Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет214/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   963
№ 3 (106) 2015

127


машығынан  жаңылыспағандығын  байқатады.  Жалпы,  қазақ  тіл  білімінде  қоғамдық  лексиканың 

негізі болып табылатын мемлекет  қайраткерлері тілі осы кезге  дейін арнайы, жан-жақты зерттелген 

емес. Ғылыми түйін-тұжырымдарды күтіп тұрған бұл мәселе газет материалдары  негізінде де жеке 

қарастырылуы тиіс сияқты. Дегенмен ХІҮ ғасырдағы хан жарлықтарының тілі жөнінде жазылған 

еңбектің бар екендігін айта кетуіміз керек. Еңбектің авторы А.Ибатов: «жарлықтардың тілі түркі 

тілдерінің ежелгі үлгілерін молдап сақтап қалған деректер екендігімен аса бағалы» болғандығын 

ерекшелеп жазады [1]. Аталмыш лексика түрі алғаш «Қазақ» газетінде де көрініс берді. Бұл  мәселенің 

кеңес дәуірінде жете зерттелмеуінің өзіндік себептері бар. Солардың бірі  –  ұлт қайраткерлерінің 

тілін  зерттеудің  «ұлтшылдық» ретінде бағалануында жатса керек. Қазіргі кезде қоғамдық жүйенің 

демократиялануы тұсында  қоғамдағы жаңалықтар газеттердегі қоғамдық-саяси лексика арқылы 

көрініс тауып отыр.

Ә.Кекілбай әлеуметтік-экономикалық тақырыпта айрықша қалам тартқан азамат. Сондықтан да 

оның тілдік құралдарды пайдалануына қоғам дамуындағы құбылыстар ерекше әсер етіп отырған. 

Жалпы, сөздік құрамдардың дамуына қоғамдық  құбылыстардың әсер етіп отыратынын зерттеуші 

Р.Сыздықова  да  жоққа  шығармайды.  Осыған  қарағанда,  публицистикалық  стильдің  баспасөзден 

бастау алатынына тағы да көз  жеткізгендей боласың. Мұны Р.Сыздықованың «Баспасөз қазақ тілі 

публицистикалық стилінің алғашқы нышандарын көрсетуші» [2] деген  тұжырымы да  дәйектейді.

Сөз жоқ, заман қозғалысы тілге әсерін тигізеді, қоғамдық құбылыс жаңа сөздерге дем береді. 

Осыдан  келіп  тілдердің    лексикалық  және  жалпы  тілдік  ерекшелігі  айқындалады.  Ә.Кекілбай 

публицистикасындағы  тілдік  жағдай,  әсіресе,  жеке    сөз,  сөйлем,  жалпылама  сөздердің  тілдік 

ерекшелігіне орай талданады. Бұған жазушы шығармаларындағы тіл байытар тәсілдердің көптеп 

ұшырасуы  себепші  болатын  сияқты.  Солардың  бірі  –  сөздердің  көп  мағыналылығы.  «Әр  сөздің 

әр сипаттағы тура һәм туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана 

ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған ой мен ұғым дәлдігіне жетеді де,  шығарма  әсерлі күш 

дарытады. Ал дәлдік – жазушы шеберлігінің ең  ірі қырларының бірі» [3],  –  дейді бұл турасында 

З.Қабдолов. Пулицист шығармаларында  мұндай ережеге сүйенген сөздер көптеп кездеседі.

Туындыгердің  терминдер  мен  жаңа  сөздерге  байланысты  сөз  қолданысында    бірқатар 

ерекшеліктер  бар.  Кейбір  терминдерге  ол  жаңашыл  сипатта  түсінік  беріп  отырады.  Мәселен, 

«олардың пір тұтатын адамы ешқашан жұмыс, парыз, міндет, жауапкершілікті білмейтін, ешкімді, 

ештеңені жақтамайтын, ешқашан үгіт етпейтін дезангажамент» [4], – деп шегелеп ұғындырады. 

Яғни, осы арқылы қоғамдық мәселеге  қатысты ой айтып , сол ойын белгілі бір образбен байла-

ныстырып, оған нақты  терминдік атау берген. Автор мұнда терминді ой жүйелілігіне байланысты 

қолданып тұр. Газет тіліндегі сөзжасам процесінің жалпы тілдегі сөзжасамнан ерекшелігінің жоқ 

екендігін ескерсек, публицист осы  бағытта біршама үлес қоса алғандығын айқындап айтуға бола-

ды. Дегенмен, сөз жоқ, жаңа  номинациялық атаулар мен жаңа қолданыстардың пайда  болуында 

газеттің, оның ішінде  публицистердің  қызметінің  айрықша екендігі сезіледі.

Публицистің  шығармаларында  қосарлы  сөздер  де  жиі  кездеседі.  Бір  ерекшелігі  бұлардың 

барлығы  тілдік  және  стильдік  талаптарға  бағынған  тұлғалар  түрінде  көрініс    табады.  Әрі  ол  

жазушының  тіл    байлығының  айғағы  әспетті.  Сөз  арқылы  қоғамдық  маңызы  бар  мәселе  көтеру 

– публицист шығармашылығының ерекшелігі.  «Сөз – шығарманың  негізгі материалы», –  дейді 

Федин. Ал З.Қабодолов «шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөз арқылы  құралады» [3], – дейді. 

Ендеше, Ә.Кекілбай сөйлемдерінде жиі кездесетін «қай-қай», «ту-ту», «бар-бар», «шыбық-шыбық», 

«бәрі-бәрі», «қайта-қайта» сияқты қосарлы сөздер  осының айғағы.

Әбіш  Кекілбай  шығармаларындағы  қос  сөз  сөйлемдегі  белгілі  бір    заттың  көптік  тұлғасын, 

уақыт кеңістігінің мәнін, шексіздігін білдіріп тұр. Мәселен, «үстінде шыбық-шыбық сұр көйлек» 

деген қосарлы сөз бір жағынан  көйлектегі сызықтың көптігін, яғни анықтауыштық мәнін білдірсе, 

екінші жағынан бейнелі мағына түрінде алынып тұр. Бейнелі сөздің бастауы  еліктеуіш сөз екенін 

ескерсек, мұндағы қос сөздің де сол мәнге жақын тұлғада алынғандығын байқаймыз. Тереңірек 

зерделесек, Әбіш Кекілбай шығармаларында жиі кездесетін «қай-қай» қосарлы  сөзінің де жеке 

тұрғанда нақты сипатының  оншалықты байқалмай, ал қосарланған жағдайда  әсерінің  күшейе 

түсетіндігін аңғарасың.

Екі түрлі  формадағы мәндес сөздердің қосарлануы  арқылы жасалған сөйлемдер де публицист 

шығармашылығының  бір  ерекшелігін  көрсетеді.  Әсіресе,  синонимдік  қатарлардың  сызықша 

арқылы  ажыратылып,  сөйлем  ішінде  ұтымды  қолданылуы  суреткер  сұлулығын  ашқан:  «қоса  – 

қабаттаса», «езілген-жаншылған», «ұзын-шұбақ», «жалбарыну-жалыну», «толғаныс-тебіреніс», т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет