Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет132/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

76

Бауырым, қанша сүйгенімен,



Өтеді өмір күйбеңмен

Шындыққа бас тік алаулап, 

Пенделіктен бол аулақ, 

–  деген  ұлы  бабамыз  Әбу-Насыр  әл-Фарабидің  ғибратқа  толы,  ғазалы,  А.  Иүгінекидің  ХІІ-ХІІІ 

ғасырларда жазылған «Ақиқат сыйы» кітабындағы адамгершілік, өмір шындығы, ақиқат туралы 

дидактикалық үлгідегі шығармалары немесе Н.Оразалин өзінің «Абайға оралу» атты жыры шындық 

пен ақиқатқа жүгінудің көркем мысалы: 

Көңіл -қобыз жаңылғанда күйінен, 

Сезім-бейбақ безінгенде үйінен,

Сап-сап айтып, салауатқа жүгінем,

Ұлы Абайға ораламын жиі мен. 

Ардан аттап, дала кеңде, жер кеңде,

Сатылғанды, сатқындарды көргенде, 

Адамдардың арман-мұңын түгендеп,

Ұлы Абайға бұрыламын шерменде.

Пенделіктің таба алмастан еш емін,

Күйіп-жанып, өртенемін, өшемін;

Ағайынның аярлығын білгенде 

Ұлы Абайдың қасіретін кешемін....

...Көңіл-қобыз жаңылғанда күйінен, 

Сезім-бейбақ безінгенде үйінен.

Тану үшін өзімді де өзгені, 

Ұлы Абайға ораламын жиі мен. 

Үлкен ақынның қаламынан ғана туатын жыр ақын шығармашылығының ұлы Абай дәстүрінен 

қуат алатындығының айқын дәлелі. 

Біздің мәдениетіміз халқымыздың өнерінде, соның ішінде әуелі ауыз әдебиетінде жатыр. Қазақ 

әдебиетінің  кез  келген  классик  қаламгерінің  алғашқы  ақындық  мектебі  халық  ауыз  әдебиетінде 

жатқаны  анық.  Ауыз  әдебиетінің  негізгі  материалы  –  халық  шығармашылығы  десек,  ақындар 

сөзі, құдіретті поэзия соның негізгі қайнар көзі. «Өмір бар жерде – өлең бар» деген сөзді де алғаш 

айтқан біздің бабаларымыз. Ақындық – ананың сүтімен бітетін қасиет дейді. Ендеше, кешегі қарт 

ақынның бүгінгі жас ақынға тигізер әсері мен ақындық қуаты ананың сүтімен жалғасады. Ұрпақтар 

сабақтастығын  жалғайтын  да,  жетістіріп,  одан  дамытатын  да  ақындық  ілім.  Әдетте,  «ғалымның 

хаты өлмейді, ақынның аты өлмейді» дегенде, ақынның адамзат алдындағы сіңірген ерен еңбегі 

мен  ел  қадірлер  ерен  туындыларын  айтқаны.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде,  қазақ  поэзиясының 

ілгеріден  үзілмей  келе  жатқан  асыл  өнері  –  ақындық  біздің  рухани-мәдени  өміріміздің  асыл 

арналары. Сол асыл арналарды одан ары қуаттандырып, нәрлендіріп тұратын бір қайнар да біздің 

дәстүрлі поэзиямыз. Қазақтың қай белді ақындарын алып қарасақ та, ол әрқашан поэзияны, яғни 

музыканы құдіретті өнер деп бағалап, құрметтеген. Оны киелі санап, таусылмас тақырып ретінде 

негізгі нысан етіп ұстаған. Мұндай әдет-әрекеттер – кешегі өткен Қасым Аманжолов пен Төлеген 

Айбергеновте,  Мұқағали  Мақатаев  пен  Жұмекен  Нәжімеденовте,  Тұманбай  М  олдағалиев  пен 

Сабырхан Асановта жиі кездеседі. Біздің 60-шы жылдары әдебиетімізге жаңа леппен келген жақсы 

ақындардың  бәрінде  дерлік  бұл  тақырып  ашыла,  ажарлана,  айшықтана  жырланған.  Поэзияның 

музыка  өнерімен  іштестіре  бағалаған  ақындар  санатында  поэзия  туралы  өлең-аннотациясын 

өздерінше  беру  де  дәстүрге  айналған.  Бұл  ретте  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  поэзия  туралы 

аннотациялық өлеңіне назар аударалық:

Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім, 

Қарауытқан таулардан сені іздедім

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет