2. "Сөйлемдерді еске сақта" әдістемесі
Мағыналық есті бағалау
Балаға сөйлемдер оқыңыз, мысалы:
Күзде жаңбыр жауады.
Балалар ойнағанды жақсы көреді.
Бақта алма мен алмұрт өседі.
Аспанда самолет ұшып барады.
Бала өзінің әжесіне көмектесті
Баланың есінде қалған сөйлемін қайталауын сұраңыз. Бұл жерде ең
бастысы-әр сөйлемнің мағынасын беру, сөзбе-сөз қайталау міндетті емес.
Егер бірінші ретте бала барлық сөйлемдерді қайталай алмаса, оларды
қайтадан оқыңыз.
3. "Суреттерді еске сақта" әдістемесі
Қысқамерзімді көру есінің көлемін бағалау
Балаға әртүрлі фигуралар-пішіндер бейнеленген суретті көрсетеді
(13-
сурет), одан бұл суреттерді мұқият қарауын және фигураларды еске
сақтауын сұрайды (олар небәрі 9).
Бірінші суретті көрсету уақыты 30 секунд.Одан соң бұл суретті баланың
көз алдынан алады да, оның орнына бірінші суреттегі 9 пішін және тағы
басқа 6 пішін бейнеленген екінші суретті
(14- сурет) көрсетеді. Баладан
бірінші суреттегі 9 пішінді көрсетуін сұрайды.