№ 3 (106) 2015
17
Көне жазбаларда кездесетін «шұлқа» тұлғасының қазіргі қазақ тілінде қолданылу ерекшелігіне
тоқталайық: Қазақшада: *şul[ŠUL]ı: шұлық <шұл+ық; чулок-чорап; чулки-килотлу шорап;
шұлғау<шұл+ғау’ портянки-footcloths [5,276]. “Шұлқа”тұлғасы Қазақшаның Ресей, Саратов
облыстары диалектісінде сақталған; «шұлық»-носки, атауы ретінде қолданылып жүр. [6,741]. I.
Шұлғау – аяққа етік кию үшін орайтын мата. Мысалы, Қонған жерде шылғауларымызды, сығып
кептіреміз [7,64].
II. Егіншілікке байланысты диалект сөз ретінде қолданылады.
Шұлқа тасу-Шілденің аяғы тамыздың басында дейін бидай жинауға ыңғайлы уақыт [8].
Көне орыс тіліне көне татар тілінен «чул» түбірінен келген «чолчақ» сөзінен орау, айналдырып
жабу, қымтау мағынасында қолданылған сөз. Көне орысшадан «чулық» жеңіл аяқ киім «чулок»,
аяққа орайтын мата [9,96]. Орыс тілінде «чулок, чулки» түрінде қолданылады. Орыс тіліне енген
көне түркі сөздерін зерттеген ғалым: «Пушкинде 200-ге дейін түркі сөздері табылды. Олардың
киімдерге қатыстылары «чулок» - «чул+ок»/ шұлғау», деп жазады [10].
Қазіргі қазақ тілінде «шұлғау» тұлғасы сарбаздар аяқтарыны ораған мата атауы ретінде
қолданылады. Түркі тілдерінің көбінде «шұлғау» тұлғасы қазіргі кезде қазаақшада қолданылған
«аяққа етік кию үшін оралған мата» атауы ретінде қолданылып жүр.
Қазақша «шұлғау», қырғызша «шылго, чылгоо», татарша чолгау, аяк чолгавы, ноғайша
шылгав, тува шуглаар, хакас шулга, якут суулаа, шуваш “Чăлха”. «Шұлғау» тұрмыста қолданылған
зат ретінде, Бірінші Петр патша кезеңінде белгілі болыпты. Орыс әскері аяққа шұлғау орауды
осы кезеңде бастаған екен. Орыс патшасы Нидерланд кароліне барғанда ол жердегі әскерлердің
аяғына ораған шұлғауды көрген. Одан кейін де өз әскеріне аяқтарына шұлғау шұлғануды бұйырған.
«Шұлғауды» аяққа етік кигенде жайлы болу үшін және суықтан қорғану үшін шұлғанады. Арда-
герлер «шұлғау орау» ерекше өнер, «шұлғау» нағыз сардардың белгісі», дейді. Мысалы, «Ресейдің
жаңа Қорғаныс министрі Сергей Шойгу солдаттарға шұлғау орауға тиым салды» [11]. Қазіргі қазақ
тілінде «шұлғау» тұлғасын «орау», қымтау, жабу мағынасында қолданылатын етістікпен байланы-
стырады. «Шылғау» зат есім, орау етістігінен дегенді айтады. (Бес жүз бес сөз, Алматы,1994).
Қазақ тілінде қазіргі қолданылып жүрген «орау» етістігімен «шұлғау» тұлғасының байланысы тек
мағыналас, синоним сөздер болуында. Қазақшадағы «орау» етістігінің тарихи дамуы мынадай:/
урау/<урағ<орау/. Құтты Білігте «орау» тұлғасы былай келеді: Мысалы: IV. LXIII—LXXXV6 4934-
V6520 «Түкел зенгі йузі уранды калык», қазақша аудармасы: «Түгел қара жүзі оранды көк жүзі»
[12,125]. Қазіргі қазақ тілінде «шұлғау» атау түрінде, көне жазбалардан алынған «шұлға» етістігі
түрінде кездесетін етістік мысалдары.
Көне түркі кезеңдеріне тән қазіргі түркі тілдерінің сөз байлықтарында кездесетін сөздер
түркі тілдеріне ортақ мысалдардан тек бірнешеуі ғана. Бұлар ортақ түбірлес сөздер. «Чул» тарихи
кезеңдерден бүгінгі күнге дейін бір мағынада қолданылып келді. Түрікшеде «чул» тұлғасы секілді,
гагауыз тілінде де «чул» ретінде бірдей дыбысталып, қолданылатын сөз бар. Түркі тілдерінде
түбірлес болып келетін, жақын мағынада қолданылатын сөздерді салыстыра отырып, түп-тамырына
бойлап зерттеу, кейбір мағынасы көміскі сөздердің сырын ашуға көмектеседі. Туыстас тілдерді бір-
біріне аудармада осындай сөздерді балама ретінде қолданудың маңызы зор.
Түрік тілінде: Чул: 1. қылдан тоқылған мата. Мысалы: Гешелери Али, бір чула бүрүнерек
йатыйорду.(Ө. Сейфеттин). Қазақша аудармасы: Түнде Али бір шұлғауға (жабуға) оранып жататын
еді; чул: 2. қылдан немесе жүннен жасалған хайуан жамылғысы. Ата чул өртмек, Атқа шұлғау
(жабу) салу, чул: 3. халық аузында, киім.
Азербайжан тілінде чул: 1. зат есім, киім. Үстінде отыру және суықтан қорыну үшін аттың
немесе басқа хайуандардың үстіне салынған қылдан және жүннен тоқылған қалың жабу. Мысалы,
Ширмәммәд өгүзләрі рахатлады, чулларыны алыб қабақларына йем төкдү. (Е. Султанов). Қазақша
аудармасы: Ширмәммәд өгіздері жайланды, шұлғауларын (жабуларын) алып ақырларына жем
төкті. Дәйірәм, қорхақсан, біртәхәр сүрүнүб чулуну судан чыхармақ істәйірсән. (М. Ибрахимов).
Айтамын, қорқақ болсаң, бір сүрініп шұлғауыңды(жабуыңды) судан шығаруды қалайсың.
Алман тілінде тауық етінен жасалған тағамға «чул» атауы берілген екен. Осы «чул» сөзімен
түрік тіліндегі «чул» сөзі омоним, тек дыбыстық жағынан ұқсас.
Түрікшеде «чул» сөзі арқылы жасалған мақал-мәтелдерді осы мәндес айтылған қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдермен салыстыра отырып, екі тілдегі баламасын табуға тырыстық. Түрікшеде «чул»
сөзі қолданыла отырып жасалған мақал-мәтелдер: «3199-Чул ічінде кухейлан» [13,120]. «833-Чул
ічінде аслан». Екі мақалдың да түсіндірмесі: біреудің қадір-қасиеті үстіне кигенімен емес, ішінде
жатқан адамгершілік жауһарымен өлшенеді дегенге саяды [14,225].
|