Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет436/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   963
№ 3 (106) 2015

261


кезеңі қажет болады. 

Бұл кезеңді іске асырудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Олар «болжау кестесі», 

«ойлан»,  «жұптас»,  «ортаға  сал»,  «білемін,  білгім  келеді»,  «үйренгенім»  деген  қадамдардан 

басталып, оқытушы оларға сұрақ қоя білуді үйретуі, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, 

тағы басқа да қызықты амалдарды қолдануы керек. Осындай әрекеттер өз жемісін ұзаққа созбай 

бере бастайды. Тіл үйренуші алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бірігіп 

берілген  тапсырмаларды  орындайды,  дәлелдейді,  көрсетеді,  бағалайды  немесе  «Эссе  жазу,  бес 

жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің 

бірі  –  «топқа  бөліп  шығармашылық  тапсырмалар  беру».  Мысалы,  сіз  топтағы  студенттерді  екі, 

не  үш  топшаға  бөліңіз.  Оларға  дайын  мәтінді  бөліктерге  бөліп  ұсыныңыз.  Сіздің  таңдап  алған 

мәтініңіз газет бетінде жарияланған өзекті мақала болсын делік. Мақаланың бас жағы бір топшаға, 

ортасы екіншісіне, соңғы бөлігі үшінші топшаға беріледі. Топтың атауы болғаны дұрыс. Бірінші 

топшадағылар оқып шығып, бұдан ары қарай не боларын жорамалдауы керек. Соны жазады, яғни 

өздерінше дамытады және аяқтайды. Екінші топшадағылар бұл мақаланың бас жағы қалай болуы 

мүмкін, қалай аяқтаған дұрыс, өздері болжам жасайды, аяқтайды. Үшінші топша басын, ортасын 

өздерінше пайымдайды, өзара ақылдасып, бірінші және екінші бөлігін жазып шығады. Үш топ та  

берілген  уақыт шеңберінде жұмыс істеуі керек. Әдетте мәтін көлеміне қарай  10-12 минуттан артық 

уақыт берілмейді. Болғаннан кейін «Азамат» (шартты атау) тобы берілген мәтінді айтып береді, 

қалай жалғастырғанын және қалай аяқтағанын жазғандары бойынша оқиды. «Елжандылар»  (шартты 

атау) да, «Жастар» (шартты атау) да солай істейді. Бұндай тәсіл студенттердің қызығушылығын ғана 

туғызып қоймай, сыни ойлауға, мәтінді дамытуға, редакциялауға, тіпті түзетуге, өңдеуге де оң әсер 

етеді.  Бұл тәсілдің екінші бір қыры бар. Негатив мақалаларды позитивке айналдыру, сұхбаттағы 

келеңсіз сұрақты (жауапты) жағымды қалыпқа айналдыртуға да тапсырма берілгені дұрыс. Сонда 

студенттердің  азамат  ретіндегі,  тұлға  ретіндегі  бейнесі  қалыптаса  бастайды.  Қазіргі  нарықтық 

замандағы болып жатқан қиыншылықтардың өтпелі екендігіне, кез келген сәтте оптимист болуға 

тырысатын дағдыға ие болады. Сыни ойлай білетін жас – қоғамда өз орнын адаспай таба білетін 

тұлға.  Ол  алдымен  белгілі  бір  құбылыс  туралы  түсінігін,  содан  кейін  пікірін,  артынан  сұрағын 

қалыптасыра алады.  

Оқытушы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тыңдаушы бойындағы талант 

көзін ашып, сөздік қорын көбейтіп,  өз бетінше ізденуге ықпал етеді. Тіл үйренушіні жоғарыдағы 

қадамдарға  бағыттауда  оқытудың  мазмұнын,  түрін,  әдісін  дұрыс  таңдай  білу  қажеттілігі  туады. 

Қазақ тілін мектеп қабырғасында он жыл оқыса да, қарапайым сөйлесу үлгісін меңгермеген жастар 

жеткілікті. Олар жоғары оқу орнында бас-аяғы бір жыл ішінде мемлекеттік тілді «қайталап шығып», 

сол жеткен деңгейінде қалады. Олардың қазақ тілін меңгеру көрсеткіші біз күткен деңгейден көп 

төмен  екендігі  жасырын  емес.  Тіпті  қазақ  отбасында  өсіп,  тәрбиеленген  баланың  да  кейбіреуі 

өз тілінде өте нашар сөйлейді. Бұндай келеңсіз жағдайлардың басты себебі – тілдік қажеттілікті 

туғызбаудан  екендігі  анық.  Жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары  осы  бір  жыл  ішінде  білім 

алушының  он  жылда  үйренбеген  тіліне  деген  қызығушылықты  туғызып,  оның  тілдік  деңгейін 

көтеруге тиісті. Ол үшін оқытушы мына әрекеттерді ұстану керек: 

-  Білім  алушының    жеке  пікірін  тыңдау,  оның  бұрын  меңгерген  білімдері  мен  түсініктерін 

дамыта білу;

-  оларды  мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен    іс-әрекет  түрлерінің  көмегімен  ынталандыру 

және оқыту;

- міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін студенттерге түсінікті жолмен құру және көрсету;

- білім алушылардың  зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген 

белсенді оқуын марапаттау;

- олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

- жеке және бірлескен жұмыстарды үйлестіріп, қолдану.

Бұл  әдіс-амалдар  мен  оқыту  технологиялары  ақпараттық  технологияларды  қолдану 

құзіреттілігін талап етеді. Оқытушы сабақтарда оқытудың сапасын арттыру үшін жаңашыл әдістер 

мен  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып,  интернет  ресурстарымен  жұмыс  жасауға 

(мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде 

көшіру және сақтау); электронды оқулықтарды пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге, тақырыпқа 

байланысты медиақұралдарды қолдануға, сол арқылы ақпаратты саралап, зерттеуді студенттерге  

ұсынуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет