Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың


 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫ



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

3.4 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫ 
 
Ол  –  күрделі  психикалық  әрекет.  Ес  айналамыздағы  бізге  әсер  ететін 
дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. 
Қоршаған  ортаның  әсерімен  мида  пайда  болған  бейнелер  із-түссіз  жоғалып 
кетпейді,  көпке  дейін  сақталып  тұрады.  Негізінен,  талантты  адамдардың 
бейнелі  есі  мен  эмоциялық  есі  күшті  дамыған  болып  келеді.  Әсіресе, 
суретшілердің,  композитор-лардың  бейнелі  есі  өте  жоғары.  Ал,  эмоциялық  ес 
адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.  
Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені 
есте сақтауы әркелкі болады.  
Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.  
1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды есінде сақтау 
үшін  ұзақ  еңбектенсе,  екінші  біреу  оны  оп-оңай  есінде  қалдыра  алатын 
қасиетке ие. 
2.  Есте  сақтаудың  беріктігі.  Біреу  бір  нәрсені  жатқа  біліп,  ұзақ  уақыт 
ұмытпайды, басқа біреу тез ұмытып кетеді («қысқа ес»). 
3.  Естің  дәлдігі.  Бұл  ақпаратты,  материалды,  көріністі  сол  қалпында, 
ешқандай қоспасыз есте сақтау. 4. Естің даярлығы. Адамның өз есінің қорынан 
керегін қажет кезінде тауып ала білуі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет