Қалпе – қазіреттен кейінгі діни атақ.
Қалың мал – күйеу жағының қалыңдық үшін беретін мал-мүлкі.
Қалыңдық – біреуге атастырылған оң жақтағы қыз.
Қалыңдық ойнау – үйленгенге дейін қалыңдығымен жасырын
кездесу.
Қамал-қорған – жаудан қорғану мақсатында жасалатын қабырғасы
қалың, биік бекініс.
Қамшы тастау – дауласқан, таласқан екі жақтың сөз сұрау белгісі.
Қанағатшылық – місе тұтушылық, барға риза болушылық.
Қара жамылу – ері, жанашыр жақыны қара орамал тартып, үстіне
қара киім киіп, қайғысын көпке білдіруі.
Қара шаңырақ – әке-шешенің түтін түтетіп отырған үйі.
Қара шығын – жергілікті әкімдердің «уақ-иүйек шығынға» деп
жинайтын алым-салығы.
Қарға бау – құдаласқан адамдардың бір-біріне беретін сый-сияпаты.
Құдалық белгісі.
Қарғау - үлкендердің салт-дәстүрді бұзушы жастарға риза болмай
назалануы.
Қарғы бау – қыздың әек-шешесіне құда болғандығы үшін берілген
төлем.