№ 3 (106) 2015
247
Енді Шәкәрімдегі материалдық игіліктердің қолдануына зер салар болсақ, ақын қолданған бір
– екі мысалдан көп нәрсе аңғара аламыз. Ақын шығыс әдебиетіндегі қалыптасқан «Шарап» сөздік
формуласын «Арақпен» алмастырады. Мысалы Шәкәрімде мынандай өлең жолдары бар: Ажал,
маған арақ берсең,Кейімей мас болып өлсем, Қияметте түрегелсем. Айықпай қуанып жүрсем деген.
Сопылық әдебиеттен енген дәстүрлі поэтикалық символдану Мәшһүр өлеңдерінде «шарап»,
«гүл», «бұлбұл», «шам», «көбелек», «түн», «соқыр», «үй» т.б. Бұлар ақынның шығармашылық
бағдары мен стиліндегі шығыстық түп негізді танытады. Алланың сүйікті құлы болу бақытының
нышан белгісі – «шарап» символынның сопылық астарын байқамай, байқаса да, қасақана сөзбе
– сөздік мағынасындағы қолданылысын мұсылман заңына қарсылық романтикалық протест
деп түйіндеу жасау еуропалықтар тарапынан өзгенің дінін өздерінше пайымдауларынан туған
адасушылық. «Шарап» пен «шәрбат» сөз штамптары Қожа Ахмет Иассауиде жиі қайталанады:
Ақ ниетпен ас бергенге пейіл болғын,
Мен де ақ пейілмен шарабын іштім, міне.
Отыз үште сақилықпен шәрбат құйдым,
Өзім бе еркін бал шәрбаттан ішіп тұрдым.
Немесе,
Сұхбан ием, бір тамшы шәрбат берсе,
Айта айта зікірді тәубам жеңсе –
деп, осы сөздің Алланың шапағатына бөлену жолындағы тылсымдылығын барша қырынан ашып
берсе, Сағдидағы «шарап» сөзінің ұшырасуына бір сәтке көз жіберелік:
Елжірей сүйеді ол бір Құдайды,
Күнкөріс күйбеңіне жуымайды.
Бір ғана шындық жолын байқап көріп,
Ішеді тойда шарап шайқап төгіп, –
деп, шындық болмысты үйдегі өтіп жатқан тойға балайды. Тап осындай өмірді тойға балау
М.Көпейұлы діни романтизмінде өмірді романтикалық қырынан танытуда молынан қолданылатын
«тылсымдау» стилистикалық амал – тәсіліде былай көрініс табады:
Таусылмай толып жатыр арманымыз,
Ерікті болмаған соң мал – жанымыз.
Болмаңыз алты ауызды дін мұсылман,
Бұл тойда не боламыз қалғанымыз ?! [5,IV,11]
Әдеби қызметін М. Көпейұлымен бір мезгілде бастаған Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бір
қасиетті де, тылсымды сөзді кейде «шарап», кейде «арақ» түрінде қолданды:
Алып кел шарап тазасын,
Денеме нұры тасысын.
Ұйқыдан әбден оянып,
Жаралы жүрек жамасын.
Мас болмай кірмес ақылым –
деп, білімнің ең дұрысын алғанда ғана бойыма, ойыма Алланың ұлағаты кіреді деп
шығармашылығының өмірлік кредосын танытады. Арамдықты адалдықпен алмастыратын
құдіретті сөз «Шарап» төл әдебиетімізде осылайша жаңаша сипатта көркемдікпен қолданғанына
куә боламыз.
Арақ ішіп құтырсаң,
Бар киімді сыпырсаң,
Дүниеде мұтылсаң,
Түзу жолға түстің сен –
дегендегі қажының айтпағы білімді адам – жұрт үшін жынды, қоғамға керексіз әлеуметтік жағынан
жалаңаш, рухани жағынан Жаратқанға жаққан ең бай сахи, бұ дүние үшін естен шыққанымен, толық
адам ретінде ақиқаттың ақ жолына түскен жан. Шәкәрім өз шығыстық сарындағы шығармаларында
Батыстағы сияқты «Ақылдың азабын» діннен бөліп қарастырмайды. Шындығына келсек, сопылық
поэзиядағы шарап пен мастықты өмірдегі пендешілік көңіл-күймен еш шатыстыруға болмайды.
Мұны сопылық ілімнің теоритигі Идрис Шах: « Сопылар мас болу қисынын өздерінің белгілі бір
тылсымдық көңіл ауанын сездіру үшін қолданады», – деп түсіндіреді. Дәл осы мағынасындағы
тылсымды ишаратты «Шарап» – астарлы түрде жеткізілген Жаратқанның шапағат нұрының
нышаны, шүпілдеп толған шара – Тәңірдің нұрын бойына әбден сіңірген жүрек.
|