Тақырыбы: Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар. Дәрістің мақсаты



бет1/5
Дата21.09.2023
өлшемі57,87 Kb.
#109395
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЛЕК 1 (1)


Тақырыбы: Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар.


Дәрістің мақсаты: ХХ ғасыр басындағы Ұлттық мемлекет құру жолындағы ұлт зиялыларының еңбектері мен ой-тұжырымдарын, идеяларын ашып көрсету.


Дәрістің жоспары:

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.

  2. Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуы.

  3. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы.



1. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. ХХ ғасырдың басы қазақ тарихына ұлы өзгерістер әкелді. Олардың ішінде ұлтты ұлықтағандары да, ұлттық қасіретіне айналғандары да бар. ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының ой пікірінің өрлеуі 1905 жылғы бірінші орыс ревалюция идеяларының және сол кездегі ықпалмен, мұсылмандық қозғалыстар негізінде қалыптасты. Аталған 1905 - 1907 жылғы бірінші орыс ревалюциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалысының бел алуына өз ықпалын тигізді. Ә. Бөкейханов 1910 жылы жарық көрген «Қырғыздар - қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың түрлері» атты әйгілі мақаласында 1905 жылдан бастап қарқын алған қазақ азаттық қозғалысында екі саяси бағыт қалыптасып жатқандығын, оның бірі батысшылдар, яғни қоғам дамуына батыс жетістіктерін үлгі тұтушылар, ал екіншісі қазақтарды бүкіл мұсылмандармен біріктіруге ұмтылған ұлттық - діни, түрікшіл бағыт екендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды. М. Шоқайдың да үлестерімен газет 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан және Қазан төңкерістері секілді маңызды саяси оқиғаларда қазақ халқының мүддесін қорғау ісінде маңызды рөл атқарды. М. Шоқайдың ой санасының өсіп жетілуіне Ә. Бөкейханов жіті көңіл бөлгені күмәнсіз. Ә. Бөкейхановтың ілтипатына іліккен З. Тоған мен М. Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін алдынғы қатарда жұмыс істеді. Ресейде білім алған ұлт зиялылары қазақты еуропа жолымен алып жүреміз, татарға қоңсы қондырмаймыз деген ағымның басында Ә. Бөкейхановпен, А. Байтұрсынов болды, ал «Ислам түрік туының астына жиналамыз» деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды. Бұл ағым «Айқап» журналында бет алды. (1911 жылдан бастап шыққан «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды.)
Осы екі ағым ақпан төңкерісіне дейін келді. Сондай - ақ К. Кемеңгерұлы ағымға бөленген ұлттық интелегенцияның қызметіне мынандай баға береді. Бұдан былай қазақ оқығандарының арасында екі ағым анық айырылды. 1) Ә. Бөкейханов тобы күнбатыс мәдениетін жастанып, панисламизм рухынан аулақ қазақ ұлтын жасамақшы болды. 2) Бақытжан Сейдалин, Жаһанша тобы ислам дүнесінен қол үзбей, қазақты ислам туының астына жинамақшы болғанын өз зерттеулерінде келтіреді. ХХ ғасырдың басында Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсіресе кадеттер партиясының әсері болды және кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясы құрамына еніп, мүшелікке өтіп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Ә. Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған байланысты С. Асфандияаров былай деп жазды: «Қазақтың буржуазиялық интелегенттері орыстың буржуазиялық интелегенттерімен одақ болды және Ә. Бөкейханов кадет партиясының кіндік комитетінің мүшесі болды. І, ІІ Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, А. Бірімжанов тағы басқа кадеттер басқарған прогриссивтік блокқа кірді. Партиясыз «мұсылман фракцясы» деген де болғанын көрсетеді. Кадет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің негізгі идея ретінде көрініс табуы қазақ зиялыларын өзіне тартты. Қазақ оқығандары парламенттік басқаруға үміт артып, оның болашағын қазақ мемлекеттілігі идеясымен байланыстырды. Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда Ә. Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының қазақ қоғамындағы филиялы құрылды. Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде парламенттік, конституциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Себебі 1905 жылдан бастап кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекет тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай ұсыныс кадет партиясының шет аймақтардағы қолдаушыларына ұнамады. Партияның Қазақстандағы филиялының мүшелері мәдени автономияға үзілді кесілді қарсы шықты. Ә. Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселесіне байланысты бағдарламалары мен пікірлеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті. Өз ойын Ә. Бөкейханов осыған орай «мен кадет партиясынан неге шығып кеттім?» деген мақаласында мұны былай түсіндірді: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы Ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып Ұлт автономиясын тікпек болдық».
Төңкеріс арқылы саяси билікке жету, социализм орнату идеясын ұстанған большевиктер партиясысының саясатын қазақ зиялылары қолдамады. Сондықтанда олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға белсене кірісті. Ал автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық іздерістерінің нәтижесі болғаны анық. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. Бұл жағдайды Ресейдің отарлау аппаратының шенеуніктері де түсіне білді. Мысалы мына құжаттағы дерек осының дәлелі бола алады: Ж. Ақбаев граф Паленге жазған хатында «Сіздің Қарқаралы республикасының Президенті болғаныңыз рас па?...» деген сұрақтың өзі Ж. Ақбаевтың демократиялық республика құру идеясын насихаттағандығы туралы айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет