Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.6-сурет
Жүктер тасымалдарын жоспарлау жүйесінің 
қызмет ету сұлбасы 
Жүктер тасымалын жоспарлаудың қолданыстағы техноло-
гиясына сəйкес жүктердің айлық жоспары келесілер негізінде 
қалыптасады: жүктер тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт, 
жүк жіберушілердің жүк тасымалына өтінімдері, статистикалық 
деректер мен маркетингтік зерттеулер нəтижелерін ескере оты-
рып, жүк тасымалының болжанып отырған көлемдері, сонымен 
қатар, жүктер тасымалына ерекше тапсырмалар. 
ЖТЖ АЖО аталмыш қызметті ақпараттық қолдау агенттің 
АЖО-мен (оның деректер базасынан ЖТЖ АЖО-на жүк жібе-
рушілердің өтінімдері туралы деректер келіп түседі) жəне жө-
нелту моделімен жүзеге асырылады (ГО-10, ПО-29 деректері) 
(3.7 сурет). 
Агенттің АЖО клиенттердің өтініш берудегі барлық тасы-
мал талаптары туралы деректер банкін құрастыру жəне бар лық 


137
қажетті келісімдерді жедел өткізу үшін пайдаланылады (шарт, 
өтінім, тасымал талаптары жəне т.б.). Ол келесі қызметтерді 
атқарады: тасымалға ұзақ мерзімді шарттарды рəсімдеу; оларды 
деректер базасында сақтау; шарттарды агенттік, жол мен орталық 
басшыларының келісуі; жүк тасымалына өтінімдерді рəсімдеу 
жəне келісу; ФКҚАКЖ мен агенттікке тасымалдың төленген-
дігін растайтын жеделхаттар рəсімдеу жəне жіберу, сонымен 
қатар, бірқатар басқа да қызметтерді орындау.
Аталмыш өтінімдерді агенттің АЖО ДБ-нан ЖТЖ АЖО ДБ-
на жіберу келесі критерийлер бойынша шынайы уақыт режимінде 
(жаңарту немесе жою оқиғасы бойынша) орындалады: 
- өтінім келісілген; 
- тасымалдың басталған күні жоспарлы айдың алғашқы жəне 
соңғы күні арасындағы диапазонда орналасқан; 
- тасымалдың аяқталған күні жоспарлы айдың алғашқы жəне 
соңғы күні арасындағы диапазонында орналасқан; 
3.7-сурет. 
ЖТЖ АЖО-ғы ақпараттық ағындар 
10–1549


138
- экспорт жүктерінің тасымалына өтінімдер агенттің АЖО-на 
енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 16 күн бұрын келісілуі 
тиіс; 
- өтініштер тіке жəне жергілікті қатынастарда агенттің АЖО-
на енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 12 күн бұрын келісілуі 
тиіс. 
ЖТЖ АЖО – да жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру келесі-
лерге мүмкіндік береді: 
а) жол деңгейінде, бөлімшелер, бекеттер, тірек бекеттер дең-
гейлерінде жүктерді жалпы темір жолмен жəне бөлімшемен та-
сымалдау жоспарының жобасын құрастыруға: 
- жүктердің тоннамен жəне вагондармен берілген номенкла-
турасы бойынша тəулігіне орташа есеппен, тағайындалған темір 
жолдар мен вагондар түрлері бойынша (жабық, платформалар, 
жартылай вагондар, астық тасығыштар, цементті тасымалдау 
үшін бөлінген цемент тасығыштар, рефрижаторлық жəне басқа 
да жылжымалы құрамдар),
- цистерналардағы құйылған жүктердің тағайындалған темір 
жолдары бойынша (жеке – мұнай мен мұнай өнімдері, ақшыл 
мұнай өнімдері, спирт, химикаттар, патока, сұйық май, аммиак 
суы жəне басқа да құймалар), 
- тас көмір, орман жүктері, дəндер, темір жəне марганец руда-
лары, қара металл, құрылыс жүктері, химиялық жəне минералдық 
тыңайтқыштардың тағайындалған темір жолдары бойынша; 
б) ФКҚЖ-ға жоспарланып отырған айға темір жол бойынша 
жүктер тасымалы жоспарының жобасын ұсыну; 
в) бекітілген ФКҚЖ мен орындауға қабылданған бөлімше-
лер, бекеттер, тірек бекеттер деңгейлері бойынша темір жолмен 
жүктерді тасымалдау жоспарын үлестіру. 
Автоматтандырылған есептеу нəтижесінде жоспар жобасы 
немесе бекітілген жоспардың шығыс форматы алынады. 
ЖТЖ АЖО-да аталмыш қызметті жүзеге асыру келесі жолмен 
топталған есептер алуға мүмкіндік береді: 
- жүк жіберушілердің өтінімдері негізінде; 


139
- жоспар жобасы жəне жол жоспары бойынша; 
- жоспар жобасы жəне бөлімшелер жоспары бойынша; 
- жоспар жобасы жəне бекеттер жоспары бойынша; 
- жоспар жобасы жəне тірек бекеттер жоспары бойынша. 
ЖТЖ АЖО анықтамалар мен басқа да деректер алу мүмкіндігін 
ұсынады, атап айтсақ: 
- вагондардың тиелгендігі туралы анықтама (бөлімшелер бой-
ынша бөлу арқылы жүктер топтары бойынша вагондардың бос 
еместігі туралы мəліметтер бар); 
- жүктерді экспортқа тиеу туралы анықтама (жүктің нақты 
түрлері немесе жүктердің барлық түрлері бойынша абсолютті 
шамалардағы жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бар); 
- жылжымалы құрам түрлері мен тағайындалу жолдары бой-
ынша тиеу туралы анықтама (екі түрі болуы ықтимал: жылжы-
малы құрам немесе тағайындалған жолдар түрін ескере отырып, 
жүк түрі бойынша тиеу туралы); 
- бөлімшелер мен бекеттер бойынша тапсырма (жеке жедел-
хаттар түрінде құрастырылады); 
- жүктерді тиеу жоспарының жобасы (екі анықтама түрінде 
құрастырылады: бөлімшелер бойынша жəне жүктер топтары 
бойынша); 
- бекеттерді жүктер топтары бойынша тиеу туралы анықтама; 
- жылжымалы құрам түрлері бойынша тиеу (екі анықтама 
түрінде құрастырылады: тағайындалған жолдар бойынша жəне 
жүктер топтары бойынша); 
- жүктерді бекеттер мен клиенттер бойынша тиеу жоспа-
ры (жүктер түрлері бойынша жүк жіберушілер өтінімдерінің 
деректері бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен 
құрастырылады); 
- тағайындалған бөлімшелер мен жолдар бойынша тиеу (жүк 
жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен қатар, 
жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша бөлімшелерге 
бөле отырып, абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен құ-
рас тырылады); 


140
- вагондарды бөлімшелер бойынша тиеу туралы анықтама 
(жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен 
қатар, жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша абсолютті 
жəне орташа тəуліктік шамалармен құрастырылады); 
- вагондарды тағайындалған жолдар бойынша тиеу туралы 
анықтама (екі анықтама түрінде құрастырылады: бөлімшелер 
бойынша жəне жылжымалы құрам түрлері бойынша); 
- құйылмалы жүктер бойынша анықтама (жүк жіберушілер 
өтінімдерінің деректері, сонымен қатар, жоспар жобасы немесе 
жол жоспары бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шама-
лармен құрастырылады); 
- жылжылы құрам түрлері бойынша тиеу (жүк жіберушілер 
өтінімдерінің деректері негізінде жəне жол жоспарының жо-
басы бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен 
құрастырылады); 
- талап етілетін жылжымалы құрам саны туралы анықтама 
(жол жоспары жобасының жəне орталық жоспарының деректері 
бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен құрас-
тыры лады ); 
- бөлімшелер мен тағайындалған жолдар бойынша мұнай 
өнімдерін тиеу жоспары (жол жоспары жобасының жəне орталық 
жоспарының деректері бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік 
шамалармен құрастырылады). 
Жедел жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру жүк жіберуші-
лер өтінімдері бойынша өтінімдер туралы келесі есептерді құ-
растыруға мүмкіндік береді: 
- жолдар бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы мен 
саны – бір айға тағайындалған жолдар бойынша онкүндікке бөлу 
арқылы); 
- жүктер бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы 
мен саны – бір айға жүктер түрлері бойынша онкүндікке бөлу 
арқылы); 
- орташа есеппен тəуліктегі жүктер бойынша (онкүндіктер 
бойынша бөлу арқылы бір айға жүктер түрлері бойынша орташа 
тəуліктік деректер бар); 


141
- вагондар бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы мен 
саны – вагондар түрлері бойынша бір айға онкүндіктер бойынша 
бөлу арқылы); 
- вагондар бойынша тəулігіне орташа есеппен (вагондар түрелі 
бойынша онкүндіктерге бөлу арқылы орташа тəуліктік деректер 
бар). 
Сонымен қатар, ЖТЖ АЖО келесілерді құрастырады: 
- тағайындалған жолдар бойынша, жүктер түрлері, вагон-
дар түрлері бойынша, қатынас түрлері бойынша, жылжымалы 
құрамның меншіктілігі бойынша кез-келген ай, айдың онкүндігі 
немесе айдың күні үшін барлық өтінімдер бойынша есептер; 
- тиеу жоспарын орындау туралы жедел анықтама, оның 
ішінде, бекеттер, жүк жіберушілер жəне жүктер топтары бойын-
ша вагондар мен тонналармен абсолютті жəне орташа тəуліктік 
мəндердегі бір айға арналған жоспар; үдемелі қорытындысы 
бар бір ай ішінде берілген жүк жіберушілердің жоспардан тыс 
өтінімдері туралы;
- үдемелі қорытындысы бар жүк жіберушілер өтінімдері (та-
ғайындалу жолдары мен жылжымалы құрам түрлері, цистер-
налардағы құймалы жүктердің тағайындалған жолдары, бе-
кеттер, төлеушілер мен жүктер топтары бойынша), жергілікті 
қа тынастағы жүк жіберушілердің өтінімдері туралы анықтама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет