Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет185/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   963
№ 3 (106) 2015

111


хикаясында  Төремұрат  Нұрымбетұлынан  деп  көрсетіледі.  Латын  әліпбиімен  жазылған  қолжазба 

«ҚР ҰҒА Қолжазбалар қорында» сақталған. Талдау мақсатында бұл нұсқа толығымен кирилицаға 

көшірілді. Бірақ оны қай жылы  тапсырғаны туралы ешбір мәлімет берілмеген және жыраудың қай 

жылдары жырлағаны туралы да дерек көрсетілмеген. Соның бірінші бөлімінде былай делінген:

Қиссасын Айман–Шолпан ажарладым,

Әлеумет аударсын деп назарларын.



Жүсіпбек деген қожа шығарды деп,

Бұрыннан естуші ек хабарларын.

Ұнамды айтылғанмен хикаясы,

Оңдырмай жазған екен өлең жағын.

Өтінді Қойшыбайдың Нұрымбеті,

Қайтадан әрлеп, айт деп маған бәрін.

Құрметті-халық сыйлайтын құрбым еді,

Қадірлес өскен қатар замандарым.

Әр жайтта азаматтың орны өзгеше,

«Алқаның» қыздыратын базарларын.

Үш-төрт күн жыр-жырлатып жібермеді,

Жинатып жақын-жуық адамдарын.

Іңірде ас-судан соң бастап едім,

Біткердім болдырмай-ақ таң алдарын.

Көп болды қиссасынан екі еседей,

Ретін азайтудың таба алмадым.

Қой жылы, күз айында, «Қамыстыда»,

Үйінде Нұрымбеттің тамамдадым.

Нұрекең жаздырып ап қалайын деп,

Қалам мен дайындатты қағаздарын.

Құрбымның кеулін қимас құрметі үшін,

Тоқталып тағы бір күн аялдадым.

Өздерің өлшестіріп сынарсыңдар,

Сөз парқын серлейтұғын сабаздарым.

Әлеумет айтылған бұл Базекеңнің,

Тыңдаңдар «Айман–Шолпан» ғазалдарын [4, 1].

Бұл  тармақтар  да  «Айман–Шолпан»  жырын  Балқы  Базар  жырау  тілін  көркемдеу  үшін  ғана 

қайта жырлағаны ашық айтылады. Төмендегі талдаулар арқылы оған көз жеткізуге болады. 

Балқы  Базар  жырлаған  нұсқа  ІХ  тараудан  290  шумақтан  тұрады,  бұл  нұсқа  ХІХ  ғасырдың 

соңында жырланған деген болжам жасауға негіз бар. Біріншіден, жоғарыдағы тараудағы курсивпен 

көрсетілген  жыр  жолдарына  назар  аударар  болсақ,  онда  Жүсіпбек  Шайхисламұлының  бұрын 

жырлағаны туралы айтылады. Екіншіден, орыс сөздерінің екі нұсқада да аз кездесуі олардың шығу 

кезеңдерінің жақындығынан деп топшылауға болады. Ж.Шайхисламұлы нұсқасы 1896 жылы, яғни 

жылан жылы 20 қыркүйекте жарық көрсе, біздің шамалауымызша Балқы Базар жыраудың нұсқасы 

қолжазбада  көрсетілген  бойынша  есептер  болсақ,  қой  жылы  1898  жылға  сәйкес  келеді.  Біздің 

пікірімізше, 1898 жылы жазылған болса керек, өйткені жырау Жүсіпбек «өлең жағын оңдырмапты» 

деуі баспа бетінде жарияланған нұсқамен таныса отырып айтылса керек. 

Х. Сүйіншәлиевтің көрсетуі бойынша Базар Оңдасұлы 1839 жылы туылып, 1911 жылы дүниеден 

қайтқан. Ал ақынның тұңғыш шығармалар жинағы 1986 жылы жарық көрген [5, 625]. Бұл жинақта 

«Айман – Шолпан» жыры енгізілмеген. Одан кейінгі жылдарда да жыраудың атымен жырдың баспа 

бетінде жарияланбағаны белгілі. Дегенмен қолжазба сақталған, бірақ ғалымдар тарапынан зерттеу 

тезіне түспегендігі белгілі.

Революцияға дейін қазақ тілінде шыққан «Айман–Шолпан» жырының нұсқаларының бәрінде 

дерлік «қисса» деп берілсе, 1890 жылғы Н.Н.Пантусовтың нұсқасында «эпос», кейінгі жылдары 

баспа бетін көрген нұсқаларында «жыр» деп, ал Балқы Базар жырауда «хикаят», «ғазал» болып 

берілген.  Ендеше хикаят дегеніміз не? Хикаят – діндар дәуірдің өнеге үшін шығарылған әңгімелері. 

Онда діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады. Сондықтан хикаяттың тілі көркем 

және  тақырыбы  түрлі-түрлі  болып  келеді.  Мәселен,  1896  жылы  Қазан  қаласында  жарық  көрген 

нұсқасында (1890, 1931, 1939, 1953, 1957, 1958, 1987):






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет