Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


БАЛҚЫ БАЗАР ЖЫРАУ ЖЫРЛАҒАН «АЙМАН – ШОЛПАН» ЖЫРЫНЫҢ ТІЛІ ЖАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет184/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

БАЛҚЫ БАЗАР ЖЫРАУ ЖЫРЛАҒАН «АЙМАН – ШОЛПАН» ЖЫРЫНЫҢ ТІЛІ ЖАЙЫНДА

Бұл мақалада қазақтың «Айман–Шолпан» тарихи жырының Балқы Базар жырау жырлаған нұсқасының 

тілі  жайында  айтылған.  Қолжазба  латын  әліпбиімен  жазылған.  Талдау  мақсатында  нұсқа  толығымен 

кирилицаға көшірілген. Жырдың осы нұсқасының тілі өзге нұсқаларымен салыстырылып, ерекшеліктері мен 

ұқсастықтары нақты мысалдармен көрсетілген.

Түйін сөздер: тілі, тарихи жыр, қолжазба, нұсқалар, латын әліпбиі, орыс сөздері.  

Тарихи-эпикалық  шығарма,  тарихи  жырлар  –  ұлт  тілінің  қазынасы,  ұлттың  сөз  қолдану 

шеберлігінің  көрсеткіші.  Солардың  бірі  –  «Айман  –  Шолпан»  жыры.  Бұл  ретте  Б.Момынова: 

«Фольклордың тілі өңделген, жүйеленген тіл. Эпикалық шығармалардағы клишелер (қайталаулар 

және оның түрлері, жекелеген сөздердің қайталанып отыруы, қара сөз бен өлең сөздің араласып 

келуі,  т.б.)  бір  ізге  түсірілген,  жүйеленген  құбылыстың  көрінісі.  Дәл  осы  тілдік  ерекшеліктер 

кейіннен  жазба  стильге  әсерін  сөзсіз  тигізді.  Жазба  дәстүрдегі  ақындардың  өлеңдерінде  осы 

фольклор тілінің ерекшеліктері әлі күнге дейін қалып қоймай ілесіп жүруі дәстүрдің мықтылығын 

байқатады. Алғашқы жазба үлгідегі өлеңдерде күшті сезілетін осы ықпал бірте-бірте әлсірегенімен, 

іздерін  жоғалтпады»,  -  деп  жазады  [1,14].  Жыраулық,  суырыпсалмалық  дәстүрдің,  одан  қалса 

ауыздан-ауызға жаттап айтып, өңдеп, көркемдеп, өзгертіп, әрі негізгі оқиға желісін бұзбай жырлау 

дәстүрінің  көрсеткіші  саналатын  «Айман–Шолпан»  жырына  да  ғалым  көрсеткен,  эпикалық 

жырларға телінген өзіндік қасиеттер тән.

1976 жылы С.Қасқабасов өз мақаласында: «Біріншіден, қазақ фольклористикасы таза ғылым 

болып тек Кеңес өкіметі тұсында ғана қалыптасты да, ә дегеннен фольклортанудың барлық саласын 

қамти алмады. Екіншіден, қазақ ауыз әдебиеті шығармалары мол көлемде, кең түрде бірден жарық 

көре алмады. Қазақ фольклористикасының алғашқы мақсаты ең алдымен халық мұрасын халықтың 

өзіне қайтару болды. Сондықтан архивте жиналған бай материалдарды шетінен, ешқандай ғылыми 

принципке негіздемей-ақ жинақ қылып шығару ісі қолға алынды», - деп жазады [2, 51]. Ғалымның 

пікіріне орай жыр мәтіндерінің ғылыми тұрғыдан талданбай-ақ баспа беттерінде жарияланғанын 

байқау қиын емес. Дегенмен бұл жырлардың жарамсыздығы деген сөз емес, олардың нұсқаларын 

ғылыми  тұрғыда  зерттеу  қажеттілігі.  Ендеше  ғылымның  дамуына  орай  жыр  тілін  тек  әдебиет 

тұрғысынан  ғана  емес,  тілдік  жағынан  да  қарастырудың  маңызы  зор  болып  отыр.  Мәселен, 

Ж.Шайхисламұлы сыр бойы мен Қаратау өңірінің, Сарыарқа мен Жетісудың белгілі ақын жыра-

уларымен  кездесіп,  олар  шығарған  өлең-термелерін,  толғауларын  үйреніп,  жаттап  таратқан.  Өзі 

де ақын болған, өлең, терме-толғау шығарған, айтыстарға қатысқан. Көбінесе қазақ халық жыр-

ларын баспа бетіне жариялаушы ретінде белгілі болған. Өткен ғасырдың соңғы жылдарында ол 

«Қыз Жібек», «Айман–Шолпан», «Алпамыс» жырларын ел аузынан жинап, алғаш рет кітап етіп 

мыңдаған данамен бастырып шығарған [3, 319].

Өзге фольклорлық шығармалар тәрізді «Айман–Шолпан» жыры да ауыздан-ауызға айтылып, 

ел арасында кең таралған, белгілі-белгісіз жыршылардың аузында жырланған. Жырдың кезінде әр 

тараптан жиналып, жазылып алынуы осының дәлелі. Дегенмен ең алғашқы қолжазба да, баспада 

жарияланған да  Ж.Шайхисламұлының нұсқасы болса, жырдың тағы бір ерекше атап өтуге болатын 

нұсқасы – Балқы Базар жыраудың көркемдеп жырлаған қолжазбасы. Жыраудың «Айман–Шолпан» 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет