Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

 
 
 орналасуы 
Сезінудің деңгейі  
Модальділік  
К
Ө
Р
У 
 
ЕС
ТУ
  
 
Д
Ә
М 
  
С
Е 
З
У 
 
И 
І 
С  
 
СЕ 
ЗУ 
 
С
А
Н
А
Л
Ы  
 
 
Б
Е
Й
С
А
Н
А
Л
Ы  
 
И
Н
Т 
Е 
Р
О
Ц
Е
П
Т
И
В
Т 
І 
 
 
Э
К
С
Т 
Е 
Р
О
Ц
Е
П
Т
И
В 
Т 
І  
 
 
П 
Р 
О
П 
Р 
И
О
Ц
Е
П
Т
И
В 
Т 
І 
 
 


 
57 
 
Түйсіктердің орналу жеріне байланысты түрленуі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5-сурет. Түйсіктердің орналу жеріне байланысты түрленуі 
 
Егер  түйсік  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттері 
мен  сапаларының  миымызда  бейнеленуі  болса,  қабылдау  заттар  мен 
құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. 
 
 
3.3 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЗЕЙІНІ 
 
Зейін  -  адамның  психикалық  әрекетінің  белгілі  бір  нәрсеге  бағытталып 
шоғырлануы.  Адам  өмірінде  зейіннің  алатын  орны  зор.  Әсіресе,  таным 
процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, 
есінде  дұрыс  сақтай  алмауы,  тапсырманы  орындауда  қате  жіберуі  оған 
дұрыстап зейін қоймаудан болады. 
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін 
құбылыс.  Дәлірек  айтқанда,  зейін  дегеніміз  айналадағы  объектілердің  ішінен 
керектісін  бөліп  алып,  соған  психикалық  әрекетімізді  тұрақтата  алу.  Ол 
адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын 
анық  та  ашық  тануы,  жан  қуаттарының  оларға  бет  алып,  бағытталып, 
жинақталуы  үшін  қажет.  Егер  де  адамның  зейіні  болмаса,  ағзаның  сыртқы 
ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің 
іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, 
ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Бала психикасының 
белгілі  бір  объектіге  бағыт  алып  және  сонда  азды-көпті  тұрақтап  отырғанын 
көруге  болады.  Тән  әрекеттің  кез  келген  түрінде  зейін  орын  алмаса,  оның 
нәтижелі болуы киын.  
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен 
маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, 
ПРОПРЕОЦЕПТИВТІ 
ИНТЕРОЦЕПТИВТІ 
ЭКСТЕРОЦЕПТИВТІ 
Қозғалу  
Тепе-теңдік  
Дистантты    
Сезімдік    
Көру   
Есту   
Иіс сезу  
Дәм сезу   
Ауа райы   
Тактильді   
Ауыру   
Аштық пен 
шөлдеу   


 
58 
оның  мүддесіне,  талап-тілегіне,  мақсат-мұратына,  ерік-жігер  сапаларына, 
темпераментіне,  мінез  бітіміне  байланысты  болады.  Зейіннің  физиологиялық 
негізін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875  – 1942)  доминанта 
теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің 
көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір 
алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы 
әлсіз  қозуды  өзіне  тартып  отырады.  Осыдан  мидың  күшті  қозған  алабы  одан 
бетер  күшейеді.  Мұндай  жағдайда  адам  зейінні  бір  нәрсеге  шоғырланады  да, 
қалған  нысандарды  байқамайтын  болады.  Орыс  педагогикасының  атасы 
К.Д.Ушинский  (1824-1870)  зейіннің  маңызын  былайша  көрсеткен  еді.  "Зейін 
адам  санасынан  қорытылып  өтетін  барлық  ойды  аңғартатын,  адам  жанының 
жалғыз  есігі  болып  табылады,  демек,  бұл  есікке  ілімнің  бірде-бір  сөзі  соқпай 
өте  алмайды,  егер  де  ол  соқпай  өтсе,  онда  баланың  санасында  ештеңе  де 
қалмайды" 
Адамның  зейіні  ырықты  зейін,  ырықсыз  зейін  және  үйреншікті  зейін 
болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал 
ырықты  зейін  әрекеті  саналы  түрде  белгілі  ерік  күшін  жұмсау  арқылы 
орындалады.  Үйреншікті  зейін  адамның  әдетіне  айналып  кеткен  зейін.  Ол 
арнайы  күш  жұмсауды  қажет  етпейді.  Жеке  адам  зейінінің  негізгі 
ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, 
бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. 
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде 
аттенционалды  әрекеттер  деп  те  атайды.  3ейін  (А.Р.Лурия)-  субъектінің 
қажетті 
ақпаратты 
таңдап 
алу, 
қимыл-қозғалыстардың 
таңдамалы 
бағдарламасын  сүйемелдеп,  қамтамасыз  ету  және  осы  бағдарламаның  ағымын 
қадағалау  процесі.  3ейіннің  негізі  ретінде  тұлғаның  қызығушылықтары  мен 
қажеттіліктері,  бағдарлары  мен  бағыттылығы  тұрады.  С.Л.Рубинштейннің 
пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект 
өзара  әсерде  болады.  Бір  жағынан,  зейін  затқа  немесе  объектіге  бағытталады, 
екінші  жағынан,  объект  зейінді  өзіне  аудартады.  3ейіннің  нақты  бір  объектіге 
бөлінуі  субъектіге,  яғни  адамға  ғана  байланысты  емес,  сондай-ақ  зейінді 
тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы 

бағдарлық-зерттеудің  бастамасы.  В.И.Страховтың  тұжырымдауынша, 
шынайы  зейін мен  шынайы  зейін  емеспен  қатар,  адамда  зейінді  болып  көріну 
және  зейінді  емес  болып  көріну  деген  қасиеттер  кездеседі.  Оны  ол  зейіннің 
сыртқы  формасы  мен  оның  шынайы  күйінің  кейде  сәйкес  келмеуімен 
түсіндіреді. 
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады: 
1. Интенсивтілігі; 
2. Жаңалығы; 
3. Аффективтілігі. 
П.Я.Гальпериннің  тұжырымы  бойынша:  3ейін  -  бағдарлық-зерттеулік  іс-
әрекеттің  негізгі  шарты.  Өзінің  қызметі  жағынан,  зейін  өзі  бағытталған 
феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір 
белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал  Л.C.Выготский бойынша, ырықты 


 
59 
зейін  ұғымдардың,  түсініктердің  дамуына  байланысты,  яғни  берілген  жайтта 
қалай  әрекет  ету  қажеттілігін  түсінуге,  жалпы,  жағдайды  түсіне  білуге 
байланысты.  Адамның  психикалық  ұйымдасуының  құрылымына  сүйене 
отырып, зейінді: 
1.  Процесс  (немесе  психикалық  процестің  жағы:  сенсорлық  және  т.б.) 
ретінде; 
2. Күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде; 
3. Тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады. 
Зейіннің функциялары: 
1.  Қазіргі  сәтте  қажетті  психологиялық  және  физиологиялық  процестерді 
белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 
2. Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын 
қамтамасыз етеді; 
3. Бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет