№ 3 (106) 2015
243
– Адам деген бір жұмбақ
– Біле жүріңіз
– Руханият
– Мірдің оғы
– Сезім пернелері
– Қырық жапырақ
– Жарнама
Редактор Сара Шаяхметқызы осы айдарлар туралы: «Ұрпақ жалғастығын ұран еткен «АруАНА»
журналы осы мақстатта біршама жұмыс жүргізіп келеді. Ең алдымен, алтын алқа, күміс алқа
иегері асыл аналарымыз, көпті көрген көнекөз ақ жаулықты әжелеріміз жайында сыр шертіп, сол
кісілердің өшпес өнегесін мұрат етіп отырмыз. Бүгінде бір өзі бір елдің қазынасы болып отырған
батырлардың да анасы, ақындардың да анасы, небір елімізге еңбегі сіңген азаматтарымыздың анасы
біздің журналымыздың басты кейіпкерлері атанған болатын. Сондай-ақ, «АруАНА» журналы
қазақ еліне қызмет істеп жүрген тұлғалар жайында толғанатын «Ел ағасы», аналар жайында сыр
ақтаратын «Менің анам», қазақ қыздарына арналған «Лайықсың қазақ қызы деген ғажап атқа»,
ер- жігіттеріміздің ой бөлісу алаңы «Сезім пернелері», ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға
шақыратын «Ата-баба мұрасы» сынды мағынасы терең, маңызы зор айдарлардан құралды. Алдағы
көрсетер қызықтары мен өсиет-өнегелері мұнымен таусылмақ емес» - дейді [7].
Осы сипаттағы таралымы жоғары тағы бір басылым - әйелдерге арналған «Сезон» журналы.
Ол 1998 жылдан бері шығатын алғашқы отандық жылтыр қағазды журнал. Республикалық «Алтын
жұлдыз» БАҚ конкурсында 2000 жылы «Үздік жыл журналы» атағын алса, 2003, 2004 жылдары
«Жыл таңдауы» номинациясын иеленген. 2005, 2006 жылдары «
Gallup Media» мәліметі бойынша
қазақстандық жылтыр қағаз басылымдар арасында жарнама көлемі бойынша үздік деп танылған.
2008 жылы журналдың онжылдығына орай көптеген жарнамалық, қайырымдылық шараларды және
«Қазақстан ханымы» шарасын ұйымдастырған. 2010 жылдан бері журнал FIPP (the International Fed-
eration of the Periodical Press) мүшесі. Таралымының 50% Алматы, 30% Астана, облыс орталықтары
20%, жазылу бойынша 10 %-ды құрайды. 2005 жылдан бері Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтау,
2008 жылдан Қостанай мен Атырау қалаларында бөлімшелері бар. Мақсатты аудиториясы – 27-
45 жастағы, табысы орташа және орташадан жоғары әйел адамдар. Негізгі айдарлары - Life story,
«Он и Она», «Мадонна с младенцем», «Гардероб», «Визитка», «Фотосессии». 2008 жылдан бері
«AIR ASTANA» компаниясы мен үздік сұлулық салондарында, фитнес-клубтарда, киім сату
нүктелерінде, Алматы мен Астана қаласындағы мейрамханаларда жарнамаланады. Редакцияның
айтуынша, әлемді мойындатқан қазақстандық алғашқы жылтыр қағазды журнал [8]. Бұл екі журнал
өз аудиториясының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттегендері бірден
байқалады. Әрі әйелдердің ішкі рухани әлемімен үндесе өмір сүретінін де жіті назарда ұстайды.
«SalNur1» журналы – дін тақырыбына негізделсе, «Сезон» көбінесе табысы мол іскер әйелдерге
бағытталған. Ал Ресейде бұл тізбек әйел аналарға («Няня», «Мамина газета», «Мой малыш»),
жас ерекшеліктеріне (жас қыздарға – «Маруся», «Саратога», «Cool Girl», орта жастағы әйелдерге
–«Космополитен», «Она»), аймақтық және этникалық сипаты бойынша («Женщины Дагестана»),
жалпы әйелдерге (Работница», «Крестьянка», «Сударушка»), отбасына («Домашний очаг»), кәсібіне
байланысты («Супермодель»), табысы жоғары әйелдерге арналған («Harper›s Basaar», «Elle») деп
жіктеледі[9]. Бұл жіктеу біздің отандық басылымдарға да қажет екендігі белгілі.
Бұдан басқа «Қазақстан әйелдері» журналының ізін жалғап келе жатқан әйелдерге арналған
басылымдар баршылық. Олардың қатарына «Аружан», «Береке», «Сырласу», «Сұлу қыз», «Сән
әлемі», «Ақ баян», «Алтын босаға», «Әйел құпиясы», «Ана мен бала журналы», «Әйел денсаулығы»,
«Ақжүніс», «Әйелдер құпиясы», «Ақ босаға» журналдарын жатқызуға болады. Айдарлары жан-
жақты, әрі қазіргі замандағы қазақ әйеліне қажетті сан-салалы тақырыптарды қамтиды. Мазмұны
сән, сұлулық, денсаулық, фитнес, қоршаған орта, бала тәрбиесі, салт-дәстүр, ас мәзірі, интерьер
мне дизайн, танымал адамдармен сұхбат сияқты мәліметтерге құрылған.
Бұл журналдардың ерекшелігі – сыртқы мұқабасында жетістікке жеткен немесе елге танымал
тұлғалардың суреттерінің берілуінде. Бұл өз кезегінде оқырман қауымның журналға деген
қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Журнал мұқабасына шыққан тұлғалар кей жағдайда
журналдың рейтингісін өсіріп, оқырман санын көбейтуге түрткі болып жатады.
|