Азаматтық қоғам- жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз
ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың
өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық
ұйымдар, ассоциациялар жәнет.б.) азаматтардың өндірістік және жеке
өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке
адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық
дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Ала жіпті аттамау – адал болу, біреудің нәрсесіне қол сұқпау.
Альянс- ортақ мақсаттарға жету үшінкелісім шарт негізінде жасаған
ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Ана тілі- халықтың асырлар бойы жинаған тәжірибесін жеткізетін
органикалық механизм, тұлға үшін халықтың көп ғасырлық
даналығына, оның мәдениеті мен болмыс дәстүріне қатысудың жалғыз
жолы.
Атамекен- бабалардан жеткен, тағдырдың сыйы, әр адам үшін
жалғыз, бірегей Отан.
«Ә»
Әдеп- игі әдетпен,өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық
мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
Әдептілік- белгілі моральдық нормалар мен принциптерді
бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің
бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып
саналады.
Әдептілік – ізетті, сыпайы, инабатты білдіретін қасиет.
139
Әдет-ғұрпы-
белгілі
ситуациядағы
адам
мінез-құлқының
қайталанатын әдетті дағдылары.