Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Ұйымдық құрылым. 
Əдетте, ол автоматтандыру нысанын-
да (мысалы, кəсіпорында) қалыптасқан жəне АБЖ ендіру кезінде 
жетілдірілетін басқару құрылымын көрсетеді. Бұл құрылым 
негізгі болып табылады жəне АБЖ-ны одан əрі талдау жəне син-
тездеу дəл осы құрылымнан басталады.
Ұйымдық құрылымның негізгі элементтері басқару аппа-
ратының бөлімшелері жəне құжат айналымын талдау мен басқа-
рушылық шешімдер қабылдау процедурасымен айналысатын же-
келеген тұлғалар – операторлар болып табылады.
Ұйымдық құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары:
− 
артық бөлімшелер немесе операторларды қысқарту;
− 
осы жүйе элементтері (бөлімшелер мен операторлар) ара-
сындағы байланысты барынша азайту;
− 
осы байланыстардың өткізу қабілетін арттыру;
− 
құжат айналымын ретке келтіру;
− 
құжат қозғалысындағы циклдарды жою жəне т.б.
Ұйымдық құрылымды талдау кезінде келесі міндеттер шеші-
леді:
− 
ұйым құрамының сипаттамасы мен оның құрылымдық схе-
масын құру;
− 
жекелеген бөлімшелер мен операторлардың функцияларын 
анықтау;
2–1549


18
− 
материалдық жəне ақпараттық байланыстар сипаттамасын 
көр сету;
− 
ұйымның жалпыландырылған құрылымдық ақпараттық 
үлгісін құру.
Функционалдық құрылым.
Ол ұйымдық құрылым құра-
мын дағы жекелеген жүйе элементтері (бөлімшелер мен опера-
торлар) орындайтын функцияларды көрсетеді. Жалпы, бір ұйым-
дық құрылымға бірнеше түрлі функционалдық құрылымдар 
сəй кес келе алады.
Функционалдық құрылымдарды жетілдірудің негізгі бағыт-
тары:
− 
басқару функцияларын орындаудағы параллелизмді жою;
− 
жүйе элементтерін сəйкес лауазымдық міндеттерде көрсе-
тіл меген функциялардан босату;
− 
басқару функцияларын оңтайландыру мақсатында қайта 
үлестіру;
− 
жауапкершіліктің барынша дəл контурларын құру.
Функционалды құрылымды талдау кезінде келесі негізгі 
міндеттер шешіледі:
− 
жүйенің құрылымдық бөлімшелерде басқару функциялары 
зерт теледі;
− 
автоматтандыруға жатқызылатын функциялар құрамы таң-
далады;
− 
осы функциялардың өзара байланысы анықталады;
− 
басқару міндеттерінің жалпыландырылған функционал дық 
құрылымы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет