88
ЖЕЖ қорғаудың кеңірек тараған механизмдерінің бірі же-
ліаралық экрандар – брандмауэрлерді (fi rewalls) қолдану болып
табылады.
Экран – бұл клиенттердің басқа ұқсас топтамаларда сақта-
латын ақпараттарды алуын шектейтін құрал.
Экрандар үшін «ішкі» жəне «сыртқы» деген түсініктер бар,
экранның міндеті ішкі желіні қоршаған ортаның «қарқынды
қастықтарынан» қорғау. Сыртқы желілердің ең көп бұзушылық -
қа ұшырайтыны Internet желісі.
Желіаралық экранның жеке қорғалуы əмбебап жүйелерге
қолданылатын қорғау құралдарының көмегімен жүреді.
Орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыру кезінде ақ-
паратты желідегі актив жəне пассив түрде тыңдаудан қорғаудың
да
қамын жасау қажет, яғни оның бүтіндігі мен құпиялылығын
қамтамасыз ету керек.
Ақпаратты көрсету құралдары (АКҚ) ақпараттың жаңа ақ-
парат келгенше қысқа мерзімге уақытша бейне түрінде шығуын
қамтамасыз ететін құрылғылар жəне белгілі бір қалыптағы
қағаз беттерінде ұзақ мерзімге шығуын,
яғни құжаттың қалың
көшірмесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін құрылғылар бо-
лып бөлінеді.
Сондай-ақ, АКҚ-ын жеке жəне ұжымдық түрлерге де бөледі.
Ұжымдық АКҚ ретінде түрлі технологиялармен орында-
ла алатын əр түрлі электрондық көрсеткіш тақталары назарға
алынады: плазмалық панель, бейнеқабырға,
сұйық кристаллды
матрицалық көрсеткіш тақта.
Плазмалық панелдің жұмыс істеу ұстанымы люминофорларға
қатты сиретілген газдық ортадағы электр разрядында ультракүл-
гін сəуле ықпал еткен кездегі жарықтануына негізделген. Мұн-
дай разряд кезінде басқарушы кернеуі бар электродтар арасын-
да газдың (плазманың) иондалған молекулаларынан тұратын
өткізгіш «бау» пайда болады. Басқарушы сигналдарды панель
əйнегінің ішкі бетіне орнатылған вертикальды жəне горизон-
тальды өткізгіштерге бере отырып басқару үлгісі
телевизия-
89
лық көрсетілім растрының «кіші» жəне «кадрлық» орналасуын
жүзеге асырады.
Плазмалық панелдердің құндылығы мынада:
−
қауіпсіздік – зиянды магниттік жəне электрлік өрістердің
болмауы;
−
жинақылық,
−
жоғарғы сенімділік.
Плазмалық панелдердің ең басты кемшілігі олардың қым-
баттығы.
Сұйық кристаллды матрицалық көрсеткіш тақтасы символ-
дық ақпаратты көрсетуге арналған жəне сұйық кристаллды
негізде дайындалған белгілі бір модульдер жинағынан тұрады.
Əрбір модульге 7, 38, 88 немесе 111 сегмент
кіре алады, олар
бірегей қаріптер жазуға мүмкіндік береді. Сегмент өлшемдері əр
түрлі – 50 х 100 мм-ден 180 х 33 мм-ге дейін болып келеді.
Сұйық кристаллды матрицалық көрсеткіш тақтасының ба-
сымдықтары:
−
тəуліктің кез келген уақытында символдарды үйлесімді та-
нуы,
−
күн сəулесінің тікелей түсуінен қорықпау,
−
символдардың бірегей жарықтығы,
−
қуатты аз жұмсау,
−
техникалық қызмет көрсету қарапайымдылығы мен қо лай-
лылығы.
Достарыңызбен бөлісу: