Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата28.01.2017
өлшемі2,59 Mb.
#2869
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

Қараша 
7 жұлдыз 
Химия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қазақстан 
Ғылым  академиясының  академигі,  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  ғылыми  қайраткері,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  ректоры  (1986-1988),  Еділ 
Ерғожиннің туғанына 75 жыл (7.11.1941) 
      Ерғожин  Еділ    1941  жылы  7  қарашада  Талдықорған  облысы  (қазіргі 
Алматы  облысы),  Ескелді  ауданы,  Екпінді  ауылында  дүниеге  келген.  1963 
жылы  Қазақтың  мемлекеттік  университетін  (қазіргі  әл-Фараби  атындағы 
Қазақтың Ұлттық университеті) бітірген. 
     1962-1980 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Химия ғылымдары 
институтында  аға  лаборант,  аспирант,  кіші,  аға  ғылыми  қызметкер, 
лаборатория меңгерушісі болды. 
     1980-1983  жж.  Қазақтың    мемлекеттік    университетінің  жоғары 
молекулалық  қосылыстар  химиясы  кафедрасының  меңгерушісі,  химия 
факультетінің  деканы,  1983-1986  жылдары  ҚазМУ-дің  бірінші  проректоры, 
1986-1988 жж. ректоры болды. 
     Е.Ерғожин  1988-1994  жж.  Химия  ғылымдары  институтының  директоры, 
сонымен  қоса  1994-1995  жж.  Қазақстан  Ғылым  академиясының  вице-
президенті қызметтерін атқарған. 
     1999 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім (қазіргі білім 
және  ғылым)  вице-министрі    болып  қызмет  ете  жүріп,  2007  жылға  дейін 
Ә.Бектұров  атындағы    Химия  ғылымдары  институтының  директоры  болды. 

168 
 
Қазіргі  уақытта  «Ә.Бектұров  атындағы  химия  ғылымдары  институты»  АҚ 
президенті. 
     Е.Ерғожин  жоғары  молекулалық  қосылыстар  химиясы  саласындағы 
ғалым, осы салада жаңа теориялық және тәжірибелік маңызы зор жаңалықтар 
ашты.  Қазақстандағы  ион  алмасу  химиясы  мен  мембраналық  технология, 
тотығып-тотықсызданғыш және краун қосылыстардың негізінде полимерлер 
алу және зерттеу саласындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы. 
     Е.Ерғожин көптеген Халықаралық симпозиумдар мен конференциялардың 
төрағасы 
және 
мүшесі 
болып, 
баяндамалар 
жасады. 
Қазақстан 
Республикасының  «Ғылым  туралы»  заңының,  «Ғылым»  мемлекеттік 
бағдарламасының жобасын жасау тобының жетекшісі болды. 
     Е.Ерғожиннің есімі Қазақстанның  Алтын Құрмет кітабына жазылып, 1991 
жылы КСРО Ғылым академиясының С.И.Вавилов атындағы медалімен, 1995 
жылы  Халықаралық  әл-Хорезми  атындағы  ғылыми  фестивальдің  Алтын 
медалімен, 2001 жылы «Барыс» алтын омырау белгісімен, 2002 жылы Ресей 
мен  Францияның  ғылым  саласындағы  Алтын  медальдарымен,  «Наполеон» 
Алтын  медалімен,  2003  жылы  «Парасат»  орденімен  марапатталып,  2000  ж. 
«Алтын  адам  –  Жыл  Адамы»  және  меценаттар  клубының  платиналы 
«Тарлан» сыйлықтарын алды. 2003 жылы Символикалық «Ғылым маршалы» 
атағы берілді.  
      Е.Ерғожиннің  еңбектерi  негізінен  орыс  тілінде,  оларды  2016  жылға 
арналған орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
    Ерғожин  Е.    Тау  тұлғалы  қайраткер:  [Елбасы  Н.Назарбаев  туралы]           
/Е. Ерғожин //Егемен Қазақстан. 2010. – 18 маусым. 
     Ерғожин  Е.  Академик  Еділ  Ерғожин:  «Ғылымы  дамымаған  ел 
толыққанды мемлекет болып қалыптаса алмайды» /Е.Ерғожин //Жас Алаш. – 
2005. – 15 қараша. 
     Ерғожин  Е.    Еділ  Ерғожин:  Елбасының  Нұсқауын  дұрыс  орындасақ, 
Қазақстан  ғылымы  ұтатын  болады:  [химия  ғылымдарының  докторы,  ҰҒА 
академигі  Е.Ерғожинмен  сұхбат]  /әңгімелескен  Ж.Жанділдина  //Айқын.  – 
2010. – 3 ақпан. 
     Ерғожа Е. Білім беру саласындағы реформалар /Е.Ерғожа // Алтын ғасыр. 
– 2003. – 18 шілде. 
      Ерғожин  Е.   Елбасымыз  инновациялық  бағдарламаны  жаңа  сапалық 
деңгейге  көтерді:  [химия  ғылымдарының  докторы,  профессор  ҰҒА 
академигі,  Ә.Бектұров  атындағы  «Химия  ғылымдары  институты»  АҚ 
президенті  Еділ  Ерғожинмен  сұхбат]  /әңгімелескен  Таңшолпан  Бекболат         
/ Е. Ерғожин //Айқын. - 2010. - 9 қараша. 
       Ерғожин  Е.   Елбасы  «Ақылды  экономика»  құру  ісін  жалғастырады: 
[қазіргі экономикалық жағдайлар туралы] / Е. Ерғожин //Айқын. - 2012. - 31 
наурыз. 
       Ерғожин  Е.   Тәуелсіздік  және  отандық  ғылым  /  Е.  Ерғожин  //Мәдени 
мұра=Культурное наследие. - 2012. - № 2. - 11-14 б. 
 

169 
 
Ол туралы: 
      Еділ  Ерғожаұлы  Ерғожин  =Едил  Ергожаевич  Ергожин:  материалы  к 
библиографии ученых Казахстана /бас. ред. Б.А.Жубанов. – Алматы, 2007. – 
280 б.: сур. 
     Ерғожин  Еділ  //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.3.  – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. – 389-390 б. 
     Ерғожин Еділ  //Жетісу: Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2004. – 262 б. 
     Ерғожин Еділ  //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.1. – Алматы, 2009. 
– 387 б. 
    Баяндин  Қ.    Ғылым  тарланы.  Ғұмырнамалық  хикаят.  –  Алматы:  Білім, 
2001.  –  316  б.    Химия  ғылымдарының  докторы,  профессор,  академик  Еділ 
Ерғожаұлы  Ерғожин туралы. 
 
 
Күзгі демалыс 
5 қараша – 13 қараша 
      
15  қазан  мен  4  қараша  аралығында  дайындық  жұмыстарын  жүргізу: 
күзгі  демалыс  күндеріндегі  жалпымектептік  іс-шаралар  жоспарын,  спорт 
залы  мен  компьютер  сыныбының    жұмыс  кестесін,  үйірмелер  мен 
секциялардың сабақ кестелерін әзірлеу, оқушылар мен ата-аналарға арналған 
қабырға  стендін  рәсімдеу.  Ата-аналарды  ата-аналар  жиналыстарында, 
оқушыларды мектеп жиналыстарында күзгі демалыс күндеріндегі жұмыспен 
қамтылу  нысанымен  таныстыру.  Құқық  бұзушылық  пен  қылмыстың  алдын 
алу  жөніндегі  профилактикалық  іс-шаралар  жүргізу:  ықшамаудан  бойынша 
рейдтерге  шығу,  пәтерлерге  бару,  мінез-құлқы  девиантты  оқушылармен 
әңгімелер өткізу. 
      
Құқық  қорғау,  жол  полициясы,  денсаулық  сақтау  органдарының, 
төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен кездесулер. 
      
5  қараша  –  Атамекен  күні.  Бастауыш  және  орта  сатылы  оқушылар 
үшін  Мемлекеттік  рәміздерге,  Қазақстан  тарихына  арналған  «Тәуелсіздік 
тірегім»,  «Мемлекеттік  рәміздер  –  ұлттық  мақтаныш»,  «Ата  заңым  - 
ардағым», 
«Мемлекеттік 
рәміздер 
тарихы», 
«Қазақстан 
теңгесі» 
тақырыбында  іс-шаралар  циклын  (танымдық  және  тақырыптық  конкурстар, 
викториналар мен әңгімелер) өткізу.  
      
6  қараша  –  Жас  ұлан  күні.  «Мен  –  Қазақстан  Республикасының 
азаматымын  және  қорғаушысымын»  тақырыбындағы  оқушылардың  
үкіметтік  емес  ұйымдар,  жастар  бірлестіктері  өкілдерімен  «Жас  Ұлан» 
республикалық 
қозғалысының 
көшбасшыларымен 
«Жас 
Ұлан» 

Қазақстанның 
келешегінен 
үміт 
және 
үлес», 
интернационалист 
жауынгерлермен  кездесулерін,  тұрғылықты  жері  бойынша  волонтерлық 
командаларын  ұйымдастыру.  Осы  тақырыпта  суреттер,  плакаттар 
конкурстарын, ғылыми жобаларды, әскери-патриоттық эстафеталар, сап және 
ән  байқауларын,  «Туға  қарай  түзел!»  ту  топтарының  конкурстарын  өткізу. 
«Сынып/мектеп әнұраны», «Сынып/мектеп жәдігері», «Сынып/мектеп досы», 

170 
 
«Біздің  ардагерлер»  фестивальдерін,  мектеп  әнұранының  үздік  мәтіні  мен 
әуеніне шығармашылық конкурстар өткізу. 
      
 7  қараша  –  Спорт  күні.  Көпшілік  спорт  шараларын  (жарыстарды, 
чемпионаттарды,  денсаулық  фестивальдерін,  спартакиадалар),  таза  ауадағы 
қозғалысты  ойындар  мен  серуендер)  ұйымдастыру.  Балаларға  арналған 
шебер-сыныптар  ұйымдастыра  отырып,  өңірдің  табысты  және  танымал 
спортшыларымен  кездесулер  өткізу.  «Спорт  және  біз»,  «Денің  сау  болсын 
десең»,  «Біздің  чемпиондар»,  «Азиада  жеңімпаздары»    зияткерлік 
викториналарын өткізу. 
      
8  қараша  –  Менің  қалам  /  менің  ауылым  күні.  Мектеп 
мұражайларындағы  экспозицияларды  жаңарту.        Тарихи-өлкетану, 
көркемсурет  мұражайларына,  әдебиет  және  өнер  мұражайларына,  қала 
бойынша  саяхатқа  ұжыммен  шығуды  ұйымдастыру.  «Біздің  қаланың 
көшелері»,  «Қаламыздың  (ауылымыздың)  танымал  адамдары»,  «Өлкеміздің 
тамаша  адамдарының  өмірі»  және  т.б.  шығармалар  мен  эсселер  конкурсы.      
 
«Сүйкімді  орындар»,  «Біздің  көршілер»,  «Менің  қалам»,  «Менің 
ауылым» тақырыбындағы суреттер, плакаттар мен газеттер конкурсы. 
      
9  қараша  –  Дүниежүзілік  жастар  күні.  Халықаралық  жастар 
демократиялық  қозғалысының көшбасшыларымен кездесулер ұйымдастыру, 
«Жастар  салауатты  өмір  салты  үшін!»,  «Жастар  нашақорлыққа  қарсы!», 
«Бірлігіміз жарасқан», «Бейбітшілік пен достық үшін!» акцияларын өткізу. 
      
10  қараша  –  Ашық  есік  күні  -  Түлектер  күні.  Түлектер  кеші. 
Түлектермен кездесу кештерін, педагогикалық еңбек ардагерлерімен, мектеп 
достарымен, шефтерімен, ата-аналарымен «Шын жүректен» атты кездесулер 
өткізу.  
      
11 қараша-  Талаптылар  күні.  Көркемөнер циклын:  концерттер,  гала-
концерттер,  қызықты  адамдармен  шығармашылық  кештерін,  орамдарды, 
КТК-ларды,    «Таланттар  парады»,  «Сәттілік  сәті»,  «Күзгі  бал»,  «Күз  аруы»  
конкурстарын,  «Біздің  кішкентай  әртістер»,  «Біз  өнерпаз  жастармыз»  
концерттік бағдарламасын өткізу. 
      
12  қараша  –  Кино,  театр  және  кітапхана  күні.  Қалалық,  облыстық 
театрлардың  тұсаукесерлері  мен  спектакльдеріне  бару.  Мектеп  пен  сынып 
өмірі туралы өзіндік бейнефильмдер жасау конкурсы. Мектеп, қалалық және 
ауылдық  кітапханалардағы  кітап  көрмелері  шолуы,  облыстың  ақын-
жазушыларымен әдеби кештер мен кездесулер өткізу. 
      
13  қараша  -  Күзгі  демалыс  кезеңінде  мектептен  тыс  жұмыспен 
қамтылуды  ұйымдастыру  жұмысының  қорытындыларын  шығару 
(қатысу  рейтингі,  үйірмелер  және  т.т.  жұмысының  рейтингі).  Қанаттас 
сыныптар  бойынша  сынып  сағаттарын,  жиналыстар,  күзгі  демалыс 
кезеңіндегі  іс-шараларға  белсене  қатысқаны  үшін  марапаттар  тапсыра 
отырып, жалпымектептік оқушылар жиындарын өткізу. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
        Абитжанова  Л.А.  «Спорт  –  біздің  досымыз»:  [эстафеталық  жарыс]         
/ Л.А.Абитжанова  //Тәрбие сағаты. – 2014. - № 2. – 49 б. 

171 
 
         Алданыш  Х.  Ауғанның  отты  жылдары:  [Ауған  соғысы  ардагерлерімен 
кездесуді ұйымдастыру сценарийі] / Х.Алданыш // Мектептегі сыныптан тыс 
жұмыстар. – 2014. - № 3. – 34-36 б. 
        Әуелбай  М.  Жастар  ұйымы:  [жастар  мен  балалардың  «Жас  ұлан»  мен 
«Жас қыран» ұйымдарын құру туралы] /М.Әуелбай //Бала тәрбиесі. - 2011. - 
№8. -18-23. 
         Бекен М.К. Мемлекеттік рәміздерге құрмет: [тәрбие сағаты] /М.К.Бекен 
//Мектептегі мерекелер:Тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 1. – 
21-24 б. 
        Бидайшиева Б.Б. Өзіңді өзің қорға! «Немесе СЕН, ол және ЕСІРТКІ мен 
СПИД»:[тәрбие  сағаты]  /  Б.  Б.  Бидайшиева  //  Валеология.  Салауатты  өмір 
салты=Здоровый образ жизни. - 2015. - № 1. - 23-24 б. 
      
Дүйсенғазиева 
К. 
 Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
рәміздерін  насихаттау,  қастерлеу  -  абыройлы  борышымыз:  [тәрбие  сағаты]                           
/К.Дүйсенғазиева //Тәрбие сағаты = Классный час. - 2011. - №5. - 10-11 б.   
      
Жайлыбаева  Н.Ө.  Сыйлық,  байлық,  білім  -  бәрі  кітапта                                          
/Н.Ө.  Жайлыбаева  //Мектептегі  кітапхана  =  Библиотека  в  школе.  -  2012.  -      
№ 6. - 7-8 б. 
        Жайлыханова А.А. «Күзгі бал» байқауы: [сценарий] /А.А.Жайлыханова 
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 10. 
– 32-33 б. 
      
Жамбылқызы  Н.  Кітап  оқымаған  бала  нәр  алмаған  шыбықпен  тең!                  
/Н. Жамбылқызы //Қазақстан-Заман. - 2012. - №9. - 1 наурыз. 
      
 Закирова  Э.  Ж.  Мен  –  болашақ  оқырманмын:  [мектеп,  балалар 
кітапханасында өткізілетін кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында 
өткізілетін  тәрбиелік іс-шара] /Э.Ж.Закирова //Мектептегі мерекелер: тәрбие 
жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 3. – 35-36 б. 
         Құндақбаева  Т.  Әлем  таныған  азат  ел:  [оқушыларға  Отанды  сүюге, 
Қазақстан  Республикасын  құрметтеуге,  мемлекеттік  рәміздерді  қастерлеуге 
үйрету] /Т.Құндақбаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 3. 
– 10-11 б. 
      
Иденова  Г.  Күш  көпшілікте:  [спорттық  жарыс]  /Г.Иденова 
//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - №5. - 52-60 б. 
         Карибаева  А.  Білім  көзі  кітапта  /А.  Карибаева  //Мектептегі  сыныптан 
тыс жұмыстар. - 2010. - №2. - 63-66 б. 
          Қожахметова  А.С.  Алтын  теңге:  [ақша  түрлері,  олардың  тарихы, 
Қазақстанның  валютасы  –  теңге  туралы  мағлұмат  беру]  /А.С.Қожахметова    
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 1. – 
26-28 б. 
          Куанбекова  Ә.Ғ.  Қазақтың  ұлттық  ойындары:  [  «Орамал  тастамақ», 
«Асық  ату»,  «Жаяу  жарыс»  «Көкпар»,  «Арқан  тарту»  сияқты  ұлттық 
ойындарды 
ойнатып, 
жеңімпаздарды 
анықтау] 

Ә.Ғ.Қуанбекова                       
// Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 4. 
– 17 б. 

172 
 
        Құрбанәлиева  Б.  Менің  денсаулығым  -  менің  болашағым:  [«Менің 
денсаулығым-менің 
болашағым» 
атты 
танымдық-зияткерлік 
ойын]                   
/ Б. Құрбанәлиева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2014. - № 12. 6-8 б. 
      
 Майлыбаева  С.Д.  Ұлттық  теңге  -  мақтанышымыз:  [тәрбие  сағаты]         
/С.Д.Майлыбаева  //Қазіргі  ауыл  мектебі  =  Современная  сельская  школа.  - 
2012. - №2. - 21 б; 2012. - №6. - 8-12 б. 
         Мырзағалиев  М.Т.  Аяулы  күз,  алтын  күз!:  [жоғарғы  сынып 
оқушыларына  арналған  күз  туралы  түсінік,  қоршаған  ортаны,  табиғатты 
аялау 
сезімдерін 
ояту 
мақсатында 
ұйымдастырылған 
сайыс 
]/М.Т.Мырзағалиев. – 2013. - № 11. – 39-41 б. 
        Нарымбетов М.С. «Алтын сақа» ойыны: [қазақтың ұлттық ойыны асық 
ойынынан  командалық жарыс өткізу] / М.С.Нарымбетов //Тәрбие сағаты.  – 
2014. - № 2. – 42-44 б. 
      
Оразбекова  Қ.Е.  «Кітап  -  ең  сабырлы  ұстазың»:  [әдеби  кеш]                                
/Қ.Е.Оразбекова //Тәрбие сағаты = Классный час. - 2011. - №5. - 40-42 б. 
           Сыздыкова Г.  Менің Қазақстаным - менің болашағым:[тәрбие сағаты]            
/Г. Сыздыкова //Отбасы және балабақша. - 2011. - №6. - 4-6 б. 
      
Тәшімбай  Ғ.  Ұл-қыздарымызға  көңіл  бөлінуі  назарымызды  аудартты: 
[жастар мәселесі] /Ғ. Тәшімбай  //Алматы ақшамы. - 2012. - №15. - 31 қаңтар. 
      
Тұрсынханова З.  Астана арқасы - азаттықтың арқасы: [тәрбие сағаты]              
/З. Тұрсынханова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - №3. - 2-5 б. 
     
 Фазылова 
М.  Мемлекеттік  рәміздер  тарихы:[сынып  сағаты]                            
/М. Фазылова //Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2012. - №1. - 69-75 б. 
         Хайратова  А.  Ауғанның  от-жалыны:  [Ауған  соғысына  қатысқан 
ардагер  жауынгерлермен  кездесу]/  А.Хайратова  //Мектептегі  мерекелер: 
тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2014. - № 5. – 11-12 б. 
         Халенова  А.Ө.  Шынықсаң  шымыр  боласың:  [мектептегі  спорттық 
жарыстар]  /А.Ө.Халенова  //Мектептегі  мерекелер:  тәрбие  жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013. - № 6. – 47 б. 
      
 
 
7 қараша - «Балдәурен»  Республикалық оқу- 
сауықтыру  орталығының  құрылу күні 
Қазақ  елінің  Тұңғыш  Президенті  биылғы  халыққа  Жолдауында 
«Үкіметке  әкімдермен  бірлесіп  үстіміздегі  жылдың  бірінші  жартысында-ақ 
балаларды  мектеп  жасына  дейінгі  оқытумен  және  тәрбиемен  қамтамасыз 
етуді  арттыруға  бағытталған  «Балапан»  арнайы бағдарламасын  әзірлеп,  іске 
асыруға  кірісуді  тапсырамын»  -  ,  деген  еді.  Осы  тапсырма  қазірдің  өзінде 
біраз  өңірлерде  жүзеге  асырылып  жатыр.  Соның  бір  көрінісі  Қазақ  елінің 
«Артегі»  атанып  отырған  «Балдәурен»  республикалық  оқу-сауықтыру 
орталығында жақсы жолға қойылған. 
Мұнда  жыл  бойы  оқушылар  демалысы  ұйымдастырылып  отырады. 
Отанымыздың  16  аймағынан  бір  ауысымда  300  балаға  дейін  демалуына 
мүмкіндік жасалған. Жаз мезгілінде 15 күн, ал сабақ жүріп жатқан уақытта 20 
күн оқу мен демалыс қатар жүреді. 

173 
 
Бұл  оқу-сауықтыру  кешені  Елбасының  тікелей  тапсырмасымен, 
Үкіметтің арнайы қаулысымен 2004 жылы құрылған. Орналасқан жерінің өзі 
Сарыарқаның інжу-маржаны атанған Бурабайдың бір тамаша өңірі.  
«Балдәурен» балалар лагері тек оқу-сауықтыру кешені ғана емес, оқу-
шыларға  қатысты отандық және  әлемдік  деңгейдегі білім жарыстары  өтетін 
орынға  айналған.  Ой-сананы  өсіретін  әртүрлі  бағдарламалар  әзірлеп,  отан-
шылдық рухыңды оятатын кештер ұйымдастырып, сапта жүру тәртібін бойға 
сіңіріп,  денсаулықтың  басты  кепілі  тазалық  екені  үйретіледі.  Фестивальдар 
мен  слеттер  өткізумен  бірге,  табиғатқа  саяхат  жасау  да  жан-жақты  ойлас-
тырылған.  Айталық,  слет  бағдарламалары  әр  алуан  болып  келеді.  Мәселен, 
бір  жолы  отаншылдық  рухтағы  әндерді  айтуға  арналса,  екінші  жолы 
«Қазақстанның  болашағы  біздің  қолымызда»  атты  тақырыпқа  сай 
ұйымдастырылады.  
Жазғы  демалыс  пен  оқу  кезіндегі  оқушылардың  орталықта  болуының 
айырмашылығына келер болсақ, сабақ уақытында балалар әрі демалады, әрі 
оқуларын жалғастырады. Яғни, лагерьде демалыс кезеңі мен мектеп өмірі бір 
арнада  тоғысып  жатады.  Мектептегі  сабақ  беру  тәсілі  жаңашыл  ком-
пьютерлік  және  пәндік-модульдік  технологияларға  негізделген.  Мұнда  үйге 
тапсырма  берілмейді,  әр  бала  өз  білімін  кәсіби  біліктілігімен,  ұстаздардың 
көмегімен  жүзеге  асыру  бірінші  кезекке  шығарылған.  Бұған  қажеттің  бәрі 
кешенде  жеткілікті.  Оқулықтармен  қатар,  иллюстративті-энциклопедиялық 
жинақтар, отандық, орыс және шетелдік әдебиеттердің озық үлгілері, өзге де 
құндылықтар  жинақталған  кітапхана  жұмысы  жақсы  жолға  қойылған. 
Оқушылар демалыс кезінде медицина кешенінде, нақтылай түссек мини-кли-
никада емделуіне, шынығу процедураларын, физиотерапия, оттекті коктейль, 
тыныс  алу  жаттығуларын,  емдік  дене  шынықтырулар,  тағы  басқа  алуына 
болады. Күніне алты рет тамақтанады. 
  Сауықтыру  орталығына  еліміздің  барлық  аймақтарында  білім  алып 
жүрген  миллиондаған  оқушылардың  арасынан  ең  үздік  оқыған,  талантты, 
тәртіпті балалар ғана жіберіледі. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
         Амалбек 
Б.  «Балдәурендегі» 
онлайн-телекөпір: 
[«Балдәурен» 
республикалық  оқу-сауықтыру  орталығында  «Туған  тілім  -  түп  қазығым, 
айбыным!» 
атты 
қазақ 
тілі 
білгірлерінің 
онлайын-телекөпірі 
ұйымдастырылды] /Б. Амалбек //Егемен Қазақстан. - 2013. - 21 маусым 
       
Амалбек Б.   «Жаз жайнатып, күн күлдіріп...»:[Бурабайдағы «Балдәурен» 
атты  оқу-сауықтыру  орталығы  жайлы]  /  Б.  Амалбек  //Егемен  Қазақстан.  - 
2013. - 18 шілде. 
         Нұқышева  С.  Баланы  қорғау  –  бәрімізге  ортақ  шаруа:  [«Балбұлақ» 
республикалық  балаларды  оңалту орталығының бас директоры 1995 жылы 
құрылған  «Балбұлақ» орталығының жұмысы туралы] /С.Нұқышева //Айқын. 
– 2014. – 31 мамыр 
Сайфуллин  Х.Х.  Ойын  жазғы  сауықтыру  лагерьлерінде  экологиялық 
білім  беру  іспеттес  /Х.Х.Сайфуллин,  В.В.  Бритько  //Білім  беру  мекемесі 

174 
 
басшыларының  анықтамалығы=Справочник  руководителя  образовательного 
учреждения. - 2010. - №4. - 33-35 б. 
Чойбасов  Б.  Шәкірттерге  -  шаттық:  [«Балдәурен»  оқу-сауықтыру 
орталығындағы балалардың жазғы демалысы] /Б. Чойбасов //Президент және 
халық. - 2012. - №24. - 8 маусым. 
         Шынтемірқызы 
Г.   Бурабайда  –  «Балдәурен»,  Кендірліде  – 
«Ақбөбек»:  [Бурабайдағы  «Балдәурен»  мен  Каспий  жағалауындағы 
Кендірлідегі  «Ақбөбек»  балалар  демалыс  орталығы]  /  Г.  Шынтемірқызы 
//Егемен Қазақстан. - 2014. - 23 маусым. 
 
10 қараша – Дүниежүзілік  
жастар күні 
         Бұл  күні  Дүниежүзілік  жастар  конференциясында  Дүниежүзілік 
Демократиялық Жастар Федерациясының  негізі қаланды.  
      
Дүниежүзілік  жастар  конференциясы  1945  жылғы  29  қазан  мен  10 
қараша  аралығында  Лондонда  өткен.  Жастар  федерациясы  діни,  саяси  және 
басқа да көзқарастағы жастардың басын қосты. 1970 жылы бұл федерацияға 
98 елден 200 жастар ұйымы кірді. 
     
 Жастар  күнін  өткізу    жастар  саясатын  жүзеге  асыру,  жорамалданған 
жастар  ұйымдарымен,  қала  жастары  мен  жоғары  сынып  оқушыларының  
және олардың бастамасын өздері жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік. Жастар 
арасында маскүнемдік және нашақорлық, қылмыстың алдын-алу және күресу 
үшін  құқық  қорғау  органдарымен  ынтымақтастық,  мерекелік  іс-шараларды 
өткізуде  жастарды  тартып  және  мәселелерді  шешуге  үйрету,  жастар 
бірлестіктерінің қалыптасуы мен дамуы негізгі қағидалары болып табылады.   
          Кәсіби  мектептер  мен  колледждердің  жұмысын  жетілдіру  үшін  шағын 
және  орта  бизнес  өкілдері,  оларды  қолдау  құрылымдары,  кәсіпкерлікті 
қолдау  орталығы  мен  кәсіпкерлер  қауымдастығымен  және  т.б  байланысын 
дамытып, тереңдету керек. Осыны ескере отырып жастар күніне орай «Жас 
кәсіпкер»    атты  семинар-тренинг  ұйымдастыру,  жасөспірімдерді  салауатты 
өмір  салтын  қалыптастыру  мәселелеріне  орай  «Елбасы  –  бізге  үлгі!»  атты 
жастар  мен  жасөспірімдерге  сауықтыру  жөнінде  тренингтер,  пікір-сайыс, 
ақпараттық  кездесулер,    Қазақстан  Республикасының    Тәуелсіздік  күніне 
арналған  «Тәуелсіздік  тынысы»  атты  жастар  мен  жасөспірімдер 
шығармашылығының көрмесін өткізуге де болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет