Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
3.5.3 Қазақстанның су көлігі
Қазақстанның су көлігі жүктер мен жолаушыларды тасымал-
дайтын, өзен жəне теңіз порттарында жүктерді қайта өңдейтін 
өзен көлігінің кəсіпорындарынан тұрады. Жүк айналымының 
көлемі бойынша су көлігі үшінші орынды алады. 
Үкіметтің қаулысымен «Атырау теңіз сауда порты» (АТСП) 
республикалық мемлекеттік кəсіпорны құрылды. Су көлігінде 
еркін тарифтер қолданылады, бірақ сонымен бірге теңіз портына 
оған тараптар үшін қолайлы деңгейде клиенттерге өз қызметтерін 
бір мезгілде көрсету арқылы ұзақ мерзімді несиенің ойдағыдай 
өтелуіне мүмкіндік беретін тарифтер белгіленген. 
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан 
жəне Қазақстан Республикасының əртүрлі құрғақ жүктер мен 
мұнай жəне мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арнал-
ған бірегей теңіз порты болып табылады. Жаңа шеткі өнеркəсіп 
орталықтарының құрылуы, ұлттық шеткі аймақтардың эконо-
микасы мен мəдениетін көтеру, сонымен қатар бұрынғы Кеңес 
Одағы елінің қорғаныс қабілетін нығайту мүдделері тиісті 
көлікпен қамтамасыз етуді, соның ішінде теңіз қатынасын 
қалыптастыруды талап етті.


208
Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркəсібі мен мұнай кен 
орын дарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау пор-
ты салынды.
Кейінірек порт БН-350 атом электр бекетін, химия саласының 
зауыттары мен тікелей Ақтау қаласының өзінің құрылысын салу-
да маңызды рөл атқарды.
Портты құру бас жəне қосалқы толқын тосқыларды жəне со-
нымен бір мезгілде төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан бастал-
ды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлақтары мен паром 
кешені салынды. КСРО-да Ақтау порты арқылы тасымалдар-
дың көп бөлігі мұнай (80-жылдардың басында жылына 7 млн. 
тоннаға дейін) болатын, құрғақ жүк тасымалдау жылына 300 
мың тоннаға жетті. Кеңестер Одағының тарауына байланысты 
тасымалдар көлемі барынша қысқарды. 1995 жылы Қазақстан 
металын қарқынды экспорттауға жəне «Теңізшевройл» (ТШО) 
бірлескен кəсіпорны өндіретін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау 
көлемінің ұлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық 
мем лекеттік кəсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 
26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» 
акцио нерлік қоғамының мəселелері» Қаулысына жəне 23.04.1997 
жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мем-
лекеттік кəсіпорнының мəселелері туралы» Қаулысына сəйкес 
акционерлік қоғамның негізінде құрылды. Порт ҚР Үкіметінің 
25.06.1996 жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кəсіпо-
рындардың тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу құқы-
ғындағы) Қаулысының негізінде Республикалық мемлекеттік 
кəсіпорындардың тізімдемесіне енгізілген. «АХТСП»РМК ҚР 
Əділет Министрлігі Маңғыстау əділет басқармасында 11.10.1996 
жылы тіркелген, куəлігі №513-1943-ГП.
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде 
бетбұрысты жəне айрықша мəнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту 
жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару 
құрылымдары жақсартылды. Қазақстан Үкіметі Еуропалық 
Қайта құру жəне Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ) бірлесіп бөлінген 
несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту жəне қайта 
құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).


209
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды. 
Ақтау портын қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев қатысты. Қайта 
құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің құрғақ жүктерге 
қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің жы-
лына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін сақтай отырып, жы-
лына 1,55 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін 
Ақтау порты дүниежүзінің көптеген елдеріндегі порттардағыдай 
көпмақсатты терминалға айналды, оның жұмысы бір минутқа да 
тоқтамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет