Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
18
Қазақшада осы мағынада сөйленетін «Ерді кебенек ішінде таны», деген мақал бар. «Ердің
ерлігін киген киімінен, сауыт-сайманынан емес, өз басының батылдығы мен батырлығынан тануға
болады деген сөз» [15,285].
Бұл мақалдарда қолданылған «чул» мен «кебенек» мағына жағынан бір-біріне балама сөз
ретінде қолданылып тұр. Парсышадан қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне байланысты алынған
«кебенек» шопандардың киізден жасалған жеңсіз киімі. Мысалы: Оранған ақ кебенек аруақты
Алтай» І.Жансүгіров. Бұл мысалда ақын Алтай жерін ақ матаға оранғандай деп бейнелі қолданып
тұр. Кебенек-бұрыннан сарбаздардың, малшылардың жаңбырда, суық ауа-райында киізден жасап
киген киімге берілген атау [16,67]. Қазақ және басқа да түркі тілдерде қолданылған ортақ мағына
сырт киім. Кебенек-кебене – «суықта, қыста киілетін киізден жасалған сырт киім, кабардин губанеч,
кабардин-балкар-казбек > казбеч ~ казбич [17].
Қазақша «Ешкі жейді ебелек, ешкіні жейді кебенек», деген мәтел бар. [15,295]. Ешкіні кейде
халық арасында «кебенек» деп те атайды.
Қырғызшада кебенек қарғыс сөз. Кебенек алсын! (Юдахин, Қырғыз-Орыс сөздігі)
Өзбекшеде кубанек. Бұл жердегі «ешкі ауруы» атауы ретінде қолданылған «кебенек» сөзімен
сырт киім мағынасындағы «кебенек» сөзіне балама бола алмайды, дыбыстық жағынан ұқсас бо-
лып, омоним сөз болады.
Түрікшеде диалекттерде сырт киім мағынасындағы «кебенек» сөзі қолданылады.
Кебенек: қалың матадан жасалған сырт киім, пальто, шапан.
*Афион-Мараш, *Пынарбашы-Кайсері, Оважык, *Силифке-Ичел* Фетхие-Муғла [18].
Тілдік атаулардың әлеуметтік жағын зерттеген Снасапова Г. Ж., кейбір атаулардың белгілі бір
әлеуметтік топқа қатыстылығын айтады. Сондай сөздердің бірі де «шұлғау» атауы. «Шұлғау» атауы
да басқа түркі тілдерінде қолданылатын «чул» сөзі де қарапайым халық тұрмысында қолданылатын
заттар. Тіпті халықтың кедей бөлігі қолданатын заттардың атауы. Бұны біз «чул» сөзін қолдана
отырып жасалған мақал-мәтелдерден нақты көреміз. Үстіне киген киімі чул» болса да, кедейге тән
болса да, адамгершілік қасиетінің жоғары екенін айту үшін осы сөздерді қолданады. Яғни, «чул»
болса да, «шұлғау» болса да қарапайым халық тұтынатын заттарға берілген атау. «Антропоним
(ἄνθρωπος —адам және ὄνομα — атау) Адамға тән атау. Антропоним қазақша этнокогнетив мәліметті
білдіреді. Когнитиф ( латынша. Kognitif (лат. cognitio –сана, түсінік, психологиялық бағыт, сөйлеу,
гнозис т.б.) халық санасының көрінісін көрсетеді. ... Қазақ әдебиетінде адамның әлеуметтік статусын,
мамандығын білдіретін антропонимдер бар. Бұларға «шұлғау» (орау арқылы киілген шұлық),
шоқпыт (жыртық, ескі), шоқпар (таяқ, ұруға арналған ағаш), Малбағар (мал бағушы), Тезекбай,
Қиқым, Бұзаубақ, Күңшаш, Місәпір деген аттар байлықтың белгісі мал болғанын көрсетеді.
Жоғарыда аталған метафоралар қазақтардың кедейлікке байланысты түсініктерін білдіреді. Осындай
мәліметтерді салыстыру арқылы халықтың жалпы және ұлттық мәдени шекарасы туралы айтуға
болады. Осындай метафораларды талдау қазақ халқының кедейлікпен байланысты таным-түсінігін
көрсетеді...» [19,48-50]. Көн етікке құрыш шұлғау [20]. Аяққа шұлғау қылсаң да, асыл жібек бөз
болмас; Кедейге шұлғау да тимейді, деген мақал-мәтелдер осы тақырыпта айтылған бейнелі сөздер.
Түрікше де, қазақшада қолданылған «чул» және «кебенек», «шулға» сөздерінің барлығының
этнокогнетив мәліметі кедейлікпен байланысты.Олар халқын кедейлікпен байланысты бейнелі
түсінігін білдіреді. Сырт көрініс материялық жақтан кедей екенін көрсете алады, бірақ адамның
адамгершілігін түсіну үшін оның сырт пішіні жеткіліксіз екендігін халық ғасырлар бойы жинаған
тәжірибесі арқылы қорытып айтып кетіп отырған. Бұл ой-пікірді білдіретіндер ең алдымен мақал-
мәтелдер. Адам туралы оның пішінінің толық мәлімет бере алмайтынын білдіру үшін түрік тілінде
«чул» сөзін қолдана отырып жасалған мақал-мәтелдер:
3200-Чул тутмаз. Тапқан-таянғанын жұмсап жіберетін, қолында ешнәрсе тұрмайтын біреулер
үшін қолданылады [21,85]. «Чулуна бакма, тазына бак» Біреуге баға бергенде оның киіміне,
адамгершілігін тарт соны ойла» [22,79]. Түрікше: Чул тутмазын бірісі; қазақша баламасы: шұлғауы
да жоқ; қазақша баламасы: сіңірі шыққан кедей;
Түрікше: чулсыз тазы; қазақша аудармасы: шұлғаусыз тазы; қазақша балама мәтел («үрерге иті,
сығарға биті жоқ»);
Түрікше: чулы чувалы йеді, қазақша сөзбе сөз аудармасы: шұлғауы, қабы жетеу, қазақша балама
мәтел (күйлі-қуатты);
Түрікше:чулына бакма тазысына бак, шұлғауына қарама тазына қара;
Түрікше: чулыны саркытып гезійор; қазақша аудармасы: шұлғауын сүйретіп қыдырып жүр;
|