Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет37/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер: этимология, балама, омоним, мағына, шұлға етістігі. 

Туыстас тілдердің аударылуында кейбір сөздердің тарихи тамырын бойлай зерттеу туыстастық 

байланыс пен сөйлеу мәдениетінің жақындығын көрсетуде маңызы зор. Қазіргі қазақ тілінің сөз 

байлығында сыры беймәлім және мағынасы сырт көзге түсінікті болмайтын сөздер бар. Олардың 

мағыналарының  түсіндірілуі,  сөздердің  көне  тарихын  бойлай  зерттеу  арқылы  бізге  беймәлім 

мағыналық астарының сырын аша аламыз. 

«Қандайда да сөздің морфологиялық ерекшелігі анық емес болса, оны өткен тарихына бойлау 

арқылы анықтай аламыз», деген тілші-ғалым пікірі негізге алуға тұрарлық [1,165]. 

Ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келе  жатқан  тіліміздегі  сөздердің  әрқайсының  мағынасына 

байланысты қаншама сыр жатыр. Тіліміздің сөз байлығында кейбір сөздер уақыт өте келе мағынасы 

көміскіленіп, кейбірінің бастапқы мағынасы ұмыт болған көптеген сөздер бар. Тілде кейбір сөздер 

ұмытылып кетсе, кейбір сөздер басқа тілдерден келу арқылы үнемі толығып сөздік қоры байып 

отырады.  Тілдегі  сөздердің  этимологиялық  мағынасын  зерттеу  тілшіге  жаңа  деректерге  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. Сөздің астарлы мағынасының анықталуына жағдай туғызады. Сөздің 

этимологиялық жағын академик А. Қайдаров «этнолингвистикалық мағына» ретінде қарастырады. 

Сөздердің  халықтың  тарихи  даму  ізімен  зерттеудің  сөз  мағынасын  ашудағы  ролінін  зор  екенін 

атап  көрсетеді  [2,22].  Қазақ  тіліндегі  кейбір  сөздердің  мағыналық  жақтарының  анықталуында 

тіліміздің тарихи дамуы, бүгінге келіп жеткен көне бастаулардағы қолданыстар бізге-тілшілерге 

сөз сырын ашатын кілттер сияқты. Сол кілттерді көре біліп, қолдана алсақ мол тілдік қазынаға қол 

жеткізеріміз сөзсіз.  Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын «шұлғау» сөзінің түбірі, шығу тегі, бұрын 

қалай қолданылғаны жайында ой тоқтатып көрген едік. Өте қызықты да, пайдалы мәліметтерге 

кезіктік. Осы мақсатта көне жазба деректерге саяхатқа шықтық. «Шұлғау» сөзін кездестіре алмадық, 

есесіне  көне  жазбалардың  көпшілігінде  «шұлға»  етістігі  қолданылғанына  көз  жеткіздік.  Көне 

ескерткіштерде кездесетін «шұлға» етістігі қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Көне тарихи кезең 

жазбаларынан  бізге  жеткен  нұсқасы  «шұлғау»  аяққа  орайтын  мата  атауы  ретінде  қолданылатын 

зат есім. Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын «орау» етістігімен синонимдес сөз.  «Орау» етістігі, 

көне  «шұлға»  етістігі  «шұлғау  шұлғанды»  түрінде  етістік  ретінде  қолданылады.  «Шұлғаулан»  – 

аяғыңды ора мағынасында. Ол шұлғанып, етігін тепкілеп кие бастады [3]. «Шұлғау» сөзін Түркшеге 

түбірлес «чул» сөзінің баламасы деуге болады. Қазақша «шұлғау, түрікше чул/; қазақша шұлғаулан, 

түрікше чуллан ретінде мағына жағынан жақын болып бір-бірінің баламасы бола алады. Гагауыз 

түркілерінде де «чуллан» сөзі  «чул, яғни матамен  орану» мағынасын береді [4,65] яғни қазақшадағы 

«шұлғаулан» деген сөзбен балама, айырмасы қазақтар тек аяқты ғана орауда қолданса, басқа түркі 

тілдерінде    «матамен  орау»  мағынасында  мағыналық  жағынан  одан  да  кең  түрде  қолданылады.  

Түрікшеде «Чуллан» сөзі қазақшадағы «шұлғаулан» сөзімен сөзімен дыбысталуы бір, мағыналық 

жақтан  басқа  болып,  омоним  ретінде  қолданылады.  Түрікше:  «чуллан»  «Біреудің  үстіне  шөгу. 

Мысалы, Али бірінін үзеріне чулланды. Қазақшасы: Али біреудің үстіне шөкті. Түрікшедегі және 

қазақшадағы  «шұлға»  тұлғасының  көне  жазбаларда  кездесуі,  жақын  мағынада  қолданылуы,  бұл 

сөздердің түбірлес екенін дәлелдейді. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет