Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата28.01.2017
өлшемі3,88 Mb.
#2934
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ
 
 
Есмағанбетова У. Х., 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы 
 бойынша ПҚ БАИ тренері e_ulbala12@mail.ru 
 
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас  

213 
 
ұрпақты  ӛркениет  сатыларына  мақсатты  жетелеу  бүгінгі  күннің  басты  талабы. 
Әлем ӛзгеруімен қатар ӛмірдегі барлық құбылыстар, құндылықтар, ұстанымдар 
да ӛзгеруде және оның барлығы біздің еліміздің дамуына ӛз ықпалын тигізуде. 
Қай  салада  болмасын  елеулі  ӛзгерістер  мен  қайта  құрулар  орын  алуда,  соның 
ішінде  білім  саласында  да  кешенді  жаңалықтар  жыл  сайын  ӛріс  алуда.  Білім 
беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде 
кезең кезеңімен ӛтетін және алынған нәтижелерге бағытталған ӛзгерістер.  
Білім  -  қоғамды  әлеуметтік  мәдени  ғылыми  үрдіспен  қамтамасыз  ететін 
ғажайып  құбылыс,  қауым  үшін  де,  қоғам  үшін  де  жоғары  құндылық  екендігі 
ақиқат, бірақ ХХІ ғасырда осы құндылықтар сипаттары ӛзгерістерге ұшырауда. 
Кӛзқарастар  мен  ұстанымдар  ӛзгеруде.  Ең  басты  құндылық  -  адам,  ал  адам 
капиталын  дамыту  кезек  күттірмейтін  маңызды  мәселе.  Осы  орайда  жас 
ұрпаққа  білім  беруде,  оларды  болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп  тәрбиелеу  әр 
ұстаздың,  әрбір  мектептің  ең  қасиетті  міндеттерін  құрауда.  Мемлекетіміздің 
білім  сапасын  арттырудағы  стратегиялық  іс-әрекеттерін  ұсынатын  түрлі 
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  мұғалімдердің  мәртебесін 
арттыру,  кәсіби  статусын  кӛтеру  мақсатында  ұйымдастырылып  жатқан 
деңгейлік  және  жаңартылған  бағдарламаларды  да  ерекше  тоқталып  айтуға 
болады.  Мұғалімдердің  кәсіби  білім  құруы  үшін  педагогикалық,  пәндік  және 
технологиялық  білімдерін  кіріктіру  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  курс 
бағдарламалары  негізінде  ұстаздардың  теориялық,  әдістемелік,  практикалық 
біліктері  ұштастыруға  зор  мүмкіндіктер  пайда  болуда.  Осылайша  кәсіби 
құзырлылықты  дамыту  арқылы  білім  беру  жүйесін  әлемдік  үздік  үлгілерге 
сәйкес деңгейлерге кӛтеру кӛзделген.  
Деңгейлік  және  жаңартылған  бағдарламалар  бойынша  кәсіби  білім 
жетілдірген  ұстаздар  керемет  кәсіби  білім  мен  рефлексиялық  тұрпаттағы 
тәжірибеге  ие  бола  алатындығы  анық.  Бағдарламаның  теориялық  мазмұны, 
педагогикалық  факторлары,  яғни  ойлау  жолдары,  жұмыс  әдістері  мен  жұмыс 
құралдарын  меңгеруі  заманауи  кӛзқарастар  мен  тиімділікке  бастайтын 
ұстанымдарға  жетелейді.  Кӛзқарастар  мен  ұстанымдар  ӛзгеріп,  қолданыстағы 
педагогикалық  стратегиялар  мен  қазіргі  тәжірибе  арасында  алшақтық  пайда 
болуы кӛптеп кездеседі.  
Менің де әлдем елдерінің жалпы орта білім беру жай-күйлерімен танысуға 
деген қызығушылығым одан әрі тереңдей түсуде. Оқушылардың жас және жеке 
ерекшеліктері, дарынды және талантты  балаларды оқыту, қалай оқу керектігін 
үйрету  секілді  теориялық  мазмұндар  жаңа  тұрпаттағы  ұстаздық  әлеует 
қалыптастыруыма жол кӛрсетуде.  
Әсіресе  маған  әсер  еткен  «ХХ  ғасырда  әлем  ӛзгеруіне  қарамастан 
мектептер  азырақ  ӛзгеруде»,  «Кәсібилік  мұғалімнің  ӛзін  білім  беру 
қоғамдастығының  бір  бӛлігі  ретінде  қарастыруын  талап  етеді»(Bolam, 
McMahon,  Stoll  et  al.,2005),  Case-study,  Жапонияда  алғаш  1870  жылдары 

214 
 
тәжірибені  жақсарту  үшін  пайда  болған  Lesson  Study  қолдану,  т.с.с. 
тұжырымдар мен идеялар болды[2.12]. 
Тиімді  кӛшбасшылық мектеп  жүйесін  жетілдірудің  басты  элементі  болып 
табылады  деген  кеңінен  тараған  пікір  кӛңілге  қонымды.  Шетел  әдебиетінен 
алынған  деректер  тиімді  кӛшбасшылар  мектеп  нәтижесіне  және  оқушылардың 
білімді  меңгеру  деңгейіне  тікелей  болмаса  да,  қатты  ықпал  ететіндігін 
дәлелдейді. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу үлгіріміне қатты әсер 
етеді десек те, кӛшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен балаларды 
деңгейіне  ықпалы  бар  ма  деген  мәселе  тӛңірегінде  үнемі  пікірталас  туындап 
жатады.[3,65] 
Деңгейлік  бағдарлама  авторлары  ұсынып  отырған  оқытуды  басқару  және 
кӛшбасшылық  тұжырымдамасы  мұғалімдердің  пайдаға  асырылмаған  зор 
әлеуеті  бар,  оларды  ӛзгеріс  енгізу  тәжірибесіне,  бірлескен  кәсіби  білім 
құруларына  кӛмектесетін  қолдау  кӛрсетілген  жағдайда  ғана  кӛруге  болады 
деген  ұстанымға  негізделеді.  Ол  педагогикалық  жүйе  сәтті  болу  үшін,  оқыту 
мектептің  барлық  деңгейінде  қатар  жүру  керек,  яғни  оқыту  оқушыларды, 
студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша 
қызметкерлерді түгел қамту керек деген кӛзқарасқа сүйенеді.  
Әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кӛшу  тек  білім  мазмұнын  жетілдіру  ғана 
емес,  білім  жүйесінің  басқа  да  маңызды  аспектілерін  жетілдіруді  кӛздейді. 
Пәндік,  педагогикалық  және  технологиялық  білімдердің  ӛзара  әрекеттесуі 
мұғалімдерге жоғары деңгейде кәсіпқойлық бере алады деген идеяны деңгейлік 
бағдарламалар  жақтаушылары  жақсы  меңгерген  деп  білемін.  Ол  ӛз  кезегінде 
оқушылардың  дайындық  деңгейі  мен  жас  ерекшеліктерін  сақтай  отырып, 
материалдарды  жүйелілік  заңдылығымен  меңгеруге,  бірлескен  әрекеттерді 
белсенділікпен  атқаруға,  оқу  мен  оқыту  үдерісінде  эмоционалды  қолдау 
табуларына мүмкіндік бере алады. Оқыту мен оқу мақсаттарының кіріктірілуіне 
қол  жеткізу  үшін  кері  байланыс  пен  рефлексиялық  талдаулар  жасау,  оқудың 
әрбір  сатысыныда  ӛз  әрекеттерінің  сараптамадан  ӛткізу  үшін  кртериалды 
бағалауды қолдану сияқты жаңа міндеттер жүктейді.  
Әлемнің дамыған елдерінің орта білім беру жүйелерінің құрылымдық және 
мазмұндық сипатына талдау жасайтын болсақ: 
Англияның  жалпы  орта  білім  беру  тәжірибесі  13  жылдық  мерзімде,  5-18 
жас  аралығында  қамтылады.  Реформа  жүргізу  Актісіне  сәйкес  орта  білім  беру 
мерзімі  тӛрт  бӛлікке  бӛлінген:  5-7  және  7-11  жас,  11-14  және  14-16  жас. 
Бастауыш мектеп алғашқы екі стадиясынан тұрады. Бастауыш мектепте барлық 
пәндерден бір мұғалім ғана береді. Сабақтың ұзақтығы 35-45 минут. Бастауыш 
мектепте  оқу  бағдарламасының  40  пайызы  ағылшын  тілін оқытуға,  15  пайызы 
дене тәрбиесіне, 12 пайызы қол еңбегі мен бейнелеу ӛнеріне, қалғандары басқа 
пәндерді  оқытуға  бӛлінеді.  Оқушылардың  білімдерін  тексеру  тестілеу  арқылы 
жүзеге  асырылады,  стандарт  талаптарына  сай  білім,  білік,  дағдылары 
тексеріледі. Стандарт талабына сәйкес оқушы білімінің үш деңгейі анықталған: 
1) есте сақтау;  
2) кездейсоқ ситуацияда ӛз білімін қолдана алу;  

215 
 
3) білім мен біліктілігін ӛмірде пайдалана алу;  
70-жылдары  экспериментальды  «ашық  мектептер»  ең  алғаш  Англияда 
ашылған.  Солардың  ішіндегі  ең  танымалы  Э.Лоу  атындағы  білім  беру  ұйымы 
болған.  Балаларда  парталар  немесе  қатып  қалған  сабақ  кестесі,  дәстүрлі  сабақ 
жоспары  жоқ  жағдайда  оқыған.  Сабақтар  барысы  айнымалы-ауыспалы  түрде 
жүргізілген.  Оқушылар  мен  оқытушылар  сабақ  тақырыбы  мен  ӛткізілу 
уақытын, формасын бірге  жоспарланған. Осындай ұйымдастыру  «кіріктірілген 
күн» деп аталған. 
Лоу  мектебінде  оқыту  «жаңалық  ашу»  әдісімен  ұсынылған.  Егер  бала  бір 
күннің  жартысын  қалауы  бойынша  іспен  шұғылдануды  таңдаса,  оған  шек 
қойылмаған,  тек  құнды  бағыт-бағдар  берілген.  Оқушылардың  оқу  нәтижесін 
бағалауға  емес,  олардың  қалыптасып  жатқан  дағдыларының  нәтижелеріне, 
әрекет белсенділігіне кӛп кӛңіл бӛлінген. 
Франция  кіші  жастағы  балаларды  мектепке  дейінгі  ұйымдармен 
қамтамасыз  ету  жағынан  бірінші  орынға  ие,  «аналар  мектебі»,  балабақшалар 
немесе  бастауыш  мектеп  жанындағы  бӛбектерге  арналған  сыныптар. 
Балабақшаларға  екі  жастан  бастап  қабылданған.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
міндетті  емес,  оған  қарамастан  3-6  жасқа  дейінгі  балалардың  барлығы 
балабақшамен қамтылған. 
Франция мектептерінде оқыту  «ӛнер арқылы тәрбиелеу» тұжырымдамасы 
арқылы жүзеге асырылады. Ол негізгі үш мақсатты кӛздейді: 
1)
 
Адам-рухани қазына. Рухани-адамгершілікті қалыптастыру; 
2)
 
Кӛркемдік-эстетикалық талғам қалыптастыру; 
3)
 
Мәдени мұра - қолӛнерден тәжірибе жинақтау; 
Кӛркемдік-эстетикалық мақсатта оқыту арқылы бала сезімдерін дамытуға, 
әдебиет  және  ӛнер  шығармалары  негізінде  адамгершілік-рухани  тұлға 
қалыптастыруға,  мәдениет  және  ӛнер  үлгілерімен  жеке  шығармашылық  икем-
қабілеттерін дамыту  кӛзделген.  Осындай  эксперименттің бірі  әлемдік  С.Френе 
мектебінде  орын  алған.  Френе  техникасы  келесі  элементтерден  құралған: 
мектеп типографиясы, мектеп кооперативі, еркін мәтіндер, фишка-карточкалар, 
жұмыс  библиотекасы,  т.с.с..  Френе  мектебінің  ӛмір  ағымы  ӛзін-ӛзі  басқару 
стилінде  жүргізілген,  басшылығында  бірнеше  оқушыдан  тұратын  кеңес 
кооперативі  мен  С.Френе  тұратын  болған.  Оқу,  шаруашылық,  мәдени 
шаралардың,  кикілжіңдердің,  мадақтау  мәселелерінің  нәтижелері  дауыс  беру 
арқылы  кеңес  қаулысымен  шешілген.  Кеңес  жыл  сайын  қайта  сайланып, 
оқушылар  кезең-кезеңмен  басшылар  мен  орындаушыларға  айналған. 
Кооператив  жұмысы  аптаның  соңында  ашық  жариялы  қорытындыларын 
шығарып отырған.[3,25]  
Америка Құрама ШтаттарыСоңғы кезде Америка құрама Штаттарында 
мемлекеттік  жалпыға  білім  беретін  мектептер  жанынан  4-5  жасар  балаларға 
арналған  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу  топтарын  құру  мәселесіне 
ерекше кӛңіл аударылған. Бірқатар жерлерде 5 жасар балаларға бастауыш білім 
бӛлігі  ретінде  тегін  оқыту  мәселесі  ұсынылады  екен.  Орта  білім  беру 
құрылымы  6+3+3,  оқыту  мерзімдері  6-18  жас  аралығында.  Жалпы  орта  білім 

216 
 
беру  қоғамдық-мемлекеттік  және  жеке  ақылы  білім  беру  ұйымдары  арқылы 
жүргізіледі. 
Бастапқы білім беру 6 жастан 12 жасқа дейін қарапайым мектеп базасында 
оқытылады.  Орта  мектеп  екі  буыннан  тұрады:  кіші  орта  мектеп  және  жоғары 
орта мектеп. Кіші орта мектепте 7-9 сыныптар оқу бағдарламасының үштен бір 
бӛлігін  ғана  міндетті  білім  беру  үлгісімен  оқытылады,  қалғандары  таңдау 
бойынша  жүргізілетін  бейіндік  пәндер.  Жоғары  орта  мектеп  10-12  сыныптар, 
міндетті  білім  беру  бағдарламасынан  5  пән  ғана  міндетті  түрде  оқытылады, 
қалғандары  таңдау  бойынша  оқытылады.  Оқушылар  білімдерін  бақылау  мен 
бағалаудың  негізгі  әдісі  -  тест.  Оқу  жылы  2-3  трисеместрге  бӛлінген,  әрбір 
кезеңнен  кейін  оқушылар  5  балдық  және  100  балдық  жүйе  бойынша 
бағаланады.  
А (93-100 балл)- ӛте жақсы; 
В (85-92 балл) - ортадан жоғары; 
С (75-84) - орта; 
Д (65-74) - нашар; 
Е (0-64 - балл) - есептелінбейді; 
Жұмыс  аптасы  бес  күндік,  аптаның  алтыншы  күні  балалардың  таңдау 
бойынша  танымдық  қызығушылықтарына  сәйкес  шығармашылық  дамыту 
сабақтары.  Америка  Құрама  Штаттарында  жалпыұлттық  ата-аналар  мен 
мұғалімдердің  ассоциациясы  жұмыс  жасайды.  Әрбір  қала  мен  мектептерде 
оның  филиалдары  жұмыс  жасап,  ата-аналар  барлық  мектеп  реформаларына 
қатыса алады. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында ата-аналардың ой-
пікірлері  жетекші  рӛл  атқарады,  тіпті  оқу  барысындағы  қолданылған  тәсіл 
тиімділігін  талдауда  ӛз  ойларын  білдіре  алатындығы  бізге  де  кӛп  нәрсеге 
бастама  бола  алады.  Ата-аналар  мен  мектептің  бірлесе  жұмыс  жасауындағы 
беріктілік  пен  тұрақтылық  ертеден  дәстүрге  айналған.  Американың  шеткі 
аймақтарының  ӛзінде  мектеп  қоғамдық  және  ақпараттық  ӛмірдің  эпицентріне 
айналған.  Білім  беру  ұйымдарында  ата-аналар  комитетінің  отырыстары, 
жиындары,  қабылдау  күндері,  басқосулар  ӛткізіліп  тұрады  және  балалардың 
барлық  жетістіктері,  жұмыстары,  проблемалары  жинақталған  папкалар 
жүргізіледі. Мектеп ата-аналармен бірлесе, одақтаса жұмыс істеуге ӛте құштар 
және ақпараттық хаттар, жедел линия арқылы үзбей байланысып отырады.[1, 9]  
Мектептерде  мамандандырылған  психологтар  жұмыс  жасайды.  Сол 
сияқты  оқытудың  дәстүрлі  емес  репродуктивті  және  ізденіс  бағытындағы 
модельдері  жасалып  меңгерілуде.  Мысалы,  «Жеке  оқушыға  арналған  оқыту» 
технологиясы 
негізгі 
мектеп 
оқушыларына 
арналған(индивидуально 
предписанное  обучение).  Оқулықтардың  тарауларына  сәйкес  оқыту 
материалдары бірнеше нақты мақсаттарды кӛздей отырып, бӛлімдерге бӛлінеді. 
Оқушыларға  ӛз  мүмкіндіктеріне  және  қызығушылықтарына  сәйкес  бағдарлама 
тарауларын  таңдап  игеруді  ұсынады.  Ол  ағылшын  тілін  бесінші  сыныптың, 
математика  бойынша  алтыншы  сыныптың,  жаратылыстану  пәндерін  жетінші 
сыныптың  бағдарламасы  бойынша  оқи  алады.  Дәл  осы  әдістеме  жаңартылған 

217 
 
оқу бағдарламасына енгізілген тәрізді. Ӛйткені әр пән бойынша ұсынылған оқу 
жоспарында  нақты  мақсаттар  кешені  анықталған,  оларды  ӛзгертуге  болмайды, 
сынып  сайын  мақсаттар  тереңдеп  отырады.  Мониторинг  жасау  арқылы 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  саралап,  тиісті  және  нақты  кеңестер  мен  кері 
байланыс жасалуы керек.  
70 жылдардың басында Америкада «ашық мектептер» пайда бола бастады. 
АҚШ  мұғалімдері  И.Зильберманның  жетекшілігімен  (Университет  Штата 
Конектитут) «ашық мектеп» моделін жасап шығарды және ол екі мәселеге баса 
назар аударды: 
1) мектепке мейірімділігі мен сезімі мол, жауапты кадрларды таңдау; 
2)  Оқытуды  хаосқа  айналдырмау,  балалардың  денсаулығын,  мүмкіндігін 
есепке ала отырып оқыту процесін жоспарлай білу.[1,11]  
Және  бір  айта  кететін  жайт,  Америкада  экспериментальды  мектептердің 
федеральды  бюросы  жұмыс  жасайды,  жылына  бес  жүзге  тарта  эксперимент 
сынақтан  ӛтеді.  Эксперимент  мемлекет  тарапынан  және  қоғамдық  қорлар 
тарапынан арнайы материалдық қолдау тауып отырады. 
Әлем  елдерінде  жүргізілген  осындай  реформалардың  мазмұнымен  таныса 
келе,  ӛзіміздің  елдегі  реформалардың  кешеуілдеп  жатқанын,  кеш  болса  да 
осындай  игі  бастамалардың  орын  алғаны  кӛңілге  қонады.  Дамыған  елдердің 
білім  жүйесіндегі  жүргізілген  эксперименттердің  нәтижелерімен  таныса 
отырып, 
«Назарбаев 
Зияткерлік 
мектептері» 
тарапынан 
ұсынылған 
Бағдарламалар  мазмұны  мектептерді  заманауи  жаңарту  және  ұстаздардың 
кәсіби  әлеуетін  дамытуда  құндылығы  мен  маңыздылығы  жоғары  екендігін 
айтқым келеді.  
Қазіргі кезде әлемнің барлық дамыған елдері, оқушының шын мәнінде оқу 
үдерісінің  орталық  тұлғасына  айналуы  үшін,  оның  танымдық  іс-әрекеті 
әрқашанда  педагог-зерттеушілердің  тұрақты  назарында  болуы  үшін  ӛздерінің 
білім  беру  жүйелерін  реформалаудың  қажеттілігін  саналы  түрде  сезініп  отыр. 
Біздің  жүйемізде  де  білім  берудің  нәтижесі  оқушыларымыздың  ӛз  бетінше 
белсенді  әрекетіне,  шешім  қабылдауы,  ӛмірдің  ӛзгермелі  жағдайларына 
икемділікпен бейімделуіне қабілеттілігін дамытумен байланысты. 
Осыдан  келіп  реформа  талаптары  қазіргі  мектептің  алдына  қажетті 
білімдерді  ӛздігінен  орнымен  қолдану,  ӛзгермелі  ӛмір  жағдайларына 
икемділікпен  бейімделу,  мәселе  шешу  жолдарын  іздестіру,  әртүрлі  әлеуметтік 
топтарда  қарым-қатынас  жасай  алу,  әртүрлі  салаларда  жариялылықпен  жұмыс 
істей  білу,  кез-келген  шиеленісті  жағдайлардан  еппен  шығып  немесе  оны 
болдырмау қабілеттері бар түлектерді дайындау міндетін қояды. 
Сыныптағы оқуды басқару үшін  жеті модуль негізінде оқу мен оқытудың 
формаларын,  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын  кешенді  үдеріс  есебінен  қолдана 

218 
 
білуге  машықтандырар  болса,  екінші  деңгейде  әдістемелік  бірлестіктер 
арасындағы  ұжымдасу  арқылы  келісімге  келіп,  педагогикалық  қызмет 
сапалығы  мен  мазмұндылығына  қол  жеткізуге  бағытталған.  Ал  мектептегі 
оқытуды  басқару  негізінде  желіні  дамыту  проблемаларын  зерделеу,  команда 
құру,  серіктестік  қызметін  үйлестіру,  аса  тиімді  үлгілерін  қарастыру  сияқты 
міндеттерді  орындау  бірінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  сертификатталған 
мұғалімдер құзырына кіреді.  
Бұндай  кәсіби  деңгейдің  жоғары  нәтижелеріне  шығу  үшін  дұрыс  бағыт 
ұстану,  үздіксіз  ізденіс,  желідегі  белсенділік  және  кӛшбасшылықты  дамыту 
маңызды.  Кӛшбасшы  мұғалімдер  ғана  оқыту  мен  оқу  үдерісін  бақылап, 
нәтижелер  мониторингісімен  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  мықты  және  әлсіз 
жақтарын анықтап отырады. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтап, мектептің 
құрылымдық бӛлімшелері үшін басымдықтарды белгілеп, сыныптар және бүкіл 
мектептің  оқыту  стилінің  сапалық  жағдайын  болжай  алады.  Үнемі  кәсіби 
даярлықты  жетілдіріп  отыратын  тиімділігі  жоғары  мектептер  оқыту  мен  оқу 
сапасын 
арттыруға 
бағытталған 
кӛшбасшылық 
қолданатындығымен 
ерекшеленіп отырады. Бұндай кӛшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі 
мектептегі кӛшбасшылық идеясын іске асыру да заманауи міндет.  
 Мектепке  және  мұғалімге  ӛзгеріс  не  үшін  қажет?  Осындай  сауалдар 
ұсынылған  кезде,  ең  әуелі,  сабақ  үдерісін  технологияландыру  немесе 
инновациялық  талаптарды  орындау  деген  жауаптар  беріледі.  Дұрыс  әрине, 
бірақ ең алдымен, балалардың жаңа ғасырда ӛмір сүруге дұрыс икемделе алуы 
үшін  мәнмәтінінде  қарастырылмайтындығы  ӛкінішті.  Ӛркениетті  елдердің 
басым  кӛпшілігінде  қолдау  тапқан  сындарлы  оқыту  теориясы  тиімді  оқыту 
және  табысты,  құзырлы  мұғалім  қалыптастыруға  әсер  ететіндігі  дәлелденген. 
Бағдарлама  мазмұны  мен  принциптеріне  сүйене  отырып,  оқыту  мен  зерттеуге 
ынта-жігерін  салып,  белсенді  жұмыс  істейтін,  әрбір  оқушының  пәнді  түсіну 
деңгейін диагностикалай отырып, кері байланыс орната алатын және оқытудың 
мақсаты мен сабақтың табысты ӛту ӛлшемдерін қиыстыра алатын мұғалім ғана 
жоғары  деңгейдегі  кәсіпқойға  айналып,  еліміздің  білім  беру  жүйесін  әлемдік 
білім беру стандарттарына сәйкестендіруге үлес қоса алады.  
Әдебиеттер: 
1. А.Е.Абылкасымова, Е.А.Ушуров, Р.С.Омарова. Развитие системы 
общего среднего образования в современном мире. Алматы НИЦ «Ғылым», 
2003.  
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ, 2014ж. 
3. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ, 2014 ж. 

219 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
 - 
БІЛІМ САПАСЫН 
КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ
 
 
Жайлаубаева Алия Курбаналиевна, 
Таскараева Қалбибі Ахметовна, 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ-ң филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ 
аға оқытушылары, Шымкент қаласы, aliya_ja@mail.ru 
 
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ. 
Білім - адам баласының ортақ қазынасы. 
Ж. Баласағұн 
 
Қазіргі  замандағы  мұғалімнің  міндеті  ғылым  мен  техниканың  қарқынды 
дамып келе жатқан заманда ӛмір сүруге икемді,  қоғам пайдасына қарай ӛзін - 
ӛзі  толық  жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзіретті 
және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі 
жетік,  құзіретті,  бәсекеге  қабілетті  ұстаздар  ғана  атқара  алады.  Мұғалімнің 
кәсіби  құзіреттілігі  оның  білімінің  жан  -  жақтылығы,  ұстаздық  шеберлігі, 
оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен ӛлшенеді. 
Мұғалім  қаншалықты  білімді  шығармашыл  болса,  оның  құзіреттілік  қабілеті 
де кең болмақ. 
Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі 
реформалар мен сындарлы саясаттар, ӛзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог 
қауымының  ойлауына,  ӛткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы 
толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары 
анық.  Олай  болса,  білімнің  сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру 
жүйесіндегі  педагогтердің,  зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты. 
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін 
оқу  орындарының  басты  мақсаты  -  мамандықты  игерту  ғана  болса,  ал  қазір 
әлемдік  білім  кеңістігіне  ене  отырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін 
адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім 
беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі ӛзекті мәселелердің бірі. Мұғалімнің 
негізгі  мақсаты-  сабақ  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды  қолдану 
керісінше  ол  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыта  отырып, 
ӛздік  танымдық  біліктілігінің  дамуын  ұйымдастыру.  Міне  осы  мұғалімнің  іс-
әрекетінің  негізгі  қағидасы  болып  табылады.  Демек,  қазіргі  таңда  мұғалім 
менеджер ретінде болуға тиісті.[1] 
Жалпы  алғанда,  «құзырлылық»  ұғымы  жайлы  ғалым  К.Құдайбергенова 
«Құзырлылық  ұғымы  -соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның 
субьектілік  тәжірибесіне  ерекше  кӛңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған 
ұғым.  Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «competens»  белгілі  сала 
бойынша жан -жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да 
бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» 
деп кӛрсетеді. 

220 
 
Қазақстан  Республикасының  12  жылдық білім  беру  тұжырымдамасында 
педагог  кадрлардың  кәсіби-тұлғалық  құзыреттілігін  қалыптастыру  басты 
мақсат  екенін  анықтай  келе,  12  жылдық  білім  беруде  педагог  тӛмендегідей 
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп кӛрсетілген: 
1.
 
арнайы құзыреттілік -ӛзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 
2.
 
әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 
3.
 
 білім 
беру 
құзыреттілігі-педагогикалық 
және 
әлеуметтік 
психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 
Ендеше  құзыреттілік  дегеніміздің  ӛзін  қазіргі  заман  талабына  сай 
педагогтардың  ӛзін  -ӛзі  ӛзгерте  алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады.  Білім 
саясатындағы  түбегейлі  ӛзгерістерді  күнделікті  оқу  үрдісінде  берілген 
тапсырмалардан  бастау  қажет  екендігі  айқын  кӛрсетілген.  Оқушылар 
ұстаздардан тек білімге ғана емес, ӛмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп 
отыр.  Демек,  болашақ  педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай: 
жедел  ойлаушы;  жедел  шешім  қабылдаушы;  ерекше  ұйымдастырушылық 
қабілетті;  нақты  бағыт  -бағдар  беруші  болып  шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның 
талабы.  Міне,  құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  ӛзі  болашақ  мұғалім  - 
қазіргі  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың, 
интелектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге, 
білімнің  жетіспеушілігін  сезуіне  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды 
қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ.  Бұның  ӛзі  ӛз 
кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп ӛсіруде 
белгілі  бір  құзыреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды 
талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:  
-
 
бағдарлы құзыреттілік;  
-
 
мәдениеттанымдық құзыреттілік;  
-
 
оқу- танымдық құзыреттілік;  
-
 
коммуникативтік құзыретілік;  
-
 
ақпараттық- технологиялық құзыреттілік;  
-
 
әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі;  
-
 
тұлғалық ӛзін- ӛзі дамыту құзыреттілігі.[2] 
Аталған  құзыреттілік  қасиеттерді  тұлға  бойына  дарытуда  педагогтің 
арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан -жақты болуы талап етіледі. 
Егер  педагог  ӛзінің  кәсіби  ӛсу  жобасын  дұрыс  жолға  қоя  отырып,  ӛзінің 
кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін ӛмірде қолдана 
білетіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына  алатын  жағдайда  болғанда  ғана  оқушы 
құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сӛзбен айтқанда, тұлғаға 
бағытталған  білімдер  жүйесі  білім  стандартына  сай  тұлғаның  жан  -жақты 
дамуына негізделген, алған білімін ӛмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана 
алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. 
Сабақта  мұғалімнің  шеберлігі  оқыту  әдістемесін  жақсы  меңгерумен  қатар 
педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды 
ұтымды пайдалануынан да кӛрінеді. 

221 
 
Оқу-тәрбие  жұмысындағы  нәтижеліліктің  басты  белгілері  мұғалімнің  жеке 
басының  білімділігі,  шеберлігі,  ӛмір  танымы,  ӛз  пәніне  шәкірттерін  иландырып 
қызықтыра білуінде. 
Ең  бірінші,  мұғалім  ӛз  пәнін  сүйетін,  терең  білімді,  шығармашылықпен 
жұмыс  істейтін,  ізденгіш,  әдіскер,  шебер  болуы  керек.  Оның  үстіне  ӛз  пәнін 
талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт. 
Екіншіден, шәкірттермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап 
етіледі.  Мұғалім  шәкіртімен  терезесі  тең  адамдай  сӛйлесіп,  оларды  ӛз  ойларын 
қысылмай-қымсынбай  айтуға,  пікірін  еркін,  ашық  айтуға  тәрбиелеп  отыруы 
керек.  Оқушы  мұғалім  қойған  талапты  зорлықпен  емес,  саналылықпен 
орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.[3] 
Қорыта  айтқанда  мұғалім  -  бала  бойына  білім  нәрін  себетін  басты  тұлға. 
Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау кӛбіне мұғалімге тікелей 
байланысты.  Сондықтан  жаңашыл  мұғалім  даярлауға  қойылатын  талаптар  - 
мұғалімдерді  оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып,  қазіргі 
уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын 
енгізуді  кӛздейді.  Қорыта  келгенде,  мұғалімдерді  кәсіби  әрекетке  даярлау  аса 
кӛкейкесті, кезек күттірмейтін ӛткір мәселе екендігін айғақтайды. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
2.
 
К.С.Құдайбергенова. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 
2007  
3.
 
А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі. 2009 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет