Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
 
 
Есте сақтаудың түрлері 


 
63 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7-сурет. Есте сақтаудың түрлері. 
 
Зерделі жандар  
Адам зердесі (бір нәрсені оқып, тоқуы, есінде сақтауы, түсінуі) 20-25 жасқа 
дейін  үнемі  жақсарып,  40-45  жасқа  дейін  бірқалыпты  сақталады,  сонан  соң 
біртіндеп  әлсірей  бастайды.  Зерде  ми  қыртысының  сезгіштік  және  ойластыру 
алаңдары,  мидың  лимбия  жүйесі  мен  торлы  құрылымы  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Зерделі болудың сырларын адамдар ерте замандардан білген. Тіпті, Эсхил 
өзінің «Бұғаудағы Прометейінде» былай деп те жырлайды: 
Мен не жаздым бұл пендеге: 
Санайтұғын сан берсем, 
Әріптен құрап сөз берсем,  
Күллі өнер тәңірісі – Зерде берсем, ой берсем. 
Адам зердесі  – миының қазынасы. Кімде-кім зердесіз болса, ол парасатты 
жан болып қалыптаса алмайды. Тарихи деректерге арқа сүйесек, асқан дарынды, 
данышпан  адамдардың  көбісі  нағыз  зерделі  жандар  болған.  Алайда  өмір 
жұмбақ сырларға, қарама-қайшылықтарға толы емес пе? Дүниеде асқан зерделі 
жандардың  ішінде  адамзатқа  мол  қазына,  асыл  құндылықтар  қалдыра 
алмағандары да, зерделілігімен өшпейтіндей жақсы заттар  жасап кеткендер де 
аз емес.  
Зейінді,  зерделі  жандар-дың  қолынан  келетін  ізгі  істер,  таңғажайып 
оқиғалар  көп.  Тарихшылардың  айтуынша,  Юлий  Цезарь  мен  Александр 
Македонский 30 мың жауынгерінің атын білген, түсін таныған. Парсы патшасы 
Кир  де  сондай  қабілетімен  даңқы  шыққан.  Ал,  әйгілі  Фемистокл  грек 
Жүйеленуі  
Психикалық 
белсеңділігі  
Бейнелерді есте 
сақтау  
Бейнелердің 
саналылық 
дәрежесі 
Іс-әрекет 
мақсаттарымен 
байланысы   
Зерттеудің 
мақсаты  
Бейнелік  
Қозғалу   
Эмоционалды   
Сөздік-
логикалық    
Көру, есту, дәм сезу, 
иіс сезу, сипап сезу. 
Ерікті   
Еріксіз  
Имплицитті  
Эксплицитті  
 
 Қысқа мерзімді. 
 Жедел. 
 Ұзақ мерзімді. 
 Сенсорлы. 
 Генетикалық. 
 Эпизодты. 
 Репродуктивті.  
 Реконструктивті. 
 Ассоциативті.  
 Автобиографиялық. 
Иконикалық. 
Эхоикалық.  


 
64 
астанасының 20 мың тұрғынының түсін танып, атын біліпті, Сенека бір-біріне 
байланысы  жоқ,  бір  рет  қана  естіген  2000  сөзді  қайталап  айтып  бере  алатын 
болыпты.  Дарынды  математик  Леонард  Эйлер  есепті  есте  сақтауда  жұрттың 
бәрін  таң  қалдырған.  Ол  жүзге  дейінгі  сандардың  әр  қайсының  бірден  бастап 
алты дәрежелісін жатқа айтқан, академик А.Ф.Иоффе логарифм кестесін жатқа 
білген,  орыс  шахматшысы  Алехин  ойланбастан  тәуекелге  салып  30-40 
қарсыласпен қатарынан ойңаған, Э.Гаон өз өмірінде оқыған 2500 кітабын түгел 
жаттап алған, керең болып қалған Бетховен музыка шығарған, орыс суретшісі 
Николай Ге Петергоф сарайларының бір бөлмесін айнытпай жаттан салған. Бұл 
жөнінде ол былай депті: «Мен үйіме келгенше «Петр І мен Алексей» суретінің 
тұтас  көрінісін  –  тік  мұржалы  пешін  де,  карниздерін  де,  голландиялықтарша 
салын- ған төрт суретін де, орын-дықтарын да, төбесі мен жарығын да жадымда 
сақтадым,  сол  бөлмеге  бір-ақ  рет  бас  сұққанмын,  көргендерімді 
шатастырмайын деп әдейі бір-ақ рет кіргенмін». 
Адамның  жаттап  алғаны-ның  бәрі  мәңгі  есінде  сақталып  қалмайды,  көбі 
ұмытылады.  Әрбір  адам  ұмытшақтыққа  қарсы  күресу  үшін  мынандай  негізгі 
ережелерді есінде сақтағаны жөн.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет