Маусым
26 жұлдыз
Педагог, қоғам қайраткерi, Қазақ КСР Оқу министрі (1974-
1987),
Қожахмет
Балахметұлы
Балахметовтың
туғанына 90 жыл
26.06.1926
.
Балахметов Қожахмет Балахметұлы 1926 жылы Көкшетау облысы
Айыртау ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келдi. 1949 жылы
Петропавл мұғалiмдер институтын, 1955 жылы Семей педагогика
институтын тарих пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек
жолын 1948 жылы Айыртау ауданындағы Казгород орта мектебiнде тарих
пәнiнiң мұғалiмдiгiнен бастады, Володар балалар үйiнде мұғалiм болып
iстедi.
1952 жылы Көкшетау облысының Халыққа бiлiм беру бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары. 1953-1956 жылдары Көкшетау облысы
Еңбекшiлдер ауданындағы орта мектеп директоры болып iстедi. Сонда жүрiп
Макин ауылдық және Еңбекшiлдер қалалық кеңесiнiң депутаты болып
сайланды. 1960-1963 жылдары Көкшетау облыстық партия комитетiнiң
105
мектеп бөлiмiнiң меңгерушiсi. 1963-1967 жылдары Көкшетау қалалық партия
комитетiнiң екiншi хатшысы, 1968 жылы Көкшетау облыстық халыққа бiлiм
беру бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. Көкшетау қалалық және
облыстық кеңестерiнiң депутаты болып сайланды. 1970 жылы Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетi ғылым мен оқу орындары бөлiмiнiң
меңгерушiсi қызметiне ауыстырылды.
1974 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесi Төралқасының Жарлығымен Қазақ
КСР Оқу министрi қызметiне тағайындалып, 1987 жылға дейін Қазақ КСР
Білім министрі болды.
Қ.Балахметовтың педагог және бiлiм жүйесiнiң басшысы ретiндегi
жұмысы жалпы орта бiлiмдi жетiлдiруге, жеткiншек ұрпақты тәрбиелеу мен
оны еңбекке даярлауға жұмсалды. Оның мақалаларында мұғалiмдер мен
бiлiм саласы қызметкелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға басты назар аударылды.
1987 жылы еңбек демалысына шыққаннан кейiн, 1987 жылы В.И.Ленин
атындағы балалар қоры төрағасының орынбасары, 1988 жылы бұл қор
«Қазақстан балалар қоры» болып қайта құрылған соң, оның төрағасы болды,
сонымен қатар 13 жыл Қазақ-Корея достық қоғамының төрағасы болды.
1999-2000 жылдары - Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының
вице-президенті.
1996 жылы туған жерi Көкшетау өңiрiне оралып, 1998 жылдан
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
ректорының кеңесшiсi
болды, студенттерге педагогика тарихынан лекция оқыды. Бiлiм беру,
педагогикаға арнаған жүздеген мақалалары, ғылыми еңбектерi жарық
көрген. Қазір зейнет жасына келіп, еңбек демалысында.
Қ.Балахметов «Парасат», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен,
Ы.Алтынсарин, Н.Крупская, К.Ушинский атындағы медальдармен, Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, КСРО және
Қазақ КСР Оқу ағарту iсiнiң үздiгi.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Балахметов Қ. Балаларға қамқорлық - басты парыз /Қ.Балахметов
// Қазақстан мектебi. – 1998. - ғ 3. – 8-11 б.
Балахметов Қ. Балалар қорының болашағы қандай?:
Қазақстан балалар
қорының басқарма төрағасы Қ.Балахметовпен алдағы жұмыстар, бүгiнгi
тiршiлiгi жайлы сұхбат
/әңгiмелескен Г.Батырханқызы // Жас алаш. – 1992. –
30 мамыр.
Балахметов Қ. Жас ұрпақ жауапкершiлiгi:
республикалық «Балалар
қоры» басқармасының жұмысынан
/Қ.Балахметов //Әлеуметтiк қорғау. –
1992. - № 1. – 8-10 б.
Балахметов Қ. Ағалар iсi жастарға үлгi:
Республикалық балалар
қорының төрағасы Қ.Балахметовпен әңгiме
/әңгiмелескен Е.Естаев
//Қазақстан мұғалiмi. – 1992. 17 қаңтар.
Балахметов Қ. Халық ағарту iсi қайта құру кезеңiнде:
Республика
мұғалiмдерiнiң VI съезi материалдарынан
/Қ.Балахметов //Қазақстан
мектебi. – 1987. - № 7. – 3-7 б.
106
Балахметов Қ. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытымен:
Қазақстан мұғалiмдерiнiң VI съезi
/Қ.Балахметов //Социалистiк Қазақстан.
– 1987. – 23 мамыр.
Балахметов Қ. Педагогика ғылымының жетiстiктерi – мектеп
практикасына /Қ.Балахметов //Қазақстан мұғалiмi. – 1986. – 29 қараша.
Балахметов Қ. Реформаның алғашқы адымдары /Қ.Балахметов
//Қазақстан мектебi. 1985. - № 10. –3-11 б.
Балахметов Қ. Мектептiң бүгiнi мен болашағы:
Қазақ КСР Оқу
министрi жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесiне қамқорлық туралы
/Қ.Балахметов // Қазақстан коммунисi. – 1984. - № 4. –57-61 б.
Балахметов Қ. Iрi мiндеттер биiгiнен:
Халық ағарту қызметкерлерiнiң
мiндеттерi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу тәрбие процесi жайлы
/Қ.Балахметов //Қазақстан мектебi. – 1981. - № 3. – 3-9 б.
Балахметов Қ. Айбынды мiндет /Қ.Балахметов //Қазақстан мектебi. –
1977. - № 11. – 14-19 б.
Балахметов
Қ. Мұғалiмнiң мамандық дәрежесi мен ой-өрiсi
/Қ.Балахметов // Қазақстан коммунисi. – 1977. - № 8. – 32-38 б.
Балахметов Қ. Еңбек жолы – мектептен /Қ.Балахметов //Қазақстан
мектебi. – 1978. -№ 5. – 9-14 б.
Балахметов Қ. Тұлғасы асқақтай бередi /Қ.Балахметов //Қазақстан
мектебi. - 1996. - № 3. – 13-15 б.
Ол туралы:
Айекеева А. Адамгершiлiк туын биiк ұстаған..:
ағамыз туралы бiр үзiк
сыр: 1974-1987 жыл аралығында Қазақстан Оқу министрi, қазiр
республикалық
Балалар
қорының
төрағасы
Қ.Балахметов
70-те
/А.Айекеева //Қазақстан мұғалiмi. – 1996. – 26 маусым.
Асылбекова М. «Тәуелсiздiк ғимаратында бiз қалаған кiрпiштер де
бар…»
Қожахмет Балахметұлы Балахметов – 75 жаста
/ М.Асылбекова
//Қазақстан мұғалiмi. – 2001. – 13 маусым.
Қажахмет Балахметұлы – 80 жаста (Қ.Балахметұлының «Менің
туыстарым», «Заман зерделері» кітаптарынан) //Қазақстан мектебі. – 2006. -
№ 6. – 8-10 б.
Құтпанбаев Ә. Министр ауылға келді: [Қожахмет Балахметов – 80 жаста]
/Ә.Құтпанбаев //Қазақстан мұғалімі. – 2006. – 16 тамыз
Сармағамбетов М. Азамат бейнесi:
халыққа бiлiм беру саласы мен
педагогика
ғылымына
еңбек
сiңiрген
Қ.Б.Балахметов
туралы
/М.Сармағамбетов // Егемен Қазақстан. – 1996. – 2 шiлде.
Шағыр Қ. «Тәуелсiздiктiң зор тiрегi – бiлiм»: [педагогика саласының
қайраткерi Балахметов Қ.Б. 75 жаста] / Қ.Шағыр //Қазақстан мектебi. – 2001.-
№ 6.-3-5 б.
107
Маусым айының аяғы –
мектеп бітірушілер кеші
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан
дамуының жаңа векторы» Қазақстан халқына Жолдауында оқыту үдерісінің
тәрбиелік құрамдасын күшейтудің маңыздылығы атап көрсетілген:
«Патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім және
толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық. Бұл
құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу
орындарында да сіңірілуге тиіс». Мектеп бітіру шарасы – cоңғы мектеп
шарасы, ол имандылық, ізгілік пен ризашылық сабағы болуы тиіс.
Бітіру кешінің мектеп өмірінде алар орны ерекше, бұл барлығы үшін
толғандырар оқиға: балалықпен, мектеппен, мұғалімдермен және мектептегі
достармен қоштасу. Бұл үлкен өмір кезеңінің қорытындыларын шығаруда.
Бітіру кешін өткізудің мақсаты жастарда жоғары әлеуметтік
белсенділікті және Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға
деген ұмтылысты дамыту болып табылады.
Мектеп бітіру кешінің құрметті қонақтары педагогикалық еңбектің
ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың,
соның ішінде жастар ұйымдарының өкілдері, шефтік кәсіпорындардың
өкілдері бола алады.
Мерекені ұйымдастырудағы жетекші негіз түлектердің, оқушылар мен
ересектердің бірлескен шығармашылық қызметі болуы тиіс, мұнда ойлар,
жоспарлар туындайды, мұнда үлкен мерекеге ұжыммен дайындалып, өткізу
дәстүрге айналған.
Бітіру балын өткізудің дәстүрлі нысаны бар: 1 бөлім – аттестат
тапсыру рәсімімен бірге салтанатты жиын. 2-бөлім – мерекелік концерт, бал-
маскарад, сазды театрландырылған бағдарлама, мерекелік дастархан
ұйымдастырылған би бағдарламасы.
Мектеп бітіру кеші бағдарламасының сценарийіне «Жас ұлан», «Жас
қыран» республикалық қозғалыстарының көшбасшыларының, жастар
қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларының, «Нұр Отан» ХДП жастар
қанатының белсенділерінің құттықтауларын енгізген жөн. Интерактивті
жабдықты пайдалануға және мектепті табыспен бітірген және Елбасының
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуын жалғастырып жатқан
өткен жылдардың түлектерімен он-лайн режімінде телекөпірлер өткізуге
болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әмірханова Қ. Мектеп бітіруші түлектерге арналған әдеби-монтаж
бағдарламасы /Қ. Әмірханова //Тәрбие жұмысы. - 2009. - №4. - 39-40 б.
Кайдакова В.Ю. Мектеп бітіру кешін ұйымдастыру және өткізу
/В.Ю. Кайдакова, И.Б. Пащенко //Сынып жетекшісінің анықтамалығы =
Справочник классного руководителя. - 2009. - №5. - 19-32 б.
108
Карипжанова Х.С. Сәт сапар, жас түлек! Оқу бітіруші жастардың
диплом алу салтанатты кешінің сценарийі / Х. С. Карипжанова
// Тәрбие жұмысы. - 2010. - №1. - 35-37 б.
Қазанбай Ғ. «Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран боп ұшып
барам қияға!»: [мектеп бітіру кешінің сценарийі] /Ғ. Қазанбай, Г. Сейткерей
//Сынып жетекші = Классный руководитель . - 2012. - №2. - 10-13 б.
Қалиев С. «Бала шақтан – болашаққа» (мектеп бітіру кешінің
сценарийі) /С. Қалиев //Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту.
- 2008. - №4. - 38-39 б.
Қуандықова А.Қ. Мектеп бітіру кеші және оның ұйымдастырылуы
/А.Қ.
Қуандықова
//Білім
беру
мекемесі
басшыларының
анықтамалығы=Справочник руководителя образовательного учреждения. -
2009. - №5. - 22-25 б.
Сейитова Б.Н. Қош бол, алтын ұя - мектебім (мектеп бітіру кешінің
бағдарламасы) / Б. Н. Сейитова //Педагогикалық кеңес = Педагогический
совет. - 2012. - №1. - 34-36 б.
Молдағалиева А.Т. Сыңғырла, соңғы қоңырау!: [мектеп бітірушілердің
соңғы қоңырау сценарийі]/ А.Т.Молдағалиева //Мектептегі мерекелер. –
2013. - № 5. – 36-37 б.
Ниеталина Ә. Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз: [мектеп бітіру кеші]
/Ә. Ниеталина //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2010. - №5. - 50-54 б.
Хожахметова Қ. Сыңғырла, соңғы қоңырау!: [2012-2013 оқу
жылының соңғы қоңырауы] / Қ.Хожахметова //Қазақ тілі мен әдебиеті орта
мектепте. – 2013. - № 4. – 41-42 б.
6 шілде - Астана күні
2008 жылы маусымның 23-інде Парламент Сенаты «Мерекелер
туралы» заңға толықтыру енгізетін заң жобасын қабылдады. Ол бойынша 6-
шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып белгіленді. Оның себебі, 1994
жылы дәл осы күні Алматыда ел Парламенті елорданы Алматыдан Астанаға
көшіру туралы қаулы қабылдаған болатын. Осы Қаулыға сүйене отырып, 6-
шілде Астана күні деп жарияланды. Бұл күн еліміздің жаңа тарихының
жарқын беттерінің ашылуын, прогресс пен демократия жолынан
айнымайтынын, ең бастысы, мемлекеттілікті мәңгі етуді бейнелейді. Астана
республикамыздың саяси және әкімшілік орталығы, Ата Заңның түпнұсқасы,
Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның эталондары тұрған жер. Отырыста заң
жобасы бірауыздан мақұлданды. Қабылданған заңға Мемлекет Басшысы
қолын қойып бекітті.
Заңның толық мәтіні ресми ақпарат баспасөз құралдарында жарық
көрді. Астана Алматының орнына Қазақстан Республикасының астанасы
болып 1997 жылдың желтоқсанында жарияланған еді. Келесі жылдың жаз
айында республиканың жаңа астанасының ресми тұсаукесері болып өтті.
Және 2008 жылдың 6-шілдесінде Астана өзінің 10 жылдығын атап өтті.
Астананы көшіру туралы идея елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтікі.
Елбасымыз жоқ жерден үлкен қала салдырды. Астана – қазақ халқының
109
мақтанышына айналды. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келгендердің
барлығы тамсанып, таңғалып тамашалайтын қала. Сондықтан, басты
мерекелік шаралар осымен үшінші жыл, Президенттің туған күні-6 шілдеде
аталынып келеді.
Оқушыларды өз Отанын сүюге, елордасы – Астананы мақтаныш етуге
тәрбиелеу мақсатында өтілетін «Астана – сәулетті қала» атты тәрбие сағатын
өткізуге болады. Тәрбие сағатының көрнекіліктері: интерактивті тақта,
қанатты сөздер, «Астана айшықтары» стенді. Астана қаласының көрікті
орындарымен ғимаратарының түрлі-түсті суреттері, Н.Ә.Назарбаевтың
«Еуразия жүрегінде» кітап көрмесі, Астана қаласының гербі. Сабақта
Алматы мен Астана қаласының ерекшеліктерін салыстыра отырып, Астана
қаласының тарихы баяндалады. Астана туралы әндер айтылып,
викториналық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ел тарихы туралы
білімдерін дамытуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Назарбаев). Жарлық
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 ж. 6 мамыр № 75 Жарлығы /Қазақстан Республикасы. Президент (1991-;
Н.Назарбаев).Жарлық //Егемен Қазақстан. – 2011. – 13 мамыр.
Ақыпбекұлы Ө. Ажарлы Астана / Ө.Ақыпбекұлы. – Астана: Елорда,
2002. – 120 б.
Қазақ елінің астаналары /құраст. К.Аухадиев, Д.Досжан т.б. –
Алматы, 2008. – 504 б.
* * *
Ағымбаев Е. Астана - рухани орда: [Астана туралы] / Е. Ағымбаев
// Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2010. - № 3. - 52-57 б.
Балаева А. Астана - Алаштың ұлы төрі: [Астана қаласы туралы]
/ А. Балаева // Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2011. - № 2. - 48-53 б.
Бакенова Г.А. Туған күніңмен, Астана! : [тәрбие сағаты] / Г.А.Бакенова
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 6. –
12-13 б.
Бектұрсынова К. Еліміздің жүрегі – Астана: [Астана күніне арналған
тәрбие жұмысының сценариі]/ К.Бектұрсынова //Мектептегі мерекелер:
тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 9. – 6-7 б.
Бектұрсынова К.
Еліміздің жүрегі - Астана:[Астана қ. арналған сабақ]
/ К. Бектұрсынова // Білім әлемінде=В мире образования=In the world of
EDUCATION. - 2013. - № 4. - 25-26 б.
Ерғалиев Ж. Мәңгілік Елдің елордасы: [Астана қаласына - 15 жыл]
/ Ж. Ерғалиев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 шілде.
Есенжолова Ж. Жасай бер, жайна, Астанам! Сыныптан тыс сабақ
/ Ж. Есенжолова //Қазақ және әлем әдебиеті=Казахская и мировая
литература. - 2013. - № 3. - 20-21 б.
110
Қорғанбекова К. Астанам: [Астана туралы жан-жақты білімідерін
кеңейту] / К. Қорғанбекова //Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі: барлық
пәндер бойынша. - 2013. - №3. - 55-б.
Молдабекова А. Ел ордасы – Астана: [тәрбие сағатының сценарийі]
/А.Молдабекова
//Мектептегі
мерекелер:
тәрбие
жұмыстарының
сценарийлері. – 2013. - № 7. – 9-10 б.
Назарбаев Н. Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық
векторы: [Астананың 15 жылдығынада сөйлеген сөзі] / Н. Назарбаев
// Егемен Қазақстан. - 2013. - 6 шілде.
Озғанбаев Ө. Елбасы және Елорда: Астана күніне орай мақала
/ Ө. Озғанбаев // Егемен Қазақстан. - 2014. - 5 шілде.
Өмірбаева А.Т. Арайланған Астанам: [тәрбие сағаты] / А.Т.Өмірбаева
//Мектептегі мерекелер:тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 7. –
6-7 б.
Смагулова А.Ш. Астанам - бас қалам: [саяхат сабақ] /А. Ш. Смагулова
// Тәрбие сағаты. - 2014. - № 1. - 15-б.
Тарази Ә. Астананың даму динамикасы тарихта болмаған құбылыс:
Астана күні / Ә. Тарази // Астана ақшамы. - 2014. - 5 шілде.
Тасмағамбетов
И. Астана
-
түркі
дүниесінің
ұлы
төрі
/ И. Тасмағамбетов // Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2012. - № 3. - 15-
23 б.
Төлеуова А.Т. «Жігіт сұлтаны» (Астананың 15 жылдық мерейтойына
және Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған өнер сайысының
сценарийі) / А. Т. Төлеуова // Отбасы және балабақша. - 2013. - № 4. - 13-16 б.
Шiлде
15 жұлдыз
Алаш қайраткерi, ғалым, драматург, жазушы, журналист,
педагог
Қошмұхамбет
Қошке
Дүйсебайұлы
Кемеңгеровтың туғанына 120 жыл
15.07.1896 – 21.11.1937
.
Кемеңгеров Қошмұхамбет
Қошке
1896 жылы бұрынғы Ақмола
облысы, Омбы уезi Беке болысы Қаражас ауылында туған.
Қошке алғаш ауылда мұсылманша сауат ашқан. Одан кейiн Омбыда
шiркеу мектебiнде, ветеринарлық-фельдшерлiк мектепте оқиды. 1913 ж.
Омбы ауыл шаруашылық училищесiне оқуға түсiп, осында оқып жүрiп қазақ
жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бiрлiкке» мүше болып кiрiп,
«Балапан» атты қолжазба журналдың редакторы болған.
Қ.Кемеңгеров
1916-1917
жылдары Ақмолада Сәкен Сейфуллин
ұйымдастырған «Жас қазақ» ұйымына белсене қатынасады. 1919 жылы
Омбы политехника институтының медицина факультетiне оқуға түседi. 1920
жылы Қызылжарда «Қызыл мұғалiмдер» курсында әдебиеттен сабақ беретiн
Мағжан Жұмабаевпен бiрге дәрiс оқиды.
Қ.Кемеңгеров 1924 ж. Омбы мединститутының 3 курсын бiтiрген соң,
Ташкенттегi Орта Азия мемлекеттiк университетiнiң алғашқыда медицина
факультетiне ауысып, кейiн шығыстану факультетiн оқып бiтiредi. 1924-1925
111
жылдары «Ақ жол» газетiнде қызмет iстейдi. 1928-1930 жылдары Орта-Азия
мемлекеттiк университетiнiң
САГУ
аспиранты болып, әрi осы
университетте және Түркiстан әскери училищесiнде қазақ тiлiнен сабақ
бередi.
1930 жылы саяси репрессияның алғашқы толқынында «ұлтшыл» деген
атпен Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы саяси тұтқын ретiнде
Украинаға жер аударылады. Одан 1935 жылы босатылып, Омбының
Шарбақкөл ауданында ауруханада дәрiгер болып қызмет iстейдi. 1937 жылы
тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылады. 1957 жылы
ақталған.
Қ.Кемеңгеров тарих, әдебиеттану, тiлтану, этнография, көркем аударма
т.б. мәселелер бойынша қалам тербеген. 1924 ж. Мәскеуде «Қазақ
тарихынан» атты еңбегi шыққан. 1925 ж. «Бұрынғы езiлген ұлттар» атты
зерттеуi, «Қазақша-орысша тiлмаш», 1928 ж. 2 кiтаптан тұратын «Оқу
құралы» кiтабы жарық көрдi.
1957 жылы ресми ақталған соң, 1965 жылы «Алтын сақина» атты шағын
жинағы жарық көрдi. Қөшкенiң мұралары 1980 жылдардың аяғында ғана
еркiн шығарыла бастады. Қаламгердiң құрметiне Баянауылда мектеп,
Астанада көше аты берiлдi.
ӘДЕБИЕТТЕР
Кемеңгерұлы Қ. Жат тiл оқыту әдiсi
үзiндi
; Мектеп қай тiлде болу керек
үзiндi
/Қ.Кемеңгерұлы // Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. Т.2. (ХХ
ғасырдың 20 жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең). – Алматы, 1998. – 190-
192 б.
Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы
тарихи-танымдық еңбектер, мақалалар,
зерттеулер, пьесалар, әңгiмелер өлеңдер
/Қ.Кемеңгерұлы - Алматы
Қазақстан,1996. – 296 б.- /Тарихи тұлғалар/
Кемеңгерұлы Қ. Жат тiлдi оқыту әдiсi (үзiндi), - Мектеп қай тiлде болу
керек (үзiндi) /Қ.Кемеңгерұлы //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы.
ХХ
ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең
. Т.2. /құраст.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. - Алматы,1998.–190-191б.
Кемеңгерұлы Қ. Бұрынғы езiлген ұлттар
Ресейдiң езгiсiндегi 36 ұлттың
тұрмысы
/Қ.Кемеңгерұлы //Ана тiлi. – 1993. – 9 қаңтар.
Кемеңгерұлы Қ. Ерлiк жүректе
әңгiме
«Сана» журн. № 2-3
/әзiрлеген
Д.Қамзабекұлы // Ақиқат. – 1992. - № 4– 74-78 б.
Кемеңгерұлы Қ. Қазақ тарихынан…/алғы сөзiн жазып, жарияланымды
әзiрлеген Г.Ордаева // Ақиқат.-1993. - № 10.– 73-76 б
Кемеңгерұлы Қ. Момынтай
әңгiме /Қ.Кемеңгерұлы //Қазақ әдебиетi. –
1993.– 2 шiлде.
Достарыңызбен бөлісу: |