Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата28.01.2017
өлшемі3,88 Mb.
#2934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Часть5.Информационные 
технологии 
в 
образовательном 
процессе. 
Методические материалы. - Ярославль, 2005  
5. 
Быстрай 
Е. 
Формирование 
межкультурной 
педагогической 
компетентности учителя // Вестник высшей школы-2006-№6-с. 14 
 

22 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
 
 
Балгарина Бота Ашимовна, 
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, Солтүстік  
Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж, 
Петропавл қаласы, balgarinab@mail.ru 
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  -  2050»  стратегиясы  - 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы 
жоғары  елге  айналуымыз  керек….  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 
дамыту  жүйесіне  қызмет  ететіннің  барлығы  -  біздің  еліміздің  болашағына 
қызмет етеді»,-деп кәсіби білім,ғылым саласына ӛте үлкен кӛңіл бӛліп, ерекше 
мән  берді.Сондықтан  да  колледж  қабырғасында  студенттерге  тек  белгіленген 
білім  мен  іскерлік  дағдыны  беріп  қана  қоймай,  сол  алған  кәсіби  білімдерін 
күнделікті  ӛмірде  қолдана  біліуге  үйрете  оқытып,тәрбиелеу  қажеттілігін 
туындады. [1] 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесі  -  білікті  жұмысшы 
мамандарды  даярлаудың  түп  қазығы  екендігі  айқын.Сондықтан  да  заманауи 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  колледждер  еңбек  жағдайының  жедел 
ӛзгеруіне  бейімделуге  қабілетті,  ӛндіріс  процесіндегі  заманауи  ӛзгерістер  мен 
жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары 
жұмысшы мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті. 
Бүгінгі  мақсат  -  әрбір  оқушыларға  түбегейлі  білім  мен  мәдениеттің 
негіздерін беру және олардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасау [1] 
 «Халық пен халықты теңестіретін -білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы 
Мұхтар  Әуезов  айтқандай,  білім  бәсекесіне  бейім  шәкірт  тәрбиелеу  -  біздің 
мақсатымыз.  Сондықтан  да  жаңа  жаңалықтардан  қалмай  жаңалық  жаршысы 
болуымыз  керек.  Бұл  мақсаттарға  жету  үшін  мұғалімнің  ізденісі,  жаңа 
тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.  
Оқыту  технологиясы  -бұл  оқытушылар  мен  оқушылардың  қызметін  құру. 
Мұнда оқушылардың ӛнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту 
жағдайларына  (нысандарына,  әдістеріне,  тәсілдеріне,  құралдарына)  басымдық 
беріледі.  
Қазіргі таңда ӛзіндік әдіс - тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің 
тӛмендегідей жаңа педагогикалық технологиялар бар: 
- білім берудегі ізгелендіру; 
- дамыта оқыту технологиясы; 
- ойын арқылы оқыту технологиясы; 
- деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; 
- ақпараттық оқыту технологиясы; 
- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы; 

23 
 
- модульдік оқыту технологиясы; 
- сын тұрғысынан ойлау технологиясы; 
- проблемалық оқыту технологиясы; т.б. 
Заман талабы алға қойған осындай күрделі міндеттерді шешу барысында 
біздің  Солтүстік  Қазақстан  кәсіптік  -  педагогикалық  колледжі  де  оқытудың 
жаңа технологияларын үздіксіз пайдалануда.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  негізгі  міндеттердің  бірі 
кәсіби  стандартардың  негізінде  құрылған  кәсіби  білімнің  мазмұнын  жұмыс 
берушілердің қатысуымен жаңарту. [2] 
Осы  бағытта  елімізде  дуалды  оқыту  жүйесі  енгізіліп  отыр.  «Дуалды» 
деген термин негізінде «бірлескен»деген мағына береді. Дуалды оқыту жүйесі 
-  мемлекетіміздің  болашақ  мамандарға  деген  қызығушылығынан  туған  жүйе. 
Дуалды  жүйе  -  жас  мамандардың  ӛз  мамандығына  деген  қызығушылығын 
арттыру,  жұмыс  берушілермен  серіктестігін  берік  нығайту  және  жұмыспен 
қамтылуы  үшін  таптырмас  жүйе  болып  табылады.  Дуалды  оқу  жүйесінің 
дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы - практикалық және кәсіптік білімнің 
біріктірілуінде.Дуалды  оқыту  жүйесі  мынадай  принциптер  бойынша 
жүргізіледі:  оқу  процесінің  40%  -да  студенттер  теориялық  білім  алады,  оқу 
процесінің  60%  пайызында  студенттер  ӛндіріске  жіберіледі.  Ӛндірісте 
студенттер  ӛндірістегі  шеберлердің  кӛмегімен  практика  жүзінде  білімдерін 
жетілдіріп,  толықтырады.  Дуалды  оқыту  жүйесі  барысында  студент,ӛз 
мамандығын  жетік  меңгереді,  практикалық  білімін  ертерек  жетілдіреді, 
сонымен  қатар  қоғаммен  тез  тіл  табысуға  үйренеді,  ӛз  ортасында  беделі 
жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент 
ӛз мамандығына жаңаша кӛзқараспен қарайды және ӛз мамандығын жаңылмай 
дұрыс таңдағанын түсінеді. Осылардан басқа болашақ маман ӛндірісте жұмыс 
істей  жүріп,  жұмыс  ӛтілін жинайды,  қосымша  табыс  табады  және  оқу  орнын 
бітіргеннен  кейін,  жаңа  заман  талабына  сай  шарттарға  байланысты  яғни,  еш 
қиындықсыз  қызметке  орналасады.  Мамандар  ӛндірісте  жұмыс  жасағанда 
кейбір  мәселелер  туындамас  үшін,  жұмыс  беруші  оқу  процесінің  барлық 
уақытын  тиімділікпен  мұқияттылықпен  ӛткізеді.  Оқу  орындарымен  бірлесе 
отырып  жұмыс  жасау  ӛндірістік  мекемелер  үшін  де  ӛте  тиімді,  себебі  ӛзіне 
қажетті  кадрларды  ерте  бастан  дайындап,болашаққа  білікті  маман 
дайындайды . [3] 
Қазіргі  таңда  дуалдық  оқыту  жүйесінің  элементтерін  енгізу  жұмыстары 
«Электрмен  қамтамасыздандыру»  мамандығы  бойынша  екінші  кезеңге  аяқ 
басты.  Биылғы  жылы  аталған  мамандық  бойынша  «Мәңгілік  ел  жастары  - 
индустрияға»  -  «Серпін-50»  мемлекеттік  жоба  бойынша  25  студент 
«Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы білім алуда.  
Дуалдық  оқыту  жүйесінің  элементтерін  қолдану  -  білім  беру  жүйесін 
жаңарту  және  дамыту  ғана  емес,  Қазақстанның ӛз  дамуындағы  жаңа  серпіліс 
жасау  қарсаңындағы  жаңа  қоғамның,  жаңа  әлемнің  жаңашыл  оқытушысы 
қажеттілігінен туындаған үдеріс. 

24 
 
Қазіргі таңда колледж ішілік және қалалық «World Skills», «Мамандығым 
- мақтанышым», «Ӛз ісінің шебері» 
- сайыстарында: 
- ізденуге 
- шығармашылыққа  
- белсенділікке 
- практикалық сабақтарда алған білімдерін қолдануға; 
- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға  
- практикада жетекші маманның кӛмегінің пайдасын тигізуде. 
Солтүстік  Қазақстан  кәсіптік  -  педагогикалық  колледжде  2016  жылдың 
ақпан  айында  "WorldSkills  Kazakhstan-2016"  облыстық  деңгейде  кәсіби 
шеберлік
 
байқау ӛткізілді. Байқау «электрлі монтаждау жұмыстары» бойынша 
колледжден  дуалды  оқыту  жүйесі  бойынша  білім  алып  жүрген  3  курс 
студенттері  қатысып,  регионалдық кезеңінде  жүлделі  бірінші,  екінші  орынды 
иеленді.  Олар:  Галайко  Андрей,  Иванов  Александр  (3курс,  «Электрмен 
қамтамасыздандыру» 
мамандығы) 
Аталған 
студенттер 
"WorldSkills 
Kazakhstan-2016"  кәсіби  шеберлік  байқаудың  финалында
 
Солтүстік Қазақстан 
облысының намысын қорғайды.  
Білім  берудің  оң  нәтижесін,  ӛнімін  кӛру,  одан  ләззат  алу  -  әрбір 
педагогтың  қуанышы.  Нәтижеге  бағдарланған  істе  студенттер  «электрмен 
қамтамасыздандыру»  мамандығы  бойынша  ірі  серіктес  компаниясы: 
«Солтүстік  Қазақстан  Электрлі  реттеуші  компания»  АҚ-  да  еңбек  етіп 
жүргендіктері қатты қуантады, одан сайын құзыретті маман даярлауда аянбай 
еңбек етуге жігерлендіреді. 
Қазіргі  таңда  мен  ӛзім  коллежде  кәсіби  қазақ  тілінен  сабақ  беремін. 
Коллежде  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  деңгейінде  үйретудің  ӛз 
ерекшелігі  бар.  Колледждің  қазақ  тілі  оқытушылары  ӛз  сабақтарында 
компьютерлік  техника  мен  электрондық  оқулықтарды  пайдаланады.  
Колледжде  орыс  тілді  аудиторияға  қазақ  тілі  кәсіби  бағытта  оқытылады. 
Осыған  орай  типтік  бағдарламаға  негізделген  жұмыс  бағдарламалары 
жасалып,  болашақ  технология  мұғалімдері,  дене  шынықтыру  мұғалімдері, 
техник-механиктер,  техник-электриктер,  техник-құтқарушылар  тағы  басқа 
мамандарға қазақ тілін ӛз мамандықтарына байланысты үйренуде. Лексикалық 
тақырыптардың  мазмұны  әр  салаға,  оның  ішінде  тіл  үйренуші  қалаған 
мамандықпен  тікелей  байланыстырылады.  Лексикалық  тақырыптардың 
оқушылардың  болашақ  мамандығына  қатыстырылып  алынуы  -  тіл 
үйренушінің  ынтасын  арттырудың  тиімді  жолы. Ӛз  тәжірибемде  деңгейлеп 
оқыту  технологиясын  сабақта  жиі  қолданамын.  Бұл  әдіс  кӛбінесе 
оқушылардың 
сӛйлеу 
және 
пәнге 
деген 
қызығушылығын 
арттырады. Колледжге  әртүрлі  мектептен,  білімдері  әртүрлі  деңгейдегі 
оқушылар  келеді,  сондықтан  олар  ӛз  білім  дәрежесіне  сәйкес  тапсырмалар 
орындайды.  Деңгейлік  тапсырмалар  оқушылардың  ойлау  қабілетіне  қарай,  ӛз 
бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландырады.  Бұл  әдістің  негізі  -  қарапайымнан 
күрделіге  жету.  Деңгейлеп  оқытудың  маңыздылығы  -  оқушының 

25 
 
шығармашылықпен белсенді жұмыс  істеуін дамытады, әр оқушыны ӛздігінен 
үйретуге баулиды, ӛйткені грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі 
игеруге  дағдыландырады.  Бұл  әдістің  тағы  бір  ұтымды  жағы  -  оқушы  ӛзінің 
нені  білетінін  кӛзі  жетіп,  содан  ӛзі  ізденіп  оқып  келеді,  ізденіп  оқығанда  ол 
нәрсе кімнің де болса есінде қалады. [4]  
Кәсіби  қазақ  тілін  оқытудағы  негізгі  құралдарының  бірі  -  мәтін. 
Грамматикалық 
тақырыптар 
да 
берілген 
мәтінге 
лайықталып 
таңдалады. Техникалық мәтіндерді түсіну үшін оқушы мәтінде берілген басқа 
лексикамен  қатар  кәсіби  сӛздерді,  терминдерді  түсініп  қолдана  білуі  керек. 
Оқушы  ӛз  мамандығына  байланысты  мәтінді  қызыға  оқиды,  ол  арқылы 
болашақ  маманға  кәсібі  бойынша  ӛте  қажетті,  пайдалы  мағлұмат  беріледі, 
мәтін  оқушының  білімін,  танымын,  толықтырады. Кәсіби  қазақ  тілі 
сабақтарында  мәтінді  тіл  дамытудың  басты  құралының  бірі  деп  қарап, 
мәтінмен  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  әртүрлі  тіл  дамыту  жұмыстарын 
жүргіземін.  «Технология»,  «Дене  шынықтыру  және  спорт»,  «Тӛтенше 
жағдайларда  қорғаныс»  мамандықтары  бойынша  мәтіндер  жинағын  құрып 
кәсіптік  қазақ  тілін  сабағында  қолданамын. Тіл  дамытуға  арналған  деңгейлік 
тапсырмалар:  оқулық  деңгей,  алгоритмдік  деңгей,  эвристикалық  деңгей, 
шығармашылық деңгей. Кәсіптік қазақ тілінде: 
- мәтінді түсініп оқу;  
- мәтіннен  мамандыққа  қатысты  терминдерді  теріп  жазып  алып,  орыс 
тіліне аудару;  
- сӛздік құрастыру;  
- сұрақтарға жауап беру;  
- сұрақ құру, жауаптарын жазу;  
- термин сӛздермен сӛз тіркес,сӛйлем құрастыру.  
- мәтін бойынша жоспар құру;  
- кесте бойынша мазмұндау;  
- кесте жасау;  
- диалог құру;  
- жоспар бойынша мәтінді мазмұндау;  
- тірек сӛздермен әңгіме құрастыру. - әртүрлі жағдаяттарды пайдалану;  
- ӛз пікірлерін айта білу;  
- мәтін немесе әңгіме мазмұнын жалғастыру.  
- шығарма жазу;  
- эссе жазу;  
- реферат дайындау;  
- сахналық қойылым; тест жасау;  
- кроссворд, ребус жасауды қолданамын.  
Сӛздік  жұмысқа  кәсіптік  қазақ  тілін  меңгертуде  үлкен  орын 
беріледі.Сондықтан  да  әр  мамандық бойынша  сӛздіктер  құрып,  сабақ  үстінде 
қолданамын.  Сӛздік  жұмыс  оқушылардың  лексикалық қорын  кӛбейтеді,  тілін 
дамытады,  жатық  сӛйлеуге,  қазақ  тілінде  түсүнуге,  сӛйлесуге  үйретеді.  Жаңа 

26 
 
кәсіби  сӛздер  мен  терминдерді  меңгеру  арқылы  тіл  үйренуші  сӛз  тіркесі  мен 
сӛйлем құрып, ӛз ойын жеткізуге дағдыланады.  
Қорыта  айтқанда,  кәсіби  даярлықта  әрбір  кәсіптік  оқу  пәнінің  мұғалімі 
білім  мазмұны  мен  әдістемелік  жүйесі  негізінде  жеке  тұлғаға  қойылатын 
кәсіби  деңгейін,  нәтижеге  бағытталған  сауаттылық  шешімін  табу  керек. 
Ӛйткені  кәсіби  даярлықта  педагогке  қажетті  кәсіби  құзыреттіліктерді 
толыққанды  меңгерген  оқытушы,  студентті  оқытуда,  білім  алу  нәтижесіндегі 
құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сӛзсіз.  
Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын 
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз 
-  белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты  азаматтар.  Бұл  үшін  біз  не 
істеуіміз керек? 
Заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың  жаңа 
технологиясын  шебер  меңгерген  ұстаз  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші 
тұлға ретінде саналады. 
Сол  ұлы  істерге  мына  біздер,  кәсіби  білім  беру  саласындағы  ұстаздар, 
аянбай атсалыса отырып, мұратқа жетеріміз анық! 
Әдебиеттер: 
1.Назарбаев  Н.  «Қазақстан  -  2050»  Барлық  қазақстандықтарды  ӛсіп-
ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы, Президенттің Қазақстан  
халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж. 
2.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы  Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы 
3.Дуалды  білім  беруді  енгізу  шарттары  туралы.  Альжанов  М.К., 
Кузембаев Б.,Шаяхметов Б.К., Атамбаев Ж.Н., Алматы, 2013ж. 
4.Кӛшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  кӛтеруде 
пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008. 
 
 
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
 
АРҚЫЛЫ 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАН
-
ЖАҚТЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
 
 
Р. Т. Булебаева, Р. Ж. Колганатова, 
Ақтӛбе гуманитарлық колледжі оқытушылары,  
магистр,Rai_16.75@mail.ru  
 
Бүгінгі  таңда  білікті  маман  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу 
орындарында бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.  
Қарастырып  отырған  құзыреттілік  мәселесін  Б.Т.  Кенжебеков,  Г.Ж. 
Меңлибекова,  А.  Дорофеев,  А.Б.  Ежова,  А.В.  Райцев,  Б.Б.  Кенджаева,  М.Ж. 
Жадрина, Г. Қасымова, Р. Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады. 

27 
 
―Құзыреттілік‖ түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел 
әдебиеттерінде,  ал  1980  жылдардың  соңында  отандық  әдебиеттерде  кездесті. 
―Кәсіби  құзыреттілік,  жете  білушілік‖  ұғымын  енгізудің  қажеттілігі  оның 
мазмұнының  кеңдігімен,  интегративтік  сипатымен,  ―кәсіптілік‖,  ―біліктілік‖, 
―кәсіби мүмкіндіктер‖ және т.б. түсініктерді біріктіреді. 
Д.И.  Ушаковтың  редакциясымен  жарық  кӛрген  түсіндірме  сӛздіктің 
авторлары 
―құзыреттілік‖ 
және 
―құзырет‖ 
сӛздерінің 
арасындағы 
айырмашылықтарды  дәлелдеуге  тырысқан.  ―Құзыреттілік‖  -  хабардар 
болушылық,  абыройлық;  ―құзырет‖  -  жеке  тұлғаның  кәсіби  қасиеті  және 
қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.Ғалым С.М. Вешнякованың «Кәсіптік 
білім  беру»  сӛздігінде:  «Кәсіби  құзыреттілік  (латын  сӛзі)  competenens  -
 қабілетті,  белгілі  бір  саланың  тұлғаларының  білімінің,  білігінің,  тәжірибесінің 
сәйкестігінің мӛлшері» деген анықтама берілген. 
Ғалым  Дж.  Равеннің  «Қазіргі  заманға  қоғамдағы  құзыреттілік»  атты 
еңбегінде  «кәсіби  құзыреттілік»  терминіне жеке  тұлғаның  кӛп  қасиеттерін 
топтайтын  ұғым  деген  анықтама  беріледі.  Ш.  Таубаева:  «Құзыреттілік  -  ол 
тұлғаның оқыту  және  әлеуметтену  процестері  барысында  меңгерген  білім  мен 
тәжірибеге негізделген тұлғаның кіріктірілген қасиеті»-деп қарастырады. 
Сонымен, құзыреттілік дегеніміз - адамның ӛз кәсібіне сай игерген әрекет 
пен  ӛнімді  қызмет  түріндегі  білім  жиынтығын  маңызды  қасиеттермен 
біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана 
білу қабілетінің сапасы. Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім 
мазмұнын игеруге және оны ӛзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған 
ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.  
Педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге 
қабілетті,  кәсіби  оңтайлы  маманнның  бойында  белгілі  бір  құзіреттіліктер 
қалыптасуы қажет: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені 
түсіну,  баға  бере  білу,  елжандылық,  т.б);  мәдениеттанымдылық  құзіреттілік 
(ұлттық ерекшеліктерді тани білу, ӛз халқының мәдениеті мен ӛзге ұлттар, әлем 
мәдениетін  салыстыру,  саралай  білу  қабілеті);  оқу-танымдық  құзіреттілік 
(ӛзінің  білімділік  қабілетін  ұйымдастыра  білу,  жоспарлай  білу,  ізденушілік-
зерттеушілік  әрекет  дағдыларын  игеру,  талдау,  қорытынды  жасай  білу); 
коммуникативтік  құзіреттілік  (адамдармен  ӛзара  қарым-қатынас  тәсілдерін 
білу,  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел 
тілінде  қатынас  дағдылары  болуы);  ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік 
(ақпараттық  технологиялармен,  техникалық  обьектілер  кӛмегімен  бағдарлай 
білу,  ӛз  бетінше  іздей  білу,  таңдай,  талдай  білу,  ӛзгерте  білуді  жүзеге  асыра 
білу қабілеті); әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға 
талдау  жасай  білу,  шешім  қабылдай  білу,  түрлі  ӛмірлік  жағдайларда  жеке 
басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);тұлғалық ӛзін-ӛзі 
дамыту  құзіреттілігі  (отбасылық  еңбек,  экономикалық  және  саяси  қоғамдық 
қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). 
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, колледж ұжымында әр 
оқытушы  күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  ӛзгерістерді 

28 
 
сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық 
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. 
Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, 
адамгершілік  және  кӛптеген  адами  қабілеттің  қалыптасуына  да  игі  әсерін 
тигізеді.  Ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 
кӛмектеседі.  Оқыту  мен  тәрбиелеуге  тың  әдіс-тәсілдер  енгізіледі.  Нәтижесінде 
тұтас  педагогикалық  үрдістер  ӛзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  танылған 
жаңа  технологиялары  дүниеге  келеді.  Кез-келген  оқыту  технологиясы 
мұғалімнен  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік 
білімді,  үлкен  педагогикалық  шеберлікті,  шәкірттердің  жан  дүниесіне  терең 
үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.  
Колледжде  мамандарды  даярлаудың  сапасын  арттыруда,  студенттердің 
құзреттілік  қабілетінің  артуына  мүмкіндік  жасауда  оқу  -  тәрбие  үрдісін 
жетілдіруді қамтамасыз ететін, педагогикалық технологияларды тиімді қолдану 
кӛзделеді. 
Кәсіби  даярлықтың  сапасын  және  пәрменділігін  арттыру  мәселесін  оқу 
үрдісіне  оқытудың  жаңа  технологияларын  тереңдете  ендіру  жолымен  шешіле 
алатындығы сӛзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы кӛтеріліп, 
кәсіби  әрекеттің  уақытқа  сай  икемделе  алатын  әдістері  мен  сыни  ойлау 
кӛзқарасын  меңгерген  кадрларды  даярлаудың  жоғарғы  деңгейіне  қол  жеткізу 
қамтамасыз етіледі.  
Сондықтан  да  жаңа  технологияларды  оқу  үрдісіне  ендіру  белгілі  бір 
шарттарды қажет етеді. Олар: 
-
 
оқытушының 
оқу 
үрдісін 
жаңа 
технологиялар 
негізінде 
ұйымдастыруында құзырлылығының жеткілікті деңгейі; 
-
 
оқыту субъектілерінің (оқытушы мен білім алушы) жаңа технологияларды 
қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық - педогогикалық ахуал; 
-
 
оқытудың  жаңа  технологияларын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқу 
әдістемелік, дидактикалық базаның болуы; 
-
 
оқу  бағдарламалық  қамтамасыз  етілудің  жаңа  мақсаттары  мен  қоғам 
талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы. 
Оқу  үрдісіне  оқытудың  жаңа  технологияларын  жобалау  және  ендіру 
оқытушыда белгілі бір білім мен біліктердің болуымен және олардың осы білім 
мен біліктерге ие болуға талпыныстармен шартталады. 
Технологияны  педагогикалық  іс-әрекетті  қайта  құрудың  жүйелі  тұтас 
құралы  ретінде  тиімді  пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын  жақсартуға, 
жеке  тұлғаны  дамыту  міндеттерін  шешуге,  оқушы-студенттің  құзіреттілігін 
қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Сонымен  қатар,  жаңа  технологияны  меңгеру 
болашақ  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік  адамгершілік,  рухани, 
азаматтық  және  де  басқа  кӛптеген  адами  келбеттің  қалыптасуына  игі  әсерін 
тигізеді,  ӛзін  -  ӛзі  дамытып,  оқу  -  тәрбие  үдерісін  тиімді  ұйымдастыруына 
кӛмектеседі.  
Оқытушылар  жаңа  педагогикалық  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін 
тӛмендегідей  мәселелерді  ескеруі  керек:  оқу  үрдісін  жетілдіруді  жаппай  қолға 

29 
 
алу;  оның  ғылыми  -  әдістемелік,  оқыту-әдістемелік,  ұйымдастырушылық 
себептеріне  үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын  оқулықтарының 
мазмұнын  зерттеп  білу,  пәндік  білім  стандарттарымен  жете  танысу,  білімді 
деңгейлеп  беру  техологиясын  игеру  арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік 
стандарт  деңгейінде  игеруге  қол  жеткізу,  оқыту  үрдісін  ізгілендіру  мен 
демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, ӛйткені оқыту - тәрбиенің негізі. 
Жаңа  технологияның  ӛзін  мұғалім  түрліше:  орташа  дәрежеде,  ұқыпты,  дәл 
нұсқау  бойынша  немесе  шығармашылықпен  іске  асыруы  мүмкін.  Бұл  жерде 
технологияны  жүзеге  асырушының  тұлғалық  компоненті,  белгілі  бір 
ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның 
қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рӛл атқарады. 
Оқыту  процесінде  оқытушы  студенттерді  дұрыс  ұйымдастыра  отырып, 
бағыт  бағдар  беру  арқылы  ӛздігінен  жұмыс  жасауға  үйрету  нәтижесінде,  жаңа 
идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап 
шығуды кӛздеуі керек. Оқытушыдан студенттер тек білімге ғана емес, ӛмірге де 
үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етеді.  Жеке  тұлғаны  білімге,  ӛмірге  бағыттауға 
тәрбиелеу  үшін  студенттердің  ӛз  бойынан  дәл  осындай  жұмыс  түрлерін 
ӛткізгенде  ғана  нәтиже  берері  анық.  Олай  болса,  студенттердің  проблемалық 
құзіреттілік  қабілеттерін  дамытуда  жаңа  технология  жүйесінде  проблемалық, 
іскерлік  ойын  арқылы  оқытудың  маңызы  зор.  Студенттер  әр  түрлі 
проблемаларды  талдайды,  оның  шешу  жолдарын  іздестіреді.  Сонымен  қатар, 
мұндай  жаңа  технологиялармен  оқыту  олардың  логикалық  ойлау  қабілетін 
дамытады,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады,  ӛмірде  кездесетін  түрлі 
қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 
Әдебиеттер: 
1. Таубаева Ш. Вопросы моделирования генезиса, структуры и содержания 
исследовательской  культуры  учителя  //  Поиск  серия  гуманитарных  наук.  - 
№1,2002г. 
2. Қазақ тілінің сӛздігі. - Алматы: Ғылым, 1986. 10 том. 
3. Лебедев О. Е. Білім берудегі құзырлылық тәсіл. //Мектеп  
 технологиялары.- 2004.-№5.-3-12б. 
 
4. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы - 2002 ж. 
5. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж. 
6.  Майғаранова  Ш.,  Иманбаева  С.,ӘшімбаеваБ.  «Тұлғалық  бағдарлы 
тәрбие технологиясы».- Алматы, 2010ж. 
  
 
 
 

30 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет