Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата09.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

7 Дəріс ТақырыбыАЖЖ бағдарламасының интеграциясы

Өндірістік компаниялар АТ-ға жəне  АЖЖ-ға салынған қаржыдан күтетін мүмкіндіктер:

·   қордағы сұраныс болжамының ұзақуақыт болу мүмкіндігі;

·  материал мен жабдықтардағы минуттық қажеттілігін жобалау;

·  өнімнің өзіндік құнын есептеу, өндірістік қуат деңгейінде тиеуді жобалау;

·  барлық құрастыру циклын басқару;

·  ақпараттардың  бірыңғай  жүйесі (бұйымның  құрамы, материалдардың  шығыны,

анықтамалық мəліметтер қоры жəне т.б. туралы);

·   өндірісті  дайындауды, оны  жобалауды  жəне  басқарудан  тұратын  тұйық  өндірістік

циклды басқару;

·   өндірістегі жабдықтарды жəне материалдарды есептеу;

·   қаржылық есеп;

Оның  үстіне, үздіксіз  өндіріс  үшін, яғни, металлургиялық, химиялық, əйнек, құрылыс

материалдарың, тау-кен  өндірісі  үшін  қатенің  құны  өте  жоғары  өндіріс  аймақтарында

басқарудан адамдарды шығарып тастау мүмкіндігі аса маңызды болып саналады.

Байқағанымыздай, бұл  тапсырма  бизнестің  барлық түрі үшін  ортақ  болып  саналады.

Бірақ  кейбір  түрлері  тек  қана  өндірістік  ортаға  лайықты. Мысалы, өнімнің  жаңа  түрлерін

шығаруды  жылдамтату (құрастыру  мен  жобалау  циклдарын  басқаруды  қамтамасыз  ету),

өндірістік  циклды  басқару  немесе  технологиялық  жəне  өндірістік  үрдісті  басқарудан

адамдарды  алып  тастау. Сонымен  қатар  бұл  тапсырма  көп  дəрежелі, ал  бұл  тапсырманы

шешу  айтарлықтай  материалдық  қаржыны  немесе  уақытты  қажет  етеді. Нəтижесінде,

өндірістік  кəсіпорындарды  кешенді  автоматтандыру  басқа  салаларға  қарағанда  қымбатқа

түседі. Жекелей  алғанда, өндіріс  негізгі  тұтынушы  болып  табылады. Ал  рыноктың  осы

сегменттері  миллирдтаған долллар айналымды иеленеді.



Өндірістік  кəсіпорындар  қаржылық  жəне  телекоммуникациялық  кəсіпорындармен

салыстырғанда  əлемдік  жүйеде  АТ-қызметнің  ірі  тұтынушысы  болып  табылады. Gartner

Dataquest мəліметтеріне  сүйенсек, 2003 жылы  өндіріс  ИТ 400 млрд. долл. аса  қаржы

жұмсады. Салыстыру 

үшін, қаржылық 

сектордың 

шығыны 390 млрд., ал

телекоммуникациялық сектор -  353 млрд.долл.құрайды (7.1-сурет). Сонымен қатар, Gartner

аналитиктері  қаржы  секторы  үшін  АТ-ға  салынатын  инвестицияның  өсу  деңгейінің  жоғары

болуын болжайды. Аналитиктердің болжамы бойынша 2007 жылы өндірістік жəне қаржылық

сектордың көрсеткіштері теңелуі керек.

Осы  жылдар  бойы  АЖЖ-ға  жұмсалатын  қаржы  ұлғайды, бірақта 2007-2008 тоқырау

жылдарында  төмендеді. Өйткені, көптеген  АЖЖ-ны  дайындайтын  өндірістік  компаниялар.

Жекелей алғанда, əйгілі Microstation пакеті  белгілі BMW автомобиль концерніне  тиесілі, ал

CATIA пакетін француздық Dassault аэроғарыштық компаниясы жасаған, бұл компания ұшақ

өндіруші Mirage ретінде əйгіленген. EDS  фирмасы - өндірушілер Solid Edge жəне Unigraphics

болып табылады, əлі  АТ-компания ретінде танылған жоқ. Əрине, оларға 100-пайыздық АТ-

секторының өкілдерімен тіл табысқанға қарағанда, потенциалды тұтынушымен ортақ тіл табу

оңай.  Тұтынушы  мен  өндірушінің  бір  тілде  сөйлеуі  қарсы  байланысқа  оң  əсер  етеді. Бұл

сегментте  бизнес-қосымша  рыногындағы  сияқты  тоқырау жоқ. Сонымен қатар, бұл  сегмент

дамыған рынокқа қаныққан. АЖЖ рыногының жалпы көлемі 5–6,5 млрд. долл. бағаланады.

7.1 Сурет – 2001-2007жж.салалар бойынша АТ-ға жұмсалған инвестицияның іс жүзіндегі

мəліметтері мен болжамы

Бұйымның өміршеңдік циклын басқару жүйесі (Product Lifecycle Management – PLM) –

аспанға шарықтап тұр. Бұл сегменттің көлемі өткен жылы 13,5  млрд. долл. құраса, биылғы

2009 жылы  20 млрд. долл. асады деп болжануда. Ең бірінші кезекте бұл жүйеге автомобиль

кəсіпорындары  мен  аэроғарыштық  өндірістер  қызығушылық  танытты. Бұл  саладағы  дайын

бұйым  көптеген  тетіктерден  жəне  жабдықтағыштардан  тұрады. Үлгіге  байланысты

қатарларды ауыстыру кезінде осы жабдықтарды азайту аса маңызды болып табылады.Оның

үстіне, PLM-жүйесі ERP-шешімдері  мен  АЖЖ-кешендерін  біріктіру  тапсырмасын  табысты

атқарды.

PLM бастапқы кездерде  іс  жүзінде  АЖЖ бөлінбеді. Жағдай  біртіндеп өзгере  бастады.

Əсіресе, бұйымның өміршеңдік циклын  басқару жүйесімен жеңіл  жəне тамақ өнеркəсіптері,

атап айтсақ,  Coca Cola жəне Proctor & Gamble компаниялары  қызғушылық танытқан  кезде.

Бұл  компаниялардың өнімдері көптеген  құрама  бөліктерден тұрады. Сондықтан, жаңартуды

талап  ететін  жабдықтардың  санын  азайту  тапсырмасы  өте  қажетті  болып  табылады.

Сондықтан автоматты жобалау кешендерінсіз көру мүмкін емес жүйелер бірден пайда болды.

Оның  үстіне,  PLM жасауға  ешуақытта  жобалаумен  айналыспаған Oracle жəне SAP сияқты

компаниялар атсалысты.

Қазіргі заманның ақпараттық ортасы:



·

автоматты  жобалаудың  қазіргі  заменғы  құралдары (CAD), инженерлік  сараптау

(CAE), өндіріс (CAM) жəне т.б. аймақтар;

·

ақпараттық ағымдар, қатынасты бөлу жəне мəліметтер алмасу;



·

ақпараттық жүйелер деңгейіндегі міндеттер мен қызметтерді бөлу;

·

бизнес-үрдістерді автоматтандырудағы жаңа бағыттар: жобалау, өндіріс, жоспарлау,



есеп, кəсіпорын ішіндегі тұтынушылармен жəне жеткізушілермен өзарақатынас.

АЖЖ 


бағдарламаларының 

саны, конструкторлардың, жобалаушылардың,

технологтардың, есепшілердің  жұмыс орнының  қатынасы, бағдарлама үлгісін таңдау, АЖЖ

БҚ  жабдықтау  қойылған  тапсырманың  мерзіміне  жəне  көлеміне  байланысты. Əрбір

кəсіпорында өзінің шешімі болады. АЖЖ БҚ таңдауға маманның біліктілігі айтарлықтай əсер

етеді. Жұмыс  істеу  барысында  əртүрлі  АЖЖ  бағдарламаларында  алынған  жұмыс

қорытындысы шығынсыз келесі бағдарламаларға ауысуы жəне қажетті нəтижені алуға тиісті.

Қажеттілікке байланысты жұмысты аяқтау мақсатында бастапқы АЖЖ өтуге тиісті. Мысалы,

бұйымның  (редуктор)  конструкциясын  жасау    «Компас»  немесе  «АДЕМ»  АЖЖ-ның  CAD

үлгісінде  орындалса, есептеулерді WinMachine АПМ  САЕ  үлгісінде  орындалады. Өйткені,

сызбаға  тісті  ілінісуді  есептеуге  арналған  барлық  мəліметтер  енгізіледі, ал  барлық

жұмыстары біткен соң сызбаны АЖЖ бағдарламасының бастапқы CAD үлгісіне қайтарады,

ал  құрастыру  аяқталған  соң, яғни  жабдықта  бұйымды  өңдеуді  автоматтандыру  мен  үлгілеу

бойынша сандық бағдарламалық басқарулы жұмыс нəтижесін САМ үлгісіне жібереді. Содан

соң СБББ дайындалған бұйымның техникалық тапсырмамен немесе сызбамен талап етілетін

өлшемдерден  ауытқуларын  тексеру  мақсатында  координатты-өлшегіш  жабдықта  тексеріліп

немесе  жылдам  үлгі  жасауға  арналған  қондырғыда  сканерден  өткізіліп  тексеріледі.

Анықталған  сəйкессіздіктерді  жою  мақсатында  СЧПУ  басқарушы  бағдарламаларымен

түзетіледі.

Графикалық  мəліметтердің  шығыны  аз  болса, қол  жеткізілетін  нəтиже  соншалықты

жақсы  болады. Мұндай  АЖЖ  бағдарламасының  өтпелі  жобалау  интеграциясының

қорытындысы  неғұрлым  тиімді  əрі  сапалы  нəтиже  алуға  жəне  кəсіпорынның  бəсекелестік

артықшылығына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Кəсіпорындарда CAD/CAM-жүйелерімен  жұмыс  істеу  тəжірибелерімен  бөлісе  алатын

белгілі  бір  мамандардың  тобы  құрылды. Осындай  тапсырмалардың  бірі  əртүрлі  CAD-

жүйелерінің көмегімен алынған барлық мəліметтерді интеграциялау болып табылады. CAD-

жүйелерін  пайдалану  арқылы  конструкторлық  жобалаудың  үлесі  жоғары  елдерде  мамандар

мен мамандандырылған фирмалар  ірі жобалар негізіндегі жұмыстың айтарлықтай ірі көлемі

мəліметтер  қорын  түрлендіру  мен «үлгілерді  емдеу» бойынша  жұмыстар  атқарылады.

Бірақта, бейтарап  пішімдерді немесе  түзу интерфейстерді пайдаланушы əртүрлі жүйелердің

ақпараттық өзара əсерін өңдеу – осы қиындықтың бір ғана шешімі. Ең үлкен қиындық барлық

ақпараттарды (барлық мамандардың жұмыстарының нəтижесін), оны бірнеше дүркін қолдану

мүмкіндігін  қамтамасыз  етумен  интеграциялау  болып  табылады. Іс  жүзінде  барлық

ақпараттар қағаз жүзінде шығарылады, бұл біздің МЕСТ ескіруімен ғана емес, сонымен қатар

қызметкерлердің  ақпараттарды  электронды  тасымалдаушылармен  қабылдауға  дайын

еместігімен, техникалық  құжаттандыру  қызметкерлерінің  электронды  сақтауды  басқара

алмайтындығына жəне т.б. байланысты. Осы қиындықтың шешімін CALS-технологиясының

жасаушылары PDM-жүйесінің қолдану деп табуда.

Өндірістің  техникалық  дайындық  деңгейінде  жасалынатын  ақпараттар, бұйымның

өміршеңдік циклының (PLM) барлық ақпараттарының үлкен көлемін құрайды. Мұнда негізгі

өндіріс  бұйымдарының  конструкторлық  жобасының  жəне  осы  бұйымдарды  дайындауға

арналған 

жабдықтардың 

конструкторлық 

жобасының 

ақпараттары, бұйымдарды

дайындаудың  технологиялық  үрдісінің  жəне  жабдықтарды  дайындаудың  технологиялық

үрдісінің  ақпараттары, стандартты  бұйымдар  мен  материалдар  жəне  т.б. туралы  ақпараттар

жатады. Барлық осы мəліметтер пайдаланушылардың əртүрлі жүйелерінде қалыптасады.

PDM-жүйесі əртүрлі жобалау жүйелерінің мəліметтерін қабылдауды қамтамасыз ететін,

ақпараттардың  жəне  құжаттардың  жəне  т.б. əртүрлі  үлгілерін  енгізу  механизм  автоматты


қолдайтын  кəсіпорынның  бірыңғай  ақпараттық  жүйесін  ұйымдастырады. Қазіргі  уақытта

кəсіпорынның  алдында  күрделі  аса  маңызды  тапсырма  тұр. Бұл  тек  қана  техникалық  жəне

ұйымдастырушылық  қана  емес, сонымен  қатар  əлеуметтік – яғни, бірыңғай  ақпараттық

кеңістікте  ұжымдық  жұмыстар  технологиясын  пайдаланатын  жаңа  жұмысшы  мамандардың

тобын  құрастыру. Кешенді  автоматтандырудың  маңызды  тапсырмаларының  бірі - бірыңғай

ақпараттық  кеңістік  құру.  Мұндағы  ең  тиімді  шешім  электронды  құжат  айналымын,

жобалауды, уақыт  мерзімді  бақылауды, жобаның  жүру  барысын  біріктіретін  жобалау

мəліметтерін басқару жүйесін (ЖМБЖ) енгізу болып табылады.

Жобалаушы  ұйымдардың  құжат  айналымы  негізінен  тапсырыс  берушіге  берілетін

құжаттарға  ғана байланысты  деп ойлауға  болмайды. Мұндай  құжаттар – ірі шыңның төбесі

ғана: құжат  айналымының 70-80% тапсырмаға, кəсіпорын  ішінде  жүретін  аралық

құжаттандыруға жəне мəліметтерге жатады.

Орындалатын 

жобалардың 

көптүрлігіне 

қарамастан 

бір 

мамандықтың



жобалаушысымен  орындалатын  жобаның  түрлері  болады. Ішкі  ақпараттардың  ағымын

сараптау  əрбір  бөлім  үшін  қалыптастырылған  жұмыстардың  тізімін  жасауға  мүмкіндік

береді. Содан  кейін  осы  тізім  негізінде  жобаның  торлы  кестесін  жасалынады. Кəсіпорын

жобалық  жұмыстарды  жоспарлаудың  жəне  басқарудың  сенімді  автоматтандырылған

құралына қол жеткізеді. Жобалау үрдісі кезінде араластырғыштар үшін бастапқы мəліметтер

ретінде  бір  сала  мамандарының  жұмыс  нəтижесі  алынады. Əрбір  саты  бойынша  өзінің

бағдарламалық  қамтуы  қолданылады, сондықтан  араластырғыштар  арқылы  алынған

мəліметтерді  ақпараттардың  шығынымен  алмастыруға  тура  келеді. Осыған  байланысты,

ЖМБЖ  құру  кезінде  ақпараттық  ағымдарды  оқып-үйренуді  қажет  ететін  жəне  бөлімдердің

өзара  əсерлесу  тəсілімен  қабылданған  араластыру  бөлімдердің  бағдарламасына,

пайдаланушы  қосымшалардан  сыртқа  шығару  жəне  қабылдау  мүмкіндіктерін  анықтауға

арналған интерфестерді жасау қажет.

Кəсіпорынның  тиімді  құжат  айналымы  электронды  архибсыз  мағынасыз  болып

табылады. Демек, қағаз  түріндегі  құжаттар  мен  сызбаларды  электронды  түрге  көшірмесе.

Осы  саты бойынша  жұмыстар  аяқталған соң  кəсіпорынның жетекшілері  іс жүзінде жобалау

жұмыстарын  жоспарлап  жəне  оның  орындалу  барысын  басқара  алады, ал  қызметкерлер

бағдарламалардың сəйкессіздігіне байланысты қиындықтарды ұмытады.

 Əрине, CAD, CAE жəне CAM үлгілерінің қатынастары заводтың инженер кадрларымен

жəне кəсіпорынның конструктор мен технологтарының қызметтерімен анықталады. Əртүрлі

мүмкіндікті (əмбебап  немесе  кең  көлемді) АЖЖ  бағдалармаларының  жинағы  өндірістік

тапсырмаларды  меңгеру  барысында, ERP, SCM, ERP2, APS, MES CAPP, CPP бизнес-

үрдістердің  бағдарлама  үлгілерімен  интеграциялау  үрдісінде  жинақталады. Сəйкесінше

барлық бизнес үрдістері жабдықтардың жүктелгіштігін, материалдар мен қордың шығынын,

жоспарлауға  байланысты  қор  мен  шикізаттың  көлемін, қаржылық  ағымдардың  қозғалысын,

орындалған жұмыстарды жəне т.б. есептей отырып қаржылық бағдарламалық шешімдермен

бақыланады. Осы  барлық  шешімдер  өндірістік  кəсіпорынның  бірыңғай  ақпараттық

кеңістігінде  жүзеге  асырылады. АЖЖ  маманының  тапсырмасы  бейімделу, интеграциялау

жəне АЖЖ БҚ басқа кəсіпорын бағдарламаларымен бірлесіп жұмыс істеу.



Негізгі əдебиеттер: [77]

Бақылау сұрақтары:

1. PDM-жүйесімен орындалатын тапсырмалар.

2. ERP жəне MES жүйелерінің өзара əсері.

3. Жобалық мəліметтерді басқару жүйесі (ЖМБЖ) не үшін қажет?

4. Бұйымның өміршеңдік циклын басқару жүйесі.

5. Кəсіпорынның ақпараттық жүйесін құрудағы қажеттілік.



8 Дəріс Тақырыбы: Өндірісті конструкторлық басқару жүйесі

Конструкторлық жобалауды компьютерлеу тəсілі

Конструкция – жеке  қызмет  элементтерінен  белгіленген  тəртіп  бойынша

құрастырылған  жүйе. Латын  тілінде construere сөзі  жинау, құрастыру, реттеу, жабдықтау

деген  мағынаны  береді. Constructio сөзі  деп  қосу  арқылы  жасалынған  жабдықты  айтады.

«Конструкциялау» терминінің бірнеше анықтамасын қарастырайық.



Конструкциялау – дегеніміз бұл  ойдағы  бұйымды техникалық тұрғыдан  іске асыру,

оның қызметтік құрылымын жəне дайындау технологиясын анықтау.

Конструкциялау – бағытталған, ойлап  табылған  үрдіс, бұйымның  жекеленген

қызметтері  жалпы  бір  қызметке  ұласады.    Сондай-ақ  конструкциялау  түсінігі  –  бұйымды

өңдеу  арқылы  материалдық  түрлендіру  болып  табылады. Конструкциялаудың  мақсаты

геометриялық, технологиялық жəне ұйымдастырушылық ақпараттарды қайта өңдеу жолымен

бұйымның  қызметін  қайта  жасау  жəне  қалыптастыру; өндірісті  дайындау  барысында

бастапқы  дайындаманы  бұйымға  түрлендіретін  технологиялық  үрдіс  болып  табылады.

Сондықтан  конструкциялауды  бұйымға  қойылатын  қызметтік  талаптарды  орындауды

қамтамасыз  ететін  ақпараттарды  геометриялық  өңдеу  ретінде, ал  өндірісті  дайындауды

бұйымға  қойылатын  технологиялық  жəне  техникалық  талаптарды  орындауды  қамтамасыз

ететін  ақпараттарды  геометриялық  өңдеу  ретінде  түсіндіруге  болады. Конструкциялау  деп

тек  қана  жеке  бөліктерден  бір  бүтін  құрастыру  ғана  емес, сонымен  қатар  осы  бүтіннің

құрамдас бөліктерін құру деп түсіндіріледі. Конструкциялау дегеніміз тетіктерді құрастыру,

олардың өзара орналасуын, бұйымның пішіні мен қызметін, сондай-ақ дайындауға арналған

құжаттарды жасау. Сондай-ақ бұл зерттеу жəне конструкторлық шешімдерді іздеу.

Конструкциялау  дербестікті  көрсетеді. Бұл  тапсырманы  өз  бетінше  немесе  белгілі

ұқсастылықты  негізге  алу  арқылы  шешімін  тапқанына  байланысты  емес.  Конструкциялау

дегеніміз ойлау қабілетінің қызметі болып табылады. Дұрыс шешім қолдағы бар мəліметтерді

сараптау  жəне  қайта  өңдеу  арқылы  алынады. Əрбір  шешім  мұқият  ойланып, дұрыс

қалыптануы  қажет.  Конструкциялау  үрдісінің  мəні  берілген  тапсырманы  шешудің  мүмкін

болатын  нұсқасын  дұрыс  таңдаудан  тұрады. Сонымен  қатар  нұсқаларды  қарастыру  кезінде

оларды  салыстыруға  жəне  түрлендіруге, сондай-ақ  есте  сақтауға  болады. Конструкторлық

ойлау  қасиеті  нақты  бір  заттан  алынған  нəтижені  басқа  затқа  ауыстыра  білу  қабілеті.

Кеңістікті  бейнелеу  қабілетінде  ассоциативті  еске  түсіру  есебінен  төмендейтін  тəжірибенің

жинақталуы  айтарлықтай  роль  иеленеді. Сонымен  қатар, мұндай  кезде  адамның  алдына

қойылған мақсатына жету үшін барлық ынта-жігерін жинақтау қабілеті маңызды шарт болып

табылады.



VDI * 2223 (* VDI — Veretn Deutsche Ingenleure — неміс инженерлерінің қоғамы. (ФРГ).) директивасы

«зерттеу», «өңдеу» жəне «конструкциялау» түсініктерінің анықтамасынан тұрады.

Конструкциялау  ойлаудан  жəне  бейнелеуден, материалды  таңдаудан  жəне  дайындау

технологиясынан  тұрады; техникалық  ойды  тиімді  экономикалық  материалдық  түрлендіру

мүмкіндігін  қамтуы  қажет. Конструкциялаудың  жаңа, ұқсас  түрлері  негізіндегі  жəне

нұсқамалық  түрлері  бар. Конструкциялау  үрдісі  бірнеше  сатыдан  тұрады: бұйымды  түрін

ойлап  табы, оның  құрылымын  жəне  тетіктерін  анықтау. Есептеу  техникаларын  қолдану

кезінде, конструкциялау  мен  дайындау  технологиясын  жасау  біріккен  кезде, келесі  сатылар

бөлінеді: бұйымның қызметтік құрылымын анықтау, əрекет ету мақсатын анықтау, өндірісті

дайындау жəне тетіктерді дайындау.



Зерттеу – қажетті  сапалы, жаңа  шешімдер  алу  мақсатында  бағытталған  жүйелік-

əдістемелік жұмыстар.



Өңдеу – жаңа бұйымдар  немесе бар заттың жаңа  түрін  алуы  мақсатында жүргізілген

зерттеу нəтижелерін тиімді пайдалану.



Инженерлік жобалау/конструкуиялау түсінігі

Техникалық  обьектіні  жобалау - əлі  іс  жүзінде  пайда  болмаған  затты  жасау,

түрлендіру, бейнелеу. Осы  заттың  немесе  оның  құрамдас  бөліктерінің  бейнесі  ізденіс

кезіндегі  адамның  санасында  немесе  ЭВМ  мен  адамның  өзара  əрекеті  нəтижесінде  пайда

болуы мүмкін. Кез келген жағдайда инженерлік жобалау қоғамның қандай-да бір техникалық

обьектіге  қажеттілік  анық  байқалған  жағдайда  басталады. Жобалау  дегеніміз – осы



қажеттілікті  бейнелейтін  техникалық  ұсыныс  жəне (немесе) техникалық  тапсырма (ТТ),

сондай-ақ ТТ жобалық құжаттама ретінде іске асырылуы.

Əдетте  ТТ  құжат  түрінде  беріледі  жəне  ол  обьектінің  бастапқы  суреттемесі  болып

табылады. Берілген  жағдайда  объектіні  дайындау  үшін  қажетті  мəліметтерден  тұратын

құжаттаманың  толық  жинағы  жобалау  нəтижесі  болып  табылады. Бұл  құжат  объектінің

соңғы нақты суректтемесі, яғни жоба болып табылады. Қысқаша айтсақ, жобалау дегеніміз –

объектінің  бастапқы  суреттемесінен  зерттеу, есептеу  жəне  конструкторлық  сипаттағы

жұмыстардың  кешенін  орындау  негізінде  дайын  бұйымды  алу  мен  түрлендіруден  тұратын

үрдіс. Барлық  жобалық  шешімдер  немесе  олардың  бөліктерін  адам  мен  ЭВМ  өзара  əрекеті

нəтижесінде алады жəне оларды автоматтандырылған деп атайды. ЭВМ көмегінсіз қолмен, ал

аралық  сатыларды  адамның  қатысуынсыз  дайындалған  жобалар  автоматты  деп  аталады.

Автоматтандырылған  жобалауды  іске  асыратын  жүйелер  автоматтандырылған  жобалау  деп

аталады. Автоматты жобалау күрделі емес объектілерді салыстыру үшін пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта автоматтандырылған жобалау кең тараған.

АЖЖ  түсінігінің  мазмұны  конструкциялауды, сандық  есептеу  құралдарын

пайдалануымен  арқылы  автоматтандырудың  мүмкіндіктерін  көрсетеді. АЖЖ  компьютерді

жасалынған, түрлендірілген  мəліметтер  деп  қабылдауға  болады. Сəйкесінше  есептеу

техникаларынын  пайдалану  арқылы  өндірісті  технологиялық  дайындау  технологиялық

ақпараттардың түрленуі деп аталады.

Бұйым  конструкциясының  автоматтандырылған  жүйесі  кіруші  ақпараттардың

шығатын ақпарат ретінде түрлендіруші құралы болып табылады. Бұйымның жобасын өңдеу

үрдісі  негізгі  екі  сатыдан  тұрады: жобалау  сатысы, яғни  бұйымның  сəйкес  сұлбалары  мен

жобаның үлгілік құжаттамаларын, жалпы көрінісі мен жұмыс құжаттамаларын көрсетеді. Бұл

үрдістің  кіретін  ақпараттары  техникалық  тапсырмада  болатын  жобаланушы  объектінің

дескриптті суреттемесі болып табылады.

Кіретін  ақпараттар  жүйенің  қызметтік  тағайындалуына  байланысты  жобаланушы

объектінің  конструкторлық  суреттемесін  анықтайды, яғни  жалпыға  бірдей  қабылданған

жобалық  жəне  конструкторлық  құжаттамасының  түрін,  немесе  компьютерлік  түрі –

графикалық  үлгі, мəтіндік  құжаттар, реляционды  жəне  графикалық  мəліметтер  қорын

анықтайды.

Мəліметтерді  түрлендіру  үрдісін  пайдаланушы  басқарады. ЭВМ  қолдану  кезінде

бұйымды  дайындау  циклын  екі  сатыға  бөлудің  қажеті  жоқ.  Міне  дəл  осыған  АЖЖ  түсінігі

негізделген, яғни  ЭВМ-ды  өндірісті  құрастыру  мен  дайындау  үшін  пайдаланатын  адамның

қызметі.


Конструкторлық құжаттаманың түрлері

Жобалық-конструкторлық  жұмыстың  нəтижесі  құрамы  мен  пішіні  стандарт  арқылы

анықталатын  құжаттама  болып  табылады. Машинажсау  кəсіпорындары  жасап  шығаратын

объектілер  бұйым  деп  аталады. Конструкторлық  құжаттама  графикалық, мəтіндік

құжаттардан  тұрады. Бұл  құжаттар  өз  кезегінде  бұйымның  құрамы  мен  құрылғысын

анықтайды  жəне  оны  дайындауға, сақтауға, бақылауға, пайдалануға, жөндеуге  қажетті

мəліметтерді  сақтайды. Графикалық  конструкторлық  құжаттарға  сызбалар  мен  сұлбалар

жатады. Графикалық құжаттар келесі түрде болады:

• тетіктің  кескіні  мен  т.б. мəліметтерден  тұратын, оны  дайындауға  жəне  бақылауға

қажетті тетіктің сызбасы;

• құралған тетіктерден тұратын, оны құрастыру мен бақылауға қажетті  мəліметтерден

тұратын құрастырылған сызба;

• бұйымның  конструкциясын  анықтайтын, оның  негізгі  құрамдас  бөліктерінің  өзара

əсерін жəне бұйымның жұмыс істеу принципін түсіндіретін жалпы көрінісінің сызбасы;

• бұйымның  геометриялық  пішінін  жəне  құрамдас  бөліктерінің  орналасу

координаттарын анықтайтын теориялық сызба;

 бұйымның  габаритті, орнатушы  жəне  біріктіруші  өлшемдерімен  беріктенген

контурлық кескінінен тұратын габаритті сызбасы;



•  бұйымның  беріктенген  контурлық  кескінінен  тұратын, сондай-ақ  біріктіру  кезінде

орнатуға қажетті жинақтаушы сызба;

• бұйымның  электржинақталуын  орындауға  қажетті  мəліметтерден  тұратын

электржинақты сызба;

•   бұйымды орап-қаптауға арналған мəліметтерден тұратын орап-қаптау сызбасы;

• бұйымды  жөндеуге  қажетті  жəне  жөндеу  орындарын  анықтаушы  мəліметтерден

тұратын жөндеу сызбасы;

•  бұйымның  құрамдас  бөліктері  мен  оның  арасындағы  байланыстар  шартты  түрде

көрсетілген сұлба;

Міндетті  конструкторлық  құжаттарға  графикалық  сызбалардың  ішінен  тетіктің

сызбасы, құрастыру  сызбасы, жалпы  көрінісінің  сызбасы  жатады. Міндетті  мəтіндік

құжаттар: сипаттізім, техникалық  ұсыныстың  тізімі, үлгілік  жəне  техникалық  жобалар,

түсіндірме  жазбасы. Жобалық  жəне  конструкторлық  құжаттама  жобалау  мен  дайындау

арасындағы басты құралы болып табылады.

Жобалаушылар  мен  конструкторлар  жоба  жасаумен  абстракты  түрде  шұғылданады.

Олардың  еңбегінің  нəтижесі  бұйымның  дайындалу  үрдісін  жобалайтын  технологтарға

беріледі. Бұл  үрдістерді  жүзеге  асыру  үшін  инженерлер  үшін  қатынас  құралы  қажет. Осы

қатынас  құралы  ретінде  əртүрлі  құжаттар  пайдаланылады. Атап  айтсақ, белгілі

сипаттамалары бар бұйымға  деген қажеттілік  суреттелген  техникалық тапсырма, бұйымның

жазбаларын  сұлба  ретінде  беруші  жобалық  құжаттама, сондай-ақ  конструкция  жазбаларын

бейнелейтін  жұмыс  сызбалары. Жобалау  мен  конструкциялау  ғылымы  жазба  теориясын

иеленеді, ол өз кезегінде шартты таңбалармен байланысты, яғни техника тілінің негізі.

Конструкция  жазбасы  деп  осы  күнге  дейін  стандарттарға  сүйеніп  орындалған

сызбаларды  түсініп  келді. Бірақта, сызба  мұндай  жазбаның  тек  қана  бір  тəсілін  көрсетеді.

Жобалаушы-конструкциялық  үрдісте  АЖЖ-ны  қолданумен  жобалаушы-конструкторлық

мəліметтерді жазудың жаңа тілін жасауға деген қажеттілік туындауда.

Бұл қиындық екі үлкен топпен дамуда:

o

жобалық-конструкторлық мəліметтерді машина ішінде бейнелеу;



o

осы мəліметтерді сыртта бейнелеу;

Екінші  топтың  қиындықтары  машиналық  геометрия  жəне  графика  тəсілдерімен

шешімін  табуда. Сыртқы  бейнелеулер  стандарттарға  сəйкес  дəстүрлі  сызба  ретінде

кескінделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет