Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
78
тұрғыдан келгенде, қазақ поэзиясының көркемдік политрасы өте бай және сол аса құнды байлық
ақындық таланттың, ақындық құдіреттің қолында. Жай тасындай жарқылдап, алмастың алуан
қырындай құбылып көрінеді.
Қазақ поэзиясының ғасырлар бойы осы үрдісті өзінің тікелей басынан кешіп үйренді, дамыды,
жетілді. Жыраулар поэзиясындағы ағынды ойлар мен алымды тіркестер, тереңнен суырып, беренмен
бекіткен жыр жолдары өзінің даму өркендеу сатыларында әдебиеттің афоризмдері деген терминін
иеленген толғаулары мен шешендік сөздерге айналды.
«Қазақтың эпостық тарихын қарап отырсақ, халқымыз ешқашан идеологиясыз өмір сүрмеген.
Мемлекеттік деңгейде идеология үнемі болған. Соның ең айғағы, мысалы – Асан қайғының
«Жерұйық» ілімі. Бұл елді топтастыру идеолоиясы болатын» [3] дейді белгілі ғалым, философ Ғ.
Есім.
Философ ғалым осы пікірі жоғарыда айтылып кеткен біздің жыраулық-шешендік өнердегі
дәстүріміздің даму тенденциясын еске түсіріп, Асан қайғы ілімінің географиялық ауқымы емес,
ақындық-шешендік өнердің де үрдісінде көрініс тапқан туындыларының мәні мен мақсатын
аша түседі. Н.Оразалин осынау үрдістердің бәрін көкірек көзінен өткізген. Ұлылылардан ұлағат,
жақсылардан жұрағат, шынайы шығармашылық жауһарлардан шапағат алған ақын. Тереңге үңілген,
биікке талпынған, айдынға жанар қадаған, жұмбаққа зейін қойған, қымбатқа пейіл берген қаламгер.
Енді ол Асан қайғының желмаясына мінбей, көңілдің кемесіне отырып та, адамның жанының
жерұйығын іздейді. Адамдықтың мәні мен мақсатын зерделейді. Адамгершіліктің қасиеттерін өлең
тілінде өрнектейді:
- Жастық шағың қалды қайда?
- Қалды алыс.
- Жүрек шіркін қалғымай ма?
- Алданыш.
- Тіршіліктің тұтқасы не?
- Кісілік.
- Дүниенің алды қайда?
- Жанған іш...
- Армандарың қайда қалды?
- Жолда алыс.
- Ойыңды кім байлап алды?
- Толғаныс.
- Бойыңды не билеп алды?
- Ел қамы.
- Жаныңды кім жайлап алды?
- Тоңған іш.
- Қу жалғанның шарты қайсы?
- Жан бағыс.
- Бүтін қайсы? Жарты қайсы?
- Таңғалыс...
- Мәңгіліктің кепілі не?
- Ұрпағың
- Дүниенің арты қайсы?
- Қамданыс...
Асан қайғы дәуірімен қазіргі заманға жалғасып жатқан дәуірлерді дәстүрлі жалғастығын
танытатын ел қайраткерлерінің диалогі. Орынсыз көсем сөйлемес, өмір философиясының шынайы
бір көрінісі. Өткен мен бүгін, өмір туралы сыр, тірлік туралы жыр.
Заман әдебиеті де жаңа ағымдар, арналар тудырады. Бұрынғы сөздердің мәні мен мазмұны жаңа
заманда бәсең тартып, бояуы оңа бастауы мүмкін. Осындай кезде поэзия өшіп бара жатқан дәстүр
мен халық мұрасын қайта жандандырады. Сөз өзгереді, тыңдаушы да өзгереді. «Сөзді ұғатын кез
келді» деп жазады белгілі ғалым, М. Жолдасбеков.
Баяғыда Сүйінбай ақын былай деп жырласа:
|