100)

С) (55; 85), (85; 95)

D) (60; 80), (80; 100)

E) (65; 75), (75; 105)

37. Екі салт атты адамның жылдамдықтарының қатынасы 207:52-ге қатынасындай. Бірінші салт атты адамның жылдамдығы екінші салт атты адамның жылдамдығынан 211км/сағ артық. Бірінші салт атты адамның жылдамдығын табыңыз.

А) 15 км/сағ

В) 17 км/сағ

С) 25 км/сағ

D) 14 км/сағ

Е) 12 км/сағ

38. Жаяу адам 10км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин. тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.

А) 5 км/сағ

В) 7 км/сағ

С) 4 км/сағ

D) 3 км/сағ

Е) 6 км/сағ

39.Мектеп бітірушілер бір-біріне фотосуреттерін сыйлады. Егер 870 сурет алмастырылған болса, мектеп бітірушілер саны қанша болғаны?

А) 40

В) 50


С) 25

D) 30


Е) 34

40. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?

А) 5

В) 7


С) 6

D) 4


Е) 8

41. Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан, сонда бүкіл жолға 1 сағ уақыт кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.

А) 10 км.

В) 7 км.


С) 5 км.

D) 4 км.


Е) 6 км.

42. Екі қапта 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан 12,5 % ұнды екіншісіне ауыстырып салса, онда екі қаптағы ұн бірдей болады. Әр қапта қанша кг ұн бар?

А) 80кг; 60кг.

В) 95кг; 90кг.

С) 75кг; 85кг.

D) 85кг; 55кг.

Е) 40кг; 100кг.

43. Көкөніс дүкені өзіндегі бар картоптың 28 % -ін сатты. Осыдан кейін дүкенде сатылғаннан гөрі 22т картоп артық қалды. Дүкенде болған картоптың салмағы:

А) 127т.

В) 70 т.


С) 50 т.

D) 30,5 т.

Е) 78,5 т.

44. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30 % -і екіншісінің 42 % -іне тең. Осы сандарды табыңыз.

А) 22; 16.

В) 20; 14.

С) 19; 13.

D) 21; 15.

Е) 23; 17.

45. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4 %-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.

А) 1680 теңге.

В) 1248 теңге.

С) 1400 теңге.

D) 1252 теңге.

Е) 1500 теңге.

46. Айгерім 4 кітап сатап алды. Бірінші кітаптан басқаларының құны 48 теңге, екіншісінен басқаларының құны 46 теңге, үшіншісінен басқаларының құны 42 теңге, төртіншісінен басқаларының құны 38 теңг е тұрадв. Әр кітап қанша тұрады?

А) 10, 12, 16, 20.

В) 8, 12, 16, 22.

С) 12, 14, 16, 16.

D) 16, 118, 14, 10.

Е) 6, 12, 16, 24.

47. Арифметикалық прогрессияның төртінші мен алтыншы мүшелерінің қосындысы 14-ке тең. Осы прогрессияның алғашқы тоғыз мүшесінің қосындысын табыңыз.

А) 53.

В) 63.


С) 75.

D) 85.


Е) 40.

48. Егер жетінші мүшесі 21-ге, тоғызыншы мүшесі 29-ға тең болса, онда арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін және айырмасын табыңыз.

А). а1=3; d=4

В). а1=13; d=2

С). а1=4; d= -3

D). а1=5; d=3

Е). а1= -3; d=4.

49. Мүшелері оң өспелі геометриялық прогрессияның бірінші және төртінші мүшелерінің көбейтіндісі 27, ал екінші мен үшінші мүшелерінің қосындысы 12-ге тең. Екінші мен бесінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.

А) 54.

В) 63.


С) 75.

D) 84.


Е) 85.

50. Егер геометриялық прогрессияның х5= - 4/9, х7 =- 4 болса, онда оның еселігін табыңыз.

А) 3.

В) -3 .


С) ±1/3.

D)± 3 .


Е) 1/3.

51. b1=3, bn=96, Sn=189 болса, геометриялық прогрессияның мүшелер санын табыңыз.

A) 5

B) 4


C) 6

D) 3


E) 2

52. Оқушыларды дамытып оқыту әдістері

A) модельдеу, жинақтау әдісі.

B) әңгімелесу әдісі.

C) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс.

D) зерттеу, жалпылау әдісі.

E) проблемалық, эвристикалық әдістер.

53. Компьютерді қолданып оқыту әдістері

A) анализ, синтез, аналогия.

B) әңгімелесу әдісі.

C) синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс.

D) бағдарламалық әдіс.

E) проблемалық, эвристикалық әдістер.

54. Проблемалық оқыту әдістері:

A) зерттеу әдісі, эвристикалық әдіс, проблемалық баяндау әдісі.

B) проблемалық жағдай тудыру, жалпы талқылау, жаңа проблемаға шығу.

C) проблеманы нақтылау, нәтижені тұжырымдау, жана проблема алу.

D) проблемалық есептерді шешу, шығармашылық ізденістер, шешімді іздеуге қызығушылық.

E) жаңа білімді ашу, проблемалық есеп шығару әдісі, жаңа проблемалық әдіс.

55. Ұғымның мазмұны дегеніміз:

A) ұғымдар класына жататын барлық объектілерге тиісті елеулібелгілердің жиынтығы.

B) берілген ұғымдар класына жататын барлық объектілер жиынтығы.

C) ұғымдар класына жатпайтын объектілердің жиынтығы.

D) ұғымдар класына жатпайтын елеулі белгілердің жиынтығы.

E) ұғымдар класына жататын барлық объектілерге тиісті емес елеулі белгілер жиынтығы.

56. Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады, бұл

A) кері теорема

B) аксиома

C) тура теорема

D) қарама – қарсы теорема

E) лемма

57. Мектепте оқу процесін ұйымдастыратын және іске асыратын тұлға, бұл...

A) оқушы.

B) мұғалім.

C) директор.

D) оқу меңгерушісі.

E) медбике.

58. Математика әдістемесі қандай үш сұраққа жауап береді?

A) нені оқу керек? кімді оқыту керек? қалай оқыту керек?

B) нені оқу керек? неге оқу керек? қалай оқу керек?

C) нені оқу керек? нені оқымау керек? қалай оқыту керек?

D) кімді оқыту керек? қалай оқыту керек? не үшін оқыту керек?

E) қалай оқыту керек? қанша оқу керек? кімді оқыту керек?

59. Математиканы оқытудың қандай міндеті есептеу мен өлшеу дағдыларын

қалыптастыруға арналған?

A) оқыту.

B) дамыту.

C) тәрбиелік.

D) тәжірибелік.

E) д.ж.ж.

60. Бақылау деп –

A) объектілерді танып білу арқылы ақпарат алу әдісі.

B) зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі.

C) зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

D) объектілер жиынына қатысты және оларды біріктіретін қасиеттерді анықтау тәсілі.

E) зерттелетін объектінің елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиеттерін анықтау әдісі.

61. Салыстыру деп –

A) объектілерді танып білу арқылы ақпарат алу әдісі.

B) зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі.

C) зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

D) объектілер жиынына қатысты және оларды біріктіретін қасиеттерді анықтау тәсілі.

E) зерттелетін объектінің елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиеттерін анықтау әдісі.

62. Тәжірибе деп –

A) объектілерді танып білу арқылы ақпарат алу әдісі.

B) зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі.

C) зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

D) объектілер жиынына қатысты және оларды біріктіретін қасиеттерді анықтау тәсілі.

E) зерттелетін объектінің елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиеттерін анықтау әдісі.

63. Жалпылау деп –

A) объектілерді танып білу арқылы ақпарат алу әдісі.

B) зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі.

C) зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

D) объектілер жиынына қатысты және оларды біріктіретін қасиеттерді анықтау тәсілі.

E) зерттелетін объектінің елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның

елеулі қасиеттерін анықтау әдісі.

64. Абстракциялау деп -A) объектілерді танып білу арқылы ақпарат алу әдісі.

B) зерттелетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі.

C) зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

D) объектілер жиынына қатысты және оларды біріктіретін қасиеттердіанықтау тәсілі.

E) зерттелетін объектінің елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиеттерін анықтау әдісі.

65. Порттан бір мезгілде екі кеме шығып, бірі солтүстікке, екіншісі шығысқа қарай бағыт алды. Екі сағат өткен соң олардың арақашықтықтары 60 км болды. Бірінің жылдамдығы екіншісінен 6 км артық болса, онда әр кеменің жылдамдығы қанша км/сағ.

A) 28;24


B) 27;26

C) 22;25


D) 26;27

E) 29;30


66. Арақашықтығы 24 км екі пунктен кездесу үшін бір мезгілде екі автомобиль жолға шықты. Кездескеннен кейін А пунктінен шыққан автомобиль В пунктіне 16 минутта, ал екінші А пунктіне 4 минутта келді, әр автомобильдің жылдамдығы қанша?

A) 55км/сағ және 115 км/сағ

B) 164 км/сағ және 119 км/сағ

C) 60 км/сағ және 120 км/сағ

D) 65 км/сағ және 125 км/сағ

E) 70 км/сағ және 130 км/сағ

67. Поезд жүретін жолдың қашықтығы 840 км. Жол ортасында поезд 30 минут кідірді, сондықтан жылдамдығын 2км/сағ-қа арттырып, тиісті уақытында келіп жетті. Поезд жолда қанша сағат болды?

A) 19 сағ

B) 21 сағ

C) 22 сағ

D) 23 сағ

E) 24 сағ

68. Қайық 5 сағат ішінде өзен ағысы бойынша 48 км және ағысқа қарсы сонша қашықтыққа жүзді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда қайықтың тыңық судағы жылдамдығын анықтаңыз.

A) 20 км/сағ

B) 21 км/сағ

C) 24 км/сағ

D) 22 км/сағ

E) 23 км/сағ

69. Бағасы 300 теңге тұратын тауардың құны екі рет бірдей процентке арзандап, соңында оның бағасы 192 теңге болды. Тауар құны әр ретте қанша процентке арзандады?

A) 15%


B) 17%

C) 19%


D) 21%

E) 20%


70. Екі ағаш шебері бір жұмысты бірлесіп 20 күнде бітірді. Егер бірі екіншісінен 9 күн көп жұмыс істеуге тиіс болса, әрқайсысы жеке- жеке істегенде осы жұмысты қанша күнде бітірер еді?

A) 45 күн; 36 күн

B) 46 күн; 37 күн

C) 47 күн; 38 күн

D) 44 күн; 35 күн

E) 43 күн; 34 күн

71. Пісірген кезде ет өз салмағының 35 % -ін жоғалтады. 520 грамм пісірілген ет алу үшін қанша шикі ет қажет?

A) 930г


B) 780г

C) 790г


D) 900г

Е) 800г


72. Құрамында 40г тұзы бар ертіндіге 200г су қосылды, бұдан соң оның қоюлығы 10%-ке азайды. Ертіндіде қанша су бар еді, оның қюлығы қанша процент еді?

A) 170г; 25%

B) 180г; 27%

C) 160г; 20%

D) 165г; 22%

E) 164г; 22%

73. 3/16 пен 0,1877 сандарының қайсысы артық?

A) 3/16


B) тең

C) 0,1877

D) тең және артық

E) тең және кем


74. Таңбалары әр түрлі санды қалай қосады?

A) Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайтады, кіші модулдің таңбасы алынады.

B) Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайтады, үлкен модулдің таңбасы алынады.

C) Сандардың таңбаларын ескермей азайтады.

D) Таңбаларын ескеріп азайтады.

E) Оң сандарды қосқан сияқты қосады.

75. Алгебралық өрнек деген не?

A) Сандардың жиыны.

B) Сандардың қосындысы.

C) Сандардан, әріптерден және амал таңбаларынан құрастырылған жазулар.

D) Әріптердің жиыны.

E) Әріптердің айырмасы.

76. Теңдік таңбасымен жалғасқан өрнектер.

A) Айнымалының кез келген мәнінде тең болатын теңдік.

B) Айнымалының мәні ізделетін теңдік.

C) Айнымалының кез келген мәнінде тең болмайтын теңдік.

D) Оң жағы сол жағынан артық тұжырымсыз теңсіздіктер.

E) Айнымалылардың бір ғана а мәнінде тең болатын теңдіктер.

77. Кубтың жақтары өзара қалай орналасқан?

A) 900бұрышпен

B) 600бұрышпен

C) 1800бұрышпен

D) 1200бұрышпен

E) 1500 бұрышпен

78. Көрнекіліктің қандай түрлері бар?

A) Приборлар, моделдер, баспалы оқыту жабдықтары, экранды оқыту.

B) Қағаз көрнекіліктер, тақталар.

C) Жіптен жасалған көрнекіліктер.

D) Әйнектен жасалған көрнекіліктер.

E) Таяқшалардан жасалған көрнекіліктер.

79. Оқытудың қандай жабдықтары бар?

A) Оқулық, дидактикалық материал, анықтағыш әдебиеттер.

B) Өлшеу құралдары, тақталар, парталар.

C) Есептеу құралдары, фигуралар.

D) Сызғыштар.

E) Циркуль.

80. Салу есебін шешудің қандай кезеңдері бар?

A) Дәлелдеу, зерттеу.

B) Зерттеу.

C) Талдау, салу, дәлелдеу, зерттеу.

D) Салу, зерттеу.

E) Салу, дәлелдеу.

81. Жазықтықтағы геометриялық фигуралар

A) цилиндр, конус, шар.

B) призма, пирамида, тетраэдр.

C) параллелограмм, ромб, үшбұрыш, трапеция.

D) тетраэдр, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр, куб.

E) үшбұрыш, шар, төртбұрыш.

82. Көпжақтарды атаңыз

A) цилиндр, конус, шар.

B) призма, пирамида, тетраэдр.

C) параллелограмм, ромб, үшбұрыш, трапеция.

D) тетраэдр, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр, куб.

E) үшбұрыш, шар, төртбұрыш.

83. Айналу денелерін атаңыз

A) цилиндр, конус, шар.

B) призма, пирамида, тетраэдр.

C) параллелограмм, ромб, үшбұрыш, трапеция.

D) тетраэдр, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр, куб.

E) үшбұрыш, шар, төртбұрыш.

84. Дұрыс көпжақтарды атаңыз

A) цилиндр, конус, шар.

B) призма, пирамида, тетраэдр.

C) параллелограмм, ромб, үшбұрыш, трапеция.

D) тетраэдр, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр, куб.

E) үшбұрыш, шар, төртбұрыш

85. Төртбұрыштың түрлерін атаңыз

A) цилиндр, конус, шар.

B) призма, пирамида, тетраэдр.

C) параллелограмм, ромб, квадрат, трапеция.

D) тетраэдр, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр, куб.

E) үшбұрыш, шар, төртбұрыш

86. Жазықтықта қандай бұрыштар тең?

A) сыбайлас бұрыштар.

B) вертикаль бұрыштар.

C) тік бұрыштар.

D) доғал бұрыштар

E) айқас бұрыштар

87. Кеңістіктегі қиылыспайтын түзулер қайсы?

A) айқас түзулер, параллель түзулер.

B) көлбеу түзулер.

C) перпендикуляр түзулер.

D) параллель түзулер.

E) жанама түзулер.

88. Қиылысқанда тік бұрыш жасайтын түзулер қайсы?

A) айқас түзулер, параллель түзулер.

B) көлбеу түзулер.

C) перпендикуляр түзулер.

D) параллель түзулер.

E) жанама түзулер.

89. Жазықтықта қиылыспайтын түзулер қайсы?

A) айқас түзулер, параллель түзулер.

B) көлбеу түзулер.

C) перпендикуляр түзулер.

D) параллель түзулер.

E) жанама түзулер.

90. Математика дамуының негізгі 4 кезеңі бар, сол кезеңнің 3-сін атаңыз:

A) математиканың туу кезеңі б.э.д. 6-ғасыр

B) қазіргі кезең 19-20 ғасыр

C) айнымалы математиканың пайда болу кезеңі 17-19 ғасыр

D) айнымалы математиканың пайда болу кезеңі 14-15 ғасыр

E) қарапайым математика кезеңі б.э.д. 7-5 ғасыр

91 Бірден басталатын оң бүтін сандар жиыны қалай аталады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

92. Бүтін және бөлшек сандар қандай сандарға жатады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

93. Рационал және иррационал сандар жиынының бірігуінде шыққан жиын

қалай аталады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

94. Шексіз периодты ондық бөлшек түрінде өрнектелетін сандар қалай аталады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

95. Шексіз периодсыз ондық бөлшек түрінде өрнектелетін сандар қалай аталады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

96. z=a+ib саны қандай санға жатады?

A) нақты сандар жиыны.

B) рационал сандар жиыны.

C) натурал сандар жиыны.

D) иррационал сандар жиыны.

E) комплекс сандар жиыны.

97.Теңдеулер жүйесін шешудің тәсілдері қандай?

A) анализ, синтез.

B) жинақтау, модельдеу.

C) аналитикалық-синтетикалық, кері жору әдісі.

D) индукция, дедукция әдісі.

E) қосу, айнымалыны ауыстыру, графиктік.

98. Екі қабырғасы тең үшбұрыш қалай аталады?

A) тең қабарғалы үшбұрыш.

B) тең бүйірлі үшбұрыш.

C) тік бұрышты үшбұрыш.

D) әр қабырғалы үшбұрыш.

E) сүйір бұрышты.

99. Тең бүйірлі үшбұрыштың қандай қасиеті бар?

A) диагоналдары перпендикуляр.

B) бұрыштары тең.

C) медианалары өз-ара тең.

D) қабырғалары тең.

E) табанындағы бұрыштары тең.

100. Ромбының қандай қасиеті бар?

A) диагоналдары перпендикуляр.

B) бұрыштары тең.

C) медианалары өз-ара тең.

D) табандары тең.

E) сыртқы бұрыштары тең.

Ф-ПК-03/ 2.6




  1. 20 -20 оқу жылының жұмыс бағдарламасына қосымшалар мен өзгерістер:

Жұмыс бағдарламасына төмендегі өзгерістер:

1.

2.

3.



4.

5.

6.


Жұмыс бағдарламасы кафедрада қайта қаралып, енгізген

өзгерістер «________________________________________________» кафедра

отырысында бекітілді.


№ ____________ хаттама

« ____ » ______________20 ж.



Кафедра меңгерушісі:

Надиров Қ.С. ________________

(аты-жөні) (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет