Серменде – сенделіп, босқа жүретін адам.
Серне – бірнеше адамның бірігіп мал сойып жеуі, басқосу
салтанаты.
Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі кісі.
Соғым басы – соғым сойған үйдің көршілері мен ауылдың
үлкендерін шақырып ас беруі.
Сойғақ – зираттың басына белгі ретінде қойылатын таяқ, діңгек
ағаш.
Сопы – дін жолына түскен құдайшыл адам.
Сөзі дуалы – айтқаны келетін киелі қария.
Сұрау салу – хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеу.
Сүйек жаңғырту – қайтадан қыз беріп құда болу.
Сүйекші – өлікті жерлеуші, қоюшы адам.
Сүйінші – жақсылықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық,
жоралғы.
Сүндет той – сүндетке отырғызылған балаға жасалатын той.
Сүндетке отырғызу – ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде
жасалатын рәсім.
Сүт кенже – ең соңғы туған бала.
Сыбаға – құрметті үлкен адамдарға арнап сақталатын тағам-ас.
Сыңсу – ұзатылған қыздың туған-туыс, ел-жұртымен жылап
қоштасуы.
Сыралқы – аңшы, егіншіден, т.б. кәсіпкерлерден алынатын үлес,
олжа, сый.
Семья- некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық
шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Суррогат ана- суррогат ана мне ықтимал ата-ана арасындағы шарт
бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.