Жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап
алынушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апалы-
сіңілілер (аға-қарындастар), ата- әже, немерелер.
Жалған неке- отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен
жасалған және ерлі- зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін
туғызбайтын неке.
Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық
нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
Жарыс қазан – екіқабат әйелдердің қиналмай босануы үшін
жасалатын ырым.
Жарыс қазан – толғақ басталғанда жасалатын жоралғы.
Жасақ – билік иесінің маңына топтасқан жауынгерлік отряд, әскери
құрама.
Жасау – ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Жат жұрағат - оныншы ұрпақ жұрағаттан туған бала, туыс, ағайын.
Жат мінез – белгілі этносқа тән мінез-құлыққа үйлеспейтін, сырттан
танылған мінез бітісі.
Жаушы – алғаш құдалық хабарын жеткізуші елші хабаршы.