Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
 
 
 
 
 
 
 
9-сурет. Еске сақтау құрылымындағы ақпаратты тасымылдау  
 
Ғұламалардың есте сақтау туралы пікірлеріне ой жүгіртейік. 
Әл-Фараби:  «Құрғақ  жаттап  алғаннан  гөрі  ұғынып  алу  жақсы,  өйткені 
жаттап  алу  көптеген  сөздермен,  сондай-ақ  адамдармен  (есімдерімен) 
байланысты, бұлар (өз кезегіне) ұсақ-түйегіне дейін еске сақтауды талап етеді 
және мұның өзі үнемі солай болады да, бұлардан еш пайда жоқ. Жаттап жадына 
сақтап қалуға ұмтылған (адам) мақсатына жете алмайды, мұнысы босқа кеткен 
еңбек  болады  да  қояды.  Ал  ұғынып  алу  оның  мәнін  және  заңдарды 
тұжырымдаулармен  (анықтаумен)  байланысты»  (Әл-Фараби,  «Сауалдар  және 
олардың жауаптары» трактатынан). 
Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті  болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып 
ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы,  сондайдан  білгені,  көргені 
көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі 
өзі де есті болады».  
 
«Естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт  түрлі  себеп  бар:  әуелі  көкірегі 
байлаулы  берік  болмақ  керек;  екінші  –  сол  нәрсені  естігенде,  я  көргенде 
ғибратлану  керек,  көңілденіп,  тұщынып,  ынтамен  ұғу  керек;  үшінші  –  сол 
нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып  ойланып,  көңілге  бекіту  керек; 
төртінші  –  ой  кеселді  нәрселерден  қашық  болу  керек;  Егер  кез  болып  қалса, 
салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртты, ойыншы – күлкішілдік, я 
бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі 
ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» (А.Құнанбаев, Отыз бірінші сөз). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет