132
қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық
негізін жасау – маңызды мәселелердің бірі.
Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды
құрушы жеке адамдардың мінез-құлық жағынан пісіп-жетілуі,
қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын
алып, пікір-таласын тудырып келген. Жалпы, шығыс пен батыс
гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, бағалысы – адам, ал оның
бақыты– бала» деп білген. «Адам бақыты – бала» деген ғұлама
ойшылдардың пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам
бақыты – бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ Құдайдан бала
сұрағанда
«О, Құдай бала бер,
Бала берсең – сана бер!
Санасыз болса,
Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз
қырлы, бір сырлы» өнегелі өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары,
намысқой азамат тәрбиелеп келгені – тарихи шындық. Ендеше, осы
сарында бала тәрбиелеу ісін бүгінгі заман өзгерістеріне үйлестіре
отырып, жалғастыру – біздің борышымыз.
Достарыңызбен бөлісу: