4
КІРІСПЕ
«Мектепке дейінгі жастағы психология» атты оқу құралы мектепке
дейінгі жасқа арналып қазақ тілінде тұңғыш жарық көріп отырған еңбек.
Қазақстанның
орта
аранулы
оқу
орындары,
университеттері
мен
институттарының педагогикалық факультеттерінің 010501 - «Мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбие» мамандықтарының студенттері кеңінен пайдалана алу
мүмкінідігіне жетулері біз үшін өте қуанышты жағдай.
Психология
- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан
сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен
функцияларымен бірге
сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-
құлығын зерттеу деп те анықталады. Психологияның негізгі мақсаты -
психиканы cубьективтік құрылымының, сыртқы ортаны пайымдаумен,
елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болса,
мектепке дейінгі жасқа арналған психология-балдырғандардың психикалық
даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық
процестерінің және сапалдарының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын
зерттейді. М.Жұмабаев: «Психология адамның жанын, жан тұрмысын, жан
көрністерін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жайын баяндайтын пән» -
деп атап көрсеткен болатын. Аталған еңбекте мектепке дейінгі жастағы
баланың жан көрністері мен дене көрністерімен қатар, осы жастағы негізгі іс-
әрекеттің түрі ойын барысындағы баланың психикалық дамуы барысына
тоқталамыз. Оқу құралының негізіне мектепке дейінгі жастағы балалар
психологиясында
қалыптасқан
психолог
ғалымдар:
Л.Н.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Ж.Пиаже, Д.Б.Элконин,
Давыдов, В.С.Мухина, Г.А.Урунтаева т.б. және отандық психолог ғалымдар:
Аймауытов Ж, Алдамұратов Ә, Жарықбаев Қ, Елеусізова С, Мұқанов М,
Тәжібаев Т, Шериязданова Х т.б еңбектерінің теориясы басшылыққа алынды.
Бірінші бөлімде балалар психологиясының жалпы мәселелері: мектепке
дейінгі жастағы балалар психологиясы және баланың психикалық даму
ерекшеліктері туралы, балалар психологиясының әдістері мен психикалық
дамудың негізгі заңдылықтары қарастырылды. Екінші бөлімде нәрестелік және
ерте сәбилік шақтағы бала дамуының психологиялық ерешеліктері, баланың
өмірге келген алғашқы жылдарындағы психикалық дамуы, ерте балалық
шақтың сипаттамасы және жас ерекшелік сипаттамасы ұсынылды. Үшінші
бөлімде баланың психикалық процестерінің дамуы: мектепке дейінгі жастағы
баланың қабылдауы, түйсігі, зейіні, есте сақтауы, ойлауы және қиялының
дамуы қамтылды. Төртінші бөлімде баланың ақыл ойын дамыту, мектепке
дейінгі жастағы баланың тілін дамыту, сенсорлық дамуы мен баланың
сезімдерін дамыту, баланың ерік жігерін тәрбиелеу және мінез-құлық
мотивтерін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды. Бесінші бөлімдегі
мектепке дейінгі жастағы баланың іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
және оны жамыту жолдарында: ойын баланың негізгі іс-әрекеті ретінде арнайы
зерделеніп, іс - әрекеттердің жемісті түрлеріне және баланы мектепте оқытуға
психологиялық дайындығы туралы мәселелер жан-жақты қарастырылды.