Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
106
негіздеді. Филология ғылымында ерекше маңызға ие «мифологиялық мектептің» негізін қалады.
Бұл мектеп барлық өнер атаулының негізі миф деп таныды. Мифтен фольклор дамып, өсіп шығады
деген пікірді ұстанды [2, 507].
Фольклордан қазіргі дамыған, толысқан әлемдік әдебиеттің небір үлгілері, жанрлары мен
түрлері бөлініп, өз алдына отау құрып, енші алып тарқасты. Фольклор (ағылшынша: халық
даналығы), бұл терминді 1846 жылы ағылшын ғалымы Дж. Томс халықтық мәдениетті көрсету
мақсатында, сол мұраны белгілеу үшін енгізген болатын. Фольклордың ең маңызды ерекшелігі,
оның әдебиеттен, жалпы алғанда қазіргі заманғы кітаби мәдениеттен басты айырмасы дәстүршілдігі
мен салтшылдығы, ақпаратты берудегі ауызша тәсілге бағдар жасайтыны, соның салдарынан
варианттылық негізде дамуы. Демек, фольклордағы басты ерекшелік, варианттылық, бір нәрсенің
өзгеше түрі, өзгертіліп айтылатын түрі, тұрақты түрдің жоқтығы, жападан жалғыз, бұлтартпайтын,
дұрыс саналатын бір ғана нұсқаның атымен болмауы болып табылады. Әрбір айтушы жанынан
қосып, түрлендіріп, байытып жырлайтын, бірнеше нұсқалы жырлардың біздің қазақ халқында
молынан кездесуі фольклор жанры ерекше бай екендігін айғақтайды.
Фольклор – ұжымдық сананың айқын көрінісі. Оның өмір сүруі қоғамнан тыс болуы мүмкін
емес. Бұл ретте орындаушыға тыңдаушы керек, тыңдаушы сонымен бірге қосалқы автор болып
кете алады, ол орындаушыға көмектеседі. Сол арқылы әрі «цензор», яғни, бақылаушы рөлін
атқарады. Фольклор жаңаны жасауға емес, бұрыннан бар дүниені қайта-қайта жаңғыртып тудыра
беруге бағытталады. Жаңадан тың дүние жасау ол көркем әдебиеттің, жеке авторлық шығарманың
үлесінде қалады. Бұл жерде мәдениеттің сыртқы факторлары фольклорға сирек енетінін назардан
тыс қалдырмаған жөн. Фольклорға формула, тұжырымды айтылған сөз – орнықты ой, тұрақты
сөз орамдарының үлкен мөлшері, клише-құйма қалып, бір шығарманың ішінде болмаса әртүрлі
жанрларда қайталана беретін «ортақ тұстар» тән.
Қазіргі өнер синкреттілігін, соның ішінде фольклордың сөз өнерінің көркемдік түрленуіндегі
өзіндік жүйесі отандық фольклористикада «Фольклор және қазіргі қазақ әдебиеті» атты кітапта жан-
жақты қарастырылды. Кітаптың алғысөзінде «Сондай-ақ бүгінгі көркем әдебиетті фольклордан
шыққандай етіп қабылдау да дұрыс болмайды. Фольклормен генетикалық байланыс жасау көркем
әдебиеттің қалыптасу кезеңіне тән, ал, бүгінгі қазақ әдебиетінің дамуы үндестік байланыстың кең
қолданылғанын айғақтайды» деп маңызды ғылыми мәселе өзекті тұрғыдан қойылған.
Ұжымдық еңбектің «Әдебиет пен фольклордың байланысы туралы» атты бірінші тарауын
жазған академик Сейіт Қасқабасов: «Қазақтың XX ғасырға дейінгі өмірінде фольклордың
араласпайтын жері болған жоқ, ол елдің рухани қажеттілігін түгелімен атқарды, бүкіл тіршілігінің
ажырамас бөлігі болды, сол себепті XIX ғасырдағы әдебиетте фольклордың «мен мұндалап»
тұруы – табиғи нәрсе. Әсіресе, авторлық ауыз әдебиетінде, яғни жыраулар мен ақындардың
шығармаларында фольклордың тілі, поэтикасы, стильдік құрылымдары мейлінше мол. Ал Абай
мен Ыбырайдан бастау алатын жаңа жазба әдебиет фольклорға саналы түрде барды, оған қажетті
дәрежеде арқа сүйеді. Бұл жерде біз фольклордағы сөздер мен тіркестер, сюжеттер мен кейіпкерлер,
жекелеген жанрлар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, өлеңдер жазба ақындар шығармашылығында
емін-еркін жүретіндігін айтып отырмыз. Олардың біразы табиғи түрде жүрсе, кейбіреуі мақсатты
түрде қолданылған. Кейін осы дәстүр жалғасып, әдебиеттегі фольклоризм құбылысын тудырды.
Фольклоризм әдеби шығарманың мазмұнынан ғана емес емес, оның тілдік-стильдік табиғатынан,
әдеби шығарманың көркемдік құрылымынан, әлеуметтік-этнографиялық сипатынан көрінеді.
Олардың әрқайсысын арнайы зерттеу – әдебиет пен фольклордың ара-қатынасы, байланысы
қаншалықты терең, табиғи, мақсатты екенін ашып көрсетері хақ.
Фольклор – тек қана ел арасына тараған ауызекі шығармалар емес, фольклор – халықтың
бұрынғы замандарда өмір сүрген бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп,
бүгінгі дәуірге жеткізген руханият. Ол көп салалы, сондықтан көп сипатты және көп функциялы,
синкретті руханият. Өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір сүргендіктен фольклор
– ежелгі қоғамның дүниетанымы және мәдениеті болған. Үнемі қолданыста болғандықтан,
ол– адамдар тұрмысының қажетті бөлшегіне, атрибутына айналған. Ұзақ тарихи дамудан өткен
фольклор біздің дәуірге сөз өнері және мәдени мұра түрінде жетіп отыр» деп қазіргі мәдениет пен
өнердің жанрлық түрленуіндегі фольклор маңызын тереңнен ашып көрсетеді әрі ғылыми зерттеудің
басым бағыттарын қарастыруды ой талқысына салады.
Көркемдік дамудағы дәстүр жалғастығына сай қазақ ақын-жазушылары көк бөрі мен жылқы
культын тынбай жырлаумен келеді. Кең дала еркіндігін сақтауда жылқы қазақ баласының серігіне
|