Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет310/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

185


өкілдерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі Алдар Көсе түркі тілдес халықтар 

(қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б). әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Оның өмірде болғанын, 

қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдар Көсе бейнесі қазақ театр және кино 

өнері  туындыларында  көрініс  тапқан.  Қожанасыр  –  (араб.:  хаджанасруддин)  –  түркі  халықтары 

арасында  Орта  ғасырда  шамамен  ХIV  ғасырдағы  күлдіргі  әңгімелердің  кейіпкері.  Әңгімелерде 

Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде суреттеледі. Қожанасыр 

туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы, Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ 

бойы, Кавказ халықтарында Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы, Азия, 

Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин

Қожа Насреддин, Румыния елдерінде әпенді деген аттармен кеңінен тараған.  

Бұл екі кейіпкердің де атауын халық жеңіл қабылдай алады. Алайда олар әдеби шығармаларда 

жағымды кейіпкер болғанымен ақпараттық бағдарламаларда Қожанасыр өз ісінің бағыт-бағдарын 

айқындай алмай әлекке түсіп жүрген адамдардың іс-әрекетін айтуға қатысты қолданылса, Алдар 

Көсе  әдеби  шығармалардағыдай  жағымды  емес  керісінше,  халық  арасындағы  жұртты  алдап, 

қылмыс жасап жүрген адамдарды айтады. Біздіңше,  мұндағы Алдар Көсе бойындағы аңыз бойынша 

сақталған  жағымды мінез ақпараттағы теріс қылықтарды сәл де болса жұмсартып жеткізуге қызмет 

етеді. 

Қазақ  киносының  әйгілі  туындысы  «Тақиялы  періштедегі»  Тайлақ  есімі  бүгінгі  ақпараттық 

бағдарламалар тілінде қолданылмай қалтарысты қалып оның орнына псевдонимі болған Тақиялы 

періште есімінің журналистер тілінде жиі қолданылуы да кездейсоқ құбылыс емес. Мұнда Тайлақ 

періштелігімен аты белгілі болды. Сондықтан халық арасындағы жасы келсе де отбасын құруға 

асықпай жүрген сүр бойдақтар туралы сандық көрсеткіштерді жеткізуде осы есім қолданылады. 

Қазақ  тіліндегі  ақпараттық  мәтіндердің  барлығында  тегіс  тек  қазақ  әдебиетіндегі  танымал 

есімдер қолданылмайды, кейде әлемдік әдебиет пен орыс әдебиетінің шығармаларынан алынған 

тұрақты  есімдер де кездеседі. Солардың бірі Гогольдің атақты «Өлі жандарындағы»– Плюшкин 

есімі. Плюшкин есімі халық арасында сараң,өзіне қажет емес заттарды жинауға әуес  ұсақ-түйекшіл 

адамның  кейпінде  тұрақты  есімі  болып  қалған.  Тіпті  бұл  есімнің  тұрақты  есімге  айналғаны 

соншалық  шетелдік  медицинада  «Плюшкин  синдромы»  деген  психологиялық  ауытқуға  қатысты 

ауру атауы да бар екен. 

Ара-тұра халық ауыз әдебиетіндегі жағымсыз кейіпкер Судыр Ахмет аты да аталып келеді.  

Жазушының  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің    бояуын  келістіре  жасаған  образы  –  Судыр  Ахмет,  көк 

мылжың,  қуыс  кеуде,  есі  кірмеген  пәруайсыз  жан.  Еңбекке  қыры  жоқтығы  жағынан  Қалау  мен 

Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмай-

тын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан 

сорлы  тәлкекке  ұшырайды  да  жүреді.  Байғұсқа  басына  келіп  дұға  оқитын  мола  да  бұйырмаған. 

Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы. 

Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның 

өмірдегі еңбегі туралы ойға шомдырады. Өлім де адамның қалай өмір сүргеніне сын... Бұрау басын 

сындырмаған адамның өмірге келдісі не, кеттісі не? дегізеді.

 Сондай-ақ халқымыздың шешендік өнерін сөз еткенде осы салаға қатысты кейіпкер мінезін 

сипаттауда  Жиренше шешен мен Тазша бала есімдері де орынды қолданылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет