Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет325/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

193


бір етістіктің қайталанып қолданылуы және қолдану аспектісі арнайы зерттеу нысаны ретінде жеке 

қарастырылмайды,  ерекше  тақырып  ретінде  баса  назар  аударылмаған.  Қазіргі  қазақ  тілінде  бір 

етістіктің қайталану үдерісін қайталама етістік деп айту үрдісі қалыптасқан. Бірақ бұл еңбектерде 

бір етістіктің қайталанып қолданылуы және қолдану аспектісі арнайы зерттеу нысаны ретінде жеке 

қарастырылмайды, ерекше тақырып ретінде баса назар аударылмаған. Бір етістіктің қайталанып 

қолдануы барлық етістікке тән құбылыс па әлде тек  белгілі бір категориясына ғана тиісті үдеріс 

пе екендігі  және олардың лексикалық-грамматикалық сипаты да айрықша көңіл бөліп жеке зерт-

теу нысаны ретінде қарастыруды керек ететін мәселе. Етістіктер қимыл-әрекетті, амалдың орын-

далу  немесе  жүзеге  аспау  күйін  білдіретіндіктен,  өзге  сөз  таптарынан  семантикалық  жақтан, 

морфологиялық тұлғалық тарапынан ғана емес, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметімен де 

өзгешеленеді. 

Заттың  қимылы  мен  амалын,  жай-күйін  білдіретін  сөздердің  тобын  етістік  деп  атайды  да, 

Ш.К.Бектұров  етістікке  анықтама  бере  отырып,  оларды  түбір  етістік,  туынды  етістік,  біріккен 

етістік, тіркес арқылы жасалған күрделі етістік деп бөледі. Сонымен қатар күрделі етістіктер то-

бында қосарлы және қайталама қосарлы етістіктерді қарастырады. Күрделі  етістіктің құрамындағы 

негізгі етістік те, кейде толымды көмекші етістіктің де қайталанып айтылуы арқылы қимылдың, 

созылыңқылығы,  әлі  болса  да  бітпегендігін,  іс-әрекеттің  қайталана  беретіндігін  көрсетеді.  Мы-

салы: Тізгін титтей босап кетсе, байтал ұшқан құстай ала жөнеледі, әлсін-әлсін желдей естіртіп 

еркіне жіберіп-жіберіп аламын. Бұл мысалдағы қайталама етістік негізгі болса, ал келесі мысал-

да  сала-сала  толымды  көмекші  етістігі  қайталанып  қолданылған.  Әнді  сала-сала  әнші  болдым 

(Ж.Қосыбаев).  Сөйлемдерде  күрделі  баяндауыштың  құрамындағы  негізгі  етістік  қайталанып: 

тіркесіп немесе қосарланып қолдану арқылы да болып жатқан іс-әрекетке созылыңқы күй береді: 

Ол  тәтті  талқаннан  аузын  толтыра-толтыра асады. Жалаң  етістіктердің  қайталанып,  қосарланып 

келуі  арқылы да, күрделі етістіктердің қайталанып қолданылуы арқылы да күрделі етістіктер жа-

салынылады. Сондай-ақ синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын іс-әрекет үдерістері де 

алуан түрлі. Етістіктер іс-әрекеттің, қозғалыстың – динамиканың жүзеге асуын, амал-қимылдың 

орындалу,  орындалмау  үдерістерін  білдіреді  де,  есім  сөздерге  мағынасы  қарама-қарсы  болады. 

«Етістіктер  басқа  сөз  таптарынан  (зат  есім,  сын  есім,  есімдік,  үстеу,  шылау,  одағай)  мағыналық 

жақтан  ғана  емес,  морфологиялық  жақтан  да  және  синтаксистік  қызметімен  де  ерекшеленеді. 

Етістіктер – басқа сөз таптарының морфологиялық жағынан қарама-қарсы ерекшеленетін сөз табы. 

Мысалы, ал-ды, ал-са, ал-ып, ал-сын, ал-дыр, ал-ған., т.б. сөздерінің соңындағы –ды, -са, -ып, -сын, 

-дыр, -ған жұрнақтары басқа сөз таптарының ешқайсысы қабылдамайды, бұлар етістіктерге ғана 

тән формалар» [1, 116]. 

Сонымен қатар етістіктерше де, есімдерше де түрленетін етістіктің тағы да бір ерекше катего-

риясы, бұл – есімше. Есімшенің өзіндік белгілері мен сөйлемдегі қызметін түсіндіру үшін сабақты 

әртүрлі  дағдыларды  меңгертуге  негіздеп,  шәкірттердің  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  

техникалық ақпараттық құралдарды пайдалана отырып ұйымдастырған абзал. 

Есімшенің  сөйлемдегі  негізгі  қызметі  жіктеліп  баяндауыш  екенін  әртүрлі  треннинг-жаттығу 

жұмыстары  арқылы  бекіту,  интерактивті  тақтадан  есімшенің  көптелуін,  септелуін,  тәуелденуін 

тірек-сызба арқылы көрсету – ұтымды әдіс. Содан соң есімшенің есім сөздерше түрленетіндігіне 

мысалдар келтіріп, сұрақ бере отырып, олардың сөйлемдегі қызметін анықтату барысында парал-

лелизм әдісін қолданған өте тиімді болып табылады. Мысалы: сөз барар – барар жері, мен сол жер-

ге қоныстанбақшымын – мен қоныстанбақшы жер, бала шығарма жазған – бала жазған шығарма, 

оқушы  сабақ  оқыған  –  оқушы  оқыған  сабақ.    Отырғандар  келгендерге  орындарынан  түрегеліп 

сәлемдесті. Көршіммен кездескенім қазір. Оның білетіні  көп екен. Білім алушылардың өздеріне 

үлгіні пайдалана отырып,  есімшенің түрленуіне жеке-жеке мысалдар келтіртіп, оларға есімшенің 

сөйлемдегі  қызметін  меңгерте  отырып,  жаңа  тақырыпқа  қатысты  білімді  дамытушы,танымдық 

жұмысты ол жеке өз күшімен, білімімен орындату қажет. Жеке білім алушымен жұмыстан кейін, 

оларды  команда  болып  бірлесе  тапсырмаларды  орындауға  жұмылдыру  үшін  әртүрлі  деңгейдегі 

жаттығулар  ұйымдастырылады.    Топқа  бөлу  мәселесін  әртүрлі  жолмен  шешуге  болады.  Мыса-

лы,  бірдей  қағаз  қиындыларын  жиыстыру  арқылы  топқа  бөлуге  болады.  Топтық  –  командалық 

жұмысқа көшу: жалпы міндеттен туындаған мәселені – мақсатты түрде шешу бағытында екі топқа 

бөлініп, команда түрінде дұрыс жауап беруге әрекететендіру жұмысы ұйымдастырылады. Берілген 

тапсырмаға жауап топ ішінде жинақталып беріледі. Ұсынылатын жатығулардың, грамматикалық 

тапсырмалардың  түрлерін  пән  оқытушысы  интенцияға  сай,  сабақтың  прагматикасына  қарай 

ұйымдастырады.  Мысалы,  негізгі  етістіктерге  есімшенің  қосымшаларын  үстей  отыра,  олармен 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет