Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата28.01.2017
өлшемі3,88 Mb.
#2934
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 
 
ЖАҒДАЙЫНДА
-
ЖАҢА ПӘН
 
 
Шадетова Алтынгүл Кеңесқызы, 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша  
ПҚ БА Институты Мектепке дейінгі тәрбие  
және бастауыш білім беру кафедрасы, аға оқытушы 
 
Заманауи  білім  берудегі  ӛзекті  мәселе  оқушылардың  әлеуметтік  ӛмірге 
тиімді  араласа  білуіне  мүмкіндік  туғызатын  дағдыларды  қалыптастыру  және 
әлеуметтенуіне  нақты  жағдай  жасау.  Ал,  бұл  жӛнінде  Андреас  Шлейхер,Білім 
беру  және  кәсіби  дайындау  басқармасы  директорының  және  ЭЫДҰ  Бас 
хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы 
(2014)  тӛмендегідей  тұжырымдама  жасайды  «Адамзатқа  және  қоғамға  орасан 
зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың  әсерінен айналадағы  әлем 
түбегейлі  ӛзгеріске  ұшырауда.  Мектептер  оқушыларды  түрлі  мәдениет 
ӛкілдерімен  әріптестік  қарым-қатынас  жасауды,  алуан  түрлі  идеяларды, 
кӛзқарастар  мен  құндылықтарды  ескеруді,  адамдар  ӛздерінің  алуан  түрлілігіне 
қарамастан технологиялардың кӛмегімен кеңістік пен  уақыт кедергілерін  жеңе 
отырып,  бір-біріне  сенім  білдіруін  және  әріптестікте  жұмыс  істеуін  қажет 
ететін, әлемде адамдардың ӛмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге 
байланысты болатын әлемде ӛмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. 
ХХІ  ғасырдың  мектептері  оқушыларды  ӛмірде,  жұмыста  және  азаматтық 
ұстанымында  ӛзгелермен  ынтымақтастықта  ӛмір  сүруге  дайындай  отырып, 

331 
 
ұлттық  және  жаһандық  пікір  алуандығының  шынайылығын  ұғына  отырып, 
ӛзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға кӛмектесуі керек»[1; 3].  
Жоғарыда  келтірілген  тұжырым  білім  беру  саласына  ӛзгерістің  қажет 
екенін  анық  кӛрсетеді.  Технология,  коммуникация  мен  ғылым  салалардағы 
мұндай елеулі ӛзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, 
ХХІ  ғасырда  табысты  болу  үшін  әрбір  адамға  қажетті  білім  мен  дағдыларды 
алға тартады. 
Ал,  бұл  дағдыларды  қалыптастыру  үшін  «Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуіріндегі №327 қаулысына қосымша, Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен 
бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартыда» 
бастауыш білім берудің мақсатын  тӛмендегі кең ауқымды дағдылар негіздерін 
меңгерген  білім  алушы  тұлғасының  үйлесімді  қалыптасуы  мен  дамуына 
қолайлы білім беру кеңістігін жасау кӛрсетілген:  
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу; 
2) сын тұрғысынан ойлау; 
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
5)  коммуникацияның  түрлі  тәсілдерін,  оның  ішінде  тілдік  дағдыларды 
меңгеру; 
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары. 
Кең  ауқымды  дағдылар  негіздерін  меңгерген  білім  алушы  тұлғасының 
үйлесімді  қалыптасуы  мен  дамуына  қолайлы  білім  беру  кеңістігін  жасаудың 
бірден-бір жолы оқу бағдарламаларын ӛзгерту. 
Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңартуды  жүзеге  асыруға  негізделген  оқу 
бағдарламаларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясымен және жалпы орта білім 
беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған оқу бағдарламалары 
осы дағдыларды дамытуға негізделген.  
Сонымен қатар бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруда 
жаңа  пәннің,  яғни  жаратылыстану  пәнінің  енгізілуі  білім  беру  саласындағы 
әлемдік тенденцияларды жүзеге асырудың бастауы.  
1983-жылы ЮНЕСКО бүкіл әлем бойынша ғылыми білім беруді жақсарту 
жұмысын бастады. 
Ғылымды бастауыш мектепте меңгеруге келесілер негіз болды:  

 
 Ғылыми  негіздерді  білу  балаларға  күнделікті  оқиғалар  мен  құбылыстар 
туралы қисынды ойлауға кӛмектеседі. 

 
 Пәнді оқыту балалардың зияткерлік дамуына септігін тигізеді.  

 
 Балалар  ғылымның  адамдардың  ӛмірін  жақсартатын  әлеуметтік  пайдалы 
әрекет екенін білулері керек.  

 
 Әлемнің  одан  әрі  ғылымға  және  технологияға  бағытталғандығына  орай, 
оқушылар дайын болуы және ӛздерін сәтті жүзеге асырулары маңызды.  

 
 Ғылымды  бастауыш  мектепте  меңгеру  қызықты  және  оқушылар  ӛздерін 
«кішкене ғалым» сезіне алады.  

332 
 
Халықаралық тәжірибеде  Сингапур,  АҚШ,  Германия,  Финляндия,  Англия 
және  басқа  да  мемлекеттерде  бастауыш  мектепте  «Ғылым»  пәні 
оқытылатындығын кӛрсетеді. 
Жаратылыстану-матемтикалық  бағыт  оқушылардың  жаратылыстану 
ғылыми  сауаттылығын  қалыптастырады.  Жаратылыстану  ғылыми  сауаттылық 
келесі 
компоненттерден 
тұрады: 
жаратылыстану 
ғылыми 
білімдер 
қолданылатын 
жаратылыстану 
ғылыми 
ұғымдар 
мен 
жағдайлар, 
жаратылыстану ғылыми пәндер аясында қалыптасатын «жалпыпәндік» (жалпы 
оқулық)  біліктер.  Жаратылыстану  ғылыми  сауаттылық,  ғылыми  және 
инновациялық  қызметтің  қолдауына  қабілеттілігін  енгізе  отырып,  қоғамның 
мәдениет  деңгейін  кӛрсетеді.  ҚР  технологиялық  модернизациясын  іске  асыру 
үшін елге жаратылыстану ғылыми сауаттылығына сәйкес білімділер де қажет - 
ғалымдар,  конструкторлар,  инженерлер.  Ӛкінішке  орай,  TIMSS  халықаралық 
зерттеулерінің  нәтижелері  кӛрсеткендей,  оқушылар  жаратылыстануғылыми 
сауаттылығының  қалыптасуымен  біздің  білім  беру  жүйесі  қанағаттанарсыз 
екендігі кӛрсетілгін. 
TIMSS -  2011  Қазақстандық  4-сынып  оқушылары  жаратылыстану 
ғылымдары бойынша - 50 ел арасында 32-орынға сай келеді.  
Зерттеу  нәтижелері  кӛрсеткендей  оқу  бағдарламарында  физика,  химия, 
биология, физ. география пәндерінен берілетін тапсырмалардың кездеспейтінгі 
байқалды. Яғни, жаңа пәннің ӛзектіліг осы олқылықтардың орнын толтыру.  
«
Жаратылыстану»  пәні  бойынша  негізгі  мектептегі  «Биология», 
«География»,  «Химия»,  «Физика»  пәндерін  зерделеу  негізін  қалауға,  алған 
білімдерін  күнделікті  ӛмірде  (үйде,  мектепте,  табиғат  әлемінде)  кездесетін 
табиғат  құбылыстары  мен  үдерістерін  түсіндіру,  сипаттау,  болжау  үшін 
қолдану білігін дамытуға бағытталған. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны оқу 
бӛлімдері  осы  пәндер  бойынша  ұйымдастырылған.  Оқу  бӛлімдері  әрі  қарай 
жинақталған  білім,  түсінік  және  дағдыларды  қалыптастыру  мақсаттарын 
кӛздейтін  бӛлімшелерден  тұрады.  Әр  бӛлімше  ішінде  дәйектілікпен 
ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге ӛз жұмысын жоспарлауға және 
оқушылар  жетістігін  бағалауға,  сондай-ақ,  оларды  оқудың  келесі  кезеңдері 
жӛнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  
№  Бӛлімдер  
Бӛлімшелер  

Мен - зерттеушімін 
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рӛлі 
1.2 Табиғатты тану әдістері 

Тірі табиғат  
2.1 Ӛсімдіктер 
2.2 Жануарлар 
2.3 Адам 

Заттар және олардың 
қасиеттері 
3.1 Заттардың типтері  
3.2 Ауа 
3.3 Су 
3.4 Табиғат ресурстары 

Жер және Ғарыш  
4.1 Жер  
4.2 Ғарыш 

333 
 
4.3 Кеңістік және уақыт 

Табиғат физикасы  
5.1 Күштер және қозғалыс 
5.2 Жарық 
5.3 Дыбыс 
5.4 Жылу 
5.5 Электрлік 
5.6 Магниттілік 
Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді кӛздейді: 
- әлемнің 
қазіргі 
заманғы 
жаратылыстану 
ғылымы 
тұрғысынан 
қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім 
негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына 
елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;  
-  қоршаған  әлемнің  құбылыстарын  түсіндіру,  БАҚ,  интернет  ресурстары, 
арнайы және ғылыми-кӛпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы 
тұрғысынан  және  ӛмірлік  маңызды  мазмұны  бар  ақпаратты  қабылдау 
біліктіліктеріне ие болу; 
- зияткерлік,  шығармашылық  қабілеттерді,  сын  тұрғысынан  ойлау 
қабілетін  қарапайым  зерттеулер,  құбылыстарды  талдау,  жаратылыстану 
ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту; 
- табиғат 
заңдарын 
тану 
және 
жаратылыстану 
ғылымдарының 
жетістіктерін  ӛркениеттің  дамуы  мен  ӛмір  сапасын  жақсарту  үшін  пайдалану 
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу; 
- күнделікті  ӛмірде  тіршілік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  заманауи 
технологияларды  сауатты  пайдалану,  денсаулық  пен  қоршаған  ортаны  қорғау 
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.  
Жаратылыстану  бағыты  бойынша  білім  беру  бағдарламасында  ғылыми 
зерттеу  жүргізу  дағдылары  мен  біз  ӛмір  сүретін  әлем  туралы  білімге  ерекше 
назар аударылады. Бастауыш сыныпта жаратылыстануды зерделеу оқушыларға 
мынадай  дағдыларды  қалыптастырып  дамытуға  кӛмектеседі:  зерттелетін 
тақырыпты  таңдау;  сұрақ  қойып,  оған  жауап  беру  тәсілдерін  табу;  зерттеу 
жүргізу  жоспарын  құру;  болжам  жасау;  сұраққа  жауап  беру  үшін  зерттеу 
жүргізу,  зерттеу  нәтижесінде  алынған  түрлі  деректерді  жинау,  ӛңдеу  және 
түсіндіру.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған  жаратылыстану  пәні 
бойынша  білім  беру  бағдарламасы  оларды  жоғары  сыныптарда  және  жоғары 
оқу  орындарында  биология,  химия  және  физика  саласында  одан  әрі  оқуға 
дайындайды. 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ 
тілінде  оқытатын  мектептердің  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттыру  бағдарламасы.  -  Астана:«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. - 40 б. 
2. Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
[Электрондық  ресурс]  Қолжетімділік  коды  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P15 
00000327 

334 
 
3.  Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  бастауыш  мектепке  (2-4 
сыныптар)  арналған  оқу  бағдарламасы  (30  пилоттық  мектептерде  сынақтан 
ӛткізу үшін байқау нұсқасы). - Астана, 2015. 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ДАМУЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ
 
Шаштыгарина С. М., 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтӛбе бойынша ПҚБАИ,  
жаңа технологиялар және жаратылыстану 
(гуманитарлық) ғылыми пәндер кафедрасының  
аға оқытушысы, магистр  
Бойымбетова А., 
Ақтӛбе облысы, Хромтау ауданы, Нұрлыкӛш ОМ,  
3-деңгейлі сертификатталған, орыс тілі пәні мұғалімі 
 
Білім саласындағы ӛзгерістердің маңызын саралау,білім жүйесінің түрлі  
тарауларын  бағалау  күн  сайын  ӛзгеріп  жатқан  әлемде  қазіргі  мұғалімге  кәсіби 
дамуында заман ағымына сай шыңдала беруді талап етеді. 
Қазіргі  мұғалім  пәндік  және  сынып  шеңберінде  ғана  шешілетін 
мәселелелер  шекарасынан  шығу  қажеттілігі  туындауда.  Табиғи  апаттар, 
лаңкестік,  ұлтаралық  шиеленістер-бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселелері  тікелей 
мектепке пен мұғалімге қатысты педагогты тек қана биолог, физик немесе тілші 
маманы  ғана  емес,  ӛмір  мектебінің  ұстазы,  тәлімгері,  ӛмірлік  дағдыларды 
қалыптастырушы,  ӛзінің тәрбиеленушілерін  ӛмірдегі  түрлі жағдаяттарды  жеңе 
білуге кӛмектесетін маман. 
С. Л. Фоменко кәсіби даму біліктілігін арттыруымен байланыстырып, оны 
педагогтың  жеке  тұлғалық  сапаларын  ӛзектендіру  деп  қарастырады: 
«Педагогтық  кәсіби  дамуы-кәсіби  біліктілігін  үнемі  арттыру,  инновациялық 
қызметке 
қабілеттілігі, 
табанды 
ұйымдастырушылық, 
кәсіби 
даму 
мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру  жолдарын  іздеу,  жауапкершілік  пен  дербестігін 
дамыту»- деп түсіндіреді.  
Э. Ф. Зеер «Кәсіби қызметтің әлеуметтік әсерінен тұлғалық ӛзгерістің даму 
үрдісі  мен  жеке  белсенділік,  ӛзіндік  жетілу  мен  ӛзіндік  кемелденуге 
бағытталады»  деп  тұжырымдаған.  Зерттеушілер  педагогтың  белсенділігі  оның 
дербестігі  мен  ӛзіндік  дамуы  маңыздылығын  жоғарыдағы  анықтамаларында 
тоқталған. «Кәсіби қызметтің жаңа тәсілі» сӛзсіз инновацияны меңгеруде.  
Қазіргі  әлемнің  ӛзгермелі  жағдайында  кәсіби  біліктілікті  арттыру 
жүйесінің  мақсаты  заман  мен  әлеуметті-экономикалық  жағдаяттық  талабына 
сай,  түрлі  іс-әрекетке  қабілеттілік  пен  ӛзіндік  даму  қажеттілігіне  байланысты 
мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселесімен ӛлшенеді.  
Әлеуметтік,  тұрмыстық  мәселелер  саналуандығы,  кәсіби  психологиялық-
педагогикалық, 
әдістемелік-педагогикалық 
мәселелердің 
(оқытудың 

335 
 
инновациялық  технологиялар  түрлері,  заманауи  педагогикалық  жағдаяттар, 
инновациялық кезеңдердің  ағымында  болу,  кәсіби  құзіреттілігінің  дағдарысын 
болдырмау  қорқынышы,  заманауи  терминологиялық  кеңістікті  меңгеру) 
мұғалімге шешім қабылдау, таңдау қажеттілігін ұғындырады. 
Талдау, сараптау,бағалау, таңдау, танымдық ойлау қабілеті тұлғалық даму 
жағдайында  ӛте  құнды.  Психологиялық,  философиялық,  социологиялық 
еңбектерде адамға ішкі қорғану, кӛмек, даму механизмдерін іске қосуды жүзеге 
асыру қажеттіліктеріне басым тоқталады. Әлемнің ӛзгеру жағдайында адамның 
ішкі  мүмкіндіктерінің  тұрақты  даму  факторлары  мен  ӛзін-ӛзі  тану,  ӛзін  ӛзі 
бағалау,ӛзін  ӛзі  ӛзектендіру  сияқты  мәнге  ие  болады.  Қазіргі  дереккӛздерінде 
«рефлексия»  ұғымына  баса  назар  аударылуда.  Инновацияларды  меңгеру 
кезеңінде педагогикалық рефлексия оқытудың инновациялық технологияларын 
игеру құралы, мұғалімнің кәсіби даму тәсілі мен ӛз білімін жетілдіру үрдісінде 
маңызды  сипатқа  ие  болады.Қазіргі  педагогтың  ӛз  қызметіне  сараптама  мен 
баға  бере  алуы  педагогикалық  мәдениетттілігінің  маңызды  аспектісі.  Ӛзінің 
тәжірибесін  сарапатап  талдағанда  мұғалім  тәжірибесі  ғана  емес,  одан  шыққан 
түйінді  ойлар  нәтижесін  қолданады  (К.Д.Ушинский).  Зерттеушілер  кәсіби 
шеберлікті  дамыту  кілті  рефлексия  мен  кәсіби  тәжірибенің  тоғысуы  деп 
есептейді. 
Рефлексия дегеніміз не? 
Әр адам ӛзінің ӛмір сүру қағидаттары, жеке тұлғалық қасиеттерін, мінезін 
туралы  ойланатын  кездері  болады,  және  бұл  ӛзге  адамдарға  қалай  әсер 
ететіндігіне есеп береді.  
Ненің  ақиқат,  ненің  жалған  екендігіне  ой  толғап,  ӛзінің  ӛзгеге  деген  ойы 
мен әрекетін ақтайтын немесе құптамайтын пікірлер  іздейді. Бұл ізденіс үрдісі 
адамда ішкі диалог түрінде болып жатады. 
Ӛз-ӛзімен  сұхбаттасу  адамға  ӛзіне  деген  қарым-қатынасында  зерттеуші 
ұстанымын  ұстауға  мүмкіндік  береді.Ӛз-ӛзімен-ішкі  сұхбат  құру-рефлексия 
болып  табылады.Тура  мағынада  рефлексия  (латын  тілінде  reflexio)  дегеніміз-
бұл  кескін,  сұлба.  Ішкі  жағдайды  жеткізу  үшін  метафораны  қолдансақ,  айна 
ұғымын  қолдану  орынды.  «Айна  алдындағы»  позициясы  ӛзіңді  іштей 
бақылаушы  тұрғысынан  сырттан  қарауға  кӛмектеседі.  Рефлексия  жасау 
қабілеттілік ӛзара қарым-қатынаста баға жетпес қабілет. Рефлексияның ерекше 
тұсы-ойлау  туралы  ойлану  кезеңі.  Педагогтың  кәсіби  қызметінде  рефлексия 
ерекше рольге ие. Бүгінгі таңда педагогикалық құзыреттіліктің ішінде негізгісі 
рефлексивті-талдау  құзыреттілігі,  яғни  іс-әрекетке  талдау  жасай  білу  екендігі 
анықталды.  Ал  А.В.Хуторский  «сараптау»-  «ӛзіндік  талдау»-«рефлексия» 
ұғымдарын ажырата білуді ұсынады. 
Кесте 1 
Салыстыру 
ӛлшемдері 
Сараптау 
Ӛзіндік талдау 
Рефлексия 
Мәні 
Сабақтың 
әдістемелік, 
дидактикалық 
ерекшеліктерін,оқыту 
үрдісінің  педагогикалық 
Мұғалімдер 
мен 
оқушылардың  сабақ 
барысындағы 
әрекеттеріне талдауы 
Оқу  мәселелері  және 
оны  шешу  жолдарын 
іздеу 

336 
 
позиция  негізінде  ролі 
мен 
нәтижелілігін 
анықтау 
Мақсат 
пен 
міндеттері 
Сабақ 
мазмұны 
мен 
бағалау  құрылымы  оқыту 
үрдісінің  моделі  екендігін 
анықтау 
Табысты 
оқыту 
тәсілдерін  анықтау, 
жетістіктерді 
белгілеу, 
мақсатқа 
сай 
екендігін 
анықтау 
Шындығында  сабақтың 
қалай ӛткенін анықтау 
Айырмашылықтарына  қарамастан,  рефлексия  сараптау  мен  ӛзіндік  талдау 
элементтерін  де  қамтиды.  Ӛзінің  қызметімен  әрекетіне  рефлексия  жасау 
қабілетімен  қажеттілігін  түсіну  ӛзін-ӛзі  тану,  даму  кезеңдерімен  тығыз 
байланысты. Ал бұл дегеніміз, демек-үздіксіз білімін жетілдіру. 
«Ӛзін-ӛзі  қазбалау  мен  ӛзіндік  талдаудың  айырмашылығы  неде?»  деген 
сұраққа атақты психолог В.Леви тӛмендегідей жауап ұсынды. «Ӛзіндік талдау - 
ӛзіңнің  бойыңда  не  болып  жатқанын  түсіну  және  оны  ӛзгерту.  Ал  ӛзін-ӛзі 
қазбалау дегеніміз - ӛзгеруді,ӛзгерісті армандай отырып, сол үшін әрекет етпеу 
деді.  Мұндай  ӛзгерістің  болмауына  туысқандар,  достар,тағдыр  кінәлі  деп 
ойлайды.  Ӛзін  -ӛзі  қазбалау  -  бұл  бір  жұмыс  немесе  сұхбатты  аяқтаған  адам, 
«ӛткенді»  ӛте  баяу  «қорытып»,  «мынадай  ету  керек  еді»  деген  тіркес 
пайдаланады. Ал ӛзіндік талдау - екі жақты талданады. Олар: «Нені мен дұрыс 
жасадым?»  «Нені  дұрыс  жасамадым?».  Рефлексия  -  мұғаліммен  қатар 
оқушының  да  әрекеттеріне  ӛзіндік  срапатау  жасауы.  Кеше  нені  жоспарладың? 
Бүгін  не  болды?  Ертең  не  жасаймын?  Бағалау  сияқты  сұрақтар  тӛңірегінде 
толғану. 
Мұғалімнің  кәсіби  дамуында  рефлексияның  рӛлін  былай  түсіндіруге 
болады. 
Рӛлі 
Мұғалім тәжірибесі 
(Оқыту, теориялық білім,әріптестермен,мұғалімдермен оқушылармен 
қарым-қатынас тәжірибесі) 
Рефлексия 
(Ішкі сұхбат.сұрақтарға жауап,ӛзіндік талдау,ӛз қызметі туралы ой) 
Нәтижесінде: міндеттеме алу  
рефлексиялық ой-пікір қалай құрылады? 
Педагогтың  рефлексиясы  оның  сӛздерінде,  ескертулерінде,  пікірлері  мен 
сұрақтарында  кӛрініс  табады.  Рефлексиялық  пікірлер  мысалдарына  назар 
аударайық.  
Балаларға  ӛздері  жасап  жатқан  әрекет  оларға  мынадай  жағдайларда 
түсінікті болады. 
Егер  оларға  ұнайма  немесе  жоқ,одан  не  үйренді,  не  алды  дегенді 
түсіндіруді  ұсынса,  олар  ӛздеріне  жаңалық  ашуға  құлықты.  Жалпы, 
рефлексиялық кезеңдер ұйымдастырылғын және басқарылуы мүмкін, керісінше 
рефлексивтік үрдіс тосыннан пайда болып жатады. 

337 
 
Инновациялық  технологияларды  меңгеру  үрдісінде  мұғалімдердің 
қызметін  бақылауда  әдіс-тәсілдер  жайлы  қарапайым,  құрылымдалмаған, 
эмоциялық-бағалау пікірлері түріндегі рефлексияны байқауға болады. 
Мұғалімдердің  «ұнайды-ұнамайды»,  «жақсы-жаман»,  «бұлай  жасауға 
болмайды», «бұл жақсы әдіс» т.б. дегендей тӛмен деңгейде жеткізілген пікірлер 
болады.  Кейбір  мұғалімдер  тәсілдерді  қолдануда  ӛзіндік  кӛзқарастарын  ӛз 
тәжірибелерімен  байланыстыра  қорытындылай  біледі.  Дегенмен  еріксіз 
рефлексия педагогтың әрі қарай дамытуға қажетті алғашқы әсерлерін білдіреді. 
Кәсіби рефлексияны қалай қалай қалыптастыруға болады? 
Инновациялық  технологиялардың  негізгі  аспектісі  кәсіби  рефлексия 
үрдісін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру, саналы қызметке бағыттау.  
Зерттеушілердің рефлексия құрылымын әр түрлі жасайды. 
Педагогикалық  қызметке  анағұрлым  сәйкес  келетін  бір  нұсқасын 
қарастырайық.  Қарастырылып  отырған  нұсқа  педагогикалық  қызметтің  кейбір 
компоненттері немесе жеке педагогикалық жағдаяттарға негізделед. Рефлексия 
құрылымы: 
1)
 
Талдауға қажет мәліметтерді анықтау 
2)
 
Оның негізінде жатқан қағидаттар мен игі бастамаларды жіктеу 
3)
 
Айтылған жағдаяттардың құрамдас бӛліктерін талдау 
4)
 
Шешім қабылдауға қажет білім мен бастамаларды жинақтау 
5)
 
Қабылданған шешімді бағалау. 
Бұл құрылым - кәсіби рефлексияның ерекше жоспары. Ұйымдастырылған, 
жоспарланған рефлексия шешілуі тиіс  мақсатты анықтайды, ал ол ӛз кезегінде 
міндеттерді нақтылайды. 
Ал мақсат пен міндет мектеп пен мұғалімнің қажеттілігінен туындайды. 
Міндеттерді қалыптастыру үш ресурсқа негізделеді : 
1.  Мұғалімнің  кәсіби  мәселелері  мен  мұғалімнің  ӛзіндік  қиындықтары 
(оқыту үрдісіндегі түрлі жағдаяттар) 
2.  Бағдарлама  мен  жалпы  білім  стандарттарын  салыстыра  отырып  ӛзіндік 
талдау 
3.  Белгілі  кезең  немесе  оқу  жылындағы  мектептің  басым  тұстарын 
анықтау.  Рефлексия  ұғымын  жинақтай  келе  бұл  жеке  тұлғаның  ӛзінің  сана 
сезіміне мән беретін зерттеуші үдеріс. 
Әдебиеттер: 
1. Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.  
Алматы, »Ғылым»,2002. 
2. Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., »Наука»,1997. 
3. А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., 
Воронеж,2004.  
4. Ұстаздық шығармашылық - Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007 
 
 
 
 
 

338 
 
РЕКОМЕНДАЦИИ 
по итогам международного on-line семинара «Профессиональное 
развитие педагога в условиях обновления содержания образования» 
Система 
повышения 
квалификации 
педагогических 
работников 
Республики  Казахстан  ориентирована  на  обеспечение  непрерывного 
профессионального  развития  педагогов  в  условиях  реализации  обновленного 
содержания среднего образования. 
Цель  семинара:  создание  условий  для  международного  диалога 
исследователей  и  практиков  по  проблемам  профессионального  развития 
педагогов в системе повышения квалификации. 
Семинар  способствовал  активному  диалогу  и  обмену  информацией  о 
тенденциях  развития  и  проблемах  системы  повышения  квалификации 
педагогов Казахстана, России, Беларуссии, Украины.  
Всесторонне  обсудив  основные  вопросы,  выносимые  на  повестку  дня 
семинара  на  пленарном  заседании  и  в  работе  секции  междунароный  семинар 
РЕКОМЕНДУЕТ: 
Филиалам АО «НЦПК «Ӛрлеу»: 

 
систематизировать 
и 
обобщить 
международный 
опыт 
профессионального развития педагога в системе повышения квалификации; 

 
обеспечить  научно-методическое  сопровождение  профессионального 
развития педагога в условиях системы повышения квалификации; 

 
организовать  опытно-экспериментальную  работу  по  построению 
индивидуальной  траектории  профессионального  роста  педагога  в  системе 
повышения квалификации; 

 
реализовать мониторинг профессионального роста педагога в системе 
повышения квалификации; 

 
обеспечить  применение  инновационных  технологий  в  системе 
повышения квалификации педагогов; 

 
обобщить  международный  и  отечественный  опыт  реализации 
современных подходов в оценивании профессионального развития педагога. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет