Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Тетіктерді өңдеу бағдарламасын жасаудың негізі



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тетіктерді өңдеу бағдарламасын жасаудың негізі

Тетікті  өңдеу  бағдарламасы  тетіктің  геометриялық  пішіні  мен  оның  дайындамаға

қатысты  кескіштердің  орын  ауыстыруы  туралы  мəліметтерден  тұрады. Сондықтан,

программист осы  мəліметтерді  бір қалыпқа  жинақтап, оларды жазуы  керек. Геометрияныңғ

суреттемсі  мен  орын  ауыстырулар, ең  бірінші  кезекте, координат  жүйесінің  тапсырмасын

талап  етеді. Егерде  програмист  координатасының  жүйесі  білдектің  негізгі  координат

жүйесінен  өзгеше  болса, онда  тетік  дұрыс  шықпайды. Сондықтан  программист  кескіштің

қозғалыс  қисығы  берілетін  координат  жүйесінің  бағытын  үнемі  тексеріп  отыруы  қажет.

Егерде  қоғзғалыс  қисығы CAD қорындағы  мəліметтерге  сəйкес  тұрғызылса, онда  үлгінің

немес  сызбаның  координат  жүйесі  білдек  координатының  жүйесімен  бірдей  ұқсас  болуы

керек.

Координат жүйесі

Аспап  пен  дайындаманың  салыстырмалы  орын  ауыстыруы  білдектің  бағыттаушысы

арқылы жүзеге асырылады. Үш негізгі орын ауыстыру осі х, ү, жəне z ось деп аталады жəне

оң  координат  жүйесін  құрайды. Осьтердің  оң  бағыты  білдекті  өндірушіге  байланысты

анықталады.  Жалпы  келісімге  сəйкес z осінің  оң  бағыты  аспаптың  дайындамадан

алшақтануына сəйкес келеді. Жалпы келісім бойынша білдектер кескіштің қажетті орналасуы

мен  бағытын  беретін  координаталар  санына  сəйкес  жіктеледі. Мысалы, жону  білдегі

бақылаушымен  бірмезгілде  берілетін 2,3 немесе 5 ось  болуы  мүмкін. Басқа  сөзбен  айтсақ,

егерде  бақылаушы  бірмезгілде  кескішті  екі  оспен  орын  ауыстыратын  болса, онда  білдек

екіості  немесе  екі  еркіндік  дəрежесі  бар  деп  аталады. Мұндай  жағдайда, аспап  үшінші  ось

бойымен еркін орын ауыстыра алады. Егерде білдекте үш еркіндік дəрежесі болса, онда аспап

үш  өлшемді  кеңістікте  еркін  қисық  бойымен  қозғала  алады, бірақта  бағытын  өзгертпейді.

Егерде  кескіштің  бағытын  бірмезгілде  оның  кеңістікте  орын  ауыстыруымен  қатар  өзгерту

қажет етілсе, онда білдектің бірнеше еркіндік  дəрежесі болуы  керек. Сатуда тоғызға дейінгі

еркіндік дəрежесі бар білдектер кездеседі.

Кең тараған фукциялы интергацияланған CAD/CAM

CAD/CAM  жүйесінің  ең  маңызды  қасиеттерінің  бірі  білдек  паркіне  бейімделу.  №4

дəрісте  CAD/CAM өнімдерінің суреттемесі берілген. Білдек немесе СББ білдектер сатып алу

кезінде  мамандардың (технологтар  жəне  программистер) алдына  қойылатын  сұрақтар,

мысалы жабдықтар қандай бағдарламамен қамтамасыз (CAD/CAM өнімдері) етілген? Білдек

үлгісінің  сандық  форматтағы  жүрісі  оның  шынайы  қызметін  дəл  көрсетуі  қажет. Өйткені,

өңдеу  симуляциясы  мен  білдектегі  шынайы  өңдеу  арасындағы  айырмашылық  бірінші

дəрежелі орынды иеленеді. Механикалық өңдеу симуляциясы дамудың белгіленген жолынан

өтті. Бүгінгі  күнде  көптеген  САМ-жүйелері  симуляцияның  кейбір  мүмкіндіктерін  ұсынады.

Бірақта  барлық  осы  жүйелер  бірдей  жұмыс  істемейді. Олардың  арасындағы  айырмашылық

маңызды  роль  атқарады: СББ  білдектерінің  программисті  санды  əлемдегі  білдек  үлгісінің


қимылы  оның  цехта  шынайы  жұмыс  істеуін  дəл  суреттеуіне  сенімді  болуы  керек. Өңдеу

үрдісін  дұрыс  таңдау  үшін  өңдеу  симуляциясы  мен  білдектегі  шынайы  өңдеу  арасындағы

айырмашылықты  түсіне  білу  өте  маңызды.  Сонымен  қатар,  СББ  білдегінде  тетікті  өңдеу

симуляциясының  келесі  кезеңдерін  бөліп  көрсетуге  болады: аспаптың  қозғалыс  қисығының

верификациялау,  қозғалыс  қисығын  іштен  суреттеу  негізінде  өңдеуді  симуляциялау, ISO

шарттыбелгілерінің  негізінде  өңдеуді  симуляциялау, бағдарламалау  үрдісінде ISO

шарттыбелгілерінің негізінде өңдеуді симуляциялау; бақылаушымен тікелей басқаруды өңдеу

симуляциясы.

Аспаптың қозғалысы  қисығының верификациясы – симуляциялаудың қарапайым түрі,

білдек  үлгісін  жасаусыз  орындалуы  мүмкін. Стандартты  жону  операциялары  үшін

бақылаудың  осы  түрі  жеткілікті  болып  саналады.    Қозғалыс  қисығының  ішкі  көрінісі

негізінде  өңдеу  симуляциясы  бірыңғай  жүйе  сияқты, білдектің  үшөлшемді  кинематикасын

жəне үшөлшемді үлгі осіне байланысын ескере отырып, дайындамамен салыстырмалы түрде

аспаптың орын ауыстыруын жəне білдектің жұмысын суреттеуді қажет етеді. Сонымен қатар,

білдек жұмысының толық жəне дəл симуляциялау жүйесін жасау үшін түйінді, негізгі шарт

бастапқы  мəлімет  постпроцессордың  жұмысының  нəтижесін  пайдалануы. Демек,

бақылаушыға жіберілетін мəліметтер.   Бұл үшін қозғалыс қисығының ішкі көрінісі негізінде

өңдеу имитациясының модулінен неғұрлым күрделі құрал қажет етіледі. Өйткені, стандартты

ISO шартбелгілерінің  əртүрлі  кеңеюлері болуы  мүмкін (мысалы, G- жəне М-шартбелгілері).

ISO əмбебап  стандартталған  шартбелгілер  жинағын  ұсныады, бірақта  кез  келген  стандарт

сияқты, ол  өзінің  əртүрлі  бақылаушы  өндірушілеріне  жəне  білдектерге  байланысты  кеңеюі

мүмкін. Бақылаушыға шартбелгілер мен оның мəндері ғана жеткізіледі, сондықтан олырдың

қалай  интерпретицияланатын  анықтау  аса  маңызды.  ISO шартбелгісі  негізінде  өңдеу

симуляциясы. Постпроцессор  жұмысының  нəтижесі  негізінде  өңдеуді  симуляциялауды

қамтамасыз ету үшін, жүйе  ISO жəне басқа да команда бақылаушысына сипатты  басқарушы

шартбелгілерін,  сондай-ақ  қажетті  сандық  мəліметтерді  интерпретициялауы  қажет. Содан

соң  алынған  мəліметтер  білдек  механизмі  мен  жұмыс  мəрімдерінің  орын  алмастыруына

түрленеді.  Бұл  үшін  нақты  білдек  пен  оның  бақылаушысы  туралы,  сондай-ақ  білдекті

жинақтауға  дейінгі  толық  мəліметтерді  жинастыру  керек. Іс  жүзінде, постпроцессордың

жұмысының  нəтижесін  декодирлеу  туралы, яғни  СББ  бақылаушысы  жасайтын  үлгідегі

сияқты  орындалу  туралы  болады. Бірақта  алынатын  қорытынды, нақты  тетікті  дайындау

кезінде  білдек  бақылаушысына  түсетін  шартбелгімен  басқарылатын  үшөлшемді  өңдеу

симуляциясын аламыз.

Мұндай  ыңғай  аспаптың  қозғалыс  қисығын  ішкі  көрінісінің  кезінде  болмайтын

шарттарды  бейнелеуге  мүмкіндік  береді. Бұл  əсіресе  тығыз  жинақтаулы  күрделі  білдектер

кешендері үшін аса маңызды. Əсіресе, бірнеше операцияларды бірмезгілде орындау үшін аса

маңызды болып табылады.

Бағдарламалау үрдісінде ISO шартбелгісі негізінде өңдеуді симуляциялау

СББ білдектерінің программистіне білдектің, аспаптың жұмысшы мəрімінің кез келген

уақытта  орналасу  жағдайын  білу  міндет. Сенімді  синхрондау  үшін  басқарушы

бағдарламаның жеке бөліктерін өңдеу уақытын білу міндетті. Машина уақытын есептеу үшін

басқарылушы координаттары (үдеу, орын ауыстырудың ең үлкен жылдамдығы, динамикалық

жүктемелерді  шектеу, тоқтау  есептегішінің  дəл  орналасуы  жəне  т.б.) бойынша  білдек

жетегінің шамасы мен бақылаушының мүмкіндіктерін дəл суреттеу қажет.

Симуляцияның əмбебап жүйесі жоғары жылдамдықтағы аспаптарды пайдалану кезінде

жеткіліксіз  болып  табылатын  дөрекі  жақындасуды  береді. Білдектің  барлық  мүмкіндіктерін

пайдалану  кезінде  жұмыс  мəрімдерінің  соғылысу  мүмкіндігі  жоғарлайды.  Дайын

бағдарламадан  қате  табылған  жағдайда, басқарушы  бағдарламаны  қолмен  түзетуге  тура

келеді, немесе САМ-жүйесін қайтадан іске қосуға тура келеді. Сонымен қатар, барлық үрдіс

қателер мен сынақтар тəсілі арқылы орындалады. Мұндай құралдар САМ-жүйесіне құрылуы

керек. Іс  жүзінде,  құрылған  жүйені ISO шартбелгісі  негізінде  өңдеуді  симуляциялау  жəне

постпроцессорды  толық  интеграциялау  талап  етіледі. САМ-жүйесінде  пайдаланылатын


синхрондау  қызметін  қосу  арқылы, біз  СББ  білдектерінің  программистіне  қажеттілерді  бір

қосымшаның құрамында аламыз.



Бақылаушымен басқару құралы мен өңдеуді симуляциялау

Өңдеуді  моделдеудің  шынайылығын  көтерудің  келесі  кезеңі  –  сандық  шамалар  мен

басқарушы шартбелгілерді өңдеу бойынша бақылаушының əрекеттерін дəл көшіру. СББ кез

келген  бақылаушысы  құрылған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  иеленеді. Көпшілігінде

САМ-жүйесінің  постпроцесіне  кіру  кезінде  алынатын  мəліметтерді  интерпретациялауды

орындайтын  күрделі  алгоритмдері  қолданылады. Сонымен  қатар, кез  келген  нақты

бақылаушы  берілген  тапсырманы  өз  бетінше  шешеді. Мұны орындаудың  ең  жақсы тəсілі –

нақты  бақылаушының  бағдарламалық  қамтамасыз  етілуін  ала  отырып  жəне  оның

қосымшасын  тұрғызу. Мұндай  жағдайда, бақылаушының  БҚ  САМ-жүйесінің  виртуальды

ортасында  басқарушы  кодты  интерпретациялайды. Бұл «бақылаушыны  қолданумен  өңдеуді

симуляциялау»    деп  аталады.  Іс  жүзінде,  САМ-жүйесі  үшін  жəне  цехтағы  бақылаушылар

қолданатын    жүйелер  үшін  барлық  үрдістерді  дəлдіктің  жəне  толық  аяқталғандықтың  жаңа

деңгейіне  көтереді. СББ  өндірушілерді  бақылаушылардың  аз  ғана  мөлшері  өңдеуді

симуляциялау жүйесіне БҚ бақылаушысының қосылу мүмкіндігін қолдайды. Қазіргі заманғы

СББ  білдектерін  пайдалану  кезінде  ең  жоғарғы  нəтижелерге  қол  жеткізу  үшін  САМ-

жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, өңдеуді симуляциялау жүйесіне қосылған басқарушы

код драйвер қажет. СББ жабдықтарының пайдасын арттыру үшін, бақылаушыны қолданумен

өңдеуді симуляциялауды орындау керек.



Негізгі əдебиеттер: [6], [8], [23], [26-30] [33]

Бақылау сұрақтары:

1. СБББ механикалық өңдеуді симуляциялау не үшін қажет

2. СББ білдектері үшін басқарушы бағдарламаларды жасау

3. СББ екі процессорлы жүйесі

4. Білдектерді басқару жүйесі

5. Сандық бағдарламалық басқарулы жүйелерді модернизациялау: NC; CNC; PCNC;



Дəріс 14 Тақырыбы: Өндірістік кəсіпорынды ақпараттық жəне техникалық қамтамасыз

ету Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың орны мен бұйымның өміршеңдік айналымы



Бұйымның өміршеңдік айналымының құрылымы

Кез келген бұйымның өміршеңдік айналымының негізгі құраушылары келесілер:

1) рыноктың мұқтаждығын маркетингтік зерттеу

2) ойларды генерациялау мен оларды сараптау;

3) жобаны техникалық жəне экономикалық сараптау;

4) тəжірибелік-конструкторлық жұмыс;

5) сынау маркетингі;

6) сериялық өнімді дайындаушы-заводта бұйымның өндірісін жолға қою;

7) жеке өндіріс жəне өнімді өткізу

8) бұйымды пайдалану;

9) бұйымды утилизациялау;

4-7 өндіріс  алдындағы  саты  болып  табылады, осы  сатыларды  өндірісті  ғылыми-

техникалық дайындаудың кешені болып табылады.

4)Бұйымның тақырыбы бойынша жүргізілетін ғылыми-техникалық жұмыстар;

Бұйымның өміршеңдік айналымының сатыларын шектеуді сипаттайтын негізгі шамалар 14.1 –

кестеде келтірілген

Бұйымның  өміршеңдік  айналымын  басқару  үрдісінде  мақсаттық  зерттеулердің  негізгі

мазмұны:  болжанушы  объектінің  күйін  сараптау,    іс  жүзіндегі  жəне  болуы  мүмкін

нəтижелерді  анықтау; локальды  тапсырмаларды  шешуде  артықшылығын  бағалау; қорды

пайдалануда  қажетті  бағыттарды  анықтау. Жоғарыда  айтылғандай, мұндай  сараптаулар

кезінде келесі сұрақтар туындайды:

-

қандай шарттар, жағдайлар жəне қандай сатыда бағалауға ұшырайды?



-

бағалау шамасының жүйесі қандай болуы керек?

-

бағалау шамасының жүйесі қандай болуы керек?



-

Бағалау барысында қандай əдістемелік бағыттарды пайдалану керек?

Сурет 14.1 Бұйымның өміршеңдік айналымының құрылымы

14.1 кесте



Бұйымның өміршеңдік айналымыны кезеңдерінің шектері

Кезең

Кезеңнің басталуы

Кезеңнің аяқталуы

Рынокты маркетингті

зерттеу

Зерттеулер жүргізуге



келісім жасау

Зерттеу нəтижелері бойынша

есептеулерді өткізу

Ойларды генерациялау

мен оларды сүзгіден

өткізу


Жоба бойынша

ұсыныстарды жинақтау

мен тіркеу

Бəсекелес-жобаларды іріктеуді аяқтау

Жобаларды

экономикалық жəне

техникалық сараптау

Жобаны бағалау

топтарын жинақтау

Жеңімпаз-жобаны таңдау, жобаларды

сараптау бойынша есептеулерді өткізу

ҒЗЖ


ҒЗЖ ТТ бекіту

ҒЗЖ аяқталғаны туралы шартты бекіту

ОКР

Утверждение ТЗ на ОКР



Тəжірибелі үлгіні сынау нəтижелері

бойынша түзетілген, конструкторлық

құжаттама жинағының болуы

Сынау маркетингі

Тəжірибелік өнім өндірісін

дайындаудың басы

Сынау маркетингінің нəтижелері

 туралы есептеулерді сараптау

Подготовка производ-

ства на заводе-

изготовителе

Бұйымның  сериялық

өндірісі мен сатылымына

қажетті  шешімдерді

қабылдау

Бекітілген сериялық өндірістің басталуы

Өзіндік өндіріс жəне

өнімді өткізу

Бұйымның бірінші

сериялық үлгісін  сату

Бұйымның соңғы үлгсін тұтынушыға

жеткізу


Пайдалану

Бұйымның бірінші үлгісін

тұтынушының алуы

Бұйымның соңғы үлгісін пайдаланудан

алып тастау

Утилизациялау

Пайдаланудан бұйымның

Пайдаланудан алынып тасталған



бірінші үлгісін алып тастау

уақыты


соңғы бұйымды утилизациялау бойынша

жұмыстарды аяқтау



Өндірістік кəсіпорынның бірыңғай ақпараттық кеңістігінің ядросы

Өндірістік  кəсіпорынның  кез  келген PLM-шешімі  кəсіпорынды  тиімді  басқаруды

қамтамасыз ету үшін «жоғарыдан төмен» мақсаты бойынша құрылуы керек. Бірақта, басқару

шешімін «төменнен  жоғары» мақсаты  бойынша  құру  керек. Демек, басқару  шешімдерін

қалыптастыру кезінде бірінші өндірістік мəліметтерді есепке алмайды. ЕИП ПП мақсатында

тиімді  жəне  жұмыс  қабілетті  кез  келген  ақпараттық  жүйесіндегі  ең  маңызды  буын, ол

бұйымды дайындау мен өндіріске жеткізудің кешенді автоматтандырылған жүйесі. Бұл жүйе

жобалаудың, конструкциялаудың, есептеулердің  жəне  моделдеудің  автоматтандырылған

жүйесін, сондай-ақ  өнімнің  өндірісін  технологиялық  дайындауды  жəне  барлық  қор  туралы

дəл мəліметтерді біріктіреді.

Қазақстанда  төменде  келтірілген  талаптарған  жауап  беретін  отандық  немесе  шетелдік

PLM- немесе CALS-шешімдері жоқ:

-

Өндірістік кəсіптік əдіс-тəсілдерінің шамаларына сəйкес келетін;



-

Барлық қордың түрлері туралы нақты мəліметтерге сүйенетін;

-

    Кəсіпорынның зерттеу, маркетингтік, конструкторлық, технологиялық, өндірістік,



жөндеу-пайдаланушылық  жəне  жоспарлы-экономикалық  жұмыстарын  жедел  біріктіруді  іс

жүзінде қамтамасыз ететін;

-

       


Өндірістік  технологиялардың  білім  қорын  тиімді  пайдалануға  жəне

қалыптастыруға мүмкіндік беретін;

-

       


Ресей  кəсіпорындары  үшін  иелік  құны  жоғары,   демек  жеткізу,   орнату  жəне

пайдалану үрдісі кезіндегі қосынды құны.

1998 жылы  Ресейде  жаңа  отындық  бағдарламалық  кешен  құру  туралы  шешім

қабылданған. Бұл кешен ресейлік кəсіпорындардың  тəжірибесін  жинақтаған  жəне жоғарыда

аталған  кемшіліктерсіз  өндірістік  кəсіпорындардың  қазіргі  заманғы  бірыңғай  ақпараттық

кеңістігінің  ядросы  болып  табылуы  керек.  90-жылдардың  соңында  жасалған  сараптау

нəтижелері  мұндай  бағдарламалық  кешенді  жасаудың  мүмкін  екендігін  көрсетті. Өндірістік

кəсіпорынға осындай  PLM-шешімін енгізу жаңа өнімдердің үлгілері бойынша тапсырмалар

кешеніне  берілетін  уақытты  азайтуға, қазіргі  заманғы  компьютерлік  технологияларды

пайдалану есебінен оны оның тиімділігін жəне өндірістік тиімділігін айтарлықтай  арттыруды

қамтамасыз  етеді. Өнімді  дайындау  мен  жеткізудің (ӨДЖ) мақсаты  тапсырыс  берушінің

немесе  рыноктың  талаптарына  сəйкес  берілген  өнімнің  класын (МЕСТ 15.001-73) өндірісте

дайындау  мен  жеткізудің  уақыты  мен  қорын  ыңғайландыруды  қамтамасыз  ету  болып

табылады. Өндірістік  үрдістердің  негізіне ISO 9004-2000 сериялы  жəне  ресейлік  ГОСТ  РВ

15.002-2003 стандарттарына  сəйкес  өзіне  ең  жақсыларын  жинаған, бұйымның  өміршеңдік

айналымының  жетілдірілген  үлгісі  жатады. Сондай-ақ, отандық  жəне  шетелдік  бұйымның

өміршеңдік  айналымының  кемшілктерімен  қатар, халықаралық  өндірістік  кəсіпорынның

беталысы  ескеріледі. Солардың  ішінен, ең  маңыздыларын  қарастырып  көрейік. Бəрінен

бұрын,  XXI ғасырда  сериялы  жəне  тəжірибелік  бұйымдарды  жасаудың  мақсаты  мен

тəсілдері  өткен  ғасырдың  ортасымен  салыстырғанда  айтарлықтай  өзгерді. Біріншіден,

жобаны  орындаушылардың  көпшілігінде  дəстүрлі  еңбексыйымды, қымбат  жəне  ұзақ

технологиялық  сатыларсыз (макеттеу, бұйымды  тəжірибелік  бағалау, натурлы  моделдеу,

дайындау  үрдісінде  бұйымның  шамаларын  түзету  жəне  т.б.)  бұйымды  толықтай  жасау

мүмкіндігі  бар.  Екіншіден,  бұйымды  өндіруге  қойылатын  экономикалық  талаптар

күшейтілгендіктен, жеке  тəжірибелік  жəне  сериялық  өндіріс  қол  жеткізбейтін  болды.

Өндірістік  үрдістерді  тиімді  оңтайландыру  ең  бірінші  кезекте, өндірілетін  өнімнің  өзіндік

құнын  азайту  жəне  өнімді  тапсырыс  берушіге  өткізу  уақытын  қысқартуды  көздейді.  Бұдан

шығатын қорытынды, өндірістік үрдістегі барлық жұмыстарды қатысушыларының арасында

қатаңа түрде теңдей бөлу. Яғни, негізделмеген тапсырмалар мен қорларды қосарлаушылықты

жою.  Жекелей  алғанда, осы  екі  түрдің  іс  жүзінде  айтарлықтай  бөлінетін  сипатына

байланысты  дайындалған  өнім  сериялық  өндіріс  пен  жаңа  өнімді  жасау  тапсырмасына

бөлінуі  керек. Сонымен  қатар, жаңа  өнімнің  дайындамасы  ретінде  өнімді  дайындау  мен

зерттеу, сондай-ақ  оның  алдағы  сериялық  өндірісінің  технологиясын  дайындау  алынады.


Өйткені, конструкторлық жəне технологиялық шешімдердің  бірыңғай жиынтығы бұйымның

соңғы бейнесін анықтайды.

Осыдан шығатын маңызды қорытынды:

- Кəсіпорынның конструкторлы жəне технологиялық бюросы (КТБ) өнімді жасап қана

қоймай, сонымен  қатар  сериялық  өндірістің  технологиясына  жəне  жасалған  өнімнің

жөнделуіне, сондай-ақ өндірісті авторлық бақылауды жүзеге асыруға жауапты.

-  Кəсіпорынның  КТБ  бұйымның  өміршеңдік  айналымының  шегінде  басқа

жұмыстармен айналысуына (мысалы, бұй

ымды  жөндеу)  қақысы  жоқ.  Рұқсат  етілетін

жұмыстар: бұйымды  жасау, тəжірибелік, сериялық  жəне  өндірілген  бұйымды  жөндеу

өндірісі;

-   Кəсіпорынның  өндірістік  бөлімдері  бұйымның  конструкциясын  немесе  берілген

өндірістің сериялық технологиясын өзгерте алмайды. Барлық өзгерістерді кəсіпорынның КТБ

іске асыра алады.

- Кəсіпорынның  өндірісі  мен  КТБ  əртүрлі  тапсырмаларға  сəйкес  қуаттары  əртүрлі

бірдей  өндірістік  негізді  иеленеуі  мүмкін. Сонымен  қатар  КТБ  сыналушы  үлгілерді  жасау

үшін қажетті қосымша өндірістік мүмкіндіктері болуы мүмкін, ал өндірісте белгіленген жəне

сериялық дайындау технологиясынан басқа ешқандай өндірістік мүмкіндіктері болмайды.

- Іс  жүзінде «сериялық өндірісте  бұйымды  сүмелдеу» түсінігі (авторлық бақылаудан

өзгесі) негізделеді, яғни  өндіріс кəсіпорынындағы  КТБ  технологтар мен конструкторлардың

тұрақты  үлкен  тобына  қажеттілігін  көрсетеді. Сериялық  өндірісте  бұйымның  дайындау

технологиясы  мен  конструкциясынан  ауытқуларын  кəсіпорынның  сапаны  бақылау  бөлімін

қадағалауы керек.

Жоғарыда  аталғандарды  ескере  отырып, өндірістік  бұйымның  қазіргі  заманғы

ғылымсыйымды  кəсіптік  өндірісінің  ерекшеліктеріне  сəйкес  келетін  бұйымның  өміршеңдік

айналымының  келесі  үлгісі  ұсынылған.  Бұйымның  өміршеңдік  айналымының  əртүрлі

сатыларында  отандық  жəне  халықаралық  стандарттардың  кемшілігі  мен  артықшылығын

ескеретін бұйымның өміршеңдік айналымының үлгісі:

ТТЗ қалыптау

ҒЗЖ


Жасау жұмыстарын зерттеу жəне негіздеу

Бұйымды жасап шығару

РКД шығару жəне бұйымды құрастыру

Технология мен айлабұйымды жасау, ТД мен КДО шығару

Сынау партиясын дайындау, ПИ жүргізу

Бұйымның сертификациясы мен ОО сынауларының барлық түрлерін жүргізу

РКД, ТД жəне КДО түзету, айлабұйымды жəне ОО жетілдіру

Сериялық өндіріс жəне өнімді қаптау

Жұмыс түрлерінің сатылары

Өнімді өндіру

Өнімді сақтау, тарату, тиеу, тасымалдау

Өнімді жеткізу

Жинау жəне құрастыру, өнімді тиеу жəне тасымалдау

Бұйымды пайдалану

Пайдаланудан соң бұйымды утилизациялау

Жекелей  алғанда, ұсынылған  үлгінің  түйінді  кезеңдері  өндірісті  технологиялық

дайындауды  өндіріс  сатысынан (МЕСТ  талаптарына  сəйкес) бұйымды  жасау  сатысына

ауыстыру. БӨА  осы  үлгісін  пайдалану, бəрінен  бұрын, өндірістік  бөлімдерді

қосарлаушылықтан  жəне  ақталмаған  артықшылықтарды  жою  есебінен  кез  келген  өндірісті

тоқтату  уақытын  қысқартады. Бірақта, бұйымның  өміршеңдік  айналымын  толық  қолдауды

қамтамасыз  ету  үшін  жауапкершілікті  бөлу  өте  маңызды.  Кəсіпорынның  КТБ  өміршеңдік

айналымның бірінші сатыларын қамтамасыз етеді:



-

Бұйымды зерттеу жəне өңдеуді негіздеу (бұйым мен торыптардың бейнесін таңдау,

бұйым мен тораптардың сипаттамарын есептеу);

-

Бұйымды жасау (бұйымды  құрастыру, есептеу, сынау өндірісі үшін  технологиялық



айлабұйымды  жобалау  жəне  дайындау, сынау  партиясын  дайындау, бұйымды  сынау  мен

сертификаттау);

-

Сериялық жəне жөндеу өндірісін технологиялық дайындау (есептеу, сериялық жəне



жөндеу өндірісі үшін технологиялық жабдықтарды дайындау жəне жобалау);

Бұйымның  өміршеңдік айналымының  негізгі сатылары, яғни, сериялық өндіріс, өнімді

сақтау, тасымалдау, жеткізу, пайдалану  кезінде  бұйымды  сүйемелдеу, жөндеудің  барлық

түрлері  жəне  пайдалану  кезінде  мұйымды  модернизациялау – кəсіпорынның  өндірістік

бөлімдерімен  ғана  қамтамасыз  етіледі.  Холдинг  немесе  корпорация  сияқты, ірі  өндірістік

құрылым  негізіндегі  БӨА  пайдалану  ерекше  көңілді  аударуды  қажет  етеді.  Оның  үстіне,

өндірістік  міндеттерді  бөлу, бұйымның  өміршеңдік  айналымының  əртүрлі  сатыларына

жауапкершілікті  қамтамасыз  ету  жəне  жалпы  корпоротивтік  қызметтерді  орталықтандыру

(толықтай  немес  жартылай). Бұл  корпоративтік  мақсаттарды  жəне  тапсырмаларды  əртүрлі

түсінуден  сақтау, сондай-ақ  əртүрлі  кəсіпорындардың  біраттас  бөлімдерінің  бəсекелестігін

жəне субъективті қарсы тұруын жою мақсатында керек.

Жекелей  орталықтандыру  дегеніміз  сəйкес  бөлім  қызметтерін  орталықтандыратын

немесе  аймақтық  орталықтандыру – мысалы, бер  қала  төңірегінде. Бұл  сұрақ

холдингтің/корпорацияның  алдындағы  тапсырма  мен  мақсатқа  байланысты  жеке  шешіледі.

Мұндағы  ең  басты  əңгіме, жаңа  бұйымның  сипатына  қойылатын  талаптарды

қалыптастыратын  маркетинг, болжанушы  өндірістің  көлемі  мен  бағасы,  сондай-ақ

экономикалық, қаржылық  жəне  кəсіпорынның  техникалық  бөлімдерінің  қызметтері  туралы.

Техникалық  бөлімдерді  орталықтандыру, біздің  елімізде  кəсіпорынның  бас  инженеріне

тікелей  байланысты  болады.   Кəсіпорынның  барлық  инженерлік  жүйелері, энергетика,

байланыс жəне т.б. кететін шығындарды азайту керек.

Бұған төменде келтірілген шарттар есебінен қол жеткізуге болады:

- Апробирленген  тиімді  техникалық  шешімдерді  пайдалану, яғни  бас  инженер

бөлімінің штаттарын қысқарту;

- Қажетті  техникалық  құралдар  мен  жабдықтарды  көп  мөлшерде,  төменгі  бағамен

сатып алу,  жемқорлыққа жол бермеу;

Орталықтандыру (толық немес жартылай) холдигтің немесе корпорацияның қандай-да

бір  бөлімдерін (маркентинг, қауіпсіздік, көлік, мамандар жəне т.б.) қамтуы  керек. Өндірісті

технологиялық  дайындаудың  сатыларына  ерекше  мəн  берген  жөн. Тиімді  АС  РПП

актуальдылығы  анықтау, мысалы, бұйымның  РПП 60%  еңбек  шығыны  технологиялық

дайындықтың  сатысына  келеді. Өнімнің  ТПП  тиімділігін  көтерудің  қажеттілігі  өндірісте

өндірілуші  өнімнің  сипаттізімінің  өсуімен  жəне  оны  жаңарту  жылдамдығының  жоғары

болуымен  түсіндіріледі. Ең  бірінші  кезекте, бұл  даналық  жəне  ұсақ  сериялы  өндіріске

сипатты. Кез келген неғұрлым күрделі бұйымның ТППкелесі шаралардан тұрады:

-

Бұйымның технологиялық конструкциясын қамтамасыз ету;



-

Бұйымның ТПП үрдісін басқару жəне жобалау;

-

Бұйымды дайындау бірізділігін жасау;



-

Технологиялық үрдістерді жобалау;

-

Жабдықтарды жəне аспаптарды жобалау;



-

СББ – бағдарламаларын жасау;

-

Бұйымды жасауды қалыптау;



-

Технологиялық құжаттаманы өндіру;

-

Өндірістік қуатты есептеу;



ТПП  тиімділігін  көтеру  қажеттілігі  технологиялық  құжаттаманы  жобалау  кезінде

конструкторлық құжаттаманың еңбексыйымдылығы 2,5 есе артатынымен түсіндіріледі. ТПП

тиімділігін көтеру келесі шарттарды орындаған кезде ғана мүмкін болады:


-  Кəсіпорынның  технологиялық  жəне  конструкторлық  бөлімнің  мамандары  үшін

ЕИП ПП болуы;

-  ТПП  жоспарларды  негіздеу  жəне  жасау  жылдамдығын  көтеру, олардың

орындалуын үздіксіз бақылау;

-    Қазіргі  заманғы  есептеу  құралдарын  пайдалана, математикалық  тəсілдерді  жəне

ақыл-ойды  қолдану  негізінде  технологиялық  құжаттаманы  жасаудың  барлық  сатыларында

кəсіпорынның технологиялық бөлімінің қызметкерлеріне қолдау көрсету;

Мысалы, кəсіпорында CALS концепциясының  барлық  канондары  бойынша

қанағаттандыратын de-facto бар, өнімнің РПП басқару тəсілі бар. Бұл концепция МЕСТ ИСО

10303-1-99 жарияланғанға  дейін  жасалған. Қазіргі  кездегі  ұқсас  бағдарламалық  өнімдер

артық  еңбексыйымдылықпен  жəне  кезектілік  режимінде  РПП  автоматтандырудың

тапсырмасын  шешеді. Технология  өндірістік  кəсіпорындағы  ақпараттарды  өңдеуді  жəне

жинақтауды  іске  асыруға  мүмкіндік  береді. Технология  зерттеу, жобалау, конструкторлау,

жұмыс құжаттамасын  архивациялау жəне жасау, есептеу мен моделдеу, өндірісті дайындау,

өндірістік  өнімді  сынау  нəтижелерін  өңдеу  мен  дайындау  үрдістерін  автоматтандыру

тапсырмасын шешеді.

Сонымен қатар келесі шарттарды қамтамасыз етеді:

-

Барлық бөлімнің қызметкерлерін өздеріне қатысты АС РПП ақпараттық қорларына



қатынауын ұйымдастырады;

-

РПП 



басқа 

сатыларында 

пайдаланылатын, сыртқы 

жобалаушыларды

автоматтандырылған жүйелермен ақпараттық өзара əсерлесуін ұйымдастырады;

-

Ақпараттар мен есептеу қорларын басқаруды интеграциялау;



-

Ақпараттарды рұқсатсыз қатынаудан сақтау;

     МЕСТ РВ 15.002-2003 сəйкес бұйымның өміршеңдік айналымының сатылары:

РКД жəне ОРД архибы

Материалдар, жабдықтар жəне айлабұйымдар туралы анықтамалар жəне кітапханалар

Тетіктер мен құрастырушы тораптар туралы топтастырғыш

Анықтамалық операциялар мен ауысымдар анықтамасы мен кітапханасы

НТД бойынша ақпараттық-іздеу жүйесі

Пайдаланудағы бұйымдар бойынша ақпараттық жүйе

Тағы басқа архибтер, кітапханалар, анықтамалар жəне ақпараттық жүйелер

ТТЗ, ҒЗЖ жəне аванпроект (ТП) қалыптастыру

ОО  дайындау, ПИ  өткізу, КД, ТД  жəне  КДО, МВИ/ГИ  түзету  жəне  бұйымды

сертификаттау

Бұйымдарды сақтау, тарату, тиеу жəне тасымалдау

Жинау мен баптау, қызмет көрсетудегі техникалық көмек, жөндеу

Пайдаланған соң бұйымды утилизациялау

Бұйымды құрастыру, КД өндіру, технологияны жасау, ТД жəне КДО өндіру

Сериялық өндіріс жəне бұйымды орап-қаптау

Бұйым жасауды зерттеу жəне негіздеу

Бұйымды өндіріске жеткізу жəне жасау

Бұйымды утилизациялау

Бұйымды пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету

Бұйымды жеткізу

Бұйымды өндіру

ЕИП ПП нақты жұмыс істеуі пайдаланудың нақты ережелерінің жəне тиімді пайдалану

бойынша  нұсқамасының  болуын  қажет  етеді. Бұл  ережелер  мен  нұсқамалар  кəсіпорынның

барлық 

өндірістік 



үрдістерін 

тиімдендіруді 

қамтамасыз 

ете 


отырып, жеке

автоматтандырылған жүйелер үшін жəне барлық ЕИП үшін қолданылады. Мұндай ережелер

əдетте,  нақты  кəсіпорынның  стандарттары  (НКС)  түрінде  орындалады.    Бұл  НКС  толық

жиынтығы  өндірістік  кəсіпорында  Сапа  Менеджменті  Жүйесінің (СМЖ) негізін  құрайды.

Кəсіпорынның негізгі тапсырмасы – қысқа  уақыт  ішінде  жоғары  сапалы өзіндік құны арзан


өнім  өндіру, сондай-ақ  АС  РПП  жасау  үшін  аспап  ретінде  өзара  əсерін, НКС  ережелері

негізінде  жасалған  өндірістік  ақпараттарды  интеграциялау  мен  жинақтау  болып  табылады.

Қалған  автоматтандырылған  жүйелер (САПР, АСК  жəне  т.б.) осы  тапсырманы  шешуде

айтарлықтай аз роль ойнайды.

Кəсіпорынның барлық негізгі өндірістік үрдістерінің əдістемелік негізінде НКС алатын

орны өте жоғары, яғни PLM-шешімдердің қызмет істеуі мүмкін емес. НКС жасау, өндіріске

енгізілуі мен орындалуын бақылау үшін арнайы бөлім – сапа бөлімі (сапа дирекциясы, сапа

бөлімі жəне т.б.) қызмет істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет