Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата28.01.2017
өлшемі2,59 Mb.
#2869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

         Садықова  Ж.   Құқықтық  мәдениет  қалыптастыруда  отбасының  рөлі       
/ Ж. Садықова, Т. Бержанова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2013. - 
№ 8. - 25-26 б. 
        Тлеугалиева  С.М.   Құқық  дегеніміз  не?  /  С.  М.  Тлеугалиева 
// Педагогикалық кеңес. - 2013. - № 1. - 21-б 
       Шарипова  Ә.   Құқық-әділет  пен  парасат  жолы  /  Ә.  Шарипова 
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - № 8. - 38-41 б. 
 
 
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының  
Тәуелсіздік күні  
      
Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  күні  —  тарихы  тереңде 
жатқан  елдің  жаңа  заманда  өз  алдына  қайта  егеменді  ел  болған  күні. 
Тәуелсіздік  күні  мерекесі  әр  жылдың  16-желтоқсанында  аталып  өтеді.  Бұл 
күн  ұлттық,  мемлекеттік  деңгейдегі  елеулі  мереке  болғандықтан  16-17-
желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.  
      
1991  жылы  КСРО  ыдырап,  Одақтың  құрамындағы  елдер  өз  алдарына 
жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 
жылы  16-желтоқсанда  Қазақстанның  Жоғарғы  Кеңесі  «Тәуелсіздік  пен 
мемлекеттің  егемендігі  туралы»  заңды  қабылдады.  Ескеретіні,  Қазақстан 
КСРО  құрамындағы  елдердің  арасында  ең  соңғысы  болып  Тәуелсіздігі 
туралы  заңды  қабылдады.  Бұл  заң  1990  жылы  25-қазанда  қабылданған 
Қазақстанның  Егемендігі  туралы  Декларациямен  бірге  Қазақ  елінің  елдігін 
нығайта түсті. 
     
Жыл  сайын  республика  азаматтарының  арасында  мәдениет 
қайраткерлері,  әлеуметтік  саладағы  ерекше  қызметімен  көзге  түскен 
мамандар,  әскери  шенділер  мен  офицерлер,  құқық  қорғау  саласының 
қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек 
еткендері  үшін  мемлекеттік  марапаттармен  (наградалар)  марапатталады. 
Тәуелсіздік  күнінің  құрметіне  абақтыдағыларға  рақымшылық  жасалады.  16-
желтоқсан  күні  Қазақстанның  барлық  жерлерінде  мерекелік  мәдени  ойын-
сауық  іс-шаралары  ұйымдастырылады.  Кешке  қарай  үлкен  орталықтардың 
аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін 
емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор 
мереке.  
      
Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздік жолында құрбан 
болған  қазақ  халқының  ерлігімен  таныстыру,  туған  жерді,  елін  сүйетін, 
ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу өте маңызды 
мәселелер. Осы мерекеге байланысты «Тәуелсіздік – желтоқсан жемісі» атты 
тәрбие  сағатын  өткізуге  болады.  Осы  тәрбие  сағатына  арналған    қабырға 
газетін,  «Желтоқсан  ызғары»  атты  кітап  көрмесін    ұйымдастыруға  болады. 
Жоғарғы сыныптар үшін «Тәуелсіздік үшін күрес тарихынан» тарихи - әдеби 

206 
 
кеш  ұймдастырып  және  осы  кешке  арнап  кітап  көрмесін  ұйымдастыруға, 
«Тәуелсіз Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауын өткізуге болады.                                    
ӘДЕБИЕТТЕР: 
         Қазақстан Республикасы Президент.(1991;Н.Назарбаев). Жарлық 
         2011  жылды  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы 
жылы  деп  жариялау  туралы:    Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011 
жылғы  27  қаңтар  №1144  Жарлығы  /Қазақстан  Республикасы  Президент. 
(1991-; Н.Назарбаев).Жарлық //Ақиқат. - 2011. - №2. - 3 б. 
          Назарбаев  Н.   Тәуелсіз  Қазақстан  -  біздің  ең  қымбат,  ең  асыл 
құндылығымыз:  [Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХҮІ  сессиясында 
сөйлеген сөзі] /Н. Назарбаев //Егемен Қазақстан. - 2010. - 21 қазан. 
Назарбаев 
Н.   Еншімізге 
бұйырған 
ерен 
бақыт. 
Қазақстан 
Республикасы  Президенті  -  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  салтанатты 
жиналыста  сөйлеген  сөзі /Н.  Назарбаев  //Егемен  Қазақстан.  2011.  -                 
16 желтоқсан; Ақиқат. - 2012. - № 2. - 10-17 б. 
         
Назарбаев  Н.   Тәуелсіз  Қазақстанның  жеті  қазынасы.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  -  Елбасы    Нұрсұлтан    Назарбаевтың 
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі / Н. Назарбаев 
// Егемен Қазақстан. - 2013. - 15 желтоқсан. 
*       *      * 
        Қозыбаев М.  Киелі тәуелсіздік. – Алматы: Баспалар үйі, 2009. – 448 б. 
        Менің  Отаным  –  Тәуелсіз  Қазақстан  /құраст.  О.Асқар.  –  Алматы: 
Балауса, 2009. – 184 б. 
        Аймахан  Қ.   «Желтоқсан  көтерілісі»  дейтін  уақыт  жетті:  [1986  жылғы 
желтоқсан  көтерілісі  туралы]  /  Қ.  Аймахан  //Алматы  ақшамы.  -  2013.  -  14 
желтоқсан. 
        Атемкулова  Ж.О.   16  желтоқсан  -  Тәуелсіздіктің  таңы  атқан  күн!: 
[Тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағаты]  /  Ж.  О.  Атемкулова             
// Бастауыш мектеп. - 2013. - № 11-12. - 53-55 б. 
        Әбіханова  Г.   Азаттық  үшін  арпалысқан  аналар:  [1986  жылғы 
желтоқсан  көтерілісіне  қатысқан  қыз-келіншектер  туралы]  /  Г.  Әбіханова 
// Алматы ақшамы. - 2013. - 14 желтоқсан. 
       Елхондиева 
Қ.   Тәуелсіздік 
елімнің 
ерлік 
жолы: 
[сценарий]                     
/Қ. Елхондиева // Бала тәрбиесі. - 2012. - № 12.- 8-12 б. 
       Ерғалиев Ж. Тәуелсіздік тарихының трилогиясы. «Елбасы», «Салтанат», 
«Тәуелсіздік»  атты  үш  кітап  туралы  толғаныс  /Ж.Ерғалиев  //Егемен 
Қазақстан. - 2012. - №13-14. - 13 қаңтар. 
       Кайрбекова  А.  Тәуелсіздік  шежіресі  /А.Кайрбекова  //Мектептегі 
мерекелер. – 2013. - №12. – 6-7 б. 
       Кәріпжанәулеті  А.   Желтоқсан  -  қазақтың  ар-ұжданы.  17-желтоқсан  - 
Қазақстан 
Республикасының 
Демократиялық 
жаңару 
күні                                  
/ А. Кәріпжанәулеті  // Президент және халық. - 2012. - 14 желтоқсан. 

207 
 
          Кубашова Ш.Қ.   Тәуелсіздік - ел арманы: [Тәуелсіздік күніне арналған 
кеш]  /  Ш.  Қ.  Кубашова  //Мектептегі  мерекелер:  тәрбие  жұмыстарының 
сценарийлері. - 2013. - № 8. - 5-7 б. 
       
Кубенова  А.   Тәуелсіздік  -  тұғырым:  [Қазақстан  Республикасының 
Тәуелсіздік алғанына 21 жыл толу мерекесі] / А. Кубенова //Ұлағат. - 2012. - 
№ 6. - 134-143 б. 
        Қалмырзаев Ә.   Тәуелсіздік және демократия: (Қазақстан тәуелсіздігіне 
20 жыл) / Ә. Қалмырзаев //Ақиқат. - 2011. - № 2. - 12-17 б. 
        Құл-Мұхаммед  М.   Ордалы  оқиғалар  дәуірі:  [Қазақстан  тәуелсіздігіне 
20 жыл] / М. Құл-Мұхаммед  //Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2011. -      
№ 2. - 4-9 б. 
       Қырғызбай 
Ө.   Халықтың  қисапсыз  төгілген  қанымен  келген 
Тәуелсіздік:  [қазақтың  ұлт-азаттық  көтерілістеріне  арналған  «Қазақ 
көтерілістері:  ақтаңдақтардан  –  ақиқатқа»  атты  ғылыми-тәжірибелік 
конференция өтті] / Ө. Қырғызбай  //Алматы ақшамы. - 2013. - 14 желтоқсан. 
       Мусалиева  Р.   Менің  елім  -  Қазақстан:[тәрбие  сағатты]  /  Р.  Мусалиева          
// Сыныптағы тәрбие. - 2014. - № 3. - 3-4 б. 
        Сайпилова  А.С.   Қазақтың  бағы  да,  байлығы  да  -  Тәуелсіздік: 
[Тәуелсіздік  күніне  арналған  тәрбие  сағаты]  /  А.  С.  Сайпилова    //Тәрбие 
сағаты. - 2014. - № 4. -2-3 б. 
       
Саргелова  С.   Тәуелсіздік  -  елімнің  ерлік  жолы  (тарихи  кеш)                     
/С.  Саргелова  //Қазақстан  тарихы:  әдістемелік  журнал.  -  2012.  -  №  11.  -          
60-66 б. 
        
Туктибаева  А.О.   «Тәуелсіз  елім  -  Қазақстаным!»  (Ашық  тәрбие 
сағаты)  /  А.  О.  Туктибаева  //Мұғалім.kz.Адам  және  қоғам=Человек  и 
общество. - 2012. - № 8. - 39-42 б. 
       Туысова А.   Туымыз - тәуелсіздік, тілегіміз - бейбітшілік!: [16 желтоқсан 
мерекесіне арналған әдеби-музыкалық кеш] / А. Туысова // Тәрбие сағаты. - 
2013. - № 1. - 14-15 б. 
       Тұрғанбаева  Д.   Тәуелсіздік  тұғыры  биік  болсын:  [тәрбие  сағаты]                  
/ Д. Тұрғанбаева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2013.- №11.- 15-18 б. 
 
 
Желтоқсан 
17 жұлдыз 
Әдебиет  зерттеушi,  педагог,  филология  ғылымдарының 
докторы,  профессор  Темiрбек  Қожакеевтiң  туғанына  90 
жыл 

17.12.1926-29.12.2003

 
      Қожакеев Темiрбек 1926 жылы  17 желтоқсанда Жамбыл облысы, Мерке 
ауданындағы Ойтал селосында дүниеге келген. 
      1953  жылы  Қазақтың  Мемлекеттiк  университетiн  бiтiрдi.  1953  жылдан 
өмірінің  соңына  дейін  осы  университетте  оқытушы,  доцент,  профессор, 
журналистика  факультетi  мерзiмдi  баспасөз  кафедрасының  меңгерушiсi, 
факультет деканы қызметтерін  атқарды. 
     Т.Қожакеев  «Қазақ  сатирасы»    тақырыбында  докторлық  диссертация 
қорғады.  Қазақ  сатирасының  тарихы  мен  оның  жанрлық-көркемдік  
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеді. 

208 
 
     Темiрбек  Қожакеев  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сiңiрген  мәдениет 
қызметкерi.  Қазақстан  жоғары  мектебi  ғылым  академиясының  құрметтi 
академигi. 
      Темiрбек  Қожакеев  педагогика  саласында  ғана  емес,  ғылыми-зерттеу  
саласында  да  еңбек  еттi.    Қазақ  сатирасының  тарихы,  қазақ  әдебиетi  мен 
баспасөзiнiң  тарихы,  теориясы  жөнiнде  мыңға  тарта  мақала  мен  көркем-
публицистикалық  очерк,  фельетондардың,  отызға  жуық  монографиялар  мен 
оқулық  кiтаптардың  авторы.  Еңбегi  жоғары  бағаланып,  «Құрмет  Белгiсi» 
орденiмен және медальдармен марапатталған, Қазақстан Журналистер одағы 
сыйлығының иегерi. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      Қожакеев  Т.  Көк  сеңгiрлер: 

1937-1938,  1950  жж.  қуғын-сүргiнге 
ұшыраған, Ұлы Отан  соғыс жылдарында ерлiкпен қаза тапқандар жайында

     
/ Т.Қожакеев. – Алматы: Қазақ университетi, 1992. – 271 б. 
      Кенжебаев  Б.,  Қожакеев  Т.  Қазақ  совет  баспасөзi  тарихынан:  (Сырттан 
оқитын  студенттерге  көмекшi құрал) / Б.Кенжебаев,  Т.Қожакеев. –  Алматы, 
1962. – 62 б. 
       Қожакеев  Т.  Сара  сөздiң  сардарлары: 

1920-1930  жж.  жазықсыз  жазаға 
тартылып, жапа шеккен көрнектi қазақ журналистерiнiң өмiр жолы жайында

 
/ Т.Қожакеев. – Алматы: Санат, 1995. – 167 б. 
      Қожакеев Т. Сатира негiздерi: жоғары оқу орындарына арналған оқулық  
/ Т.Қожакеев. – Алматы: Санат, 1996. – 464 б. 
      Қожакеев Т. Үркiншiлiк: 

повесть пен деректi әңгiмелер

/ Т.Қожакеев. – 
Алматы: Мерей, 1996. – 158 б. 
      Қожакеев  Т.  Фельетон  мәселелерi  (сырттан  оқитын  студенттер  үшiн 
көмекшi құрал) / Т.Қожакеев. – Алматы, 1962. – 52 б. (Қазақтың С.М.Киров 
атындағы мемлекеттiк университетi журналистика кафедрасы). 
      Қожакеев Т..  Ағартушы қайраткер / Т.Қожакеев // Қазақстан мұғалiмi. – 
1996. – 27 сәуiр. 
       Қожакеев  Т..  Асылқожа  Құрманбайұлы  кiм?  /Т.Қожакеев  //Сұхбат.  – 
1996. – 9-10 мамыр (Ағартушы А.Құрманбайұлы туралы). 
      Қожакеев Т. Жамбыл – сатирик  /Т.Қожакеев //Егемен Қазақстан. – 1996. 
– 5 маусым. 
      Қожакеев  Т.  Жамбыл  –  сатирик  /Т.Қожакеев  //ҚазМУ  хабаршысы. 
Филология сер. – 1996. – № 5. – 28-36 б. 
      Қожакеев  Т.  Журналистер  одағының  орнығуы  /  Т.Қожакеев  //  Егемен 
Қазақстан. – 1996. – 19 наурыз. 
      Қожакеев  Т.  Қайсар  қаламгер:  «Ақиқаттың»  алғашқы  редакторы 
А.Асылбеков туралы бiр үзiк сыр / Т.Қожакеев //Ақиқат. – 1996. – № 2. – 72-
76 б. 
      Қожакеев Т.. «Қызыл Қазақстан» 1920 жылдарда / Т.Қожакеев //Ақиқат. 
– 1996. – № 7. – 76-78 б. 
      Қожакеев  Т.. Мұхтар Әуезов сатира саласында/ Т.Қожакеев //Жұлдыз. – 
1997. – №  9. – 23-31 б. 

209 
 
      Қожакеев Т. Соғыс құрбаны сөйлейдi / Т.Қожакеев //Қазақ батырлары. – 
2000. – ғ  3. – 7 б. 
     Қожакеев  Т.    Улы  сия,  ащы  тiл: 

М.Әуезов  Абай  сатирасы  туралы

              
/ Т.Қожакеев //Абай. – 1997. – № 2-3. – 69-74 б. 
Ол туралы: 
      Қожакеев Темiрбек //Қазақстан жазушылары

 ХХ ғасыр. Анықтамалық. - 
Алматы

 Ана тiлi, 2004. – 185-186 б. 
      Қожакеев  Темiрбек  //Қазақ  әдебиетi:  Энциклопедия.  –  Алматы,  1999.  – 
417 б. 
      Қожакеев Темірбек // Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Алматы, 
2010. – 89 б. 
     Тұғырлы  тұлға: 

Қазақтың  мемлекеттiк  университетiнiң  деканы, 
журналист,  әдебиетшi,  сыншы,  ғалым-ұстаз  Т.Қожакеев  туралы

  /құраст. 
Қ.Олжай. – Алматы: Атамұра, 1996. – 192 б. 
     Қожакеев  Темiрбек

 

некролог

  //Егемен  Қазақстан.  –  2003.  –  30 
желтоқсан

 //Қазақ әдебиетi. – 2004. – 9 қаңтар. 
       Адырбекұлы  К..  «Казахское  дело»

  Профессор  Темiрбек  Қожакеев               
/ К.Адырбекұлы //Түркiстан. – 2004. – 23 қыркүйек. 
     Айтбайұлы  Т.  Теперiш: 

журналист-жазушы  Т.Қожакеев  жайында

 
/Т.Айтбайұлы //Арай. – 1996. – №  4-5. – 28-29 б. 
     Баялиева  Д.  Әдiскер  әлемiнiң  әйдiгi: 

әл-Фараби  атындағы  Қазақтың 
мемлекеттiк  ұлттық  университетiнiң  профессоры,  ұстаз-ғалым  Темiрбек 
Қожакеев туралы

 /Д.Баялиева // Қазақстан мұғалiмi. - 1996. – 5 маусым. 
     Бейiсқұлов  Т.  Қайсар  да  арлы  азамат: 

ұлағатты  ұстаз,  ғылым  докторы 
Темiрбек Қожакеев туралы

 / Т.Бейiсқұлов //Ақиқат. - 1996. - № 6. – 50-54 б. 
      Әбдиманұлы  Ө.  Тәлiмi  терең  тектi  тұлға

Темiрбек  Қожакеев  жайлы

 
/Ө.Әбдиманұлы //Алматы ақшамы. – 2004. – 18 қараша. 
      Жақып Б.   Қайталанбас нар тұлға: [журналист, ұстаз Темірбек Қожакеев 
туралы] / Б. Жақып // Айқын. - 2015. - 27 мамыр. 
     Жақыпов  Б.  Сан  шәкiртiн  тамсандырған  Темекең… 

өлең.  Профессор 
Темiрбек Қожакеевке

 /Б.Жақыпов //Қазақстан мұғалiмi. – 1996. – 5 маусым. 
       Құл-Мұхаммед  М.  Ұстаз:  [ұстаз,  ғалым  Темірбек  Қожакеев  туралы] 
/М.Құл-Мұхаммед //Қазақ әдебиеті. – 2004. – 19 қараша. 
       Нәрібаев К.   Темірбек тағдыры: [Қазақ мемлекетік университетінде ұзақ 
жылдар қызмет еткен, профессор Темурбек Қожакеев туралы] / К. Нәрібаев    
// Қазақ әдебиеті. - 2014. - 30 мамыр. 
       Омарұлы  Б.  Қожакеев  құбылысы.  Талайға  таныс  тұлға  қазаққа  несімен 
қымбат?: [жазушы, журналист Темірбек Қожакеев туралы] /Б.Омарұлы // Ана 
тілі. – 2008. – 25 желтоқсан-7 қаңтар 
       Рәш  М.   Тау  тұлғалы  Темірбек  (ұлағатты  ұстаз,  ғұлама  ғалым,  көрнекті 
сатирик Темірбек Қожакеев туралы) /М. Рәш //Ақиқат. - 2011.- № 12.-59-62 б. 
         Сабыржанұлы 
Ж.  Бiз  бiлетiн  Темкең

 

Т.Қожакеев  туралы

 
/Ж.Сабыржанұлы //Егемен Қазақстан. – 2004. – 4 ақпан. 

210 
 
       Тәшімбай  Ғ.   Темірдей  тәртіп  орнатқан  Темірбек:  [ғалым,  филология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Темірбек 
Қожакеев 
туралы]                      
/ Ғ. Тәшімбай // Алматы ақшамы. - 2015. - 17 қаңтар. 
 
 
Желтоқсан 
25 жұлдыз 
Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстанның 
халыққа  бiлiм  беру  iсiне  еңбек  сiңiрген  қайраткер  Жанұзақ 
Қасымбайұлы 
Қасымбаевтың 
туғанына 
75 
жыл 

25.12.1941-26.02.2004

 
     Қасымбаев Жанұзақ  Қасымбайұлы 1941 жылы 25 желтоқсанда Шығыс 
Қазақстан   

бұрынғы  Семей

    облысы  Аягөз  ауданы  Баршатас  ауылында 
туған.  
    1965  ж.    Қазақ  Мемлекеттiк  университетiн 

қазiргi  әль-Фараби  атындағы 
Қазақ  Ұлттық  университетi

  бiтiрген.  1965-1967  жж.  Талғар  қаласындағы 
А.С.Пушкин  атындағы  орта  мектепте  мұғалiм,  1967  жылдан  Қазақтың 
педагогикалық институтында 

қазiргi Абай атындағы Ұлттық педагогикалық 
университет

  тарих  кафедрасында  ассистент,  аға  оқытушы,  доцент  болды, 
1982  ж.    бастап  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  меңгерушiсi  болды, 
өмiрiнiң  соңына  дейiн  осы  университетте  қызмет  еттi.      1991  жылдан  осы 
университетте  Отан  тарихынан  ғылым  кандидаттарын  даярлайтын  арнайы 
кеңестiң төрағасы болды.  
     Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  басты  бағыттары

  ХҮIII-ХХ  ғасырдың 
бас  кезiндегi  Қазақстан  қалаларының    қазақ  ауылдарымен  және  iргелес 
елдермен  қарым-қатынастары,  Орта  Азия  елдерiндегi  саяси  және  сауда 
байланыстары,  қазақ  жерiн  Ресей  империясының  отарлауы,  ХҮIII-ХIХ 
ғасырларда  қазақтан  шыққан  саяси  және  әскери  қайраткерлер,  т.б.  Осы 
салада көптеген ғылыми монографиялары жарық көрдi. 
     1970  жылы  «Семей  қаласының  тарихы 

1718-1917жж.

»  тақырыбына 
кандидаттық диссертация, 1983 жылы «Шығыс Қазақстан қалаларының қазақ 
ауылымен,орыс  шаруа  мекендерiмен  және  iргелес  мемлекеттермен  қарым-
қатынастардың орталықтары ретiнде дамуы 

ХҮIII ғ. 20 жылдары – 1917 ж.

» 
деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.  
     Ол елiмiз тәуелсiздiк алған соң төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарындағы 
күрделi тақырыптарға батыл барып, айтулы хандар мен сұлтандардың, әйгiлi 
батырлар мен билердiң өмiрiн заман талабына сай жаңаша  жазды. 
    1993 жылдан бастап «Қазақ тарихы» журналының белсендi авторы болып, 
қазақ мемлекетiнiң қалыптасу тарихына, жоғары оқу орындарында Қазақстан 
тарихын оқытуға арналған  мақалалар жазды. 
     Ж.Қасымбаев  «Парасат»  орденiмен,  «Халық  ағарту  iсiнiң  үздiгi» 
белгiсiмен,    марапатталған.  Алматы  мемлекеттiк  университетiнiң 

қазiргi 
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет

 70 жылдығына арналған 
конкурстың  жеңiмпазы  болып,  бiрiншi  ақшалай  сыйлықтың  иегерi  болған. 
Қазақстанның халық ағарту iсiне еңбек сiңiрген қайраткер. 

211 
 
       Ж.Қасымбаевтың  еңбектерi  орыс  тілінде  жазылған,  олармен  2016 
жылға арналған орыс тiлiндегi күнтiзбектен таныса аласыздар. 
Ол туралы

 
     Қасымбаев  Жанұзақ  Қасымбайұлы  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.  - 
Т.5. - Алматы

 «Қазақ энциклопедиясының»  Бас редакциясы. – 664 б. 
     Қасымбаев Жанұзақ // Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Алматы, 
2010. – 85 б. 
     Қасымбаев Жанұзақ

 

некролог

 //Қазақ тарихы. – 2004. - № 2.-158 б. 
     Мамырайымов 
С.  Жасампаз  ғалым  (Ж.Қасымбаевтың  ғылыми-
ұйымдастырушылық  және  қоғамдық  жұмыстары  туралы)  /С.Мамырайымов 
//Қазақ тарихы. – 2006. - № 5. – 68-73 б. 
     Мамырайымов  С.  Жанұзақ  Қасымбаев:  [тарихшы,  тарих  ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Жанұзақ 
Қасымбайұлы 
Қасымбаев 
туралы]                        
/ С.Мамырайымов  // Қазақ тарихы. – 2009. - № 2. – 23-26 б. 
      Нұрпейіс  Т.   Тарлан  тарихшы:  [көрнекті  ғалым, ұлағатты  ұстаз Жанұзақ 
Қасымбайұлы жайлы] / Т. Нұрпейіс // Айқын. - 2014. - 21 қаңтар. 
 
Қысқы демалыс 
28 желтоқсан – 11 қаңтар 
        2 қарашадан 28 желтоқсанға дейін жаңа  жылды қарсы алуға дайындық: 
мектеп құжаттамаларын әзірлеу (бұйрықтар, нұсқаулар журналы, хаттамалар, 
педагогикалық  кеңес,  әкімшілік  кеңестер  материалдары),  жаңажылдық 
таңертеңгіліктер  мен  кештер  кестелерін  әзірлеу,  мұғалімдерден,  ата-аналар 
мен  оқушылардан  құрылған  шығармашылық  топтың  сценарийді    әзірлеу 
жұмысы,  репетициялар  өткізу,  шырша  орнату,  шыршаға  ілінетін  әшекейлер 
мен  ойыншықтарды  дайындау,  ішкі  бөлмелерді,  ғимараттың  қасбетін 
(фасадын) безендіру.  
      
Қысқы демалыс кезеңінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі 
дайындық 
жұмыстарын 
жүргізу: 
қысқы 
демалыс 
күндеріндегі 
жалпымектептік  іс-шаралар  жоспарын,  спорт  залы  мен  компьютер 
сыныбының  жұмыс кестесін, үйірмелер мен секциялардың сабақ кестелерін 
әзірлеу,  оқушылар  мен  ата-аналарға  арналған  қабырғалықты  рәсімдеу.  Ата-
аналарды ата-аналар жиналыстарында, оқушыларды мектеп жиналыстарында 
қысқы  демалыс  күндеріндегі  жұмыспен  қамтылу  нысанымен  таныстыру. 
Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-
шаралар  жүргізу:  ықшамаудан  бойынша  рейдтерге  шығу,  пәтерлерге  бару, 
мінез-құлқы девиантты оқушылармен әңгімелер өткізу. 
Құтқару  қызметтерінің,  құқық  қорғау,  жол  полициясы,  денсаулық  сақтау 
органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен кездесулер. 
      
 28, 29, 30 желтоқсан – Жаңа жылдық  таңертеңгіліктер мен кештер.           
Жаңажылдық  шырша  жанындағы  «Аяз  атада  қонақта»,  «Жаңажылдық 
ертегі»,  «Сиқырлы  орманда»  мерекелік-көңіл  көтеру  шаралары.  Мерекелік 
концерттер, 
дискотека 
кештері 
немесе 
жаңажылдық 
киімдер 
таныстырылатын бал маскарадтар. 

212 
 
      
31  желтоқсан  –  Қысқы  спорттық  ойындар  күні.  Қысқы  мектеп 
олимпиадалық ойындары. 
Спорттық  ойындар,  таза  ауадағы  «Көңілді», 
«Аязды»,  «Қарлы»  старттар,  қозғалысты  ойындар,  шаңғылармен, 
конькилермен жарыстар, «Жас мәнерлеп сырғанаушы» конкурстарын өткізу.    
         Аяз  аталар  парадтарына,  орталық  алаңдардағы  карнавалдық  шерулер 
мен көпшілік серуендерге қатысу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет