Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет11/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Байланысты:
отбасы 2

Некені сот тәртібімен бұзу. 
Ол мынадай жағдайларда іске асырылады: 
-ерлі-зайыптылардың  кәмелетке  толмаған  ортақ  балаларының 
болуы; 
- ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы; 
-егер  ерлі-зайыптылардың  біреуі  өтініш  беруден  бас  тартып  некені 
бұзудан  жалтарса,  некені  бұзу  үшін  мемлекеттік  тіркеуге  келуден  бас 
тартса, т.б.; 
-ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүіктік талаптарының болуы. 
Некелік  одақтың  тұрақты  болуына  мемлекет  мүдделік  танытады. 
Сондықтан  да  соттарға  заң  арқылы ерлі  –  зайыптыларды  татуластыру 
жөнінде  шаралар  қолдану  міндеттері  жүктелген.  Бірақ,  сонымен  қатар 
татуластыру  мақсат  қана  емес,  отбасын  сақтаудың  амалы  ғана. 
Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не 
жұбайларды  қорғау  мүдделеріне  қайшы  келетін  болса,  онда  сот  некені 
бұзады. 
Егер  сот  неке  біржолата  бұзылмаған  деген  қорытындыға  келген 
жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі-зайыптыларға татуласу 
үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір 
істің жағдайына қарай белгілейді. 
Егер  ерлі  –  зайыптыларды  татуластыру  шаралары  нәтиже  бермей 
және  жұбайлардың  біреуі  некенің  бұзылуын  қасарыса  талап  ететін 
болса, некені бұзу іске асырылады. 
Егер  айырылысатын  ерлі  –  зайыптылардың  кәмелетке  толмаған 
балалары  болып  және  жұбайлар  ол  балалардың  кіммен  қалатындығы 
жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың 
ата  –  анасының  біреуімен  қалатындығы  жөнінде  не  баланың  ата  – 
анасының  әрқайсысымен  қалатындығы  жөнінде  (егер  екі  бала  не  одан 
көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған 
балалардың  мүдделерін  ғана  еске  алу  керек.  Сондай  –  ақ  балалардың 
мүдделерін  және  болашақ  ананың  денсаулығын  қорғау  мақсатында 
заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде 


27 
 
және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені 
бұзуға болмайды». 
Айырылысатын  жұбайлар  ортақ  мүліктерді  бөлісу  жөніндегі 
мәселені  кейбір  жағдайларда  өздері  дербес  шешеді.  Бірақ  ерлі-
зайыптылар  келісімге  келмеген  жағдайда  мүліктерді  бөлуді  сот  іске 
асырады  және  әдетте,  оларды тең бөледі.  Егерде  некелік  шартта 
мүліктерді  бөлісу  мәселесі  қарастырылған  болса,  онда  сот  мүлікті  екі 
жақтың  не  бір  жағының  талабы  бойынша осы  келісімшартқа сәйкес 
бөледі. 
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы 
өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет