Бәс тігу – бәстескен іске жүлде қою, серттесу
Бәсіре – балаға арнап ен салынған қара мал.
Бейіш – қасиетті саналатын өлген адамның рухының орналасатын
жері.
Бесік жасы – туғаннан 7 айға дейінгі жас кезеңі.
Бесікке салар – нәрестені алғаш бесікке бөлеумен байланысты
ырым.
Беташар – дәстүр бойынша жаңа түскен келіннің бетін ашарда
айтылатын өлең-жыр. Ол жас келінге еңбекқор, бауырмал, кішіпейіл,
ізетті, инабатты бол, үлкенді, жолдасыңды сыйла деген сияқты
моральдық нақылға құрылады.
Би – дау-жанжалға билік айтушы сот. Ол этнографиялық әдет-ғұрып
заңдарын жетік білуі, тапқыр, шешен болуы керек. Бөле би – екі елдің
дауын ру басы билер шеше алмағанда билердің жүгінісетін еларалық
жоғарғы сот.
Балалық щақ- кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай- күйі