№ 3 (106) 2015
183
ерекшелік ретінде қарастыруға болады. Ақпараттық бағдарламаларда болсын, жалпы теледидардың
кез-келген басқа жанрларында болсын кездесетін жалқы есімдерді қолданылу мақсатына қарай
екі топқа бөліп қарастыруға болады. Олардың өзіміз жоғарыда айтып кеткендей нақтылық үшін
қызмет ететіндер. Ал, жалқы есімдердің екінші тобы мәтінде әсер беру мақсатында қолданылады.
Осы тұста кез-келген жалқы есімдерді ақпараттық бағдарламаларға қатыстырып жоғарыда айтқан
екінші мақсатқа қол жеткізуге болады деген жаңсақ пікірден аулақ болуымыз керек. Ақпараттық
бағдарламалар көреременге арнайы түрлі көлемдегі, түрлі мазмұндағы дайын мәтін ретінде беріледі.
Мәтін – латынша байланысу, бірігу – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық
байланыстағы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде
ғана жүзеге асырылады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мағынаға (мазмұнға)
және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасауды іске
асыру т.б. мәтіндегі тілдік тұлғаларды байланыстырушы амамдарға қосымшалар, қыстырмалар,
қайталаулар, сөздердің орын тәртібі, интонация, есімдіктер т.б. жатады [2]. Демек біздің мұндағы
айтайын дегеніміз мәтіндегі мәтін әрін кіргізу үшін қолданылатын мұндай элементтер ондағы
оймен мағыналық байланыста болып жоғарыдағы мәтіннің бүтін бір ойды білдіру, ішкі мағынасы
болу керектігі сияқты шарттардың орындалуына атсалысады. Сонымен Отандық телеарналарда
қазақ тілінде жүргізілетін бағдарламалар тіліндегі жалқы есімдер кездейсоқ қолданыс емес. Олар
халықтың жанына жақын ауыз әдебиетінен алынған немесе қазақ әдебиетіндегі авторлардың
тундыларынан алынған белгілі кейіпкерлердің есімі болып келеді. Ақпараттық хабарларда хабар
берушінің сөзін әрлеу үшін қолданылатын бұл есімдердің журналистік ақпарат беретін мәтінмен
мағыналық байланысы болуы қажет. Осында тағы бір ескерте кететін мәселе ауыз әдебиетіміз
бен жазба әдебиетіміздегі кез-келген кейіпкерлеріміздің есімдерін ақпараттық құралдардың
мәтіндерінде әрлеуші құрал ретінде қолдана алмаймыз. Олардың ішінде халыққа жаттанды болған,
ең белсенділері ғана қолданылады. Сөзіміз түсінікті болу үшін өзіміздің ақпараттық мәтіндерде
кездесетін сондай аттарға тоқталайық.
Ақпараттық бағдарламалардағы журналистердің оқиға кейіпкерлерінің мінезін, қасиетін дәл
айтып келтіру үшін қолданатын есімдердің көпшілігі Б. Майлин кейіпкерлері. Қазақ әдебиетіндегі
әңгіме жанрының шеберінің кейіпкерлері типтік тұрғыдан алынған кейіпкерлер. Б. Майлин қазақ
кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік, һәм
символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты [3].
Телемәтіндегі Б. Майлин шығармашылығынан алынған сатиралық кейіпкер Талтаңбай. Ол
«Талтаңбайдың тәртібі» драмасындағы атына заты сай аллегориялық кейіпкер. Драматург сөзімен
ол: Ақылдан тұлдыр жоқ ақымақ, тәрбиеден түк жоқ көргенсіз, оспадар, құр-кеуде қуыс қоңырау,
күпілдеген даңғой!.. Сондықтан, яки парықсыз талтаңдайды. Өзі ауданнан ауылға келіп жүрген
өкіл: азды көпті билігі бар, бірақ білімі жоқ есер, есірік. Бар білетіні «темпу, саботаж, лодырь»
деп онсыз колхоздан қорғаланғандарды қорқыту, істейтіні «құқ», айтатыны – «түрмеге тық»! – деп
суреттеледі (Б. Майлин «Таңдамалы»). Ақпараттық бағдарламалардың қызметі тек хабар жеткізу
емес, бағалауыштық қызмет болғандықтан қоғамдағы тоғышарлықпен күн көріп жүрген адамдарды
түйреу үшін Талтаңбай есімін қолдану ұтымды тәсіл.
Мырқымбай – Қазан төңкерісіне дейін байдың малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр тіршілігін
құлдық пен қорлықта, азап пен бейнет астында өткізген. Төңкерістен кейін өз еркі өзіне тиіп, енді
малға ие, жерге қожа боп, адам санатына қосылған, келе-келе өмірге көзін ашып, оңы мен солын
танып, еңсесін көтере белін жазып, қашаннан шерге толы көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш
енген соң аздаған жел бітіп, асып бара жатқан ерлік болмағанымен, біршама ожар өрлікке басып,
төңірегіне әнтек тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы. Мырқымбай – жиынтық кейіпкер
аты. Мырқымбай деген есімнің өзінде ажуамен пернелеген астар бар, атына заты, болмысы, бітімі,
мінезі, қылығы, қимылы, қауқары түгел сыйып тұрады.
Б. Майлиннің Қазан төңкерісіне дейінгі жасаған кейіпкері Мырқымбай есімінің бүгінгі күнге
дейін ақпараттық мәтіндерде кейіпкер мінезіне ұқсас адамдардан бүгінгі қоғамның да жапа шегіп
отырғандығын білдіреді. Яғни, кешегі қоғамдағы Мырқымбайлар өмірде бүгін де қаптап жүр. Экран
алдында олардың теріс әдеттерін жан-жақты баяндап жатудан гөрі тележурналист өз мәтінінде
Мырқымбай есімін тиімді қатыстырады.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» Б. Майлин шығармашылығынан алынған тіркес жауыр
болған, шешуін таппай тұрған оқиғаларды айтқанда көп қолданылады.
«Толағай – белгілі ақын Ә. Тәжібаевтің поэмасындағы басты кейіпкер есімі. Ел үшін туып,
ел қамын жеген Толағай барлық халық ауыз әдебиетіндегі батырлардай алып бала болып өседі.
|