Түйін сөздер: қазақ тілі, етістіктер категориясы, есімше, етістіктердің синтаксистік қызметі,
сабақ жоспары.
Қай тілде болмасын күрделі сөз табы, жан-жақты зерттеуді қажет ететін сөздер тобы – етістік.
Қазіргі қазақ тілінде етістік – қазақ тілі біліміндегі ең күрделі сөз табы. Етістіктің жалпы сипа-
тына қарастыратын болсақ, етістік деп заттың, нәрсенің, құбылыстың іс-әрекетін, қимылын, жай-
күйін білдіретін сөз табын айтамыз. Етістіктер мағынасы мен қызметіне қарай іштей бірнеше
лексикалық грамматикалық категорияға бөлінеді. Оның әрбір грамматикалық категориясына тән
өзіндік көрсеткіші де, тілдік қатысымдағы орны да, беретін мағынасы да, атқаратын функциясы
да өте күрделі болады. Етістіктің категорияларының өзіндік ерекшеліктері де – оларды оқыту ба-
рысында пән оқытушысының мұқият дайындығын керек ететін үдеріс. Мысалы, шақтық, жақтық
мән етістікке тән категориялық көрсеткіш болғанымен, бұл анықтама барлық етістіктің категори-
ясына тән емес, қимыл-атау етістіктің негізінде шақтық, жақтық мән жоқ. Қимыл-атау етістіктер
негізгі етістіктерге -у жұрнағы үстелу арқылы жасалады. Мысалы, оқы, айт, жүр, тұр, отыр, кел,
кір, көр, қара секілді түбір негізгі етістіктерге келер шақтық және бұйрық райлы реңк тән болса,
ал оқу, айту, жүру, тұру, отыру, келу, кіру, көру, қарау етістіктерінде шақтық және жақтық мән жоқ,
іс-әрекеттің қай жақта, қай шақта өтіп жатқандығы не өтетіндігі байқалмайды. Етістік туралы же-
келеген ғылыми зерттеу еңбектері де, жекелеген арнайы ғылыми кітаптар да жарық көрді. Алайда
етістік әлі де болса, терең зерттеу қажет ететін тіл білімінің өзекті мәселесінің бірі болып табылады.
Етістікке қатысты зерттей түсуді қажет ететін мәселелердің бірі – бір етістіктің тілдік қатысымда
қайталанып қолдануы, бір етістіктің қайталануы арқылы жасалған етістікті тіркестердің аспектісі.
Көрнекті тіл маманы, лингвист ғалым А.Ысқақов Алматыда 1991 жылы жарық көрген «Қазіргі
қазақ тілі» еңбегінде толымды көмекші етістіктердің қайталанып қолданылуын қарастырып,
біле білсең, айтсаң айт секілді етістікті тіркестерді аналитикалық формаға жатқызады. Қазақ
тілінің белгілі ғалымдары М.Балақаев, Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматыда 1971 жылы
жарияланған оқулығында бір етістіктің қайталануын қайталақтанған етістік деп атайды да, күрделі
етістікті баяндауыштар құрамында қарастырады. Ғалымдардың ұсынған термині: қайталақтанған
етістік атауы тіл біліміне терминдік атау ретінде қолданысқа ие болмады. Қазіргі қазақ тілінде бір
етістіктің қайталану үдерісін қайталама етістік деп айту үрдісі қалыптасқан. Бірақ бұл еңбектерде
|