ЛИТЕРАТУРА
1. Брилев С. - Ахмадинежад: заявление против самого себя. Телеканал «Россия 1», программа «Вести недели»
– 30.10.2005
2. Израиль грозит нанести превентивный удар по Ирану. Телеканал Euronews – 06.11.2011
3. Турченко С. - Войны ХХI века: Израиль против Ирана. Независимая пресса – 17.04.2011
4. Примаков Е. М. - История одного сговора. М.: Полит, лит-¬ра, 1985.
5. Saunders, Harold H. Reconstituting the Arab-Israeli Peace Process. - The Middle East. Ten Years after Camp
David./ Ed. W. B. Qundt. Washington, D. C.: The Brooking Institution, 1997.
6. Барышев А. П. - Политика сепаратных сделок - заговор против арабов. www.barichev.ru
7. http://www.ibiblio.org/sullivan/docs/CampDavidAccords.html - The Camp David Accords.
8. http://www.cfr.org/israel/reagan-plan-us-policy-peace-middle-east/p14140 - The Reagan Plan: U.S. Policy for
Peace in the Middle East
9. Reagan, R. An American Life. N. Y.: Simon and Shuster, 1990.
10. Абу Мазен (Махмуд Аббас). Путь в Осло. М.: Ин-т Изучения Израиля и Ближнего Востока, 1996.
11. Хайри Наджи Абдель Фаттах аль-Ориди. Ближневосточный мирный процесс: Палестинское направление.
- Москва, 2000.
12. Хрусталев М. Ближневосточный конфликт: динамика и перспективы. – Международные процессы. Том
4. Номер 2(11). Май-август 2006.
13. Демченко А. - Роль России в урегулировании палестино-израильского конфликта. www.perspektivy.info
№ 1 (86) 2012
285
14. Павлюк И. Арабо-израильский конфликт: продолжение следует -http://podrobnosti.ua/
podrobnosti/2001/12/16/10231.html
15. «Israel›s Disengagement Plan: Renewing the Peace Process», Israel Ministry of Foreign Affairs, April 20, 2005.
16. ews.bbc.co.uk/hi/russian/international/newsid_7114000/7114291.stm. Конференция в Аннаполисе:
оптимисты и пессимисты. – «BBCRussian» (27.11.2007).
17. www.cnn.com/2007/POLITICS/11/27/bush.mideast/index.html – «Bush: Israelis, Palestinians agree on
framework for peace talks» - «CNN» (27.11.2007).
18. Сурков Н. Надежды на мирный процесс опять не оправдались - Независимая газета, 12.03.2010
19. Попов А. - Исламистские партии Египта одерживают победу - «Вести ФМ» http://radiovesti.ru/
articles/2012-01-09/fm/27773
Поступила в редакцию 22.09.2011.
С.М.ОРАЗБАЕВА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
In this article theoretical bases of emotionally-strong-willed development of younger schoolboys are
considered.
Қазіргі білім беру беру реформаларының негізгі бағыты білім берудің бастапқы баспалдағын тиімді
ұйымдастыру болып табылады. Білім беру тұжырымдамасының мәні бастауыш сынып оқушысының
дамуы мұғалім үшін де, оқушы үшін де басты міндетке айналады. Мақсатқа бағытталған өзіндік білім
алу жұмыстары арқылы өз білімін кеңейтіп, тереңдеткен адам ғана қазіргі жағдайда өнімді жұмыс
істеуге қабілетті.
Бастауыш сынып оқушысының эмоциялық-еріктік дамуы мәселесіне байланысты психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерді талдау барысы зерттеудің негізгі ұғымдарын ашуға, қозғалу күшін
айқындауға, даму заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Жалпы зерттеудің негізгі мәнін құрайтын ұғым ретінде «тұлға» алынады. Берілген ұғымды
қарастырудағы әртүрлі көзқарастарға қарамастан, отандық психология тұлға ұғымын өзіндік
актуалдану, өзіндік құрылу, жасампаз және өзіндік ұйымдасуды қамтамасыз етуші ашық өзіндік
ұйымдасушы, іс-әрекеттің түрлі формаларының субъектісі ретінде анықтайды.
Тұлғаның негізгі өмір сүруінің мәні психикасындағы, ойлауы, құндылығы, қажеттіліктері,
түрткілері және т.б. ішкі өзгерістері арқылы дамуы болып табылады. Олардың ықпалдастығының
нәтижесі көрінуі балада оқу және басқа да іс-әрекет түрлерін өзіндік ұйымдастырушы субъектілікте:
саналылық, таңдау қабілеттілігі, белсенділік, дербестік, негативті әсерлерге деген тұрақтылық және
т.б. Даму тек қарапайым өзгеріс емес, тұлғалық үздіксіз өзіндік жетілу үдерісі. Егер өзіндік жетілу
болмаса, даму да болмады. В.А.Петровскийдің пікірінше, дамудың көзі іс әрекет, қарым-қатынас және
өзіндік сана.
Тұлға мәселесіне қатысты философиялық әдебиеттерге жүргізілген талдау персоналистік
философияда тұлғаның алғашқы шындығы және жоғары рухани құндылықтарының жоғарылығы,
сонымен бірге негізгі әлеуметтік міндет тұлғаның дамуына және өзіндік дамуы ықпал етуде екендігі
көрсетіледі. Тұлғалық қалыптасудың маңызды аспектілерінің бірі ғалымдардың ойынша, өмірлік
әрекеттерді реттеу функциясын атқарушы эмоциялық еріктік аймақ болып табылады. М.Я. Басов,
К.Н. Корнилов, С.Л. Рубинштейн, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, И.М. Сеченов, А.В. Веденов, В.И.
Селиванов, К.М. Гуревич, Е.П. Ильин және басқа ғалымдардың теориялық, эксперименттік бағыттағы
зерттеу жұмыстарының талдауы адамның ерікті мінез-құлқы қоршаған шындықты өзгертуге мүмкіндік
жасайтыны айтылады. Адамда еріктің көрінуі саналы белсенділікті сипаттайды. Ерік адамның өзіндік
реттелу және өзіндік детерминациясы арқылы іс әрекеті мен психикалық үдерістерін басқара алуы.
Еріктің мәні жайлы зерттеу жұмыстары оның мотивация мәселесімен байланысты екенін
көрсетті. Л.И. Божович, В.А. Иванников, Е.П. Ильин, С.Л. Рубинштейн, В.И. Селиванов сияқты
ғалымдар мотивациялық аймақтың дамуы қаншалықты жоғары болса, еріктік реттелу де соншалықты
дамитынын айтады. Еріктің дамуының қажетті шарты субъектінің іс-әрекетке енуінде екендігі белгілі.
М.И. Маджаров, П.А. Рудик, В.И. Селиванов және т.б. ғалымдар ерік сапаларының адамгершілік
мінез-құлықты жүзеге асырудағы рөлін қарастырады. Авторлардың пікірінше, тұлғаның адамгершілік
бағыттылығының болуы ерікті іс-әрекетті жүзеге асыруға жағдай жасайды. Тұлғалық деңгейдің ерік
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
286
үдерістерімен байланыстылығы К.А Абульханова-Славская, Т.И. Шульга және т.б. ғалымдардың
зерттеу жұмыстарына арқау болады.
Баланың еріктік аймағының қалыптасуының бір жолы ретінде адамгершілік тәрбиені есептейді.
П.А. Рудик моральдік тәрбие еріктік іс-әрекеттен тыс жүрмейтінін айтады [1]. Біздің көзқарасымызша,
бұл жағдай педагогтардың қажетті зейіннін өзіне аудара алмады, бірақ соған қарамастан маңызды
мәнділікке ие. Адам адамгершілік қатынаста білімді болғанымен, егер оны еріктік іс-әрекетте
қолданбаса, ол декларативті сипатқа ие болады. Осыған байланысты Е.П. Ильин былай жазады:
«адамгершілік қағидалардың алғаш жүзеге асуы (тіпті кейбір жағдайларда ары қарайғы жүзеге асуы
да) ерік күшінің көрінуін талап етеді. Яғни, тұлға адамгершілік қағидаларын қолдану арқылы ерікті
емес, керісінше ерік күшін жұмсау арқылы адамгершілікті бола алады. Ал ары қарай адамгершілікті
мінез-құлық тұлға үшін норма, әдет болып, еріктік қылықтарды жасауды жеңілдетеді» [7, б. 193].
Мейірімділіктің көрінуі өзіңнің уақытыңды бөліп, өз тілектеріңді шектеп, басқа біреуге көмекке
келе алумен байланысты. Адамгершілікті тәрбиелеуге байланысты тренинг жұмыстары әртүрлі ерік
сапаларының көрінуімен байланысты еріктік реттелуге қатысты болады.
Ерік сапаларын дамытудың шаралар жүйесін өңдеу және жүзеге асыру барысында біз үшін
М.И.Еникеевтің ерікті саналы, тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан мінез-құлқының детерминанты,
оның психофизиологиялық ресурстарын мәнді және қажетті мақсаттарға жетуде жұмылдырушылығын
қамтамасыз етуші деген ұстанымы өте өзекті болып табылады [4, б. 72].
2000 жылы Е.П.Ильиннің ерік мәселесіне қатысты дәстүрлі және жаңа теорияларға жасаған
талдаулары, еріктің әртүрлі іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінуі қарастырылған екі монографиясы
жарық көрді. Автор ерікті адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, эмоциясын ырықты, яғни, саналы,
мотивациялы басқара алуы деп қарастырады. Еріктік әрекет мақсатқа жету жолында ерік күшін
қолдану болып табылатын ырықты әрекеттердің бір түрі ретінде анықталады. Бұл әрекет үлкен
қуатты жұмсауды қажет ететін және ішкі қысымды бастан өткізумен жүретін кедергілерді жеңумен
байланысты [7, б.17].
В.А. Сластенин пікірінше, ерікті дамыту – бұл сыртқы әсерлер мен тұлғаның өзіндік дамыту
жүйесіне тіректелетін мақсатқа бағытталған үдеріс. «Ерікті дамытуда екі жағдай үлкен рөл атқарады:
1) ерікті мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру; 2) ерікті мінез-құлық, әрекет тәжірибесін жинақтау»
[5, б.111]. Н.В. Бордовская ерік күшін, есті дамытуды ақыл-ойды дамытудың құрамдасы ретінде
қарастырады [8, б. 35]. Б.Т. Лихачев саналы тәртіпті ерікпен, зейіннің шоғырланумен байланыстырып,
саналы тәртіп сияқты ықпалдастықты сапа тұлғада еріктің, мақсатқа бағыттылықтың, мінез-құлық
дағдысы мен әдетінің қалыптасуына әсер ететінін атап көрсетеді [9].
Бастауыш сынып оқушыларының ерік күшін қалыптастыру мәселесі бойынша жүргізген белорусс
педагогы Н.А.Цыркун зерттеулері аса қызығушылық танытады. Зерттеу жұмысында автор даралық
және бірлескен іс-әрекеттің субъектісі ретінде білім алушы еркінің дамуының жалпы заңдылықтар
мен механизмдерін жүйелі-құрылысдық ұстаным тұғырында сипаттайды [10].
А.С. Макаренко саналы тәртіпті тәрбиелеуге үлкен мән берді. Автордың ойынша, саналы,
шынайы тәртіп бүкіл тәрбие жүйесімен құрылады, оны жазалаулар мен мадақтаулар жиынтығы деп
қабылдау қате пікір. Тәрбие, үдеріс ретінде морализдендіру арқылы емес, мінез-құлықты жаттықтыру
арқылы құрылады. Оның теориясының жүйеқұраушы факторы – тәрбие оқудан да мәнді, өйткені
адамдағы барлық адамилық тәрбиеленеді. А.С. Макаренко тұлғаны ұжымдағы тәрбие арқылы ерік,
жауапкершілік, парыз сезімі, жоспарлай алу, бұйрық беру және бағыну, өз эмоциясын басқара алу,
батылдық және т.б. қажетті сапаларын дамытуға болады. А.С. Макаренко еңбектерін зерттеуші
В.В.Кумарин ұлы педагогтың тәрбиені тәрбиелік оқытудан бөлуі, педагогиканың екі жағын бөлуде,
оның біріншісі санаастына негізделсе (мінез-құлықтық тренингтер, оң әдеттердің қалыптасуы),
ал екіншісі санаға негізделеді (оқу барысындағы ақпаратты меңгерудегі интеллектуалды деңгей).
Халықтық педагогикада моралдандыруды қолданбаған, сондықтан үлкен тәрбиелік нәтижелерге жете
алды.
А. С. Макаренко тұлғаны ерікті етіп тәрбиелеудің негізгі педагогикалық қағидасын ұсынды: «адамға
деген қажетінше үлкен сыйластық, оған деген қажетінше үлкен талап», «ұжымның әрбір мүшесін
қорғаудағы, жалпы талап...ондағы ерікті, батылдықты, мақтанышты тәрбиелейді» [6, б. 142]. Абырой
және парыз сияқты ұғымдардың бастауы ұжым құндылықтарын сезінуден туындайды. Сондықтан
әрбір педагог өз тәрбиеленушісі жайлы көп мағлұматтар білуі тиіс, мысалы «тәрбиеленуші әлсіз
ерік көрсетпей ме.... тәрбиеленуші қиындықтарды қалай меңгереді» [6, б. 322], еріктері төмендермен
қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
№ 1 (86) 2012
287
Ерік сапаларын қарастыру барысында ерік пен эмоцияның тығыз байланыстылығы жайлы сұрақ
туындайды. Ерік және эмоциялық үдерістердің өзара әрекеттестігін О.В. Дашкевич, В.К. Калин,
Л.С. Рубинштейн, В.И. Селиванов, А.И. Щербаков және т.б. психолог ғалымдар көрсетті. Жалпы
психология ғылымында ерік және эмоцияны еріктік-эмоциялық аймақ ретінде қарастыру қабылданған.
Сондықтан ерік пен эмоция реттеудің екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты және оларды бөлу
белгілі бір деңгейде шарттылыққа ие болғандықтан, эмоциялық – еріктік аймақты өзіндік реттелудің
тұтас механизмі ретінде дамыту қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселе оқушылардың кәсіби бағыттылығын
зерттеуде, оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін дамытуда, адамгершілік тәрбиесінде сипатталады.
Оқушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру Ю.М. Орлов,
Б.С.Алякринский, В.Б. Бондаревский, А.Г. Ковалёв, Я.Л. Коломинский, В.Г. Куценко, Л.И. Рувинский
еңбектерінде қарастырылады.
Адамгершілік тәрбиесі әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас
ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан
ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар,
өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол
рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің
барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-
құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана
жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның
қызметін атқарады.
Бұл мақсатқа нағыз педагогтердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және
өзінің ісіне берілген педагог қана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге
қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу
пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық аспектіде зерттеу
нәтижесі бастауыш сынып оқушысының эмоциялық еріктік аймағының дамуына әсер ететін ішкі
факторларды анықтауға мүмкіндік береді: оқу іс-әрекетінің тұтастығының қалыптасуы, тұлғаның
адамгершілік бағыттылығы, тұлғаның мотивациялық аймағының дамуы, зейін қою және еске сақтау
үдерістерінің дамуы, бәсекелестіктің жоғары деңгейі, қалыпты өзіндік баға, тұлғаның жалпы дамуы.
Сыртқы факторлардың ретінде педагогтің кіші сынып оқушысына қатынасы, сынып ұжымының
қалыптасуы, эмоциялық жұғысу қызметін орындайтын қоғамдық пікірлердің есепке алынуы, өзара
түсіністік атмосферасын құру, жалпы іс-әрекеттерде эмоциялық реңдікті сақтау, ұжым мүшелерін
бірлестіретін топтық күш салу және бастан кешулерді ұйымдастыру, баланың оң эмоциясын сақтау
және дамыту, кіші сынып оқушыларына этикалық тәрбие беру, оң эмоциялы ерік әрекеттері үдерісі
көмегімен өзін-өзі танудың арнайы жағдайларын туғызу, өзіндік ұйымдасу, өзіндік тәрбие, өзін-өзі
итермелеу, оқушылардың мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерін көрсету, кіші сынып оқушыларының
мақсатқа бағытталған ерік сапаларын дамыту жұмыстары. Педагогикалық іс-әрекет барысында
ойын формаларын пайдалану. Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің
оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың
өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау
сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке
бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды
қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік
танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін
сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға
түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторларға жататын соғыс
ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар
бар.
Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
288
танытуы, баланың іс-әрекеттерінің эмоциялық-еріктік аймақтың дамуына және бастауыш сынып
оқушысының саналы реттелуіне ықпал жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Рудик П.А. Психологические основы морально-волевой подготовки спортсмена / Рудик П.А. – М. 1962
2. «Практическая психология образования» /Под.Ред. И.В. Дубровиной; М.:1997г.
3. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования / Узнадзе Д.Н – М. 1966
4. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии.М.,1982. 231 с.
5. Сластенин, В.А. Психология и педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений [Текст] / В.А.
Сластенин, В.П. Каширин. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 480 с.
6. Макаренко, А.С. Избранные педагогически сочинения: В 8 т. [Текст] / А.С. Макаренко. – М.: Педагогика,
1985 – т. 5. – 399 с.
7. Ильин Е.П. Психология воли / Ильин Е.П – М. 2000
8. Бордовская, Н.В. Педагогика: Учебник для вузов [Текст] / Н.В. Бордовская, А.А. Реан. – СПб.: Питер,
2004. – 300 с.
9. Лихачев, Б.Т. Педагогика. Курс лекций [Текст] / Б.Т. Лихачев. – М.: Прометей, 1992. – 528 с.
10. Цыркун, Н.А. Развитие воли у младших школьников [Текст] / Н.А. Цыркун. – Минск.: Народная асвета,
1997. – 127 с.
Редакцияға 12.09.2011 қабылданды
.
Н.С. ПҰСЫРМАНОВ
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
The article called “Researching of problems of Independent Kazakhstan’s Professional Parliament”
observes issues of scientific research approaches of Professional Parliament.
A research analysis of Parliamentary Institution establishment in the Republic of Kazakhstan is held in the
light of works of such academicians as N. Kaliyev, A. Bakir, B. Bekzhanov, K. Dautaliyev, A. Dzhildibayev.
Бүгінде, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр. Осы жылдар
ішінде еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, біршама белестерді бағындырды. Сонымен қатар
бүгінде еліміз алдына анық та айқын мақсат қойып, биік мұраттарға қол созуда. Бұл тұрғыда кәсіби
Парламенттің атқарып жатқан қызметі бір төбе десек қателеспегеніміз. Алайда біз бұл жерде оның
қызметін әсірелеп тұрғанымыз жоқ, керісінше заман ағымына қарай бейімделуіне, заманға сай
жаңаруындағы рөліне баса назар аударудамыз. Кезінде атақты неміс ойшылы Гегель: «Тәжірибе мен
тарих үйреткендей, халық пен өкімет еш уақытта ешнәрсе үйренген емес, әрі оған сай әрекет жасаған да
емес. Әр дәуірде ерекше жағдайлар қалыптасып, әр дәуір жеке жағдаймен сипатталады. Сондықтанда
бұл дәуірде осы жағдайға сәйкес шешімдер қабылдау қажет. Тұманды өткеннің естеліктері қазіргі
кезеңнің өміршеңдігі мен бостандығымен салыстырғанда түк те емес», – деп жазған [1,8]. Бұл
немістің ойшылының пікірімен келіспеуге болмайды. Шындығында да алуан түрлі жағдайлар мен
оқиғаларға толы бүгінгі күннің өткір де өзекті мәселелері «бұлыңғыр өткеннің естеліктерінен» басым
түсіп отырады.
Уақыт өткен сайын заман ағымына қарай жаңа сұрақтар туындап, өз деңгейіне сай жауап күтеді.
Бұл тұрғыдағы сұрақты өткен тарихтың жауабы қанағаттандыра алмайды. Сондықтанда заман
талабына сай обьективті бағалау, жаңашылдықпен зерттеу – бүгінгі күн талабы. Бірақта тарих
тәжірибесін ескермеусіз зерттеу болмайтындығын естен шығармаған дұрыс. Сонымен тарихымызға
үңілсек «кәсіби Парламенттің» қалыптасуы, дамуы, заманға сай бейімделу мәселелері төңірегінде
талай айтыс-тартыстар болды да, болып жатыр және бола бермекші. Осы орайда біз алдымызға
мынадай сұрақты қоюды жөн көрдік: Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Парламент
мәселесі қаншалықты деңгейде зерттелді және кәсіби Парламент осы уақытқа дейін қай қырынан
ашып көрсетілді?
Біз зерттей отырып, Қазақстандағы зерттеуші, ғалымдардың жұмысын қарастыру барысында,
осы мәселе бойынша жазылған төмендегі еңбектерге көңіл аударуымыздың басты себебі Парламент
туралы кезінде толық зерттеу жүргізгендігімен, саяси тұрғыда болжамдар жасалынуымен қатар, соңғы
кездегі зерттеушілердің де қазіргі таңда қай бағытта зерттеу жүргізіп жатқандығы негізге алынды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда осыған дейін Жоғарғы кеңес деген атпен
№ 1 (86) 2012
289
жұмыс жасап келген заң шығарушы органды «Парламент» деген атаумен ауыстырды. Алайда 1993
жылы 28 қаңтардағы «Негізгі заңымызда» Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілген болатын. Бұл
биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып
жіберді. Жаңа ғана аяққа тұра бастаған жас еліміз үшін бұл ауырлықтың үстіне ауырлықты артқанмен
бірдей болды. «Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана республикалық билік органдары
өз заңдарын шығаруға мүмкіндік алды. Алғашқы кездері қоғам мен мемлекет өмірінің маңызды
салалары үшін аса қажет болған заңдарды қабылдадық. Бірақ тәуелсіздік жағдайында жұмыс істесе
де, бұрын таптаурын ізден шыға алмаған Жоғарғы Кеңес сапалық жағынан мүлдем жаңа, күн сайын
өзгеріп отырған экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес тиімді жұмыс істеуге дәрменсіз
болып шыққанын білеміз... Өкінішке орай оның орнына келген он үшінші сайланған Жоғарғы
Кеңесте таптаурын болған ескі жолдан шыға алмаған. Оның үстіне Конституциялық соттың шешімі
көрсеткендей заңсыз деп танылды. Осының бәрі оның өз жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатуына алып
келді» [2,8]. Сонымен, жоғарыда аталғандай 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» деген ұғым алған рет
ресми түрде бекітілді. Осы орайда айта кеткен жөн, бұған дейін қызмет атқарып келген Жоғарғы
Кеңесте Парламент деп шартты аталмағанымен, заң шығаруда басты рөл атқарды. Сондықтанда тек
Парламент деген атау пайда болғанда заң шығарушы орган қалыптасты деген ой туындамауы керек.
Оның тарихына үңілсек, әріге 1938 жылғы Конституцияға басты назар аудару қажет. Бұл тұрғыда
көптеген ғалымдар ой қозғап, маңызды зерттеулер жүргізді.
Сонымен, зерттеуіміздің нысанына оралсақ, ата заңымызда «Парламент – Қазақстан
Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді
органы» [3,22-23], – деп атап көрсетіліп, биліктің бөлінуін анық көрсетті. Осыдан кейін 1995 жылы
желтоқсанда қос палаталы Парламентке депутаттар сайлау процесі өтіп, 1996 жылы 30 қаңтарда
тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш кәсіби қос палаталы Парламенттің бірінші шақырылуы
өтті. «... Ең алдымен сіздердің баршаңызды жас мемлекетіміздің тарихындағы тұңғыш кәсіби екі
палаталы Парламенттің бірінші шақырылуына сайлануларыңызбен және оның алғашқы сессиясының
ашылуымен шын жүректен құттықтап, табыс тілеймін! ... Бірінші сайланған Парламенттің бүгінгі
бірінші сессиясы Конституцияның талаптарын орындаудан басталады... Одан әрі елбасы Н.Назарбаев:
«...біз Қазақстанның шынайы өркениетті парламентаризмінің мөлдір бастауында тұрмыз» деген
ойының мәні зор [2,7]. Осыдан бастап еліміздегі зерттеушілердің пікірінше кәсіби Парламент
қалыптаса бастады. Енді кәсіби деп өз атауына сай Парламентте өз жұмысын арттыра түсті. Парламент
депутаттары енді тек сессияларға жиналып қана қоймай тұрақты негізде қызмет жасай бастады.
Осы елеулі оқиғадан кейін саяси әдебиеттерде «парламент» және «парламентаризм» ұғымдары
жиі айтыла бастады. Алайда бұл екі ұғым сабақтаста, байланыста болғанымен бірдей мазмұнды
бермейді. Бұл тұрғыда алғашқылардың бірі болып кең көлемде жазылған Н.Қалиевтің «Қазақстан
Парламентаризм» атты еңбегінің орны ерекше. Онда «парламент» және «парламентаризм» ұғымдары
саяси талданған: «Парламент деп, ең алдымен, міндетті түрде демократиялық құқықтар мен
нормаларды, рәсімдерді сақтай отырып, бүкіл халық тікелей сайлаған өкілдер енетін, демек, бүкіл
халықтың мүддесін білдіретін және қорғайтын алқалы органды атайды» [4,67], – деп бүгінгі күнде
де өте өзекті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру керек екендігін әділ айтқан. Шынымен де, ұлттық
ерекшелігін ұмытпаған жапон халқы бүгінде өзге елдерден қай жағынан болса да ұпайы түгел және
мәдениеті озық тұрғаны баршаға аян. Осы орайда айта кеткен жөн Парламенттің тиімді жұмыс
жасауы мен мәртебесі елдің мемлекеттік құрылысына, салт-дәстүрлері мен ерекшеліктеріне және
қоғамның саяси жүйесіне де байланысты. Осының барлығы аталмыш автордың еңбегінде байыпты
зерттеліп, тәуелсіздік тұрғыда жаңашылдықпен жан-жақтылықпен қарастырылған. Одан әрі автор
Парламентаризмге мынадай анықтама береді: «Парламентаризм – парламенттің басқа мемлекеттік
органдарымен өзара қатынасының қалыптасқан, пәрменді жүйесі, мемлекеттік билік механизмінде
оның орны мен рөлін, тиісті мәртебесін қамтамасыз ететін өкілдікті демократияның қызмет жасауы
мен ұйымдастырылуының негізгі әдісі» [4,68], – десе, «Қазақстан Республикасы кәсіби Парламентінің
қалыптасуы» атты еңбектің авторы Ә.Бәкір Парламентаризм – мемлекеттік биліктің қатаң бөлінісіне
негізделген, атқарушы билікке қатысты Парламенттің басымдығы Конституцияда айқындалған, қоғамды
мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі, – деп, ал Парламенттің шынайы кәсіби қалыптасуы
үшін белгілі уақытты қажет ететін бірнеше факторларды атаған: «Біріншіден, жаңа қоғамның саяси
жүйесінің, оның ішінде Парламенттің толыққанды қалыптасуы маңызды мәселе. Екіншіден, өтпелі
кезеңдегі күшті Президенттік басқару жағдайында өкілеттігі шектелген Парламент атқарушы биліктің
заңдардың орындалуын бақылау құқығына ие ету қажет. Үшіншіден, демократиялық және құқықтық
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
290
мемлекет құруды мұрат етіп отырған қоғамымызда саяси қатынастардың қалыптасуы керек. Бұл
бағытта шынайы партиялардың рөлі күшті болмақ. Төртіншіден, қоғамның оның мүшелерінің жоғары
саяси мәдениеті айрықша мәнді. Халықтың саяси белсенділігі, өзін биліктің бастауы ретінде сезінбей
демократиялық үрдістер тереңдей қоймайды» [5,326], – деп дөп басып көрсеткен. Тоталитарлық жүйе
қыспағынан босаған Қазақстанның кәсіби Парламентінің бірден қалыптасуы мүмкін еместігі заңды.
Конституциямыздың өзі француз мемлекетінің конституциясына негізделіп жасалынғанымен, әлі де
болса біздің кәсіби Парламентіміз өз ортамыздан тамыр жайып, өсіп өніп шығуы керек.
2007 жылғы ел Конституциясына біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін кәсіби
Парламентіміздің рөлі көтеріле бастады. Бұған дейін күшті президенттік биліктік басқару нысанында
Парламенттің өкілеттіліктері шектелген. Осы тұрғыда «Ол (Парламент) өзінің табиғатына сай
функцияларды толыққанды атқара алмай, тіпті Парламент заң шығарушылық жұмыста да атқарушы
билікке тәуелді болып отыр. Оған кезінде қоғамда талай айтыс-тартыстың өзегі болған «Жер туралы»
Кодекстің Парламенттегі қарауын алуға болады. Мәжілісте ғана мақұлданып, Сенатқа жетпеген «Жер
туралы» кодексте тек мәжілісмендер енгізген өзгерістер мен толықтыруға келіспей шамданған Үкімет
Парламентпен теке-тіреске түскені белгілі. Мұндай мысал отандық Парламенттің бүгінгі жағдайында
ғана болуы мүмкін» [5,75].
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әр елдердің үкіметке сенімсіздік білдіру құқығы мен оны жүзеге
асыру механизмдері түрліше. Алысты шарламай, көрші Ресейді алып қарасақ, РФ Конституциясы
бойынша Мемлекеттік Думада үкіметке сенімсіздік көрсету жөніндегі қаулы депутаттардың жалпы
санының көпшілік даусымен қабылданады. Содан кейін ел Президенті Мемлекеттік Думамен келісер,
келіспейтіндігін білдіреді. Ал Қазақстанда Конституциямызда атап көрсетілгендей Парламент
палаталарының депутаттары үдеріске қатысып, әрі олардың үштен екісінің дауысымен ғана
Республика Президентіне жүгіне алады. Бұл шынына келгенде жүзеге аспайтын заңдық норма деген
зерттеуші Ә.Бәкірдің ойымен келісуге болады. Осы тұрғыдағы зерттеулер әлі де болса кенже қалып
келеді.
Сонымен қатар кәсіби парламенттің заң шығарудағы орны әлі де төмен екендігін заңгер ғалым
С.Зиманов қынжыла жазады: «Барлық сайланған Парламенттің жұмысындағы бірінші жетіспеушілігі
– Парламент қарауына жіберілген заңдардың басым бөлігі тұжырымдамасыз жоба ретінде ұсынылуы...
Екінші жетіспеушілігі – Парламент жұмысындағы белгілі бір деңгейдегі заңмен тым әуестенуі.
...Яғни Үкімет, Министрліктер, Әкімдердің заңдық актілермен табысты реттелетін барлық қажетті
қатынастарды заңмен реттеуге ұмтылысы. ... Олардың бұрынырақ қабылданған заңдарға өзгерістер
және толықтырулар қосумен әуестенулері көрініс береді. Олар көбіне, ұсақ, түсінуге тым ауыр,
түсіндірілмейтін, яғни бұл өз кезегінде тұрақтылық принципіне нұқсан келтіреді, олардың халық үшін
анықтылығы мен түсініктілігі бұзылады (ауд. автордікі П.Н.) [6,245]. Заңгер ғалымның бұл сөзінен әлі
де болса халық қалаулыларының кәсібилігінің жеткіліксіздігі мен атқарушы органдардың өздеріне
ынғайлы заңға өзгерістер ұсынулары байқалады. Бұл орайда Парламенттің заң қабылдау қызметін
жетілдіру керек. Осы мәселеге қатысты саясаттанушы С.Дьяченко парламенттің заң қызметін жетілдіру
үшін заң жобасын дайындаған депутаттар мен депутаттық топтарға қаржылай сый ақы беруді ұсынады.
Біздің ойымызша, «Қазақстан халқына адал қызмет етуге Қазақстан Республикасының тұтастығы мен
тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың мәртебелі
міндетін абыроймен атқаруға ант еткен» Парламент депутаттарына өз жұмыстарын атқарғаны үшін
қосымша сый ақы төлеу депутаттарды «халық өкілдерінен» «халық масылдарына» айналдырары
сөзсіз [7,74], - деген зерттеуші, ғалым Г.Р.Нұрымбетованың сөзі өте орынды.
Ал келесі Парламент төңірегін тыңғылықты зерттеген Ә.Бәкірдің заң шығарушылық жұмыстың
тиімділігін арттыру үшін Парламент пен үкімет өкілдерінен үйлестіру орталығын құру қажеттігі
туралы пікірінің мәні бар. Сонымен қатар Парламенттің рөлін арттыруда бақылау функциясының
алар орны ерекше.
Бүгінде Парламенттің функцияларына байланысты зерттеулер қарқын алып келеді. Алайда
зерттеуші-ғалымдар арасында бақылау функциясына байланысты таластар әлі де болса күшінде.
Бір ғалымдар бақылау функциялары бар екендігін және ашық жұмыс жасауда десе, кейбіреулері тек
жанама түрде дегенмен шектеуде. Осы туралы зерттеп журген зерттеушілер еңбектеріне сүйенсек
Ә.Бәкір бақылау функциясына байланысты маңызды ойды түйіндейді: «Егемен елдің қаржылық
қиындықтары, шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың өсуі, ұрлық қарлықтың көбеюі,
салық төлеуден жалтару тағы басқа жаңа қоғамның қалыптасу үдерісіндегі келеңсіз көріністер жалпы
бақылауды күшейтуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың келеңсіз көріністерімен бүкіл қоғам болып
күресу қажет. Онсыз күрес тиісті нәтижесін бермейді. Ең негізгісі мемлекеттік бюджетке парламенттік
№ 1 (86) 2012
291
бақылауды күшейту болып табылады. Мемлекеттік бюджет кеңістігінде қатаң тәртіп орнатылғаны
жөн. ... Негізгі заңымыздың 3-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Сондықтанда ол сайлаған Парламенттің бақылау функциясы толыққанды болуы керек. Парламенттік
бақылау – Парламент өкілдігінің деңгейін айқындайтын бірден-бір биліктік функция. Ол – кәсіби
Парламентке аса қажет парламентаризмдік сипат [5,281-282], – деп заман талабына сай әлемдік
тәжірибені ескергендігі көрініп тұр. Зерттеуші Н.Қалиев «Қазақстан Парлементаризмі» еңбегінде
Парламенттің бақылау функциясы жанама түрде екендігіне көніл аударса, ал Ә.Бәкір оның құқығы
шектелгенін алға тартады. Сондай-ақ Парламенттің артық өкілеттігі мемлекеттік билік тармақтарын
тепе-теңсіздікке апарып соқтырады деп есептейтіндер де бар. А.Нұрмағанбетов өз мақаласында
былай жазды: «Егер әңгіме Конституцияны өзгерту мен еліміздің тоқсаныншы жылдардың бас
кезінде жұмыс істеген бақылау палатасы үлгісіндегі орган құру туралы болса, меңінше мұндай шешім
билік тармақтары арасындағы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін [8], – деп
жазуы ойлануға тұрарлық. Алайда заман ағымына қарай бейімделе түссек, өткен тарих тәжірибесін
ескермей қателікті қайта қайталау екіталай. Бірақта өмір қажеттіліктерін ескермей тағы да болмас.
Бүгінде бұндай ойда жүрген зерттеушілерде болуы мүмкін. Алайда осы орайда ескеретін бір жайт
кәсіби Парламенттің алдында бақылау функциясынан да маңыздырақ ең басты мәселе – заң шығару
үдерісіндегі Парламент комитеттері тиісті заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастардың бүкіл
ауқымына, сала-саласына кешенді түрде талдау жасап, аймақтық ерекшеліктер ескеріліп, ережелер
мен нормалардың қатынастар жүйесіне қандай өзгерістер жасайтынын да болжап талдайды.
Бақылау функциясына байланысты заңгер ғалым, зерттеушілер еңбектеріне сүйенсек Б.Бекжанов
«парламентаризм в Казахстане: современное состояние и перспективы развития» атты еңбегінде
Парламенттің бақылау функциясын бір бөлек, сонымен қатар қаржы-бюджеттік, коммуникативті және
интегративтік функциялар деп те бөлген [9,15]. Алайда оның бұл тұрғыдағы бөлуі біржақтылық сипат
алған және қаржы-бюджеттік, коммуникативті және интегративтік деп бақылау функцияларынан
бөлек қарастыру қисынға келмейді. Бақылау функциясын тек тексеру, қадағалау деп түсінбеген жөн.
«Парламенттік бақылау – өте кең әлеуметтік саяси, экономикалық-қаржылық, рухани адамгершілік,
ақпараттық категория. Оны жүзеге асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысы бар
талдаулар мен сараптамалар әзірленіп, қорытындылар жасалынады» [4,129].
Дамыған елдер тәжірибесінде Парламенттік бақылаудың төрт түрі бар. 1. Үкімет ұсынатын ел
бюджетін бекіту, 2. Үкіметке сенімсіздік білдіру, 3. Үкімет мүшелерінің тағайындалуына келісім беру
құқығының болуы, 4. Министрліктердің және басқа мемлекеттік жоғарғы лауазымды тұлғалардың
қызметіне парламенттік тексеру жүргізуге хақылы болу. Осы аталған бақылау түрлерін өз елімізге сай
қолдана алу және бұл тұрғыды біршама жайларды ескеру керек.
Келесі бір заңгер зерттеуші Дауталиев Қ.Н. «Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау
функциясы» атты зерттеуінде «бақылау функциясын» жан-жақты талдаған және бүгінде оның
әлсіздігін былай түсіндіреді: «қазақстандық парламенттік бақылаудың әлсіздігі осы бағыттағы
концептуалдық және саяси факторлердің жетілмегендігінен қалыптасып отыр» және оның жүзеге
асыруында «заңдылық, обекътивтілік, тәуелсіздік, жан-жақтылық және толықтылық, құзыреттілік
(компетенттілік), ынтымақтастық, жариялылық» қағидалары Парламенттік бақылау функциясында
қатаң сақталуы керек екендігін дұрыс айтқан. Одан әрі «Парламентік бақылау қағидалары өзара
тең, олардың қайсыбірін бірінші не маңызды, ал екінші біреулерін кейінгі не маңызсыз деп біліп
қарастыру орынсыз. Барлық қағидалар өзара байланысты және өзара тең әрі тұтастай қамтылғанда
ғана парламенттік бақылау тиімді нәтижесін береді» [10,11], – деген. Сонымен қатар оның яғни
жоғарыда аталған еңбегі алғаш заңдық тұрғыда жеке зерттеу болып отырғандығын атап өткен жөн.
Жалпы 1996 жылғы 30 қаңтардан бүгінге дейін кәсіби Парламент 1930 заң қабылдаған.
«Парламентаризм - егемендіктің және Тәуелсіз Қазақстанның қарышты дамуының кепілі» атты
конференцияда Сенаттың Заңнама және құқық мәселелері комитетінің төрағасы Берик Имашев
Парламентпен қабылданған заңдардың 103-ін ел Президенті жедел әрі басым жағдайда қарауды
тапсырған. «Парламент Сенатының 15 жылдан астам уақыт қызметі барысында палата өз құзыреті
шеңберінде 13 парламенттік тыңдау өткізіп, сенаторлар биліктің басқа тармақтарына 1 мың 100-ден
астам депутаттық сауал жолдады. Осы жылдар ішінде Сенаттың тұрақты комитеттері 220-дан астам
іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер,
Үкімет сағаттары мен көшпелі отырыстар бар», - деген болатын [11].
Парламент заңдарының санынан гөрі қашанда сапасы басым болуы керек және ол заңдар шынайы
өмірге лайықталып жасалынуы қажет. Сонымен қатар халық қалаулыларының жоғарыда аталған
қызметтерін кәсіби Парламенттің іргетасы деп есептеуге болады.
Қоғам мен мемлекетті жақындастыруда Парламент қызметінің саяси жариялылығын қамтамасыз
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
292
ететін бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануды ойластырған жөн. Осы орайда тәжірибесі
мол парламент отаны Англияны алып қарасақ, «Британияда белгілі саяси журналистер парламенттің
лобби мүшелері болып табылады. Қазіргі таңда 140-қа жуық тілшілер Вестминстерге ресми рұқсатқа
ие – бұл тек Парламент отырысында ғана емес, сонымен қатар премьер-министрдің пресс-хатшысы
күніне екі рет өткізетін жабық брефингтерге қатыса алады, оның ішінде тіпті халықтан, парламенттің
кейбір мүшелерінен бұрын үкіметтік және парламенттік құжаттардың негізімен таныс болады» (ауд.
автордікі П.Н.) [12,206]. Бұл тұрғыда Парламентке біршама уақыт қажет.
Қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда «кәсіби Парламент» мәселесінің өзектілігі артуда. Әсіресе,
2007 жылы ел Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін еліміз Президенттік
нысандағы басқарудан Президенттік-Парламенттік басқаруға бейімделуі зерттеушілердің басым
бөлігінің басты нысанасына айналды. Уақыт өткен сайын олқылықтардың орны босап, жаңа сұрақтар
пайда болуда. Осы орайда, «кәсіби Парламенттің» алдағы уақытта қалай жұмыс жасайтынын және
шынайы өмірге қаншалықты бейімделуде, өзінің «кәсіби деңгейін» қалай көрсетіп жатқандығы
туралы зерттеулер «кәсіби Парламент» маңыздылығын заманға сай арттыра түсетіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: |