Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі түркістан облысы, Сауран ауданы, «Тұран» жалпы орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: «Пифагор теоремасын өмірде қолдануы»



бет13/14
Дата15.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83102
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
017 24.06.22

Қорытынды
Мен жұмысымды қорытындылай жұмыста қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Басты мақсат – қолданыстағы Пифагор теоремасының технологиясының ерекшелігі.
Мен ұсынып отырған жұмысымда қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерін шешуге дайындау технологияларының үлгілері келтірілген. Осы технологияларды толық меңгерген оқушы міндетті түрде кез келген есепті шеше алатын болады. Сонымен қатар, оқушылардың бұл бағыттағы дайындық деңгейін дамыта түсу мақсатында жаттығу жүргізуге арналып біраз әртүрлі өмірлік есептер ұсынылған. Мұндағы басты мақсатымыз оқушылардың бойындағы ойлану, іздену, талдаулар жүргізе білу қасиеттерін қалыптастыру және өз беттерінше шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жоғарыда атап өткендей, мұндағы басты кеңес мыналар болады:

  • бастапқы кезде әртүрлі қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерді шешуге дайындау технологиясын толығына аяғына дейін талдап шығу;

  • әр кезеңнің және міндетін жете түсіну қажет болады.

Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрліше. Олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қарасөз, біресе ертек, біресе ілмек, біресе дұзақ, біресе сиқырлы ой айту тағы басқа түрде кездеседі. Халық есептерінің өзімен туыстас, жалғас, көршілес елдердің салт-санасымен астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы бар.
Барған жерін Балқан тау
О да біздің көрген тау, -демекші, қытайдың буы, орыстың ну-фуы, қазақтың түуі түп тамырлас.
Қолданыстағы Пифагор теоремасын математика курсында пәнаралық байланыс өте кең дамыған. Соның ішінде әдебиет пәнімен байланысты байқауға болады. Қандай есепті алсақ та, мақал немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл түйіндеулерге зер салсақ, әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Тәрбие - сан қырлы. Ата-тегінің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі.
Жұмысымды қорытындылай келе айтарым бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есепті шешу технологиясының ерекшеліктері туралы сөз қозғадық. Келешектің кез келген маманы компьютерді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.
Жұмысымды қорытындылай келе, қандай да болмасын оқушы үшін қиындық тудырған кезде есептің нәтижесін көргенде, оның өзгеше бір сезімге бөленіп, бір марқайып қалуына ұмтылу қажеттілігін туғызуға мүмкіндік жасауға пән мұғалімі жұмысының өз нәтижесі болатындығын атап өткім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет