Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Құбыржол көлігін автоматтандырылған басқару



Pdf көрінісі
бет68/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.6 Құбыржол көлігін автоматтандырылған басқару 
жүйелері 
Құбыржол көлігінің қазіргі заманғы дамуы металлургия мен 
машина жасаудағы жетістіктермен, сондай-ақ сұйық массалық 
жəне газ тəрізді өнімдерді тасымалдауда шаруашылықтың 
мұқ таж дықтарымен байланысты. Құбыржолдардың зор тора-
бын құру көліктің басқа түрі (контейнерліктен басқа) үшін тəн 
табиғи газды, мұнай мен мұнай өнімдерін оларды ауыстырып 
тиеудің аралық үрдістерінсіз үлкен қашықтыққа тиімдірек ор-
нын ауыстыруға мүмкіндік берді. Құбыржол көлігінің маңызды 
ерекшелігі – оның жұмыс істеуінің үздіксіздігі. Бұл үлкен диа-
метрлі құбыржолдармен, əдетте 1420 мм-ге дейін, ал келешекте 
– 1620 мм-ге жəне тіпті 2200 мм-ге дейін 15 атмос фераға дейін 
жəне одан көп қысыммен қамтамасыз етіледі .
Құбыржол көлігі өнімнің жеке түрлерінің орнын ауыстыруға 
көбірек маманданады: сұйық (мұнай мен мұнай өнімдерінен сүтке 
дейін), газ тəрізді (табиғи жəне ілеспе газ, аммиак, этан, этилен 
жəне т.б.), қатты (көмір, жəне т.б.). Осы жүктер бірнеше километр-
ден бірнеше мыңдаған километрге дейін əртүрлі қашықтыққа ор-
нын ауыстырады. Жеткізудің соңғы пункттері əртүрлі: мұнай үшін 
– мұнай өндейтін зауыттар; табиғи газ, аммиак, этан, этилен үшін 
– химия кəсіпорындары; көмір мен мазут үшін – жиірек электр 
бекеті. Табиғи газ, бұдан басқа, коммуналдық шаруашылыққа 
жеткізіледі, мұнай өнімдері – бұл бензин, керосин. Сондықтан 
магистральдық құбыржолдардан басқа құбыржолдардың тарам-
тарам таратып қоюшы желісі де бар. 
Құбыржол көлігінің құндылығы – жердің бедері əртүрлі 
болғанда, үлкен су кеңістіктері, соның ішінде теңіздер арқылы, 
мəңгі тоң болғанда құбыржол көлігінің магистральдарын төсеу 
мүмкіндігі. Газ құбыры көлігі өндірілген газды сақтау үшін 
табиғи немесе жасанды жерасты қуыстарын пайдаланады. 


213
Газ-жəне мұнай құбырларын құру нақты экологиялық проб 
ле-
малардың болуына (құбырлардың жарылуы жəне мұнау мен 
газдың атылуы, құбырларды төсеген кезде табиғи қабаттың 
бүлінуі, солтүстік аудандарда құбыржолдардың жерүсті трас-
салары болғанда – жануарларды көшіру үшін кедергілер) 
əкеледі. Əлемде тек магистральдық мұнай-газ құбырларының 
жиынтық созылыңқылығы 2 млн км-ді иектеп барады, яғни 
темір жолдар дың созылыңқылығынан екі есе арта түседі, темір 
жолдардан ерекшелігі үлкейе түсуде. Мұнай-газ құбырларының 
созылыңқылығы бойынша Батыс Еуропадан жəне əлемнің басқа 
өңірлерінен асып түсе отырып, Солтүстік Америка жəне Шығыс 
Еуропа үздік болып отыр. 
Елімізде көліктің осы түрі елдің жалғыз көлік жүйесінде өте 
маңызды орын алады. Оның үлестік салмағы жалпы жүк айналы-
мында үнемі өсуде. 
Құбыржол трассаларын орналастыру темір жəне автомобиль 
жолдарының бағыттарынан едəуір ерекшеленеді – оның жер 
бедеріне тəуелділігі болмашы ғана. Бұл оларды төте жол арқылы 
төсеуге мүмкіндік береді. Көліктің осы түрі кез-келген климаттық 
жəне ауа-райылық жағдайларда жұмыс істей алады, тасымалдау 
кезінде шығын ең төмен.
Мұнай құбыржолының жұмысын автоматтандыру адамның 
ең аз тікелей қатысуымен барлық технологиялық үрдістерді ди-
бекеттік басқару мүмкіндігін береді. Осы құбылыс бір мезгілде 
техникалық жүйелер мен құрылғылардың рөлін арттыра отырып, 
өндіріс тиімділігіне адам факторының əсер етуін ең аз мөлшерге 
алып барады. Мұнай құбыржолдарының автоматтандырылуын 
жүргізу оның барлық түзілімдерін басқарудың тиісті деңгейін, 
технологиялық үрдіске сай шарлы крандар мен басқа бекіткіш 
арматураның уақтылы жабылуын/ашылуын, сондай-ақ барлық 
магистарльдың зақымдалудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Мұнай құбыржолдарында автоматтандыру үрдістерінің негізгі 
мақсаттары – бұл бас жəне екінші сорғы бекеттері, құбыржолдың 
сызықтық бөлігі жəне құбыржол арматурасы. 
Құбыржолды автоматтандыру деңгейі бірнеше аралық мұ-
найды тартып шығаратын бекеттерді, резервуарлар тобын, мұ-
най шығынын бақылауға арналған құрылғылар мен қосалқы 


214
жаб дықты бір операторлық пункттен басқару мүмкіндігін беруі 
тиіс. Операторлық пункттің өз жабдығы диспетчерлік орта лық-
тардан жоғары тұрған деңгейдің байқалуын қамтамасыз етуі 
тиіс. Мұнайды тартып шығаратын аралық бекеттерді авто 
мат-
тандыруға бірқатар талаптар қойылады. Сонымен, осы бекет-
тер ең кіші құбыржол түзілімдерін қоса алғанда құбыржолдың 
барлық түзілімдерін бақылау мен басқару үздіксіздігін қамта-
масыз етуі тиіс: шарлы болат крандар, ысырмалар жəне жапқыш 
артамураның басқа техникалық бұйымдары. Қорыта келген-
де, бекетке қойылатын талаптардың бірі оның жұмыс істеуінің 
үздіксіздігі болып табылады. Сонымен қатар, мұнайды тартып 
шығаратын аралық бекеттерді автоматтандырылған бақылау 
жүйесі құбыржол мен жұмыс ортасының технологиялық жағ-
дайын үзбестен қадағалап отырады. Осы параметрлер туралы 
ақпаратты терминалдарға шығарады жəне оны электрондық 
тасығыштарда сақтайды. Мұнай құбыры бойынша өтетін техно-
логиялық ортаның параметрлерін басқарады. Мұнайды тартып 
шығаратын бекеттің аппаратурасын қорғайды жəне бас қа рады. 
Автоматтандырылған басқару кешенінің тағы бір міндеті сол 
деңгейдің жүйелерімен байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ 
тым биік тəртіптің бақыланатын жүйесіне ағымдағы ақпаратты 
беру болып табылады. 
АБЖ құбыржолды төтенше жағдайлардан қорғауға арналған 
қуатты құрылғы болып табылады. Олар пайда болған кезде 
автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) жабдығы бір сəтте 
құбыржолдың барлық жұмыс істеп тұрған түзілімдерін ағытуға, 
сондай-ақ қажет болғанда оларды бір-бірлеп ағытуға мүмкіндік 
береді. АБЖ айтарлықтай күрделі жүйе болып табылады жəне 
өз кезегінде өзін профилактикалау мен жөндеу үшін зор көлемді 
жұмысты талап етеді.
Нысан топологиясында ақпаратты жинаудың басты нүкте-
лері (бақыланатын пункттер - БП) бөлінеді. Осы нүктелерде 
БҚ басқару бекеттері орнатылады. БП байланыс каналдарының 
бір немесе бірнеше типін (УКВ радиоарнасы, радио-Ethernet, 
өткізгіш байланыс тізбектері, талшық-оптика) пайдалану арқылы 
деректерді жинаудың бірыңғай желісіне бірігеді. БН-нен ақпарат 
диспетчерлік пунктке жиналады. Диспетчерлік пунктте деректер 


215
пакеттерін өңдеу жүргізіледі, диспетчердің АЖО-да нысанның 
ағымдағы жағдайын көзбен шолу үшін жəне технологиялық де-
ректер базасын қалыптастыру үшін пайдаланылады. 
Функциялар: 
- құбыржол жағдайы туралы жедел ақпаратты жинау жəне 
диспетчерге беру; 
- өнімді тасымалдау үрдісін жедел басқару;
- апаттық жағдаяттарды диагностикалау кезінде тұрақты 
бақылауды жəне апаттық бұғаттауды жүзеге асырады; 
- есептік-аналитикалық міндеттерде кейін пайдалану жəне 
есептік құжаттаманы қалыптастыру үшін, деректер базасына 
құбыржол жұмысы турлы ақпаратты жинақтау жəне мұрағаттау; 
- құбыржолда жылыстауды анықтау үшін деректер жинау. 
Жүйе жабдықтың келесі типтерінен тұратын көп деңгейлі 
иерархиялық құрылымға ие: 
- Сызықты нысандарда (БП) орнатылатын жабдық. Ақпаратты 
жинау мен нақты уақыт режимінде тікелей басқаруға арналған 
басқару бекеті (БС) БП-ке орнатылады. 
- ДП-ке орнатылатын жабдық соңғы пайдаланушыларға құ-
быржолдың жағдайы туралы ақпаратты беру, тасымалдау үрдіс-
терін жедел басқару, сондай-ақ алынған деректерді мұра ғаттау, 
аналитикалық өңдеу үшін, есептер мен мəліметтер жасау үшін 
арналған. 
- Байланыс пункттерінде орнатылатын жабдық ДП пен БП 
арасындағы сенімді байланыс арнасын қамтамасыз етеді, құ-
быржолдың КТ АБЖ тиімді жүйесінің басты элементтерінің бірі 
болып табылады. Өткізгіш тізбек, радиорелелік арна, УКВ ра-
диоарнасы бойынша, радио Ethernet аппаратурасын пайдалану 
арқылы байланыс орнатыла алады. 
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ құбыржолдары бойынша сұйық жəне газ 
тəрізді өнімдерді тасымалдаудың технологиялық үрдістерін авто-
маттандырылған басқару жүйелері құбыржол көлігінің бар 
лық 
технологиялық нысандарын автоматтандыруға арналған жəне 
келесі шағын жүйелерден тұрады:
- ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ – құбыржол телемеханикасының 
жүйесі;
- ИСА-ОДБ – диспетчерлік пункттер мен орталық дис-
петчерлікті автоматтандыру бойынша шешім жүйесі;


216
- ИСА-ЖАЖ – құбыржолдағы жылыстауды анықтау жүйесі.
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ топология мен созылыңқылыққа шек қой-
май, кез-келген сұйық, газ тəрізді жəне көп фазалық өнімдерді 
тасымалдайтын құбыржолдарды автоматтандыру үшін аяқталған 
шешімнен тұрады. 
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ құбыржол телемеханикасының жүйесі 
ақпаратты жинауға, құбыржол бойынша өнімді тасымалдаудың 
технологиялық үрдісін жедел басқаруға, есептік-аналитикалық 
міндеттер үшін кейін пайдалану мақсатында деректер базасын-
да құбыржолдың жұмысы туралы ақпаратты жинақтауға, есептік 
құжаттаманы қалыптастыруға арналған. 
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ мұнай құбыры диспетчерінің жұмыс 
орнынан барлық құбыржолдың жұмысының келесі жұмыс ре-
жимдерінде бақылануын жəне басқарылуын қамтамасыз етеді:
- жоспарлы іске қосу жəне тоқтату; 
- тасымалдаудың стационарлық режимі; 
- апатты тоқтату режимі. 
ИСА-ҚҰБЫРЖОЛ-ТМ ИСА-ОДБ базасында жүзеге асы рыл-
ған орталық диспетчерлік құбыржолмен тығыз ықпал 
дас 
қан 
жəне деректер мен ақпаратты беру арналарын резервтеу мүм кін-
дігіне ие болады.
ИСА-ЖАЖ (жылыстауды анықтау жүйесі) бағдарламалық-
техникалық кешені сұйық жəне газ тəрізді өнімдерді тасымалдай-
тын қысымды құбыржолдардың бітеулігін бақылауға арналған 
жəне келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
- құбыржолдың бітеулігінің бүлінуін анықтау;
- жылыстаудың шамаланған көлемін есептеу;
- жылыстаудың шамаланған орнын есептеу;
- жылыстауды анықтау уақытын тіркеу. 
«Элком+» компаниясы мұнай-газ саласы үшін технология-
лық нысандарды автоматтандырылған басқару жүйелерін салуға 
арналған типтік шешімдерді ұсынады. 
Шешімдеріміз қауіпті өндірістерде жұмыс істеу үшін серти-
фикатталған жетекші өндірушілерден алынған тексерілген тех-
никалық жəне бағдарламалық құралдар негізінде жасалады, жо-
ғары сенімділікпен ерекшеленеді, технологиялық процестердің 
тиімділігін арттыру, диспетчерлік бақылау мен басқарудың ақпа-


217
раттылығын арттыру, экологиялық жəне технологиялық тəуе-
келдерді төмендету үшін арналған. 
Шешімдеріміз қолданыстағы салалық стандарттарға жəне 
басқарушы құжаттардың талаптарына сəйкес келеді. 
Мұнай-газ саласының нысандарының технологиялық про цес-
терін автоматтандырылған басқару жүйелері келесілерді қамта-
масыз етеді:
− 
технологиялық жабдықтың жағдайы туралы ақпаратты қа-
былдау;
− 
технологиялық процестер параметрлерін мониторингілеу;
− 
бақыланатын параметрлердің апаттық жəне шекті мəндері 
бойынша жəне қосалқы жүйелер тоқыраған кезде технологиялық 
жабдықты автоматты қорғау;
− 
технологиялық процестерді дибекеттік басқару;
− 
технологиялық жабдық жұмысының белгіленген режим-
дерін жəне жабдықты пайдаланудың нормативтік шарттарын бас-
қару жəне қолдау;
− 
жабдықтың ол жұмыс істеген кезде жəне ауыстырып-қосу 
кезінде тоқырауын анықтау;
− 
негізгі бақыланатын технологиялық параметрлер мен жаб-
дықтың жағдайын сипаттайтын параметрлерді бейнелеу жəне 
тіркеу;
− 
автоматика жүйесінің техникалық құралдарының жағдайын 
диагностикалау жəне мониторингілеу;
− 
шектес жүйелермен өзара іс-қимыл жасау (деректер алма-
су);
− 
есептер мен мəліметтерді қалыптастыру;
− 
технологиялық параметрлердің өзгеру тарихын, оқиғалар 
мен оператордың əрекеттерін жүргізу. 
Мұнай-газ саласының нысандарын автоматтандыру жүйеле-
рінің иерархиялық құрылымы бар жəне төменгі, ортаңғы жəне 
үстіңгі деңгейлер сияқты үш деңгейден тұрады.
Жүйенің төменгі деңгейіне:
− 
өлшеудің бірінші құралдары жəне технологиялық парамет-
рлер датчиктері;
− 
екінші аспаптар;
− 
орындаушылық механизмдер;
15–1549


218
− 
жергілікті басқару жəне сигнализация аппаратурасы жата-
ды.
Ортаңғы деңгейге Schneider Electric (Франция) компаниясының 
Modicon (Quantum, Premium, M340) сериялы бағдарламаланатын 
логикалық бақылаушылар (БЛБ) базасында салынған бақылау 
мен басқару шкафтары жатады. 
Автоматика жүйесін салу үшін пайдаланылатын бақылау-
шы типін таңдау жүйе шешетін міндеттердің күрделігіне, сиг-
налдардың санына, жүйеге қойылатын талаптарға байланысты 
болады. 
Modicon сериялы бақылаушылардың жұмыс бағдарламаларын 
жасау үшін компанияның Unity Pro бағдарламалау ортасы пайда-
ланылады. Бағдарламалау тілдері IEC 61131-3 стандартының та-
лаптарына сəйкес келеді. 
Мұнай-газ саласының нысандарын автоматтандыру жүйе-
лерін жүзеге асырған кезде «Элком+» компаниясының артық шы-
лықтарының арасынан бөліп көрсетуге болады:
− 
автоматтандыру міндеттерін шешуге кешендік тəсілдің 
қолданылуын; 
− 
КТ АБЖ жобалау, əзірлеу, монтаждау жəне баптау;
− 
Жоғары тұрған немесе шектес диспетчерлік пункттерге КТ 
АБЖ деректер беру арналарын ұйымдастыру.
− 
Sсhneider Electric компаниясынен жəне Wonderware компа-
ниясынан жүйелік интегратор мəртебесіне ұшырағыш компания 
мамандарының жоғары құзыреті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет