Құда-жекжат – ілік-шатыс, құда адамдар.
Құдайы қонақ – жол жүріп келе жатқан адамның танымайтын үйге
келіп қонақ болуы.
Құдалыққа бару – біреудің бойжеткен қызына құда түсуге бару.
Құқ – ерік. Сенің оқуға еркің бар.
Құқық – еркіндік. Сенің оқуға, демалуға еркіндігің бар.
Құқықтану – еркіндік туралы ғылым.
Құқықты қорғау – еркіндікті қорғау.
Құқықтық әдеп – еркіндіктің әдептегі көрінісі.
Құқықтық ғылым – еркіндік, теңдік, бостандық, саналы ерік
туралы ғылым.
Құқықтық дәстүр – еркіндіктің әдепке, әдет-ғұрыпқа айналып
қалыптасуының көрінісі.
Қазіргі заман отбасы-ерлі –зайыпты екі адамның арасындағы
некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге
ұрпақтары (ұл-қыздары)да кіреді. Құқықтық институт ретінде отбасы- туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара
байланысты адамдар тобы.