|
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХабаршысыБайланысты: 3-106-2015-1-chastЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
126
ӘОЖ. 306.440.89
Ж.И. ИСАЕВА
филол.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан, Қазақстан
ӘБІШ КЕКІЛБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ
Бұл мақалада публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық
сипат беретіндігімен ерекшелетіндігі айтылып, сондықтан, публицистикалық шығарманың тақырыбына,
мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік
құрылымдарды пайдалана алудың өзіндік үлкен мәні бар екендігі айтылған. Стильдің бұл түрі қоғамдық
саясат негізінде жазылған шығармаларға байланысты болып отыратындығы, басқа сөзбен айтқанда, бұл
қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалатындығына тоқталған. Бүгінгі
публицистикаға қойылатын талаптың шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан
дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт екендігі қарастырылған. Жалпы, публицистикалық стильде қоғамдық
саяси мәселе әр сипатта қарастырылатындығы сипаталып, осы тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбай
шығармашылығы қазіргі қазақ публицистикасындағы тілдік категориялар мен нормалардың қолданыс
табуын нақтылай зерттеп, қарастыратын нысан бола алатындығы қарастырылып, өйткені қазіргі қазақ
публицистері шоғырында Ә.Кекілбайдың дара қолтаңбасы, тілдік - стильдік ерекшеліктері айрықша
байқалатындығы дәлелденген.
Жазушының шығармаларын мазмұны мен мақсаты жағынан екі түрге топтауға болатындығы (бірі –
көркем әдебиет үлгісінде жазылған өлеңдері, тарихи роман, повестері; екіншісі – публицистикасы (қоғамды
жаңартудың саяси-мәдени мәселелері жайында сөйлеген сөздер, әртүрлі басылымдарда жарияланған
мақалалары, халықтың рухани мұрасына құрмет сезімін қалыптастыратын көркем публицистикалық
шығармалары) қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|